3 шілде 2018 жыл

Page 1

АҺАН Д

А

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы

Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№76 (18570), Seısenbі, 3 shіlde, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

НДА ЖАҺА

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ, РУХЫ, ТАРИХЫ

МЕКСИКА

Президент ретінде кім таңдалды? Мексикада Президенттік және Парламенттік сайлау аяқталды. Экзитполдың нәтижесі бойынша Латын Америка халқы ел басшысы ретінде Андрес Мануэль Обрадорды таңдады. Ол – «Тарихты бірге жасаймыз» одағының өкілі. Бұл коалицияның құрамына «Морена» және «Қоғамдық кездесу» партиялары кіреді. Жаңа Президент 51 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Ал «Мексика үшін алға» коалициясының кандидаты Рикардо Анайя 23 пайызды иемденіп, екінші орынға орнықты. Кезекті үшінші орынды 18 пайызбен «Бәрі Мексика үшін» коалициясынан үміткер Хосе Антонио Мид иемденді. Ұлттық сайлау институтының мәлімдеуінше, бұл жолғы сайлауға халықтың қатысу көрсеткіші жоғары. Саяси доданың өту кезеңі 30 мың жергілікті бақылаушы мен 900 шетелдік маман назарында болды. Жүз мыңдаған құқық қорғаушы саяси дода кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

АҚШ

Ғалымдар жер бетіндегі ең суық температураны тіркеді

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды. Мемлекет басшысы елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл музыкалық аспап қазақ халқының мəдениеті мен тарихында айрықша орын алатынын айтты. – Жақында менің Жарлығыммен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп жарияланғанын білесіздер. Бүгін бұл мерекені еліміздің барлық өңірі атап өтуде.

З ҚА

Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дəстүрі, бүкіл бітім-болмысы, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы бүгінде домбыра қазақтың бренді болып саналатынын атап өтті. – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттық мəдениетімізді əлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дəулеткерейдің, Тəттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мəдениетіміздің бірегей үлгілері, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А Қ ТЫҢ ДАСТАРХАНЫ

Мемлекет басшысы домбыра мен күйдің ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мəдени мұраларының тізіміне енгенін айтты. – Біздің мəдени құндылықтарымыз бен дəстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Ұлттық домбыра күнінің Астанада – тəуелсіз Қазақстанның жүрегінде дүниеге келуінің символдық мəні бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы Ұлттық

домбыра күні өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түсетініне сенім білдірді. «Қазақ елі» алаңында өткен іс-шара барысында дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен 2 мыңнан астам өнерпаз бір оркестр ретінде домбырамен қазақтың белгілі күйлерін орындады. Концерттен кейін Қазақстан Президенті қолданбалы өнер туындыларының көрмесін аралап көрді.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛМАСЫН ЖУАЛЫНЫҢ БАЛ ҚЫМЫЗЫ

ДӘСТҮРЛІ ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ КҮНІ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ Жуалы ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші жобасын іске асыру аясында «Атадан – аманат, ұрпаққа – ұлағат» атты ұлттық дəстүрлер фестивалі ұйымдастырылды. Шараға облыс аудандары мен Тараз қаласынан жəне Астана қаласынан қонақтар қатысты. Облыс орталығынан келген ардагерлерді аудан əкімі Бақтияр Көпбосынов пен аудандық мəслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков бастаған ақсақалдар «Жастар» саябағынан қарсы алып, шараны демалыс орнын аралатудан бастады. Қариялар «Жуалы ауданының Құрметті азаматтары» аллеясын да қызыға тамашалады. Осыдан кейін көпшілік аудан əкімі Бақтияр Бейсембайұлының бастамасымен қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Мəңгілік Ел» саябағындағы өзгеше, алып та еңселі төрт түліктің төресі түйеге арнап тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанатына куə болды. – «Атадан – аманат, ұрпаққа – ұлағат» атты ұлттық дəстүрлер фестивалін Астана қаласының 20 жəне ауданымыздың 90 жылдығымен байланыстыра отырып, «Мəңгілік Ел» саябағындағы төрт түліктің бірі, Қазақстандағы ең алып түйенің ескерткішін орнаттық. Түйе – халқымыз үшін қасиетті жануар. Енді бұл жер жастардың демалатын орнына айналатын болады. Сонымен бірге біз ауданымызда қымызмұрындық өткіземіз. Оған бір тонна қымыз дайындалды, – деген Бақтияр Бейсембайұлы Бауыржан Момышұлы саябағында өтетін шара барысымен таныстырды. Одан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз алып, Жуалы ауданының қадірқасиетін, азаматтарының дархандығын тілге тиек етіп, аудан əкімінің жұмысына сəттілік тіледі. Ал Талас ауданының Құрметті азаматы, Ақкөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбек Тəшібеков бата берді. Ауданға келген азаматтар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының рухын аттап кете алмайды. Өйткені батыр Бауыржанның ерлігіне бас имейтін жан жоқ. Облыс ардагерлері де ол дəстүрден аттап өтпеді. Саябақтан шыққан көпшілік Баукеңнің еңселі ескерткішіне келіп, гүл шоқтарын қойды. Негізгі іс-шара Ақсай ауылдық округіндегі Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта өтті. Ардагерлерді аудан өнерпаздары, ауыл əжелері жаңа піскен бауырсақ ұсынып, қақпа алдынан қарсы алды. Ардагерлер қаз-қатар тізілген ауылдық округтердің дəм-тұзы мен бал қымызынан да дəм татты. Таңғы жолдан аздап шаршаған, оның үстіне шөліркеп, Жуалының бал қымызын аңсап келген көпшілік кең жайылған дастарқанға ризашылықпен бата берді. (Жалғасы 5-бетте).

Қоғамның әлеуметтік аз қамтылған тобының жай-күйі қашанда билік назарында. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы қызмет алушылардың жағдайымен танысты. Мекемелерге тосыннан барған өңір басшысы орын алған кемшіліктерді көзбен көріп, жауаптыларды сын тезіне алды.

Антарктидада температура Цельсия бойынша минус 98,6 градусты көрсеткен. АҚШ-тың Колорадо штатындағы университеттің Тед Скамбос жетекшілік ететін зерттеу тобы Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлықтың мұз қабатына спутниктік талдау жасау барысында ең төменгі температураны байқаған. Зерттеушілер өздері жүргізген өлшемдер туралы «Жер мен ғарыш туралы перспективалы ғылымдар» журналында жариялаған. Мақала журналда жарияланғанға дейін Жер бетінде тіркелген ең суық температура – 1983 жылғы шілденің 23-і күні Антарктидадағы ресейлік «Восток» зерттеу стансасында минус 89,2 градус болған. А

Д БЫЛ М А Ж

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Туған күніңмен, Астанам! Астана қаласының 20 жылдығына шаһардағы бір топ ұстаздар мен тұрғындар ерекше сый жасады. Олар қалалық Мәдениет үйін мерекелік тартуға сай қылып безендіріп қойған. Шағын концертте өңірге танымал өнер майталмандары көрермендерге ән жолдап, мың бұралған бишілер өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ «Елдігімнің бейнесі елорда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда оқырмандарға Астананың қалыптасу кезеңі мен бүгіні туралы толық ақпарат берілсе, бүлдіршіндер де өнерлерін аяп қалмады. Олар бағаналы басты орданың құрметіне жырдан шашу шашты. МЕРКІ АУДАНЫ

Дала семинары өтті Меркі ауданында шаруалар арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген дала семинарында өңірдегі бірқатар шаруашылық жетекшілері бүгінде ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келе жатқан ұжымдардың жұмысын көрді. Меркілік шаруалар алдымен «Береке» шаруа қожалығында болды. Бұл серіктестік қазір тамшылатып суару әдісі бойынша бірнеше гектар жерге құлпынай мен таңқурай жемісін еккен. Сонымен қатар 7 гектардан асатын алма бағы да бар. Бір таңғаларлығы бұрын сай-төбе болып, ешкімге керек болмай жатқан жерге осындай бақ өскен. Бұдан кейін шаруалар аудандағы іргелі шаруа қожалықтарының бірі саналатын «Сыпатай батыр» серіктестігіне барды. Бұл ұжым биыл франциялық жоғарғы сұрыпты бидайдың тұқымын егіп отыр. Оның біреуінің өзі 30-40 данаға дейін дән беруі мүмкін. Шаруалар арасындағы осы тектес жиындар жыл бойына жалғаса бермекші. «Бұл мол өнім алған меркілік озат еңбеккерлердің еңбегін көпшілікке таныту үшін де керек» дейді ұйымдастырушылар.

Баба өнері балаға мұра.

(Жалғасы 2-бетте).

ҰЛТ ПЕН РУХ

Ұлы даланы домбыра күмбіріне бөлеген ұрпақ

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

ІІ ÆÀÐÒÛ ÆÛËÄÛҚҚÀ ÆÀÇÛËÓ ÁÀÑÒÀËÄÛ, ҚÀÏÛ ҚÀËÌÀҢÛÇ, ÎҚÛÐÌÀÍ! «Қазпошта»

Есет ДОСАЛЫ Елбасының Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күнін жамбылдық өнерпаздар шат-шадыман көңіл-күймен

қарсы алды. Атаулы күнге орай Тараздағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші алдында «Домбыра – халық мұрасы» атты жиын өтіп, көпшіліктің рухын көтерді. Көпшілік алдында күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əбдімомын

Желдібаев сөз сөйлеп, домбыраның сырлы үніне, күйдің таусылмас кереметіне тоқталды. Мұнан соң Ə.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін автормен бірге бір топ өнерпаздар көпшілік назарына ұсынды. (Жалғасы 2-бетте).

Заңды тұл алар үшін Ауылда ы кәсіпорындар мен ұйымдар а: 6 ай а – 3246,48 теңге 1 жыл а – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2911,32 теңге 1 жыл а – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұл алар үшін Ауыл тұр ындарына: 6 ай а – 2996,46 теңге 1 жыл а – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2661,30 теңге 1 жыл а – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұр ындары үшін:  Эврика-пресс

 ERNUR-press   Тараз-пресс 

Қыран-пресс

БӨЛ%МШЕЛЕР% АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.