АҺАН Д
А
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу Сар С ар а ры ыс ысу ы су су ауданы ауд а ау уд у дан аны а ны н ы
Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм а ау ауд уд у да ан н ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№11 (18661), Beısenbі, 31 qańtar, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
НДА ЖАҺА
БАСТЫ НАЗАРДА КІРІС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫ
САУД АРАБИЯСЫ Сауд Арабиясының муниципалитеттер істері жөніндегі министрлігі жемқорлық үшін айыпталған 126 шенеунікті қызметінен босатты. Министрлік өкілдері қаладағы бөлімшелердің 15 қызметкері жұмыстан босатылғанын айтты.
ҰЛЫБРИТАНИЯ Ұлыбританияның гуманитарлық агенттіктері Йемендегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бес жылдан бері қақтығыстан көз ашпаған Йеменде гуманитарлық дағдарыс жайлаған.
ФРАНЦИЯ Париждегі атақты сән үйлері қоршаған ортаға зиян келтірмейтін киімдер шығармақ. Әлемнің ең танымал брендтеріне бұдан былай осындай талап қойылуы мүмкін.
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ Чечжудо қалдықтарды ауаға шығармайтын аралға айналады. Үкімет зиянды қалдықтардың ауаға таралуына қарсы. Қоршаған ортаға зиян тигізетін көліктер саны қысқарып күн мен жел электр стансалары артып келеді.
ФИЛИППИН Минданао аралындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы 4 тұрғын жарақат алды. Оқиға Замбоанга қаласында болды. Белгісіз біреу мешітте діни тұлғалар бас қосып жатқанда, граната лақтырған.
ДА БЫЛ ЖАМ
ТАРАЗ
Қала бюджетінен №18 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге – 166,8 миллион, №8 мектеп-гимназияның электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 15,8 миллион теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары биыл атқарылады деп күтілуде.
ЖУАЛЫ Шақпақатада шағын битум зауыты салынуда. Инвестициялық жобаның құны – 161,0 миллион теңге. Зауыт құрылысын «Шақпақжол сервис» ЖШС жүргізуде. Өндіріс орны толығымен іске қосылғанда, тәулігіне – 100, ал жылына 17500 тонна битум өндіреді.
Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Үкімет отырысы басталар алдында Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет үйі» ғимаратының фойе сіне қойылған цифрлық тақтаны көрді. Онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылғы іске асырылу нəтижелері туралы ақпарат жəне Электронды үкіметтің Ахуалдық орталығының мəліметтері енгізілген. Кеңейтілген отырыста еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланып, экономикалық өсімді одан əрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды. Отырысты ашқан Қазақстан Президенті 2018 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық көрсеткіштердің жақсара түскенін атап өтті. – Экономикалық өсім 4 пайыздан асты. Жалпы, сауда саласында – 7,6 пайыз, көлік саласында – 4,6 пайыз
СІП КӘ
жəне өнеркəсіпте 4 пайыздан астам өсім бар. Өзге салаларда да жақсы қарқын байқалады. Жылдық инфляция 5,3 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инве стиция көлемі 17,2 пайызға артты, – деді Елбасы. Жиын барысында ПремьерМинистрдің орынбасары Е.Досаев, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі Ж.Қасымбек, Жамбыл облысының əкімі А.Мырзахметов, Батыс Қазақстан облысының əкімі А.Көлгінов баяндама жасады. Мемлекет басшысы баяндамалардан кейін Үкімет, Ұлттық банк жəне өңірлердің əкімдері дамудың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізуге жол ашқан ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті. – Ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есе өсті. 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. 113 мың отбасы жаңа
баспанаға ие болды. Кəсіпкерлік үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасалды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстан Президенті əлемдік экономикадағы үрдістерге тоқталып, экономикалық өсімді одан əрі қамтамасыз ету қажеттігін айтты. – Өткен жылдан бастап мемлекеттік əлеуметтік саясат жүйелі түрде қайта қарастырылды. Бес əлеуметтік бастама, жуырдағы Жолдау жəне жаст арға арналған əлеуметтік қолдау шаралары аясында барша қазақстандықтардың əлауқатын арттыруды қамтамасыз ету үшін көп қаржы бөлінуде. Бүгінде көптеген елдердің мұндай əлеуметтік шығындарға шамасы келмейді, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы бұдан былай мемлекет тиімділігінің басты критерийлері кіріс пен тұрмыс сапасы тəрізді екі көрсеткіш болатынын айтып, əрбір министр мен əкімнің жұмысы осы тұрғыдан бағаланатынын атап өтті. Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев барлық бағдарламалық құжаттардың
іске асырылу барысы мен нəтижелеріне арнайы тоқталды. – Ұлт жо спарында мемлекет р ө л і н б ə с е ң д е т у г е , ж е ке б и з н е с пен бəсекеле стікті дамытуға жəне заң үстемдігін қамт амасыз етуге негізделген экономиканың жаңа моделін қалыптастыру міндеті қойылды. Ішкі жалпы өнім, ең алдымен, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру, шағын жəне орта бизнесті дамыту есебінен өсуге тиіс. Соңғы жылдары экономикадағы шағын жəне орта бизнестің үлесі 25,17 пайыз деңгейінде қалып отыр. Біздің міндетіміз – бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, 2050 жылы кем дегенде 50 пайызға жеткізу, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы Бизнестің жол картасы аясында 385 миллиард теңге бөлінгенін, 20 мыңнан астам жобаға қаржылай қолдау көрсетілгенін, сондай-ақ 180 мыңға жуық кəсіпкер тиісті білім алғанын атап өтті. (Жалғасы 2-бетте).
КЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС
АРДАГЕРЛЕР БАСТАМАСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ «Əулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – елімізді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында өңірімізде бұдан екі жыл бұрын қайта іске қосылған бірегей кəсіпорындардың бірі. Фабрика құс етіне деген тұрғындар сұранысын қанағаттандырумен шектелмей, өнімдерін экспортқа да шығаруда. Қысқасы, ол өзінің кеңестік кезеңдегі байырғы даңқын қайта жаңғыртып, өңірдің əлеуеті артуына қомақты үлесін қосып отыр. Бұған «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның бастамасымен «TAMPIRA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылған баспасөз туры барысында айқын көз жеткіздік. Кəсіпорын қақпасынан бізді серіктестіктің атқарушы директоры Фарида Жүнісованың өзі қарсы алып, өздеріндегі өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен əңгімелеп берді. – Елбасы былтырғы жылдың қазан айындағы халыққа Жолдауында агроөнеркəсіп кешенін одан əрі дамытып, 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру жəне ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін экспортқа шығару міндеттерін алға қойғаны белгілі. Бүгінде құс етін тереңдеп өңдейтін біздің фабрикамыз осы бағытта ауқымды тірліктер тындыруда, – деді ол. Айта кету керек, бүгінде кəсіпорын «Халал» стандарты бойынша жоғары сапалы құс етінің өндірісін жолға қойып отыр. Былтыр 4600 тоннадан астам өнім шығарған. Ал биылғы жылдың ақпан айында фабриканың жылдық өнім өндіру қуаттылығын 8000 тоннаға жеткізу көзделуде. Алғашқы экспорттық өнімі Ресей елінің тұтынушыларына өткерілген. Бүгінде құс еті Қырғыз бен Малайзия мемлекеттеріне жөнелтілуде. (Жалғасы 4-бетте).
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған еді. Жуырда Астана қаласының «ЭКСПО – 2017» көрме кешені аумағында орналасқан «Нұрлы Әлем» павильонында Жастар жылының ашылуы өтіп, салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков бастаған бір топ азамат қатысып келген болатын. Жыл жаңалығына айналған осынау шараның аясында облысымызда көптеген игі бастамалар қолға алынып келеді. Осыған орай кеше облыстық ардагерлер кеңесі де үн қатып, арагерлердің басын қосып, келелі жиын өткізді. Оған Тараз қаласы мен аудандардағы ардагерлер кеңесінің төрағалары мен ұйымның белсенді мүшелері қатысты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ А й т ул ы б а с қ о с уд ы о б л ы с т ы қ ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ашып, облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастырылып отырған шараның мақсатымен таныстырды. Сөйтіп алғашқы сөзді облыс əкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке берді. – Құрметті ардагерлер! Бүгін сіздер үлкен бастамаға қозғау салып, жастарға үлгі көрсетіп отырсыздар. Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатында жастардың ғылым саласында ашқан
тың жобаларымен танысып, білімді ел жастарына зор сенім артатындығын жеткізді. Бүгінде сауаттылық индексі бойынша Қазақстан 155 елдің ішінде 15-орыннан табылды. Жастардың білім деңгейі бойынша еліміз Швейцария, АҚШ, Норвегия жəне Финляндияны басып озып, 9-орынға тұрақтаған. Бұл – жас тəуелсіз мемлекетіміз үшін үлкен жетістік, – дей келіп, Бекболат С е р і кбе к ұ л ы ат а л ғ а н с а л т а н ат т ы рəсімнен алған əсерімен бөлісті. Сонымен қатар Жастар жылы аясында облыста атқарылғалы жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Бұдан кейін Е.Солтыбаев баяндама жасап, облыстық ардагерлер кеңесінің
ке ң е й т і л ге н т ө р а л қ а от ы р ы с ы н а қатысушылардың облыс өрендеріне арнаған Үндеуін жариялады. Соңынан ұйымға белсене қатысқан ардагерлер кеңе сінің төраға ларын Құрмет грамоталары жəне Алғыс хаттармен марапаттады. * * * Облыстық ардагерлер ұйымының ұйытқы болуымен «Ғибрат» орталығында Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның дүниеден қайтқанына 100 күн толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды. Ал қаламыздағы іргелі оқу орны М.Х.Дулати атындағы ТарМУ бұл шараға демеушілік көрсетті. «Тау алыстаған сайын биіктей береді» демекші, залдың көрікті тұсынан орын алған «Қазақтың нар тұлғалы қаламгері» тақырыбында жабдықталған кіт ап көрме сі оқырманын бейжай қалдырмағаны анық. Əр кітапқа қараған сайын шығарма кейіпкерлері көз алдыңа елестеп, оқиға желісі санаңда өзі-ақ сайрап жөнелетіндей. Шерағаңның нар тұлғасы мен кітаптарына қайта-қайта қарай бергің келеді. Еске алу кешіне жиналған облысымыздың зиялы қауым өкілдері, а қ ы н - ж а зу ш ы л а р м е н ғ а л ы м д а р , сыншылар мен қоғам қайраткерлері, шəкірттері мен жерлестері Шерағаңа деген сезімдерін қимастықпен жеткізді. Халық жазушысы, қоғам қайраткерінің есімін жоғары оқу орнына, балабақшаға, мектепке, көше мен ауылға беру, туған жерінен мұражайын ашу туралы ұсыныстар жасалды.
БАЙЗАҚ Халықты жұмыспен қамту орталығы спутниктік телерадио хабар тарату жүйелеріне қосылмаған атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 149 отбасына радиоқабылдағыш тюнерлерін алып берді.
МОЙЫНҚҰМ Биыл Халықты жұмыспен қамту орталығы» 41 адамға шағын несие беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде өз бизнесін жүргізіп жұмыс орнын ашамын деген 3 жас азаматқа 75 мың теңгеден қайтарымсыз грант берілмек.
ҚОРДАЙ «Болашақ» шағын ауданы маңында жаңа көпірдің құрылысы мамыр айында басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаның құны 88 миллион 436 мың теңгені құрайды. Бұл көпір «Георгиевск» магистральді каналының оң жағына жайғасқан шағын аудан үшін қолайлы болмақ.
Ақылдының соңына ер, жолың болар, Тиянақтының ісін көр, көңілің толар. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫР М АН 1950 жылы облыс орталығындағы Жамбыл мектебін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов, қоғам қайраткері, атақты қаламгер Шерхан Мұртаза, құқық қорғау органының полковнигі, бүгінде Ақтау қаласында тұратын Жамалбек Рахметуллаев және Ергеш Есімов бесеуміз бірге бітірдік. Бәрімізде оқуға зерек едік. Соғыстан кейінгі сол бір ауыр жылдардың өзінде мерзімді басылымдарды жібермей оқитынбыз.
АЛПЫС ҮШ ЖЫЛДАН БЕРІ «AQ JOL»-ДЫҢ ОҚЫРМАНЫ ӘРІ АВТОРЫМЫН Ергеш екеуміз Ленинград қаласындағы темір жол оқуын бітіріп келген 1956 жылдан еңбек жолымыз осы салада басталып, зейнеткерлікке шыққанша еңбек еттік. Мен жас маман ретінде сол жылдан бастап облыстың бас басылымы – қазіргі «Аq jol» газетінің тұрақты оқырманы əрі авторымын. Темір жол саласындағы мəселелерді көтерген мақалаларым, еңбек адамдары туралы журналистиканың əртүрлі жанрында жазған, өз қолыммен редакцияға апаратын дүниелерім «Аq jol»-да əлі күнге дейін жарияланып келеді. Кей-кейде 87 жасқа дейін аман-сау жүргенім құдіреті күшті бір Алланың қалауы шығар, екінші жаныма рухани азық беретін əрі қаламсаппен жазған мақалаларымның аға басылымда үздіксіз жарияланып, көңілімді марқайтып отыратынынан шығар деп ойлаймын. Редакцияға бас сұққанда «аталап» алдымнан құрақ ұшып тұратын журналист балаларыма да ризамын. «Аq jol»-дың əр жылғы тігінділері үйде сақтаулы. Облыстан тысқары жерде əр салада еңбек етіп жүрген балаларым мен немерелерім қара шаңыраққа келгенде «папа, ата, қане, газетіңіз не жазып жатыр, қарап шығайық» деп, аман-саулықтан кейін облыстың бас басылымын сұрайтыны да жаныма қуат береді. Басылым – кешегі еңбек жолымыз өткен кеңес заманының өзінде барлық тақырыпқа батыл қалам тарта білген батыр газет. Асанбай Асқаровтай арыстың нақақтан-нақақ жала жабылып, көрші қырғыз елінде соты өтіп жатқанда да ақиқатын айтып, ақтау қажеттігі жайлы үн қатқаны ше?! Оны республикалық басылымдар көшіріп басқаны есте. Тəуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңінде ел болуға жұмылған қалың елді Елбасының жанына ұйыстыруда, облыстағы қадау-қадау мəселелерді, қол жеткен табыстарды да оқырмандарынан сүйінші сұрап жеткізіп келеді. Тобықтай сөздің түйіні – биыл «Аq jol»-ға жазыла алмай қалған оқырмандарға «Қазпошта» бөлімшелерінде əлі де мүмкіндік бар екенін еске салу менікі. Əбдуəлі ДАНАЕВ, теміржолшы, доцент, газеттің байырғы оқырманы. Тараз қаласы.