3 казан 2015ж пдф

Page 1

АбаИға

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№122 (18156), Сенбі, 3 қазан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«экспо-2017» ел абыройын асырады елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

қазақ хандығының

4

СҰМ ДҮНИЕ ТОНАП ЖАТЫР, ІСІҢ БАР МА Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?

президент

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ф.Таминдже қатысты. А.Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады. KCA International компаниясының басшысы Қазақстан Президентін «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты нысаны – Сфераның ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды. – Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ нысанды жасау барысында қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз, – деді Хуан Чю. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің ең негізгі мақсатының бірі жаңа энергетикамен таныстыру мүмкіндігі

құлақ түрейікші, ағайын!

Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желікпен жерге тықпас кісің бар ма?! Демі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің. Татуды араз, жақынды жат қыларға? Ет жүрексіз ерніңнің айтып сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма? Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.

келіңіздер! көріңіздер!

екеніне тоқтала келіп, бұл идея Қазақстанның павильонында кеңінен

көрініс табуы тиістігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша

тараздағы тойына

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

ұлы дала елін ұлықтаған

күн қалды

тарихи-мәдени экспедиция жамбыл жерінде Үстіміздегі жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласының «Қазақ елі» алаңынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи –мәдени экспедициясы басталған болатын. (Жалғасы 2-бетте).

сиянь шәйін тиеген керуен таразға таяды Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Ұлы Жібек жолындағы байырғы дәстүрді жаңғыртып, Қытайдың Сиянь қаласынан шыққан керуен Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғалы отырған Тараз шаһарына таяп қалды. Кеше облыс орталығына жапсарлас жатқан Байзақ ауданының аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойына орын тепкен Үшбұлақ-«TauDos» демалыс кешенінде аталмыш керуенді күтіп алу салтанаты өтті. «Қытай-Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шәй мәдениеті» атты керуен тарихи-танымдық бауырластықты дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің идеясымен, Сиянь қаласы әкімшілігінің, Қазақстандағы дүнген қауымдастығының және «Jing Sheng Yu» шай компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Алдымен облысымыздың Алматы облысымен шекаралас Қордай ауданына табан тіреген керуеннің бұл екінші аялдауы болып отыр. Оларды мұнда қазақи кимешек киген әжелер шашу шашып, ауылдың алты аузын айтып қарсы алды. Қазақи қонақжайлылыққа бөленген керуен мүшелері Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарының өнерпаздары әзірлеген қолөнер көрмесін тамашалап, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы дайындаған өңірімізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық тағамдарынан дәм татты. (Жалғасы 8-бетте).

Ай қамын бір рет ойласаң, Жыл қамын он рет ойла. Халық мақалы.

тағылымы мол тойға дайынбыз ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов осылай деді Есет Досалы, «Ақ жол». Қазақстан Республикасы Президенті аппараты жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен облыс әкімдігі бірлесіп «Тараз қаласының Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындығы туралы» тақырыбында көшпелі брифингті облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – еліміздің барлық аймағы құлағын түріп отырған маңызды тойға біздің облыстың дайындығымен ақпарат құралдары өкілдерін таныстыру. Брифингте облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов аталған тақырып бойынша БАҚ өкілдерінің алдында баяндама жасады. Ерқанат Нұрбапаұлы Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асып, қыркүйек айында Елордамыздан бастау алған

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тойдың тарих үшін, келешек ұрпақтар үшін маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, ол 8-9 қазан күндері Тараз жерінде салтанатпен өтетін маңызды тойға облысымыз, оның ішінде Тараз қаласы толық дайын екенін нық сеніммен айтты. Облыс әкімінің орынбасары жалпы аумағы 8,4 шақырымды құрайтын «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында жүзеге асқан қарқынды жұмыстар барысына тоқталып, «Мыңбұлақ» гүлзарының, «Шолу мұнарасының», ашық аспан астындағы «Ежелгі Тараз» мұражайының ерекшеліктеріне баса назар аударды. Той қарсаңында бірнеше ғылыми конференция мен акциялар өткенін, маңызды тойға арналып мазмұны бай 8 кітап жазылғанын да назардан тыс қалдырмады. Той қарсаңында Тараздың гүлденуіне, абаттануына атсалысқан Астана мен Алматы қаласының және барлық

облыстардың әкімдіктеріне облыс әкімі атынан шынайы алғысын білдірді. Баяндамадан кейін БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылды. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы бастаған журналистер тарапынан қойылған маңызды сұрақтарға Ерқанат Нұрбапаұлы жан-жақты әрі нақты жауап берді. Сауалдардың көпшілігі қонақтарды қарсы алу, қонақ үйлерге орналасуы, шетелден келетін қонақтар саны, мәдени-спорттық шараларды өткізетін орындардың дайындығы жөнінде болды. Ерқанат Манжуов өз сөзінде шетелдегі өкілдіктерден қандастарымыз келетінін, олар бұл маңызды тойды өз елдерінің ақпараттық құралдарында тарататынын айтып өтті. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
3 казан 2015ж пдф by akjolgazet - Issuu