ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №72-74 (17929-17931), Сенбі, 17 мамыр, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ДОСТЫҚҚА БІРЛІК ПЕН
l ЖАҚСЫ КӨРШІ –САЯҢ l
ҮЛКЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА КІШКЕНТАЙ ҚАДАМДАРМЕН
ТЕҢДІК ДӘНЕКЕР
Еуразиялық экономикалық одақ идеясы жүзеге асқанға дейін 20 жыл өтті
А ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң н ау р ы з а й ы н д а «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан еуразиялық жобасы. Еуразиялық жобаның 20 жылдығына. 1994-2014» атты кітап жарық көрді. Бұл – «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобаны» жүзеге асырудың барысын құжаттар негізінде жан-жақты қарастырған тұңғыш кітап. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан 20 жыл бұрын, 1994 жылдың наурыз айында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде осы аталған жобаны философиялық идея әрі посткеңестік елдердің «өркениетті айырылысу идеологиясының» орнына бұдан арғы ісәрекеттерде басшылыққа алатын құжат тұрғысында ұсынған болатын. Нақ осы идеядан кейінірек Еуразиялық экономикалық одақ құруға мүмкіндік беретін тиімді еуразиялық ықпалдастық құрылымдары өсіп шықты. Кітаптың авторы – белгілі саясатшы және дипломат, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың бас хатшысы Тайыр Мансұров – еуразиялық жобаның посткеңестік елдердің алдынан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашуға мүмкіндік беретін басты құрал ретіндегі тарихи рөлін бірізділікпен ашып берген. Кезінде еуразия теориясының негізін қалаушылар (Г.В. Флоровский, Н.С. Трубецкой,
Г.В. Вернадский, С.М. Соловьев, Л.Н. Гумилев) еуразия кеңістігінің біртұтастығын табиғаттың өзі айқындағандығын және оның тарихи дамуы табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзара тығыз әрекеттесуіне негізделген деп жобалаған-ды. Олардың сенімі бойынша, еуразия халықтары – бәсекелестер емес, керісінше одақтастар болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы бойынша, мемлекеттердің еуразиялық одағы – бұл, әр ұлттық мемлекеттің мүдделері жүзеге асырылатын және барлық жиынтық әлеуеті пайдаланылатын тәуелсіз мемлекеттердің тең құқылы одағы. Экономикалық байланыстар – Еуразия мемлекеттер одағы бірлестігінің негізі болып табылады. Еуразия мемлекеттері Одағы моделін құрудың басым принциптері – ықпалдастыққа прагматикалық көзқарас, экономикалық мақсаттылық және мемлекеттердің бірігуіндегі еріктілік. Өзара әрекеттестіктің басты бағыттары: экономика, сауда, ғылым, мәдениет, білім және экология. Еуродақпен баламалық тұрғыда жобада басқарудың жоғары ұлттық органдарын құру қарастырылған. Еуразиялық ықпалдасуды ілгері жылжыту өзінің ықпалдастық идеясының тиімділігіне Владимир Путиннің, Александр Лукашенконың және басқа да посткеңестік мемлекеттер басшыларының көзін жеткізе білген қазақстандық көшбасшының өмірлік ісіне айналды. Олардың еуразия жобасына белсенді қатысуы біртіндеп жүзеге асырылуда. Кітапта Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ро с с и я ж ә н е Т ә ж і к ста н м е м л е к ет те р і басшыларының 2000 жылдың 10 қазанында айқын функционалдық құрылымы, жұмыс
істеудің тиімді тетіктері, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік, әлемдік саудаэкономикалық жүйеге кірігу сияқты анық және ұғынықты мақсаты бар халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құруы қазіргі заманғы еуразиялық ықпалдастықты құрудың бастау көзі болғандығы атап көрсетіледі. Еуразиялық экономикалық қауымдастық кешегі посткеңестік кеңістіктегі өзге аймақтық бірлестіктерден алға қойған міндеттердің бұлжытпай бірізділікпен және қысқа мерзім аралығында өмірде жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Осылайынша, ЕурАзЭҚ шеңберінде 2010 жылдан бергі аралықта үш елдің Кедендік одағы жұмыс істейді, 2012 жылдан бері 2015 жылдан бастап толық форматты жұмыс режиміне көшетін Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуеттердің жиынтығын анағұрлым толық және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім-шартқа ағымдағы жылы қол қойылып, бекітіледі деп жоспарлануда. Бизнес пен жұртшылық үшін ұйымдасқан құрылым ретінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік емес, бірыңғай нарықтың құрылуына байланысты заңнама мен сауда-өнеркәсіптік үдерістерге енгізілетін өзгерістер негізгі рөл атқарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі күшейеді, мемлекетаралық өндірістік және сауда бірлестіктері, бірлескен кәсіпорындар құрылады. Үш елдің ортақ нарығы өзара және шетелдік инвестиция тартуда анағұрлым тартымды бола түседі, кәсіпкерлер экономиканың дамуы
l ТАРАЗ
«Облыс прокуратурасы автотұрақтардың қызметін әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкестендіру туралы облыстық әкімдікке хат жолдаған болатын. Нәтижесінде, автотұрақтарды күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 12 миллион теңге бөлініп, ақылы болып келген айып автотұрақтары мамыр айынан бастап тегін қызмет көрсете бастады», деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі. l МОЙЫНҚҰМ
Планетарлық мәні бар жоба
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ М. В. ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ АЛДАҒЫ 15-20 ЖЫЛДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙРЫҚША АТАП КӨРСЕТТІ. Олардың арасындағы басымдықтардың бірі – ұлттық экономиканы жеделдетіп дамытудағы инновациялық технология үшін базалық жағдай жасақтау және 2025 жылға дейін Еуразиялықинновациялық технологиялық өзара іс-қимыл әрекетінің бағдарламасын қабылдап, талдап Еуразиялық интеграция кеңістігіне тарату болып табылады. Бұған қоса, Назарбаевтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақ аумағы Еуразия көлеміндегі жалпы континенталдық инфрақұрылымның алдыңғы буыны болуы тиіс. Бұл үшін бірқатар жобаларды: бірыңғай Еуразиялық телекоммуникация жүйесін құру, «Минск-Мәскеу-Астана-Алматы» бағыты бойынша жылдамдықты теміржол магистралін салу, теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, әсіресе, батыс пен Еуропаға, шығыс-қытай көлік жүйесіне енетін, сондай-ақ, «Еуразия»: «Каспий-Қара теңіз» каналы жобасын жүзеге асыру керек. Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Ресей, Қазақстан және Белоруссия Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қояды. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде: «Еуразиялық одақ идеясынан – Еуразиялық интеграцияның кемелденген көкжиегіне» деген лекциясында жаңа одақтың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінде осыдан 20 жыл бұрын Еуразиялық одақ құру идеясы туралы тұңғыш рет мәлімдеді. Уақыт осындай одақ құру қажеттігін алға тартты. Бірқатар саясаткерлер 1994 жылдың көктемінде ТМД-ның өмір сүруге қабілетсіз екенін көрсетті. Назарбаевтың айтуына қарағанда Еуразиялық экономикалық одақ бұрынғы Кеңес Одағының бағытын қайталамайды. Жаңа құрылымды Еуропалық одақпен салыстыруға болады. «Еуропаға Кедендік одақты құруға – он бір жыл, жалпы нарықты қалыптастыруға – 34, экономикалық және валюталық одақты құру үшін 40 жыл қажет болды», – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Назарбаевтың айтуына қарағанда ХХІ ғасырда адамзат алдынан жаһандану мәселесі шықты. Еуразиялық интеграцияның көптеген мәселелерін барынша шектелген мерзімде шешуге тура келеді. Бұл бағытта жаһандық экономикалық жағдайға қарай әрекет етуге тура келеді. Мұның өзі жеке-дара қиындық емес, «Біздің идеямызды қостамайтындар да бар, сондықтан да Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойған кезде осы мәселені барынша ескеру керек», – деді Назарбаев. Қазақстан басшысы ТМД-ның бірқатар интеграциялық бірлесуінде «шұғыл шешімдер» қ а б ы л д а н ға н ы н д а ж о қ қ а ш ы ға р м а й д ы . «Келісімшарттарда жалпы валюталық, кедендік және экономикалық кеңістік құру туралы келісімшарттарға қол қойылғанын да еске алады. Қазір олар қайда, олар кімнің есінде?» Енді қол қойылатын өмірлік маңызы бар құжатта ұсақ-түйек қателіктерге жол беруге болмайды. Мұның өзі интеграциялық үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл бағытта Қазақстанның ұстанымы айқын. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың басты міндеті екі мәселеге тірелетінін ерекше атап өтті: ол – географиялық және биосаяси жағдайды пайдаланып, әлемнің басты экономикалық макроаймақтарына айналу және дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуді қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық одақ халық және барлық ұлттық экономиканың игілігіне қызмет етуі тиіс. Ал, жалпы Еуразиялық экономиканың негізін шағын және орта бизнес құрауы керектігін Қазақстан басшысы айрықша қадап айтты. Дмитрий ЖУРАВЛЕВ, Аймақтық проблемалар институтының директоры.
l
мен жаңа жұмыс орындарының ашылуын жеделдетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстарға ие болады. Сондай-ақ, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аса ауқымды транзиттік әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануға қол жеткізіледі деп күтілуде. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің азаматтары үшін шекарааралық байланыстар мүлдем жеңілдемек. Олар шекаралардан кедендік процедураларды орындамай-ақ өтеді және күш-жігерлері мен еңбек машықтарын ортақ еңбек нарығына жұмылдыруларына жол ашылады. Оның үстіне еңбек мигранттары заңмен қорғалады, олардың өздері мен отбасылары үшін міндетті медициналық және білім беру қызметтері қолжетімді болады. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудағы басты мақсат — қатысушы елдердің әлеуетін біріктіру нәтижесінде олардың әрқайсысының 10 жыл бірлескен жұмысы арқасында ішкі жалпы өнімнің 17- 20 пайыз көлемінде қосымша өсімін қамтамасыз ету. Бұл – салыстырмалы тұрғыдан алғанда 700 миллиард долларға тең қаржы. Болашақта Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке, экономикасын серпінді дамытуға және халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік беру үшін басқа да посткеңестік кеңістік елдерін тарту жоспарлануда. Армения мен Қырғызстан қазірдің өзінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіру үшін белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Тәжікстан да өзінің осы бағыттағы қызығушылығын танытуда.
Аудан әкімі Болат Мәдікенов Бірлік ауылының тұрғыны, саз мектебінің ұстазы, әнші Қалибек Шайжанға «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Сан қырлы талант иесі ақындығымен де өңірге белгілі азамат. Оның жеті кітабы жарық көрді. Жақында мойынқұмдық ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. l ТАЛАС
Қаратау қаласындағы «Игілік» көпсалалы кәсіпорнындағы жұмысшы қызметкерлер «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтуге тілек білдірген болатын. Кеше 53 адамға партия билеттерін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Жұмабек мекемеге арнайы келіп, табыс етті. l САРЫСУ
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімінің үгіт-насихат тобы «Отанды қорғау қасиетті парыз» акциясы аясында Жаңатас қаласындағы мектептерде болып, оқушыларды республика ішкі әскерінің қызметтік жұмыстарымен таныстырды. Шәкірттермен әскери сала туралы пікірлесті. l ШУ
«Астана» балабақшасының ашылғанына бір жыл толды. Осыған орай өткен мерекені бүлдіршіндер Рамазан Тілеуберген мен Эмиль Тұрсынбаевтың жүргізуі, бар-жоғы үш жастағы балалардың «Бауырсақ», «Қасқыр мен жеті лақ» ертегі- қойылымдарын сахналауы, тақпақтар айтып, мың бұрала билеуі жиналғандарды тәнті етті. Ата-аналар да дән риза болысып, шараны ұйымдастырған мекеме басшысы Сандуғаш Жүнісәлиева мен әдіскер Күлпаш Төлемісоваға алғыстарын жеткізді.
ӨСЕР ЕЛДІҢ ӨРІСІ КЕҢ
БӘСЕКЕЛЕСТІКТЕ
САН ЕМЕС, САПА ЕСКЕРІЛУГЕ ТИІС Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол».
БҰРНАҒЫ КҮНІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» АЙМАҚТЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ ӨНДІРІС ТІҢ КӨПТЕГЕН САЛАЛАРЫНДА САПАЛЫ ӨНІМДЕР ӨНДІРІЛІП ЖАТҚАНЫН, МАҚТАУҒА ДА, МАҚТАНУҒА ДА ЛАЙЫҚ ТАМАША ТАБЫСТАРЫМЫЗ БАР ЕКЕНІН ПАШ ЕТТІ. ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АЛДЫНА ҚҰРЫЛҒАН ШАТЫРЛАР ІШІНДЕ КӨРМЕ КӨРКІНЕ АЙНАЛҒАН ТАУАРЛАР КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛҒАНДАЙ. АЛУАН ТҮРЛІ БҰЙЫМДАР ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРЫП, КӨҢІЛ ҚУАНТҚАНДАЙ. КӨРМЕДЕН КЕЙІН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ (ЕЭК) БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІМЕН БІРЛЕСІП, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АЯСЫНДА «ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ, ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ САЛАЛАРЫ НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТЕҢ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Астана.
Жақсы көрші тапқаның, Мол олжаға батқаның. Халық мақалы.
ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
(Жалғасы 3-бетте).
l БАРМАСАҢ, КЕЛМЕСЕҢ – ЖАТ БОЛАРСЫҢ l
ҰШҚАН ҰЯ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ ЕКЕН Ресей Федерациясы Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко бастаған жерлестер туған жерімен сағына қауышты Тарихи тағдыры тамырлас Ресей мен Қазақстан бүгінде стратегиялық әріптес қана емес, мәңгілік достықтың мәртебелі туын биікке көтерген бауырлас мемлекеттер. Екі ел арасындағы алыс-беріс, барыскелістің жыл өткен сайын жандана түсуі соның айғағы. Бұл байланыс кезінде ортақ шаңырақта тұрған отандастарымыздың да атажұртына емін- еркін келіп, аунап-қунауына, туған жерге деген сағынышын басуына өз септігін тигізуде. Осы сөзіміздің даусыз дәлеліндей, бүгінде Ресей Федерациясы Ленинград облысының губернаторы болып қызмет атқарып отырған Александр Дрозденко кеше өзінің кіндік қаны тамған қасиетті Әулиеата өңіріне атбасын бұрды. Иә, кімге болса да өзінің туған жері Мысыр шаһары ғой. Қазіргі Байзақ ауданы, Ақжар ауылында дүние есігін ашқан губернатор өзімен бірге әкесі Юрий Александрович, жұбайы Екатерина Григорьевна, Ленинград облысы, Кингисепп муниципальді ауданының ұйымдастыру басшысы Виктор Гешеле және оның жұбайы Жанна Ивановна сынды қонақтарды ерте келіпті. Мәртебелі меймандарды Байзақ ауданының әкімі М.Шүкеев пен аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев бастаған басшылар күтіп алды. Қонақтар алдымен Сарыкемер ауылында орналасқан аудандық орталық мұражайға бұрылып, ондағы жәдігерлермен кеңінен танысты. Бұдан кейін губернатор өзі туып-өскен Түймекент ауылдық округіндегі білім ордасына арнайы келді. Мұнда А. Дрозденконы бастауыш сыныпта жетекшісі болған Валентина Шапавалова, сыныптастары, әкесі Юрий Александровичпен бірге жұмыс істеген қызметтестері,
мектеп ұстаздары мен оқушылары ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұлттық дастарқаннан дәм ауыз тиген қонақтардың құшағы гүлге толды. Бастауыш сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасы да губернаторды тебірентіп жіберді. Ол бір сәт балалық балғын шағын есіне алғандай терең ойға шомды. Аудан басшысы Мұратхан Шүкеев қонақтардың келу мақсатымен таныстырып өткен соң сынып жетекшісі Валентина Шапавалова жүрек қылын шерте отырып, сөз қозғады. Слайд арқылы сол кезеңдерге шолу жасады. Өз кезегінде сөз алған Юрий Александрович, жергілікті тұрғындар, бүгінгі зейнеткерлер Тәуірбек, Оразалы, Қылышбай ақсақалдар өзара шүйіркелесіп, сол кездегі ауылшаруашылық саласындағы қиындығы мен қызығы мол күндерді еске алысып, жеткен жетістіктер жайында сыр шертті. Губернатор Александр Дрозденконың өзі оқыған бірінші сынып партасына отыруы да көпке әсер сыйлады. Ол осы сәтте балалық шағын сағынышпен сөз етті. Өзін біліммен қаруландырған, үлкен өмірге қанаттандырған білім ордасына ризашылық сезімін жеткізіп, мектеп басшылығына арнайы сый-сияпатын табыстады. Сондай-ақ, өзі тұрған (бұрынғы Украинская) Т. Кәрібаев көшесіндегі №81 үйге, Ә. Дүкенбайұлы көшесіндегі әкесі тұрған үйге бұрылып, ауыл көшелерін жаяу аралап шықты. Мұнан соң іссапар барысы Ленинград облысы, Кингисепп муниципальді ауданының ұйымдастыру басшысы Виктор Гешеленің туған мекені Көкбастау ауылдық округіндегі Амангелді орта мектебінде жалғасты. Мұнда да қонақтарды құшақ жая қарсы алған
ауыл тұрғындары мен мектеп ұстаздары, оқушылар арасында жылы жүзді кездесу ұйымдастырылды. Өткен күндерін сағынышпен еске алған Виктор Эвальдович ата-анасының елге деген ыстық сәлемін жеткізіп, өзінің сыйлықтарын табыс етіп, ауыл тұрғындарының ыстық ықыластарына деген ризашылығын білдірді. Бұдан соң қонақтар Виктор Гешеле оқыған Тараз қаласындағы М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінде де болды. Әрине, бұрынғы дәріс берген ұстаздардан ешкім қалмаған. Десек те, білім ордасының өзіне етене таныс ғимараты, қазіргі педагогикалық ұжым мен жас жеткіншектердің ыстық ықыласы оны өткен күндерге оралтқандай әсер қалдырды. В.Гешеле өз толғанысын жасырып қалмай, естеліктерімен бөлісті. Мұнан кейін ленинградтық қонақтар бірнеше топқа бөлініп, Тараз қаласының көрікті орындарын аралады. «Тараз Энерджи» серіктестігінде, «Казфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар зауытында, «Тараз Арена» спорт сарайында болып, атқарылып жатқан оң істермен танысты. Өз сөздерінде меймандар тотыдайын таранған Тараздың қазіргі келбетіне таңданыстарын жасырған жоқ. Сонау жырақта жүрсе де ұшқан ұя ұлағатын ұмытпай,туған жерге деген перзенттік махаббатпен сағынысып жеткен жерлестердің саяхаты бүгін одан ары жалғасуда. Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол» Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист, Байзақ ауданы.
ӘМБЕБАП МАЛ БАЗАРЫ ның ы с е а қал ан жән з а Тар тұсын лады? қай ан ашы қаш
ТАРАЗДЫҢ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНА ҚАРАЙ ОРНАЛАСҚАН «БУРЫЛ» МАЛ БАЗАРЫ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНАН БЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ. БІЛЕТІНДЕР 1957 ЖЫЛЫ АШЫЛҒАНЫН АЙТАДЫ БҰЛ БАЗАРДЫҢ. ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ УАҚЫТ АДАМДАРДЫҢ МАЛМЕН САУДАСАТТЫҚ ЖАСАУЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН БҰЛ НЫСАН БҮГІНДЕ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БОЛМАЙ ОТЫР. ОСЫНЫ ЕСКЕРГЕН ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ БАЗАРДЫ БАСҚА АУМАҚҚА АУЫСТЫРУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ХАТТАМА ДА ЖАСАҒАН. ОБЛЫС ӘКІМІ К. КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН 2014 ЖЫЛЫ 3 АҚПАНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ №3 ХАТТАМАСЫНЫҢ 11-ТАРМАҒЫНДА ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ МЕН ОБЛЫС ӘКІМДІГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА «МАЛ БАЗАРЫН ҚАЛАДАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРГЕ ШЫҒАРУ» МІНДЕТТЕЛГЕН. (Жалғасы 4-бетте).