АБАИҒА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№12 (18046), Сенбі, 31 қаңтар, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Н.НАЗАРБАЕВ ҚР СУДЬЯЛАР КОРПУСЫНЫҢ КӘСІБИЛІГІН АРТТЫРУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТТІ
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Рахат-Би Әбдісағын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасында бірқатар шығармалардың авторлық құқығына ие екенін айтады. Р. Әбдісағын Отанына деген махаббатын фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған «Қазақ рапсодиясы» (эпикалық ән) атты музыкалық туындысы арқылы жеткізген. «Онда менің заманауи Қазақстанды қалай қабылдайтыным, оның қарқынды дамуын сезінуім көрініс тапқан. Мен өз сезімдерімді әркімге түсінікті дыбыстық музыкалық белгілер арқылы беруге тырыстым», - депті өз хатында консерватория студенті. Автор қазіргі уақытта әлемнің түрлі халықтары дәстүрлерінің белсенді түрде кірігу үрдісі байқалып отырғанына тоқталады. «Әлемдік мәдениетте өзгелердің арасында біздің еліміздің, біздің халқымыздың мәдениетінің ең жақсы қырлары айқын көрінгені өте маңызды!» делінген хатта. Сондай-ақ, елдің тағдыры оның көшбасшысының тағдырымен тікелей байланысты екені де айтылған. «Біздің әрқайсымыз, Қазақстан азаматтары, Мемлекет басшысы жариялаған бағдарламаны дамыта отырып, өзіміз белсене араласатын салада қомақты үлес қосуға тиіспіз» деп толғанады хат иесі. Хатының соңында Р. Әбдісағын Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – елдің барша азаматтарының атсалысуымен табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген. «Ақ жол-Ақпарат».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қ.Мәми Мемлекет басшысына соттардың 2014 жылғы қызметінің
ДАМУ БАР, ДАҢҒАЗА ЖОҚ
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 655,3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған жаңа қылмыстық заңнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет
облыс экономикасының құрылыс пен инвестициядан басқа барлық салаларында өсім байқалады. Өнеркәсіп саласында өсім – 5,7, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 2,6, шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері – 1,3, пайдалануға берілген тұрғын үй – 0,5, халықтың орташа ақшалай табысы – 6,9, салықтар және басқа да міндетті төлемдер –1,6, үш жас пен алты жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту – 3,1 пайызға артқан және қызмет көрсету саласында да көрсеткіштер ұлғайған. Керісінше, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 13, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1 пайызға қысқарған. Құрылыс көлемі Тараз қаласы мен Сарысу ауданынан басқа барлық ауданда төмендеген. 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда инфляция деңгейі 107,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары 7,6 пайызға, өзге тауарлар 7,3 пайызға және ақылы қызметтер 7,6 пайызға қымбаттады. Туберкулезбен ауыратындар саны Жуалы ауданында, ана өлімі Жуалы, Меркі, Талас аудандарында өскен, – деді Нұрипа Нұржігітова баяндамасында. (Жалғасы 2-бетте).
ҚАЖЫМАС ДОС ХАЛЫҚТА ЖОҚ ҚАЖЫМАС ДОС ХАЛЫҚТА ЖОҚ, АЙНЫМАС СЕРТ ҚАЙДА БАР? АЛДА КӨРГЕН АРТТА ЖОҚ, МЫСҚЫЛ, ӨСЕК, АЙЛА БАР. ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ КҮНДЕ ҰМЫТ, БІР ЖАҢЫЛСАҢ, БОЛДЫ КЕК. ПАЙДАСЫНАН БОЙ СУЫТ, ӨЗІ ТИМЕЙ ЖҮРСЕ ТЕК. ПАЙДА, МАҚТАН ӨЗІНЕН АРТЫЛА МА АНТ ҰРЫП? ЖАРЫСА ӨСЕК СӨЗІНЕН, АЙТА БЕРСІН ШАРҚ ҰРЫП. КІМГЕ ДОСТЫҚ КӨП ЕТТІМ, ТҮБІ БОЛДЫ БІР КЕЙІС. ЖАҚСЫ ӨМІРІМ ӘУРЕ ЕТТІҢ, ЖАР ТАБА АЛМАЙ БІР ТЕГІС. ЖАУ ҚОЖАҢДАП БҰРТАЙЫП, ДОС ҚҰБЫЛЫП, ӘУРЕ ЕТЕР. КІМІ ТЕНТЕК, КІМДЕ АЙЫП, ТЕКСЕРЕ АЛМАЙ ӨМІР ӨТЕР. СЫЙЛАСАРЛЫҚ ТЕКТІНІҢ КІМ ТАНЫМАС НҰСҚАСЫН? КҮНДЕ ӨЗІМШІЛ ЕПТІНІҢ НЕСІН АДАМ ҰСТАСЫН?
Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды.
і м ен ардақты г е б
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ЖАҢА
қорытындылары туралы баяндады. Қазақстан Президенті бүгінде сот жүйесі алдында судьялардың VI съезінде белгіленген жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев
басшысы сот төрелігін атқаруды одан әрі жақсарту, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстанның судьялар корпусының кәсібилігін арттыру қажеттігін де айтты. Қ.Мәми соттарға 1,2 миллионнан астам арыз және іс келіп түскенін мәлімдеді. Ол азаматтық істердің саны шамамен 450 мың болуы Қазақстан азаматтарының сот жүйесіне деген сенімі артқандығының айғағы екенін айтты. Жоғарғы Сот төрағасы электрондық сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де баяндады. Сонымен қатар, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сегіз бағыт бойынша күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Солардың қатарында соттар қызметінің ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмыстарын күшейту, тұрақты әлеуметтік зерттеулермен қамту және басқа шаралар бар. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
КЕШЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ӨКІЛІ, ОРТАЛЫҚ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ ДАНИЯР ҚАЖЫ ЖҰМАБАЕВҚА ЕЛБАСЫ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫ БОЙЫНША БЕРІЛГЕН «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫС ЕТТІ.
Адам е ң
МУЗЫКАЛЫҚ ТУЫНДЫСЫНЫҢ АВТОРЫ Р. ӘБДІСАҒЫН ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ХАТ ЖАЗДЫ
Облыс әкімдігінің кезекті мәжілісіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков төрағалық етті. Мәжіліс жақында болған тағайындаулармен таныстыру және марапаттау рәсімінен басталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары ел тәуелсіздігі мерекесі тұсында «Һибатулла Тарази» облыстық мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевқа табысталған «Шапағат» медалін оның омырауына тақты. Әуелі облыстың 2014 жылғы қаңтар мен желтоқсан айлары аралығындағы әлеуметтік және экономикалық дамуының қорытындысы қаралды. Облыстың жыл ішінде түрлі салаларда көрсеткен көрсеткіштері мен жіберген кемшіліктерін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұрипа Нұржігітова баяндап берді. - Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі өткен жылдың тоғыз айында 655,3 миллиард теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ
«ҚАЗАҚ РАПСОДИЯСЫ»
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
www. akjolgazet.kz
құлақ түрейікші, ағайын!
Халық мақалы.
НҰРЛАН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ АЛАТЫН 1991 ЖЫЛЫ ОРТА МЕКТЕПТІ БІТІРДІ. АРЫ ҚАРАЙ ОҚЫҒАН ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ, ҮЙ ІШІНДЕГІ ТІРЛІКТІҢ БӘРІНЕ ӨЗІ ҚАРАЙТЫН. АУЫЛДА ТҰРҒАН СОҢ МАЛ ҰСТАЙДЫ. ОНЫҢ ЖЕМШӨБІН ДАЙЫНДАУ ҮЛКЕН ЖҰМЫС. ШАРУАШЫЛЫҚТА ӘР САЛАДА ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫ БОЛЫП ЕҢБЕК ЕТЕ ЖҮРІП, МАҢДАЙЫҢ ТЕРЛЕМЕЙ ТАБЫС ТАБУДЫҢ ЖОЛЫ ЖОҚ ЕКЕНІН СЕЗДІ. БЕРТІН КЕЛЕ ӨМІРГЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЕНДІ. СОВХОЗДАР МЕН КОЛХОЗДАР БІРІНЕН СОҢ БІРІ ТАРАП ЖАТТЫ. ОЛ КЕЗДЕ ЖАҢАДАН ҚАЗ ТҰРҒАН ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖҰМЫСШЫ ҚАБЫЛДАУҒА, ОНЫҢ АЙ САЙЫН ЖАЛАҚЫСЫН ТӨЛЕП ТҰРУҒА ДӘРМЕНСІЗ ЕДІ.
БАС ИМАМ ШАПАҒАТҚА БӨЛЕНДІ – Елбасы тарапынан қоғамға жасаған еңбегіңіздің бағалануы – халық тарапынан да бағалануы деп білеміз. Осы қуанышты бөлісе отырып, бас имам Данияр Жұмабаевты бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыңыздың берекелі, еңбегіңіздің табысты және әрдайым биік белестерден көрінуіңізді тілейміз, - деді Б.
Орынбеков. Дін саласында қызмет етіп келе жатқан өкіл имам Данияр қажы осы уақытқа дейін бірнеше марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталған. Ол қоғамда өз орны бар белсенді дін қызметкері, сонымен бірге абыройлы азамат. «Ақ жол-Ақпарат».
«ЕУРОХИМ» ТЫҢАЙТҚЫШ» дағдарысқа дес бермейді ЖАҢАТАСТАҒЫ «ЕУРОХИМ-ТЫҢАЙТҚЫШ» ЖШС-НЫҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ ҰЗЫН ЕКІ МОДУЛЬДІ ВАГОНҒА ОРНАЛАСҚАН. ІШІ КӘДІМГІ КЕҢСЕГЕ ЛАЙЫҚТАЛЫНҒАН. ЖЫЛЫ, ЖАЙЛЫ. СЕРІКТЕСТІК БҰРЫНҒЫ БАЛАБАҚШАНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, ҮШ ҚАБАТТЫ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНА БЕЙІМДЕП, ЖӨНДЕУДІ ӨТКЕН ЖЫЛЫ БАСТАҒАН. ӘЛІ БІТПЕПТІ. ЖАЛПЫ, АТАҚТЫ КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ӘЛЕУЕТІНЕН АЗДАП ХАБАРЫМЫЗ ДА БАР. ӨТКЕН ЖЫЛЫ ОЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫС ОҚЫРМАНДАРЫН ХАБАРДАР ДА ЕТКЕНБІЗ. СОДАН БЕРІ БІРШАМА УАҚЫТ ӨТТІ. ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ. НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ, БИЫЛ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАНДАЙ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ? (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
КЕШЕ – ШӘКІРТ, БҮГІН – ТӘЛІМГЕР
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Әр істің басын бір шалып жүргенде өзі туып-өскен Байзақ ауданынан «Тараз құбыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылды. 2011 жылдың қараша айының бір күні директорының қабылдауында болады. «Қандай жұмыс берсеңіз де істеймін. Сеніміңізді қалайда ақтаймын», – деді бірден. Жүзін күн қақтаған ауылдан шыққан жігіттің өзіне нық сенімді екенін аңғарған директор сөзбұйдаға салған жоқ, бірден қатардағы жұмысшы етіп қабылдады. Жұмыстың дені автоматтандырылған. Құбыр артқанда ғана шамалы қол жұмысы керек. Полиэтилен құбыр болған соң, темірге қарағанда салмағы жеңіл. Сонша қиындығы жоқ. Кімнің кім екені атқарған жұмысынан білінеді ғой. Қандай тапсырылған істі болсын тап-тұйнақтай орындайтын ол көп ұзамай аусымның аға операторлығына тағайындалды. Тараз қаласына қоныстанған зауытта еңбек ететін 30-ға жуық қызметкердің арасында аға оператор Нұрлан Тәжібаевтың шоқтығы биік. Өмір болған соң, біреу келеді, біреу кетіп жатады жұмыстан. Жаңадан қабылданған жас мамандарды Қытай-Германия бірлестігі кәсіпорнынан шыққан заманауи үлгідегі
техникамен жұмыс істеуге баулитын да осы азамат. -Біздің ауысымда Мұрат Ахметов, Ержан Тәжібаев және Нұрсұлтан Сағатаев деген жігіттер еңбек етеді. Үшеуі де жұмыс десе жанып тұр. Өндіріс орны тәулік бойы жұмыс істейтіндіктен түн мезгілінде де жұмыста боламыз. Зауыттағы төрт ауысым өзара жарысқа түсеміз, – деді Нұрлан. Жарыс нәтижесі туралы бүгіп қалған оның сөзін директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ғалымжан Райымов жалғады. «Нұрлан мен өйтіп жатырмын, біз былай жасап жатырмыз, деп ешқашан кеуде қаққан емес. Жаңағы өзі айтқан жарыста үнемі алда келеді. Нұрлан оқымай-ақ мына шетелдік техниканы бірден игеріп кетті. Қазір бесаспап маман. Біз тоқсандық, алты айлық және жылдық жоспарымызды артығымен орындап жатсақ, оған Нұрлан басқаратын ауысымның қосып отырған үлесі зор,-деді директордың орынбасары. ...Жұмыстан шыққан аға оператор үйіне асықты. Өйткені, отбасында әйелі Айғанша екеуі өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған Азаматы мен Тоғжаны бар. Соларды айналып-толғанып барып, мауқын басады. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.