ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №111 (17968), Бейсенбі, 31 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ
ҮКІМЕТТІҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ КЕҢЕСІ
БАСТЫ МАҚСАТ – БАСПАНАМЕН ҚАМТУ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады. Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген
Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті. С о н ы м е н қ ата р , Ук р а и н а д а ғ ы і ш к і с а я с и ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кезекті селекторлық кеңесте жекешелендірудің екінші толқыны және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істер талқыланды. Алғашқы мәселе бойынша хабарлама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар вицеминистрі Альберт Рау елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүйелі түрде жүріп жатқандығын жеткізді. Әр облыстағы сатылымға түскен нысандарды саралады. Ал, Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев қолжетімді баспана құрылыстарының жүру барысы мен салаға бөлінген қаржыны игеру мәселесін қозғады. Аталмыш тақырыпқа орай облысымызда атқарылып жатқан істермен толыққанды танысу мақсатында облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиевті сөзге тартқанымызда, ол: – Біз биылғы жоспар бойынша өңірімізде 256,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге тиіспіз. Бүгінде республикалық бюджет қаржысы есебінен үш бағытта жұмыс жасап
жатырмыз. Біріншісі – жалға берілетін пәтерлер. Бұл үшін облысқа 576 миллион теңге бөлінген. Өкінішке қарай, бүгінге дейін біз бұл қаржының 86 пайызын ғана игердік. Дегенмен,тұрғын үйлерді іске қосуда біз жылдық жоспарды орындадық. Бұл өткен жартыжылдықта пайдалануға берген Тараздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 75 пәтерлік тұрғын үй болса, екіншісі Қаратау қаласындағы 120 пәтерлік тұрғын үй. Қордай ауданындағы 50 пәтерлік тұрғын үй қаржысы мердігердің қателіктерінен белгілі бір дәрежеде игерілмей қалды. Дегенмен, 7 айдың қорытындысы бойынша жоспарды орындау көзделіп отыр. Биыл сондай-ақ, жас отбасыларға арналған тұрғын үйдің 10 мың шаршы метрін іске қосу жоспарланған. Жыл соңына дейін 75 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға берсек, бұл көрсеткіш 10200 шаршы метрді құрап, жоспарды асыра орындамақпыз. Ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерге келер болсақ, ағымдағы жылы барлығы 7,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Өткен жартыжылдықта біз 5 мыңнан астам шаршы метрді ел игілігіне бердік. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті де жоспарға жеткіземіз деген ойдамыз, –деді.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
АНАНЫ АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау» қоғамдық қоры мен Ержановтар отбасы түріндегі балалар үйіне «Газель» көліктерін тарту етті. Сапура Ержанова күйеуі Жиенбай Ержанов екеуі өздерінің ұл-қызымен бірге балалар үйінің 12 тәрбиеленушісін қамқорлығына, тағы да 2 баланы қорғаншылыққа алып, оларды аялап өсірді. 1993 жылы отағасы өмірден озған соң барлық ауыртпалық Сапура апайға түседі. Ол кісі аянбай еңбек етіп, бүгінде «ұлын ұяға, қызын қияға» қондырған бақытты ана атанып отыр. Әрі 33 немеренің әжесі. Жетім балаларды тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі, ұзақ жылғы еңбегі үшін ол «Жетім балаларға көмек үшін» аталымы бойынша дәстүрлі Ұлттық Қоғамдық «Алтын жүрек» марапатын иеленген. «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау» қоғамдық қоры 2011 жылы 6
желтоқсанда құрылған. Анжелика Сарьян басқаратын қорда 12 адам жұмыс істейді. Қор облыс тұрғындарына онкологиялық ауру түрлері бойынша ақпарат таратып, тегін дәрігерлік тексеруден өткізіп, кеңес береді, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар мен олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсетеді. Бүгінде қор «Хоспис на колесах» жобасы аясында жұмыс істеуде. Аталмыш қоғамдық қорға сыйға тартылған «Газель» арнайы құралдармен жабдықталған, құны 4 миллион теңге тұрады. Облыс әкімі тарапынан жасалған тосын сыйға риза болған Сапура апай әсерін бізбен былай бөлісті: «Балалардың бақыты жолында жиырма алты жылдан астам уақыт аянбай еңбек еттім. Бүгінде олардың барлығы ер жетіп, өздері де бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Еңбектің жемісі деген осы. Аллаға шүкір деймін. Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлына үлкен рахмет. Жасалған құрмет, тартылған сыйға қуанып тұрмын. Отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз».
БҰЛ ЖОЛЫ 1 КҮМІС, 2 ҚОЛА
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
НЫСАН
ЖАҢА АУРУХАНА КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ «САРЫКЕМЕР-МЫРЗАТАЙ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛМЕН ҚАТЫНАЙТЫН ЖҰРТ МЫРЗАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУМАҒЫНАН БОЙ КӨТЕРІП, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ КҮННЕНКҮНГЕ ҚАРҚЫН АЛЫП ЖАТҚАН НЫСАНҒА КӨЗ САЛАРЫ АНЫҚ. ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНДА ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛҒАН НЫСАН КҮН САНАП БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ. БҰЛ – ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ 60 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА.
ВЬЕТНАМДА ӨТКЕН ХИМИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА 3 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІШІНДЕ ТАРАЗДЫҚ ТАЛАНТ ТА БАР Вьетнамда өткен халықаралық химия олимпиадасында Қазақстан оқушылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, қазақ құрамасы бір күміс, екі қола медальға ие болды. Құрама қоржынына жүлде салғандар қазақ-түрік мектеп интернаттарының шәкірттері павлодарлық Әділ Қабылда, тараздық Жасұлан Биназар және қарағандылық Серікжан Ермеков. Әділ 10-cынып оқушысы болса, Жасұлан мен Серікжан биыл мектеп бітірген түлектер. Жалпы, аталған білім бәсекесі алғаш рет 1968 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен болатын. Халықаралық химия олимпиадасы – жыл сайын мектеп оқушылары арасында өткізілетін білім додасы. Оған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары қатысады. Вьетнамда жалауы желбіреген биылғы 46-шы халықаралық олимпиадаға дүниежүзінің 75 мемлекетінен 300-ге жуық оқушы, 200 бақылаушы және жауапты қызметкер қатысты. Білім бәсекесі теориялық және тәжірибелік кезеңде өтті. Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында қазақстандық оқушылар 48-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында жалпыкомандалық есепте топ жарған болатын. Нақтырақ айтсақ, қазақ құрамасы 11 медаль жеңіп алып, Ресей (9 медаль) мен Өзбекстан (8 медаль) командасын артта қалдырған. «Ақ жол-Ақпарат».
Диқан ауылдық Мәдениет үйінде жастар бойында асыл дініміз – исламға деген құрметті қалыптастыру мақсатында мәдениет үйінің меңгерушісі М. Мамырайымованың ұйымдастыруымен «Иманды ұл мен ибалы қыз – өмір көркі» атты тақырыпта кеш өткізілді. Ауыл имамы Әбдіқұл қажы ислам діні, оның адам өмірінде алатын орны, оразаның қадірқасиеті, исламның бес парызы, имандылық жайында тартымды да тағылымды уағыз айтты. l ЖАМБЫЛ
Жуырда футболдан «Coka-cola Былғары доп-2014» республикалық турнирінде облыс намысын қорғаған Қаракемер ауылының жастары жерлестерін жерге қаратпады. Олар жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. Қарсыластар қақпасына 11 гол соққан шабуылшы Б.Мейірхан турнирдің ең үздік ойыншысы, Ә. Қайырғали ең үздік қақпашы атанды. l ҚОРДАЙ
Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен сұлулық салондары арасындағы дәстүрлі «Профи-2014» байқауы өтті. Онда өз кәсібінің білікті шаштараз, визажист және маникюр шеберлері бақ сынасты. Жарыс қорытындысында «У Любани», «Диана» және «Нефертити» сұлулық салондарының шеберлері фантазияларының байлығы және үздік сән үлгілерімен барлық жүлделі орындарды бөлісті. Сөйтіп, аудан намысын қорғайтын облыстық байқауға да жолдамаларды солар иеленді. l МОЙЫНҚҰМ
«Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ қолдауымен «Патриоттық тәрбие – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алдыңғы буын мен аудан жастары қатысқан бұл шарада «Бүгінгі жастардың отансүйгіштік сезімінің деңгейі қандай?», «Жастардың бойында патриоттық тәрбиені жетілдіру үшін не істей аламыз?» сауалдары төңірегінде сөз қозғалды. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ә. Тойшыбеков өнегелі ойларын ортаға салды. l ШУ
«Парыз» қоғамдық бірлестігі және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи шайқастағы жамбылдықтар» атты акция өтті. Акция барысында Ұлы Отан соғысындағы Ленинград, Новгород, Курск, Орел шайқастарына қатысқан шулық жауынгерлер жайында деректер баяндалып, аталған қалаларда түсірілген бейнефильм көрсетілді. Бірлестіктің деректеу жұмысының нәтижесінде Псков облысында ерлікпен қаза тапқан бір шулық жауынгер туралы мәлімет табылған.
Атадан жақсы ұл туса, Елдің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елдің малын жейді.
НАЗАРДАҒЫ
БӘРЕКЕЛДІ!
l БАЙЗАҚ
Құрылыс жұмыстарын облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша қордайлық «ТемірСтрой Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарына облыстық бюджеттен 11 миллион 92 мың 903 теңге қарастырылса, өткен жылы осы типтік үлгідегі нысанды салуға тағы да облыстық бюджет есебінен 1 миллиард 148 миллион 232 мың 502 теңге қаржы бөлінген болатын. Осылайша, туберкулезге қарсы аурухана нысанының құрылысы басталып кеткен. Күн қызуы басылған тұста біз де құрылыс алаңындағы қызу еңбекті көзбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Мұнда алпысқа жуық жұмысшы еңбек етуде. Олардың ішіндегі жергілікті елді мекендерден 25 адам жұмысқа тартылса, Меркі ауданынан – 7, Шымкент қаласынан 15 азамат келіпті. Барлық азаматтар үш мезгіл тамақпен, жатын орынмен қамтылған, жалақыларын да уақтылы алып тұрады. Сондай-ақ, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдаланып, аталмыш құрылысқа көмекке келген М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бір топ студенттік құрылыс жасағы өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, ағымдағы жылдың оныншы шілдесі күні қайтыпты. Сонымен қатар, құрылысқа отандық өнімдер қолданылып жатыр екен. Яғни, кірпіш Меркі ауданынан, цемент «Жамбыл Цемент» ЖШС-нан, бетон плиталары «Ғимарат-Бетон» ЖШС-нан, құм Аса ауылынан, қиыршық тас «Шебен-Керамика» ЖШС-нан, темір арматура Қарағанды қаласынан, тағы басқа да құрылысқа керекті материалдардың басым бөлігі өз елімізде өндіріліп, осылай өз қажетімізге жарап жатқаны көңілді бір көтеріп тастады. Туберкулезге қарсы аурухана нысаны келер жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист. Байзақ ауданы.
Халық мақалы.