31 мамыр 2016 ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№62-63 (18256-18257), Сейсенбі, 31 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

АҚШ ТИМ КУК «IPHONE» БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ СӨЗ БЕРДІ

МЕМЛЛЕККЕТ БАСШ ШЫСЫ Ы «ААСТАНА ЭКСПО-20017» ҰЛЛТТЫ ЫҚ КОМППАНИЯСЫ Ы» АҚ БАСҚҚАРМАСЫ ЫНЫҢ ТӨӨРАҒ РАҒАСЫ Ы АХХМЕТЖАН ЕССІМОВТІ ҚАБЫЛДДАДЫ

«Apple» «iPhone» бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізуге ниетті. Компанияның бас директоры Тим Кук iPhone бағасының жоғары болуына салықтар себеп болып отырғанын айтып ақталған. Оның сөзіне қарағанда, компания бұл мақсатқа жетудің бірнеше жолын қарастырып отыр. Кук Азиядағы «iPhone» бағасын АҚШ-тағы құнына дейін жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» ха лықара лық көрме сіне дайындық, сондай-ақ оның мазмұндық тұрғыдан жабдықталуы жөнінде баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» А Қ б а с қ а рма с ы н ы ң т ө р а ғ а с ы қ ұ р ы л ы с жұмыстары кестеге сəйкес жүріп жатқанын айтты. Қазіргі кезде 87 ел жəне 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған. Көрме тақырыбын ашатын тақырыптық нысанның бірі «Үздік тəжірибелер аймағы» павильоны болмақ. Бұл аймақта қатысушылар энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, технологияларды, стратегиялар мен жобаларды ілгерілету тұрғысында пікір жəне тəжірибе алмасуға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті кейіннен Қазақстан павильонын Болашақтың музейінің негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін көрме контентінің сапалы болуы үшін халықаралық тəжірибені қолданудың маңыздылығына назар аударды.

Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техника лық жəне мəденигуманитарлық ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас одақтастық сипатымен ерекшеленетінін атап өтті. – Біздің республика – Беларусьтің жетекші экономикалық серікте сінің бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соңғы жылдарда көптеген бірлескен кəсіпорындар құрылды. Өзара тауар айналымының деңгейі қазіргі ахуалға байланысты аздап төмендеді, бірақ оның нақты жалпы көлемі сол қалпында қалды. Елдеріміздің интеграция мəселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан əрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мəселелер бойынша, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі жəне тұтас əлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы. А.Лукашенко қазіргідей күрделі жағдайда сенімге негізделген мұндай келіссөздердің əрдайым пайдалы екенін атап өтті. – Былтыр біздің арамыздағы тауар айналымының деңгейі төмендеді. Бұл үдерісті кері бағытқа түсіру қажет. Біз – бір экономикалық одақта жұмыс жүргізіп отырған жақын мемлекеттерміз. Бізге

ЕЛЛБААСЫ Ы МЕМЛЛЕКЕТТТІКК ҚЫ ЫЗМЕТ САЛАСЫНДДАҒЫ ӨҢІРЛЛІКК ХАБТТЫҢ БА БАСҚАР АРРУШЫ КОМИТЕТТІНІҢ ТӨӨРАҒАСЫ Ы ӘЛИИХАН БАЙМ МЕНОВТІ ҚАБЫЛДДАДЫ Кездесу барысында Ə.Байменов Мемлекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті. Хабтың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік жəне өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үле с қо сып отырғаны, қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тəжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия жəне ТМД елдері оған қатысушы жəне серіктес бола отырып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландыруда. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тəжірибелерді енгізуді тапсырды.

«ӘЛЕ

ТАҒАМНАН МАЙДЫ АЛЫП ТАСТАЙТЫН ЫДЫС Таиландта артық салмақпен күресетін ыдыс жасалды. Оған «Absorbplate» деген атау берілді. Оның артық май ағып кететін кішкентай тесіктері бар. Осы ыдыстың көмегімен бір тағамнан 7 миллиграмм май леген түбіне тұнады екен. Бұл шамамен 30 ккал-ны құрайды. Бұл мәліметтер 6,7 мың еріктіні зерттеуге қатыстыру кезінде анықталған. ЖАПОНИЯ АУАМЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІК ЖАСАП ШЫҒАРДЫ «Toyota» концерні сутегі және оттегімен жүретін жаңа автомобиль жасады. Ол «Mirai» бензинмен жүретін машиналарға ұқсайды. Оның жылдамдығы сағатына 178 шақырымға жетеді. Көлікке бір рет экологиялық таза жанармай түрін құйғаннан кейін 480 шақырым жүруге болады. Бакқа сутегіні құю үшін 10 минут жеткілікті. Мұндай көліктер экономикалық және экологиялық проблемаларды шешуге көмектеседі.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

БАЙЗАҚ ҚОЙМА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ Ботамойнақ ауылдық округінің Үшбұлақ стансасында орын тепкен «База-Servis» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын сәтті пайдаланып отырған кәсіпорын. Құм блоктарының 5 түрін шығарып, өнімді еңбек етіп жатқан ұжым енді сыйымдылығы 10 мың тонна болатын қойманың құрылысын аяқтау үстінде. Жеміс-жидек өнімдерін сақтауға арналған бұл қоймаға темір жол желісі де тартылған.

қарым-қатынасымыздың іргетасын – сауда мен экономиканы нығайтқан жөн, оның үстіне біз қай жолмен ілгері басуымыз керектігін айқындап та алдық. Бұл бағытта жасалған нəрсе аз емес, бірақ бізге осы жағдайдан тезірек шығу үшін қарымқатынасымызға тың серпін беру керек.

Халықаралық аренада біз сіздің елге БҰҰ аясында да, сондай-ақ жаһандық құжат – «Əлем. XXI ғасыр» манифесіне қатысты да қолдау білдіреміз. Біз көптеген бағыттар бойынша Қазақстан тарапымен бірлесе жұмыс жүргізуге əзірміз, – деді Беларусь Президенті.

АРЫС-КЕЛІС АЛЫС-БЕРІС, Б

М. Х ХІ ҒА С

ҚОРДАЙ ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАШЫЛАРЫМЕН БІРЛЕСІП Қордайдағы 2038 әскери бөлімінің шекарашылары көрші Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірлесіп мемлекеттік шекара бойында «Боордош-2016» бақылау шараларын өткізді. Он күндік бірлескен операция барысында көші-қон заңдылығын бұзған 217, іздеуде жүрген 30 адам ұсталды, заңсыз алып жүрген қару-жарақтар, есірткі заттары алынды, 500 мың доллардан астамға бағаланған контрабандалық тауарлар тәркіленді. ТАЛАС 16 ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР

Ы Р»

МА

Н ИФ

ЕС І

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ

ТАИЛАНД

ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШУ ОБЛЫСЫН 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ АЛАТАУДЫҢ АРҒЫ БЕТІНДЕ АУЫЛЫ АРАЛАС, ҚОЙЫ ҚОРАЛАС ЖАТҚАН АЙЫР ҚАЛПАҚТЫ АҒАЙЫН БАР. ОЛ – ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫ. СӘЛЕМІ ҒАНА ТҮЗУ ЕМЕС, СӨЗІ, САЛТЫ, МӘДЕНИЕТІ ҰҚСАС ҚОС ХАЛЫҚТЫҢ ДОСТЫҒЫ ҒАСЫРЛАР БОЙЫ БІРГЕ ЖАСАСЫП КЕЛЕДІ. «ҚЫРҒЫЗ – ҚАЗАҚ БІР ТУҒАН» ДЕП БАУЫРЛАС АҒАЙЫНДЫ АТАБАБАЛАРЫМЫЗ ЖАТСЫНБАЙ, ЕҢ ЖАҚЫН, ТУЫС ЕЛ ДЕП ТАНЫҒАН. ЖУЫРДА ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШУ ОБЛЫСЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЙЫ АТБАСЫН БҰРЫП, КӨРШІ, АҒАЙЫН ЕЛДІҢ ҚУАНЫШТАРЫНА ОРТАҚТАСЫП ҚАЙТҚАН БІР ТОП ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЕРТЕДЕН ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ДОСТЫҚ КӨПІРДІҢ ОДАН ӘРІ БЕКИ ТҮСУДЕ ЕКЕНІНІҢ КУӘСІ БОЛДЫ. АСТАТӨК ТОЙДЫҢ СЫЙЛЫ ҚОНАҒЫ БОЛҒАН ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫНА, ҚОНАҚЖАЙ ПЕЙІЛІНЕ, АҚЖАРМА СЕЗІМІНЕ БӨЛЕНІП ҚАЙТТЫ.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор. Нұрсұлтан Назарбаев – теңдессіз саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өз қолымен құрған жас мемлекеттің тəуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап дүниежүзілік ядролық қауіпсіздік ісінің көшбасшысы атануына дейінгі қажетті барлық жағдайды жасады. Бүгінде барша адамзат болашағына алаңдап, ширыққан шиеленістердің шешімін табуға талпынуда. Тек қоғамдықсаяси тұрақтылық қана жарқын өмірді қамтамасыз етуге жол ашатынын қазақстандықтар да жақсы біледі. Сондықтан, көпұлтты жəне көпконфессиялы Қазақстан ұлы мұраттарға ұмтыла отырып, бейбіт күн астында бесік тербеткеннен артық бақыт жоқтығын насихаттап қана қоймай, ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлеріне қарсы күресуге қабілеттілігін де көрсетіп келеді. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мəңгілік бейбіт өмір сүруді армандап өткен. Алайда, нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, əлем соғыстардан көз ашпаған. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5,5 мың жылда небəрі 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бəрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, əлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік əрекеттер жиі кездесуде. Əлемде орын алған, қарулану нəтижесінде болған соғыстар зардабы туралы, Елбасымыздың сөзімен айтсақ: «15 мыңнан астам соғысты, яғни əр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мəдениеттер мен өркениеттер жойылған». Əсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысында атом қаруын иеленген КСРО мен АҚШ елдерінің өзара қырғи-қабақ соғыспен өмір сүріп, халықтардың ұлан-ғайыр байлығын желге ұшыру арқылы жанталаса қарулануы адамзат өркениетіне тікелей қауіп төндірді. Дегенмен, алып мемлекет басшыларының əлем алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, сондай-ақ адамдардың өмірге құштарлығы мен өзін-өзі сақтауға ұмтылуы дəл осы қауіптің алдын алды. Шын мəнінде бейбітшілікті сақтаудың кепілі болған құдіретті күш, ол – адамзаттың даналық пен ақыл-ойы, оның сана-сезімі өрісінің жоғары болуы жəне тарихи-мəдени дəстүрлерінің құндылықтары. Ұлы Абай айтқан: «Тегінде адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Одан басқа нəрселермен оздым ғой демектің бəрі де – ақымақтық» екенін өмірдің өзі дəлелдеп отыр. (Жалғасы 2-бетте).

Аудан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биылғы жылы 333 оқушы орта мектепті бітірген. Олардың 16-сы алтын белгіден үміткер. Үміткерлер арасында Ойық ауылындағы Қонаев атындағы, С.Шәкіров ауылындағы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептерден 4 оқушыдан алтын белгі алуға үміттеніп отыр. Ұлттық бірыңғай тестке қатысушыларға қажетті жағдайлар жасалынған, емтихан қабылдау орталығы сақадай сай.

Кен байлығы жерде, Сөз байлығы елде.

(Жалғасы 10-бетте).

ЙОДТАЛҒАН ТҰЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

БІЛІМ – БАСТЫ КӨРСЕТКІШ ҰБТ-НЫ ӨТКІЗУДЕ ТАЛАП ТА, ЖАУАПКЕРШІЛІК ТЕ ЖОҒАРЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші білім сапасының негізгі өлшемі емес десек те, тестілеуді өткізуде қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары. Білім жəне ғылым министрлігі де бұл сынақты басты бəсекеге айналдырғысы келмеген шығар, алайда, алғашында орташа көрсеткіші жоғары өңірлердің рейтінгісін жасаған кезде-ақ осы жүйенің реформадан гөрі науқаншылдыққа ұласқанын түсінгендей еді жұрт. Кейіннен жоғары балл жинаған қай өңірдің түлегі екенін, шекті деңгейге жетпей қалғандар қай жақта басым

екенін, тіпті тестке қатысу көрсеткішін де саралайтын болды. 12 жылдан кейін ғана министрліктегілер мұның барлығы алдымен баланың болашағына əсер ететінін түсінген секілді. Сөйтіп, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша шекті деңгейге жете алмағандарға екінші жəне үшінші мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Дегенмен, бұл ҰБТ-дан «үріккен» түлектерге онша əсер ете қоймады. Себебі, кейбір аудандарда мектеп бітірушілердің тестілеуге қатысу көрсеткіші əлі де төмен. Селекторлық режімде өткен аппарат кеңесінде облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев осыған баса назар аударды. Өңір басшысы былтыр да Қордай, Шу, Меркі, Байзақ

аудандарында түлектердің тестілеуге қатысу көрсеткіші төмен болғанын айтты. Биыл тест тапсыруға талап білдірушілер біршама көбейгенімен, басқа аудандармен салыстырғанда қатысушылар саны əлі аз екен. Облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың мəліметіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш Қордай ауданында 5,3 пайызға, Меркі ауданында 7,3 пайызға артқан. Жалпы, облыс бойынша 8561 түлектің 6065-і тестілеуге қатысуға өтініш білдіріпті. Оның 220сы – «Алтын белгіге», 86-сы – үздік аттестатқа үміткер. (Жалғасы 4-бетте).

Облыста йодталған тұз өндіретін зауыт іске қосылады. «Асыл Тұз» ЖШС жылына 50 мың тонна ас тұзын өндіретін болады. Бұл жоба өткен жылы Сарысу ауданында қолға алынған болатын. Жалпы құны 690 миллион теңгені құрайды. Зауыт құрылысы үшін Жаңатас қаласында ұзақ мерзімге жалға 4 гектар жер бөлінген. Бүгінде жобаны Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізу бойынша тиісті құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ «Асыл Тұз» ЖШС зауытқа арналған жабдықтарды сатып алуға екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен несие қаражаттарын тарту бойынша келіссөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бұл жұмыстарға 20-дан астам адам қатысты. Кейін зауыт толық жұмыс қуатына қосылған кезде тағы 75 адам жұмыспен қамтылмақ. Зауыттың өнімі ішкі нарыққа жəне экспортқа бағытталған. Өндірісті іске қосу осы жылдың екінші жарты жылдығына жоспарлануда. Алуа ЖАҚСЫМБЕТ. Сарысу ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.