31 наурыз пдф 2015ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№37 (18071), Сейсенбі, 31 наурыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті Наурыз мерекесі аясында «20 мейірімді іс» жобасы аясында қаланы көгалдандыру акциясын ұйымдастырды. Бұл күні мекеме басшылары бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Д.Қонаев атындағы аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды. «Мекеме ұжымы бұл іске белсене атсалысты. Өйткені, қоршаған ортаны аялау, таза ұстау және айналаны жасыл желекке бөлеу – әрбір азаматтың борышы. Әрбір азамат бір тал егетін болса, бұл экологияның жақсаруына үлкен үлес болып қосылмақ» дейді бұл тұрғыда департамент басшысы М. Қожабаев.

ӨНЕР

ПРЕЗИДЕНТ

Шу ауданы

Талас ауданы

Н. НАЗАРБАЕВ И. КӘРІМОВТІ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА ҚАЙТА САЙЛАНУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

=БАЙЗАҚ Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы бір көшеге ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында тер төккен, бірер жыл осы ауданның әкімі қызметін атқарған Смағұл Әбілековтің есімі берілді. Жиында сөз алған аудан әкімі М.Шүкеев, қоғам қайраткері А.Бекбосын, облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Х.Бейсеев Смағұл Бесбайұлының өнегелі өмірі жайлы естеліктер айтты. =ҚОРДАЙ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды. Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекст анның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген. Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақбереке тіледі.

Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды. Халық мақалы.

АҚҚУЛАР

тербелген айдын ТАРАЗ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ БҰЛАҒЫНАН СУСЫНДАДЫ

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Құс қанатының суылымен жаңа ғана тып-тыныш жатқан көл беті толқынданып, жан біткендей. Топ аққу толқынмен бірге баяу ырғалады. Наздана тербеледі. Ақ айдынмен сағына қауышқан құстардың әсем биіне елітті ме, алғашқыларына тағы бір тобы қосылды. Бейне бір көз алдыңда ақ сағым жүзіп жүргендей, жанарың жасаурайды. Шіркін, мына бір әдемі көріністі жан жүрегіңмен сезініп, сұлулыққа көзіңді суарып отыра бергің

келеді-ақ. Әттең, бірақ осы сәтте музыка бітіп, би аяқталды. Аққулар дүр етіп көкке көтерілгендей, көзден ғайып болды... Жазғытұрым көл жағасында отырғандай әсер алған «Баласағұн» орталық концерт залына жиналған көпшілік Е. Құсайыновтың «Аққуларын» сахналаған қоюшы-хореограф М. Авахридің және «Астана балет» театрының бишілері, солистер Риза Қанатқызы, Балжан Нұрпейісова, Айнұр Сұлтанқожаева, Зере Исмайлова, Аяулым Мақұмова, Милана Буканова, Әлия Айтбаеваның өнеріне дән риза. Ыстық ықыласын білдіріп, қошемет көрсетті. Талғампаз Тараз жұртшылығы балет бишілерінің

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

=САРЫСУ Аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Офицер кәсібі – ерлікке бастар жол» атты тақырыпта жастардың Ұлы Отан соғысының ардагері Кемелбек Шәменовпен кездесу кеші өтті. Майдангер сонау алыста қалған соғыс жылдарынан естеліктер айтып, ел басына күн туған күндердің қиындығын еске алды. Осы бейбіт заманның қадірін біліңдер деген аталық сөзін айтқан қарт майдангерге жастар ризашылығын білдірді. =ТАЛАС Қаратау қаласында Атшабар алаңында аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі мен «Көкпар» қауымдастығының ұйымдастыруымен көкпардан бәсеке өткізілді. Оған бірнеше команда қатысып, жеңімпаздарға ауыспалы кубок пен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кубок жеңімпаздары Майтөбе ауылындағы жарысқа қатысып, іріктелген шабандоздардан құралған команда облыстық біріншілікке қатысу үшін Тараз қаласына аттанды. =ШУ №10 кәсіптік колледжде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ардагерлер, колледждердің директорлары мен білімгерлер қатысты. Жиында тақырып аясында жастарға ұлы хандарымыздың сарабдал саясаты, дипломатиялық іскерліктері, елі үшін жасаған ерліктері кеңінен түсіндіріліп, сондай-ақ сол замандағы заңдарды салыстыра отырып өз елінің шежіресін, тарихын ұғындыру мақсатында әңгіме өрбіді. Іс-шарада қазақ тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

МАЙДАНГЕРЛЕР ҮШІН МАРАПАТТЫҢ

ЖОЛШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕШ БОЛМАСЫН

ҮЛКЕНІ – ПӘТЕР КІЛТІ

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛЫП ОТЫР Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Жолдауының негізгі түйіні болған жолдардың жағдайы облыстық әкімдіктің аппараттық кеңесінде тағы қаралды. Өйткені бұған дейін де мәселесі арагідік кеңестің күн тәртібіне қойылып келген аймақтың автомобиль жолдары – ұлттық экономикамыздың күретамыры екені анық. Елбасы айтып өткендей, шын мәнінде бүгінгі нарықта қайнаған тіршілік – нағыз күре жолдардың бойында. Сондықтан да, «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады», – деген болатын Елбасы былтырғы 11 қарашадағы Жолдауында. Аппараттық кеңестің күн тәртібімен таныстырып өткен соң облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев алдымен облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиевті тыңдады. Ол облыс аумағындағы автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы жайлы хабарлады. Сандарды сөйлетcек, облыста пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы желісі 5184 шақырымды құрайды. Оның ішіндегі 1056 шақырымы – республикалық, 2210 шақырымы облыстық және 1918 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар екен. Р.Байтелиевтің айтуынша, облыс әкімдігі соңғы бес жылда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 23,6 миллиард теңге жұмсапты. Нәтижесі мынадай: 2010 жылғы автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жүз пайыздың жартысына жетсе (54,6 пайыз), жоғарыда айтып өткен бес жылдағы игерілген қыруар қаржының арқасында көрсеткіш 70 пайызға жеткен. Ендігі меже – осыны 74 пайызға жеткізу. Бұл – биылдыққа жасалған жоспар. – Осыған байланысты, 2015 жылға жергілікті маңызы бар автожолдар мен көшелерді жөндеу мен күтіп ұстауға 6,8 миллиард теңге жұмыс жобалары әзірленіп, тиісті қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа 6 шақырым жол күрделі жөндеумен қамтылса, орта жөндеумен 296 шақырым жол, 3 құбыр, 1 көпір қамтылмақ, – деді Р.Байтелиев өз хабарламасында. Басқарма басшысының хабарлауынша, бүгінгі таңда облыстық мәндегі автожолдарды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, орта жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары толық аяқталып, анықталған мердігер ұйымдармен келісім-шарттар жасалған екен. Енді арнайы әзірленген жұмыс кестесіне сәйкес 1 сәуірден бастап облыстық мәндегі барлық жолдарда су өткізгіш құбырлармен оның арналарын қоқыстан тазалап, жол бойы элементтерін әктеп-сырлау жұмыстарымен қатар, жол жиегін тегістеу мен қыс кезеңінен кейін пайда болған шұңқырлықтарды жөндеу жұмыстары басталмақ. Алайда, жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде Рахманқұл Байтелиевтің аудан әкімдеріне айтар уәжі бар екен. Өйткені, өңірлерде кемшіліктер бар. (Жалғасы 2-бетте).

шеберлігіне сусап қалғандай екен. Бекзат өнердің бұлағына бірден бас қойды. Елордадан келген өнер ұжымының «Шығыс рапсодиясы» атты концерттік бағдарламасын екі күн бойы аса қызығушылықпен тамашалады. Концертке облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов келіп, театр артистеріне деген құрметін көрсетті. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында вокалды аспаптар туындыларына тосын жаңалық болып енген стиль бірте-бірте балетке де жетіпті. Рапсодия десе, рапсодия. Астана театрының ұжымы эпикалық жанрдағы туындыларды сахналауда импровизацияға барған. Қоюшы-хореографтардың батыл шешімдері, әсіресе, Шығыс халықтарының билерінде айқын көрініс тапқан. Үнді биі «Сарасвати Тәңіриясында», қытай биі «Тао Йаода», жапон әуендеріне қойылған хореографиялық композиция «Жанай сезімде» астаналық мамандардың өзіндік қолтаңбалары байқалады. Л. Хамиди мен Р.Салаватовтың «Қазақ вальсін» сахналаған қоюшыхореограф Г.Тұтқыбаева қойылымға өзгеше реңк беруге тырысқан. Е. Брусиловский, Р. Салаватовтың «Қыз Жібегінде» қоюшы-режиссер Мукаррам Авахридің қосқан бояуы бірден көзге ұрады. Балет – бекзат өнер. Классикалық музыка мен пластикалық би өнерінің шыңы. Екеуі көзге көрінбес нәзік жіппен өзара астасып, ұштасып жатады. Әуен мен қимыл, артистік өнер өзара үйлесім тапқанда ұлттың өткенін, тарихтың беттерін парақтағандай болмаса бір көркем лирикалық шығарманы оқығандай әсерде қаласың. Екі сағатқа жетер-жетпес уақытта сахнадан бір мезетке көңіліңді бөліп, назарыңды аударудан қорқасың. Сахнадағы өнер, шеберлік, хореография, әдемілік, музыка – бәрі-бәрі сені баурап алады. Балеттің басты «көзірі» де осы. (Жалғасы 7-бетте).

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған қатысқан сексеннен аса жұмыссыздарға он бес жұмыс беруші 76 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 35 адам өздеріне тұрақты кәсіп тапса, төрт үміткер қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды. 15 адамға мамандықтарға даярлау және қайта даярлау курстарына жолдамалар берілді.

Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол». Елбасының тапсырмасы бойынша еліміздегі сияқты облыс аумағында да Жеңістің 70 жылдығына байланысты соғыс және тыл ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын және денсаулығын жақсарту үшін кешенді жұмыс шаралары жүзеге асырылуда. Жыл басынан

бері құрамына білікті дәрігерлер мен өнер шеберлері енгізілген және азық-түлік өнімдері тиелген автокеруендер облыстың елді мекендерінде, ал «Жеңіс» пойызы қалалар мен темір жол бекеттерінде болып, жұртшылыққа, соның ішінде ең алдымен соғыс және тыл ардагерлеріне медициналық және мәдени қызмет көрсетті. Оларды арзан тағамдық өнімдермен қамтамасыз етті. Бүгінде облыс қалалары мен ауылдарындағы жеңіс құрметіне арналып тұрғызылған ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, айналасын абаттандыру бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Жеңіс мерекесі қарсаңында Тараз қаласында Отан үшін от кешіп, дұшпанды тұқыртуға үлкен үлес қосқан қас батырлардың бірі Ыбырайым Сүлейменовке ескерткіш орнатылуда. Осы жайында және қазіргі таңда өңірдегі көзі тірі 238 майдангер қартқа жасалып отырған қамқорлықтың барысы туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында жаңадан пайдалануға берілген 75 пәтерлік көп қабатты үйден бес бірдей соғыс ардагеріне пәтер кілтін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде тарқатып айтты. Ардагерлердің атынан сөз алған ұл-қызы аралас он перзент өсіріп, олардан елуден астам немере-шөбере сүйіп отырған 89 жастағы қария, соғыс ардагері Қалқаман Қасымбеков қарт майдангерлерге жасап отырған қамқорлығы үшін Елбасына және облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Бұдан кейін Кәрім

Нәсбекұлы жаңа пәтерге ие болған П. Кулик, Т. Жамбылов, Қ. Қасымбеков, М. Хайрулин және С. Көркембаев сынды ардагерлердің әрқайсысының пәтеріне бас сұғып, жаңа қоныс жайлы болсын деген тілегін білдірді. Облыс әкімінің бірінші орынбас ары Бекболат Орынбековтің айтуынша, «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға б е р г е н , ке л і с і м - ш а р т бойынша жалпы құны 460 миллион 312 мың теңгені құрайтын осы 75 пәтерлік тұрғын үйден тағы да екі соғыс ардагеріне пәтер кілті тапсырылатын көрінеді. «Қалғандары пәтер алу кезегінде тұрған қала тұрғындарына, жас мамандарға беріледі», – деді ол. Тараз қаласы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.