АБАИҒА құлақ түрейікші,
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ағайын!
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№135 (18169),Сенбі, 31 қазан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ДҮТБАЙҒА ЖЫЛУЫ ЖОҚ БОЙЫНЫҢ, ЖЫЛМИҒАНЫ НЕТКЕНІ? ҚҰБЫЛУЫ ОЙЫНЫҢ – КЕТПЕЙ ҚҰЙТЫҢ ЕТКЕНІ. МҰҢДЫ, ЖЫЛМАҢ ПІШІНІН, КЕЗЕК КИІП, ЕЛ ЖИЫП. БОЛЫС БОЛСА, ТҮСІНІҢ, ТҮКСІГІН САЛАР ТЫРСИЫП. БІР КӨРМЕГЕ ТӘП-ТӘТТІ, ҚАЗАНЫ МЕН ҚАЛБАҢЫ. ДӨҢ АЙНАЛМАЙ АНТ АТТЫ, БҮКСІП, БЫҚСЫП АР ЖАҒЫ. СЕНЕН АЯР ТҮГІ ЖОҚ, БҮГІН СЫЙЛАС КӨРІНІП. БҮГІН ЖАЛЫН, ЕРТЕҢ ШОҚ, СӨЗІ МЕН ӨЗІ БӨЛІНІП.
ЖАҺАНДЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМА – 2045
ӘЛІ ҮМІТ, ӘЛІ СЕРТ, ЖЫН СЫҚЫЛДЫ БҰЗЫЛЫП. ҚУЛЫҚ ЕМЕС, БҰЛ БІР ДЕРТ, ТҰРЛАУЫ ЖОҚ ҚҰБЫЛЫП.
ОНЫҢ МӘНІСІ – СОҒЫСТАР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙТІН СТРАТЕГИЯ ЖАСАУ, – ДЕДІ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ
Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Елбасыға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренциу Христеа, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Мачей Ланг, Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Венгрияның Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Доан Тхи Хиен Суан сенім грамоталарын тапсырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды біздің елдегі қызметтерінің басталуымен құттықтады, сондай-ақ олардың Қазақстанға мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде келгенін айтты. – Қазақстан халқы жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Бұл – қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуында зор рөл атқарған елдік құрылым. Ерте заманда бұл Ұлы даладан Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек
МӘСЕЛЕНІҢ
МӘН І
жолының бір бөлігі өтіп жатқан. Қазақстан сол дәстүрді жаңғырта отырып өз дамуының жаңа белесіне көтерілді. Елімізде «Нұрлы» жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты – Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін барынша арттыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Осы бастаманың бәрі тиімді ынтымақтастық үшін жаңа перспективаларға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі сыртқы саясат мәселелеріне тоқталды. – Бір ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы ашылғаны белгілі. Ондағы дебаттар адамзат дамуының жаңа парадигмасын әзірлеудің аса қажеттігін дәлелдеп берді. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045» жоспарын ұсынамыз. Оның мәнісі – соғыстар мен қақтығыстардың себептеріне жол бермейтін
стратегия жасау, – деді Қазақстан Президенті. Қазіргі уақытта терроризм мәселесі өте өзекті болып тұрғаны атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Ислам радикализмі мен бейбітсүйгіш ислам ұғымдарының ара-жігін ажыратудың маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты біздің ел «Ислам терроризмге қарсы» атты форум өткізу туралы идея ұсынып отыр. Қазақстан Президенті Еуропалық Одақ Қазақстанның әлемдегі басты сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халқын ортақ тарих пен мәдениет байланыстыратынын айтты. Екі елдің саяси, экономикалық және мәденигуманитарлық байланыстары стратегиялық серіктестік аясында дамып келеді. Біз Премьерминистр В.Орбанның биылғы сапарының қорытындысын жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті. – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
СІ
ЕАЭО: ДАҒДАРЫС ЖӘ
70-ші сессиясы аясында Президент А.Дудамен кездестік. Сауда-экономика байланыстары жанданып, өзара тауар айналымы ұлғаяды деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті еліміздің Вьетнам Социалистік Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз беріп отырғанын айтты. Біз вьетнам бизнесінің Қазақстан нарығына қатысу аясын кеңейтуге мүдделіміз. Тоқыма өндірісі, жиһаз жасау, халық тұтынатын тауарлар өндіру саласында бірлескен өндірістер ашуға әзірміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Республикасымен ынтымақтастықты Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі ретінде атады. Рәсім соңында Қазақстан Президенті елшілерге жаңа қызметтерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.
НЕ Д А
МУ
ӨҢІРІМІЗ ӨНІМ ӨНДІРУДЕН АЛДА ТҰР
ДӘЛ ҚАЙ КҮН ЕКЕНІН АЙТА АЛМАЙДЫ... Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Қыс маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталып, жылу беру жүйелері нақты уақытында іске кірісуге әзір деп баяндаған тиісті сала мамандарының сөзі жалған болып шықты. Өйткені, Тараз қаласының өзінде 60 шақты көп қабатты үйдің тұрғындары күні бүгінге дейін жылусыз күнелтуге мәжбүр. Жылу беру жүйелерін модернизациялау бағдарламасын орындай алмай жатқан мердігер мекемелердің салғырттығының зардабын тұрғындар тартуда. Жұмыстың уақтылы аяқталмауын мердігер компания Ресейден жеткізілетін жылу құбырларының кешігуімен түсіндіреді. Олардың айтуынша, қажетті көлемдегі құбырды дайындау ресейлік кәсіпорынға қиынға соққан. Сондай-ақ, рубль бағамының біршама көтерілгені де кедергі болған. Қалай дегенде де, өз есептерінде барлығын жарқыратып көрсетуге бар, алайда, жұмысының нәтижесі жоқ мердігер компанияның да, одан жұмысты талап етуші мемлекеттік мекеменің де жалған мәлімет беріп, халыққа қиындық туғызғаны шындық. Облыс әкімдігінің өткен мәжілісінде облыс әкімі К.Көкірекбаев көптеген тұрғындарға нақты қай күні жылу берілетінін сұраған болатын. Әкімнің бұл сөзіне сала мамандары тарапынан «23 қазанға дейін тәмамдалады» деген жауап берілген. Алайда, күні бүгінге дейін тұрғын үйлерде жылу жоқ. – Қыс қаһарына мініп, сарышұнақ аяз болмаса да, ауа райы салқын, ал пәтеріміз одан бетер суып кеткені рас. Ал біз әлі де жылусыз үйде бүрсең қағып отырмыз. Мұндай жағдай қиын-қыстау тоқсаныншы жылдарда да болмаған еді. Әрине, жағдайдың жоқтығынан емес, жұмысқа немқұрайды қарайтын мамандардың кесірі. Бала-шағамыз да, өзіміз де осы күнге дейін бірнеше рет суықтап үлгердік. Тіпті, көрші-қолаңның көбісі уақытша туған-туыстары мен жақындарының үйіне көшіп кетті суыққа шыдай алмай. Сөзіме нанбасаңыз, әрқайсысына хабарласып көрсеңіз болады, – дейді Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі №185 үйдің тұрғыны Ақшай Бұралқиева. Жылу құбырларының іске қосылмай, жолдардың ұзақ уақыт қопарылып жатқаны көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге де біршама қиындықтар туғызуда. Қомақты қаржы бөлініп, берілген нақты тапсырманы тиянақты орындай алмай жатқан мекемелердің немқұрайлылығы таңғалдырады. Бірақ олар жылу жуық арада беріледі дейді. Бірақ дәл қай күн екенін айта алмайды... Тараз қаласы.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Жуырда Ұлттық экономика министрлігі бірқатар статистикалық мәліметтерді жариялады. Соның ішінде Жамбыл өңірі өнім өндіру жағынан өзге облыстардан оқ бойы озық шығып, көш бастап тұр. Нақтырақ тоқталар болсақ, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау өңірлері мұнай бағасының әлемдік деңгейде құлдырауына байланысты өнім өндіру көрсеткішін төмендетіп
алған. Жоғары нәтижеге жете алмаған облыстардың қатарында металлургия саласы дамыған Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан өңірлері де бар. Әйткенмен, мұнай мен темір өндірмейтін аймақтардың
көрсеткіштері айтарлықтай жақсы. Атап айтар болсақ, Ақмола облысы – 4,7 пайыз, Алматы облысы – 7,3, Солтүстік Қазақстан – 6,8 пайыз. Алматы қаласы өнім өндіру бойынша 2,5, Астана қаласы 18,1 пайыз көрсеткішке ие. Ал біздің облыс өнім өндіруге байланысты 34,5 пайыз көрсеткішпен алға шыққан. Бұл өз кезегінде облысымызда өндіру көлемінің артып, қайта өңдеу секторындағы жұмыстар жанданып, ауыл шаруашылығы саласы да тың серпінге ие болғанын білдіреді. (Жалғасы 3-бетте).
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Оқырмандарына ой тастайтын басылым САҒИ БЕЙСЕНБЕКОВ, облыстық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты. Бүгінде келер жылдың баспасөзіне жазылым жүргізілуде. Түрлі деңгейдегі мерзімдік басылымдардың арасынан ең әуелі облыстық «Ақ жол» газетін алып, тездетіп оқып шығуға құмартып тұрамын. Өйткені, ол – облыстың айнасы. Осы облыстық басылым арқылы денсаулық саласына қатысты, жастарға тәрбие боларлық ойларыммен бөлісетінім де бар. Жалпы, «Ақ жол» – менің ғана емес, көпшіліктің де сүйікті басылымы, мыңдардың мінбері. Газет, әсіресе, соңғы бір жыл ішінде заман талабына сай, уақытқа лайықты үн қосуымен ерекшеленіп, оқырман ойынан шығарлық газетке айналды. Басылым бетінен түрлі салалардағы шешімін күткен мәселелерді қозғайтын сараптамалық
мақалаларды көптеп оқуға болады. Әсіресе, «100 қадам» – Ұлт жоспарының, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасының, Мемлекет басшысының басқа да бастамалары мен тапсырмаларының мәні мен маңызы, орындалу барысы газетте тұрақты түрде жазылып, елге түсіндіріліп келеді.
Бұл – зор жауапкершілік, үлкен міндет. Міне, осындай ауқымды жұмыстардың ортасынан табылатын журналистер оқырмандарын жалықтырып алмау жағын да қағыс қалдырмайды. «Шөкеңнің шошаласы», «Пырақ» секілді сатиралық және әдеби беттер сондай мақсаттан туған іс болса керек. Газеттің сенбілік сандарына Абайдың тағылымы мол өлеңдері тұрақты басылады. Бұл да құптарлық қадам. Ал «Ойбезбен», «Фейсбук парақшасы», «Тылсым дүниедегі» мақалалар оқырмандарына айрықша ұнайды деген ойдамын. Сөзжұмбақтар да демалыс күндері уақыт өткізуіңіз үшін керек, газеттен оны да табасыз. Бүгінгі «Ақ жол» – тақырыптары әр алуан, облыс көлемінде тарайтын жанжақты, бірегей басылым. Оқырмандар елді бірлікке, ынтымаққа үндеп отырған басты басылымымызға жазылуды биыл да ұмытпайды, ал оған жазылушылар ұтпаса, ұтылмайды деген сенімдеміз. Ал өзім алғашқылардың бірі болып жазылдым.
Ж
ИЫ
ІН ЕР Т Н-
ГЕКТАРЫНА... 700 ЦЕНТНЕРДЕН! Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Қордайлықтар биыл жалпы 222 гектар алқапқа өсірілген қант қызылшасының өнімін жинауда. Оның түсімі әр жерде әрқалай. Ал орташа есеппен 200 центнерден айналуда. Кезінде он екі мың гектарға дейін балтамыр өсіріп, талай рекорд жаңартқан аудандағы қазіргі жағдай әзірге осындай. Әзірге деуіміздің себебі бар. Биыл бірінші жыл қызылша егіп, соның өзінде таңдай қағарлық өнім алып отырған Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының көрсеткіші күні ертең баршаға қолжетімді болуы да ғажап емес. Соңғы үш жылдан бері шетелдік тамшылатып суару технологиясымен дәндік жүгері мен пияздан мол өнім алып жүрген шаруа қожалығында биыл он гектар қант қызылшасын да осылай өсіру тәжірибе жүзінде қолға алынған. (Жалғасы 3-бетте).
Еңбек ет те, егін ек, Жарымасаң, маған кел. Белді бу да, бейнет қыл, Байымасаң, маған кел. Халық мақалы.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457