3 караша 2015 пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№136 (18170),Сейсенбі, 3 қараша, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=БАЙЗАҚ Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған балаларды спортқа жүйелі түрде тарту мақсатында елге белгілі спортшылармен кездесу ұйымдастырды. Дөңгелек үстел басында өткен кездесуге республикаға белгілі спортшылар, қол күресінен төрт дүркін әлем чемпионы В.Трубин, самбодан әлем чемпионы А.Мұсабеков, белгілі боксшы, «АстанаАрланс» бокс клубының мүшесі А.Шымбергенов, боксшы, спорт шебері Б.Жарымбетов қатысты. Спортшылармен қатар, мектеп директорларының тәрбие ісіне жауапты орынбасарлары, спорт саласының мамандары қатысқан шарада «қиын» балалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.

ПРЕЗИДЕНТ

=МЕРКІ Меркідегі аудан атымен аттас №9 колледжде «100 мейірімді іс» акциясы шеңберінде қайырымды шара өтті. Шараны ұйымдастырушылар аталған оқу ордасында білім алатын жағдайы төмен 20 студент пен В.Савва атындағы мектеп-интернаттағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30 балаға шаттық сыйлады. Өз кезегінде «Жастар орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Е.Дүйсенқұл олардың «Прайм» кинотеатрында тегін кино көрулеріне қол ұшын созды. Сонымен қатар, мейірімге зәру балалар аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. =ҚОРДАЙ

ҚАЗАҚСТАН-АҚШ: ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Елбасы Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті. Қазақстан Президенті Дж.Керридің біздің елге және осы өңірге алғашқы сапармен келгеніне ризашылық білдірді. – Таяуда мен Нью-Йоркте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездестім, екіжақты ықпалдастық мәселелері жөнінде сөйлестік. Біздің республикамыз желтоқсанда 24 жылдығы тойланатын тәуелсіздігінің алғашқы

күндерінен бері сіздің елмен ынтымақтасып келеді, егемендігіміз бен экономикамыздың дамуына ұдайы көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін Қазақстан халқы риза. Бүгінде елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 500ге жуық компания жұмыс істейді. Біз осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын

МАСҚАРА!

ЖАҢА

айтты. Осыған байланысты Б.Обаманың бұл бағыттағы бастамаларына Мемлекет басшысы қолдау білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Б.Обаманың НьюЙоркте өткен ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай және ДАИШ топтарына қарсы күрес мәселелері талқыланған келіссөздерінің қорытындысын АҚШ Мемлекеттік хатшысы жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Дж.Керри Қазақстан

мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді. – АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Бүгін мен Америка сауда палатасының Қазақстандағы өкілдерімен кездестім. Олар өздерінің Сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттанатындарын білдірді, – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

А ЖАСАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНД

«Қазақстан дүнгендері қауымдастығы» мен Қытайдың Шэньси провинциясы денсаулық сақтау департаментінің арасында жасалған келісім бойынша Масаншы ауылында 15 миллион юань (450 миллион теңге) сомасына аумағы екі мың шаршы метрлік аурухана салынбақ. Балалар бөлімі, гинекология, жүз орындық перзентханадан тұратын бұл болашақ «Ана мен бала орталығы» айналадағы Қарасай, Қаракемер, Сортөбе және Ауқатты ауылдық округтерін де қамтуы тиіс. =МОЙЫНҚҰМ

Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымы аудан көлемінде өткізіліп тұратын қайырымдылық шараларына белсене қатысады. «Мектепке жол» акциясы аясында Т.Рысқұлов орта мектебінің оқушыларына 55 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Биназар батыр кесенесіне бес тонна сексеуіл түсіріп берді. Мал сойып, батыр рухына арнап құран оқытты. Биназар батырдың немере келіні, кесене шырақшысы Жамал Қожакерімова орманшыларға алғысын айтты.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

МАРАПАТТАЛДЫ

АДАМҒА ҚУАТ БЕРЕТІН ФИТОШӘЙ МОЙЫНҚҰМ АУЫЛЫНДА СҰҢҒЫЛА ТАМЫРЫНАН ДӘРІЛІК ӨНІМ ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

ҚОРДАЙ АУДАНЫНА АРНАЙЫ ТАПСЫРМАМЕН БАРЫП, ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН АНЫҚТАУҒА ТИІС ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАРАМЕН ҰСТАЛҒАНЫМЕН ҚОЙМАЙ, ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТІП, ҚАШПАҚ БОЛДЫ.

ЕТ САСЫСА ТҰЗ СЕБЕДІ, ТҰЗ САСЫСА НЕ СЕБЕДІ? ПАРАМЕН ҰСТАЛҒАН ІІД ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТАБЫСТАРЫ 500 000 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыста ішкі істер департаментінің екі қызметкері пара алу үстінде ұсталды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментіне Н. есімді азамат хабарласып, өзінен полиция қызметкерлері азаматтық жауапкершілікке тартпаулары үшін 40 мың теңге көлемінде пара талап еткенін айтып шағымданған. 29 қазан күні «Хюндай» маркалы «АВТОУРАГАН» қызметтік көлігінде У. есімді делдал арқылы 30 мың теңге пара алу үстінде Б. және М. есімді полиция сержанты мен аға сержант ұсталды. Бірақ... Құрықтау барысында аталған жол-патрульдік полиция қызметкерлері қарсылық танытып, қылмыс болған жерден «АВТОУРАГАН» арнайы қызметтік көлігімен сытылып кетпек болған. Біршама жер қашқан инспекторлар көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі арыққа түсіп тоқтаған. Ал инспекторлардың бірі жол қиылысында ештеңеден бейхабар тұрған «Мерседес» маркалы автокөліктің иесін тапаншасымен қорқытып, оқиға болған жерден тез арада алып кетуді бұйырған. Бірақ оның қашпақ болған ойы іске аспады. Құрықтау барысында екі парақор полиция қызметкерінен 230 000 теңге және қырғыз сомы, ресейдің рублі мен еуро тәркіленген. Ұсталған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, сотқа дейінгі талдау-сараптама жұмыстары жүргізілуде. Парамен ұсталған полицейлердің күнделікті заңсыз табыстары 500 000 теңгені құраған. Қордай ауданы.

Сұңғыла – шөл және шөлейтті аймақта сексеуіл тамырынан қоректеніп өсетін өсімдік. Қытайлар 2000 жылдан бері оны жинап, тамырын кептіріп, дәрілік өсімдік ретінде пайдаланып келеді. Ол Мойынқұм өңірінде де қаулап өседі. Тұрғындар оны жинап, қытайларға келісімді бағамен өткереді. Арзанға алынған шикізат өңделгеннен кейін қымбатқа сатылады. Мойынқұм өңірінен жыл сайын ондаған тонна өсімдік шетке жіберілуде. Сұңғыла – көптеген ауруларға ем. Адам ағзасының тыныс жолдары мен несеп-жыныс жүйесінің қызметін жақсарту үшін қолданылады. Оны тұтынған адамның қартаю үдерісі баяулайды. «Осынау емдік қасиеті мол өсімдікті өңдеп, өзіміздің игілігімізге неге жаратпасқа?». Осы ой Мойынқұм ауылының тумасы, Алматы медицина институтының түлегі Серғазы

Қылышбаевты көптен бері мазалап жүрген болатын. Оны жүзеге асырудың сәті биыл түсті. Серғазы сұңғыла тамырын өңдеп, ұнтақ жасау жөніндегі жобасын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды қарайтын аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынды. Жоба қолдау тауып, 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Бірегей шаруаны жүзеге асыру үшін

бұл қаражат жеткіліксіз болды. Сондықтан да ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктен бес жылға 6 пайыздық өсіммен 3 миллион теңге несие алды. Ғимарат салып, қытайдан дәрілік ұнтақты қатты қағазбен қаптап, әртүрлі көлемде шығаратын екі қондырғы әкеліп орнатты. «Қылышбаев С» жеке кәсіпорны жергілікті тұрғындардан шикізаттың әр килограмын 200 теңгеден қабылдайды. Өсімдік тамыры әуелі аулада кептіріледі. Сосын ұсақталып, үгітіледі. Арнайы електен өткізілген өнім қондырғыларда әртүрлі пішінде арнайы ыдыста фитошәй және биоқоспа ретінде тұтынушыларға ұсынылады. Кәсіпорынның құзырлы органдардан алған өнертабыстық патенттері бар. (Жалғасы 3-бетте).

Жаңашылдыққа бет бұрған басылым «Ақ жол» газеті – өңір тұрғындары үшін жаңалықтың жаршысы ғана емес, қоғамдық ахуал мен ұлттық құндылықтардың жоқшысы ретінде, әдеби-мәдени өмір мен тарихи тұлғалар хақында да қалам тербеп, жалпы, біз өмір сүріп отырған қоғам мен ел өмірінен күнбе-күн мол мағлұмат беріп отырған басылым. Әйтсе де, қазіргі кезде, әсіресе, жастар арасында өз керегімді ғаламтор бетіненақ табамын деген түсінік қалыптасқаны жасырын емес. Мен бұл пікірмен мүлде келіспес едім. Себебі, өз пайымымша, ғаламторда жарияланған ақпараттардың көбісі БАҚ құралдарында күні бұрын жарияланып қойған болуы мүмкін. Сондай-ақ, басылым бетінде

ғаламтордағыдай дәйексіз немесе шикі дүниелердің жариялануына жол берілмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «Ақ жол» газетінің абыройы көш бойы озық. Облыстағы басты басылым саналатын бұл газеттің кейінгі кездегі түбегейлі

Нар малының жүні жібек, сүті - бал, Нар жігіттің аймағы ел, алды - мал. Халық мақалы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Қуанышбек ӘЛІШЕРҰЛЫ, «ӘУЛИЕАТА» МЕШІТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, «МУСЛИН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВТЫҢ 2015 жылғы 29 қазандағы №138 өкімімен ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, мемлекеттік қызметтегі көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Статистика күніне орай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика департаментінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы ӘЛІМКУЛОВ Сұлтан Жұманұлы Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

жаңашылдыққа бет бұрғанын аңғаруға болады. Мәселен, «Ойбезбен», «Әдебимәдени әлем», «Имандылық иірімдері», «Тылсым дүние» секілді айдарлар мен беттер арқылы жазылған мақалалар жүрек қылын шертіп, оқырманға құнды ой тастай білсе, «Тіл мерейі – ел мерейі» айдары арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келе жатқаны сөз болады. «Инновация – ел игілігі», «Кәсіп түбі – нәсіп» сынды айдарлар арқылы да елді масылдықтан арылуға, еңбекке үгіттеп, кәсіпкерлікпен айналысуға, ал ірі кәсіпорындар мен ұйымдарды бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті болуға шақырып жүргенінің куәсімін. Қорыта айтқанда, «Ақ жолдағы» мақалаларды аса ыждаһаттылықпен оқып, әр санын асыға күтемін. Сондықтан, көпшілікке ел тұшына оқитын осы газеттің таралымы арта түсуі үшін «Ақ жол» газетіне жазылудан қалыс қалмайық дер едім.

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
3 караша 2015 пдф by akjolgazet - Issuu