ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН! МЕМЛЕКЕТ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР МЕН ӨҢІР ӨМІРІНДЕ ӨНЕГЕЛІ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ҚОЙ ЖЫЛЫ АРТТА ҚАЛДЫ. ҚОЙ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛДЫ. ҚОҒАМ БОЛЫП ҚАУЫМДАСЫП, ЕЛБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН СӘТТІ ӨТКІЗДІК. ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫҚ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛАРЫН БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ АЯСЫНДА АТАП ӨТТІК. «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ӨЗДЕРІҢІЗДЕН СҮЙІНШІСІН СҰРАҒАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ ДА ҚОЙ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҰЛАН-АСЫР ҚУАНЫШҚА АЙНАЛДЫ. ОҒАН ЕЛБАСЫ ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ. ӨНДІРІСТЕГІ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ, КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР, СПОРТ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ТАБЫСТАРЫМЫЗ ДА ЕРЕН. СОНЫҢ АЙҒАҒЫ, ҚОЙ ЖЫЛЫ ОБЛЫСЫМЫЗДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН АЛҒАН АТПАЛ АЗАМАТ ШЫҚТЫ. КЕЛЕСІ МЕШІН ЖЫЛЫ ҚУАНЫШЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ БОЛМАҚ. АЛ МҰНДАЙ МЕРЕКЕ БЕРЕКЕЛІ ЕЛДЕ ҒАНА БОЛАДЫ. ОСЫ МЕМЛЕКЕТ МЕРЕКЕСІН ДЕ ЛАЙЫҚТЫ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ ДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№160 (18194), Бейсенбі, 31 желто сан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
ОҚ ИҒАСЫ
2015
ЖЫ Р
Ж ЫЛ
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА АУЫЗБІРШІЛІК ТАНЫТТЫ
Д
Ш АН
АШУ ШАШАЙЫН
Әр үйге тек қуаныш алып келсін!
Асхат ҚЫЛЫШБЕК, ШБЕК, ақын.
Өзіңе ақын бар ма сырды ашпаған, Өзіңмен жақын бар ма сырласпаған? Өзіңде елдік тойы тойланды ғой, Тарихтың тамырымен құрдас қалам! Ұл-қызың өскен мұнда тізіп арман, Көркіңе есі кетіп, қызығар жан. Қарахан, Айша бибі ана менен, Бауыржан батырлардың ізі қалған. Туған жер десе ылғи тік тұрармын, Тарихын өлеңіммен ұқтырармын. Бұл Тараз Жақсылық пен Ермахандай, Отаны ел деп туған мықтылардың! Елміз ғой Жаратқанның нұры қонған, Талай-талай зұлматтан тірі қалған. Қош енді, рухты асырған қойдың жылы, Ел үшін мерекелер жылы болған. Қош келдің, Жаңа жылым, жаңа арманым, Еліме батпандай боп бақ орнағын. Жеріме құт əкелші, мешін жылы, Көрейік жаңа əлемнің жаңарғанын. Жеткен соң аңсаттырып, сағындырып, Жаңа жылда жаңадан жағылды үміт. Оғландар Олимпиада ойынынан, Оралсын алтын алып, бағындырып!
2015 ЖЫЛ МЕМЛЕКЕТІМІЗ ҮШІН САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ЗОР ОҚИҒАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛУЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ. ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ – СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЕҢ НЕГІЗГІСІ ӘРІ МАҢЫЗДЫСЫ. ӨЙТКЕНІ, БҰЛ
МЕШІН ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жамбылдықтар! Барша облыс тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ескі жылға ризалық, жаңа жылға тілек айтатын айрықша сəт. Бұл күні өткен тарихымызды парақтап, жарқын өмір беттерін еске аламыз, ертеңгі күнге жоспар құрып, жаңа серпінмен алға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл «Нұрлы жол»» бағдарламасының алғашқы табысты жылы болды. Осы жылы Елбасының бастамасымен «Мəңгілік Ел» тарихындағы бес институционалдық реформаны қабылдадық. Оны іске асырудың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастадық. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды мүшесі болды. Жаңа жылды біз іргесі берік, мемлекеттігі бекем, аты əлемге танылған, қуатты ел ретінде қарсы алып отырмыз. Осының барлығы – Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың дана саясатының жеңісі мен жемісі. 2015 жыл ел өміріндегі елеулі оқиғаларға толы тарихи жыл болды. Бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Ассамблеясының 20 жылдығын, мəртебесі биік Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын биік дəрежеде үлкен табыспен атап өттік. Осы мереке тұсында ежелгі Тараз қаласы жаңаша сипатқа ие болып, бірнеше əлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Осы жылы облыстың экономикалық-əлеуметтік жəне рухани дамуында серпінді қадамдар жасалды. Ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер көрініс тапты. Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа өнеркəсіп орындары іске қосылып, жүздеген жұмыс орны ашылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының облыс аумағынан өтетін бөлігінің құрылысы толығымен аяқталды. Жаңа мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханалар пайдалануға берілді. Мəдени-рухани саладағы жаңа ізденістер нəтижелі болды. Осының барлығында жамбылдықтардың күш-жігері, еңбегі жатыр. Алдағы жыл – ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл – еліміздің шоқтығы биік мерейлі мерекесі. Ұлы мерекені барша облыс жұртшылығы бірлік пен келісімнің өнегелі үлгісін көрсетіп, еңбек табыстарымен қарсы алады деп кəміл сенемін. Қымбатты жерлестер! Жаңа жылдан үлкен үміт, жоралы жақсылық, толағай молшылық, ортаймас береке күтеміз. Жаңа жылда əр отбасына амандық, ырыс пен дəулет, татулық пен келісім тілеймін! Жаңа 2016 жыл құтты болсын!
(Жалғасы 2-бетте).
Қазақтың рухы асқақ, анық дерсің, Əлемде өз соқпағын салып көрсін. Мереке-берекелі мешін жылы, Əр үйге тек қуаныш алып келсін!
Ж ЫЛ
2015
ИҒАСЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫ
БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН МЕЖЕГЕ ЖЕТІП, 95,21 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ. АЛ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 97,31 ПАЙЫЗЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ.
ОҚ
2016 ЖЫЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ
ШАРА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ БЕКЕМДІГІН КӨРСЕТІП, САЯСИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨСКЕНІН АЛҒА ТАРТТЫ. САЙЛАУҒА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУ БЕЛСЕНДІЛІГІ ӨТЕ ЖОҒАРЫ БОЛДЫ. БҰЛ КӨРСЕТКІШ
Ақынға бұйырғаны ойлау ғана, Өлең ғой жазарымыз жайлауда да. Тəңірім Тəуелсіздік тойын да енді, Жазсыншы ұлан-асыр тойлауға да!
ЕҢБЕК ЕР АТАНДЫРДЫ ҚОЙ ЖЫЛЫ КОМПАНИЯМЫЗ ҮШІН ЖЕМІСТІ БОЛДЫ Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. Алты мыңнан астам жұмысшықызметкері бар «Қазфо с фат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы үшін 2015 жыл т абысты болды. Əрине, əлем елдерін шарпыған дағдарыстың салқыны өз əсерін тигізбеді деп айта алмаймыз. Бірақ, 2009-2010 жылдардағыдай аса қатты сезілген жоқ. Ол жылдары біз өнім көлемін төмендетіп алған едік. Сол кезеңмен салыстырғанда биыл қаржылық жағынан ұтылған жоқпыз. Бұл жаман көрсеткіш емес. Соған орай өндірісті өркендету жолындағы еткен еңбегіміз еленіп те жатыр. Еліміздегі ең ұлық мереке – Тəуелсіздік күні Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолынан ең жоғары награданы алдым. Бұл – өңіріміздің өсуі мен өркендеуіне елеулі үлес қосып отырған кəсіпорын жұмысшыларының еңбектеріне берілген жоғары баға деп білемін. Жалпы, біз компаниямыз құрылғалы бергі 15 жылдың ішінде 380 миллиард теңгеден астам сомаға тауар өндіріп, Қазақстанның химия өндірісіндегі көшбасшысына айналдық. Серіктестік химия өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Өндіріске осыған дейін 46,5
миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды. Сондай-ақ, салықтық міндеттемелерімізді толығымен орындау үстіндеміз. Өткен жыл мен биылғы 10 айды қосқанда, 11754 миллион теңгені салық пен бюджеттік емес аударымдарға төледік. Оның ішінде облыс бюджетіне құйған қаржы 5789 миллион теңгені құрайды. Ағымдағы жыл айтулы даталарға толы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Оған өз кезегінде біздің ұжым да ат салысты. Биыл компания филиалдардағы мамандарын тарта отырып, энергетикалық жəне материалдық
ресурстар, шикізат шығынын төмендету үшін бірле скен шара қабылдады. Бұл жұмыс бүгінде өз нəтиже сін беруде. «Қазфосфаттың» өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бар. Бағдарлама бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға 120 миллиард теңге қарастырылған. Осы мерзімде өндірісті жаңартуға 50 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бағдарлама толық жүзеге асқанда өнім өндіру көлемі – 5, өнім сату – 4 жəне еңбек өнімділігі 3,5 есеге өседі. Біз кəсіпорын есебінен мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Мамандарымыздың 60 пайызының жоғары жəне орта арнаулы білімі бар. Соңғы жылдары еңбеккерлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2 мыңнан аса маманға қосымша мамандықтар алуына мүмкіндік бердік. Өзіміздің оқу-əдістемелік орталығымыз бар. Қазір жоғары жəне орта оқу орындарында 115 жұмысшымыз оқытылуда жəне 230 азамат жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірді. Оларды оқытуға жұмсалған қаржымыз қайтарымсыз қалып жатқан жоқ. Еңбек өнімділігі артып, кəсіпорын жетістіктерге жетуде. Келер жыл баршамызға қуаныш əкелсін, жаңа ұмытылмас əсерлер сыйласын! Ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты жыл болуын тілеймін!
Елің - панаң, Жерің - анаң.
Халық мақалы.
АУЫЛДАҒЫ МЕРЕКЕ
АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТКЕН МЕЙІРІМ Құрманбек ƏЛІМЖАН, «Ақ жол». Отар ауылдық округінде мүгедек балаларға, аз қамтылған жəне көп балалы отбасылардың балаларына арналған ауылдық округ əкімінің жаңажылдық шыршасы кең көлемде аталып өтті. Əсем безендірілген шырша жанында ертегі көріністері қойылды, балалар шыршаны айналып əн шырқап, түрлі ойындарға қатысты. Ауылдық округ əкімі Жайлыбек Шадиевтің демеушілерді ұйымдастыруымен 110 балаға сыйлықтар таратылып, өнерлеріне қарай жүлделер де берілді. Шалғай орналасқан Бел, Аңырақай ауылдарындағы балаларға сыйлықтары жеткізіліп берілді. Демеушілік көрсеткен «Л.Капитал» фирмасының қызметкері Гүлсім Іңкəрбекова елу балаға 70 мың теңгеге, ал ауыл азаматтары Асқар Рысқұлов пен Нұрлан Бүйенбаев елу балаға əрқайсысы мың теңгелік сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, Отар стансасы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қанат Бердіқожа, кəмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қайрат Бектұрсыновтар қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, Бел ауылының аз қамтылған отбасыларындағы он балаға сыйлықтар үлестірді. Балалар куанып, ата-аналары ризашылығын білдіруде. Жаңа жыл қарсаңында өткен бұл шырша мерекесі балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады. Қордай ауданы.