l
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ l
ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ғылыми және рухани орталыққа айналады
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №99 (17956), Бейсенбі, 3 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
l ҚАЗАҚСТАНЫМ - ЖАСЫЛ ОРМАНЫМ l
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫҒЫ Мемлекет басшысы Елорда айналасындағы жасыл аймақты тікұшақтан қарап шығып, оның қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі шараның негізгі мақсатының бірі 1998 жылы басталған, Елорданың айналасында «жасыл белдеу» қалыптастыру ц– Содан бері 16 жыл өтті, Астананың айналасында нағыз «жасыл белдеу» орнады. Оның жазық даладағы нағыз орманға айналғаны маңызды. Бірақ, бәрі бұл жер жарамсыз болғандықтан, ағаш өспейді деп санаған еді. Алайда, біздің орманшылар мен ғалымдардың бұл мәселеге біліктілікпен қарау, қажетті көшеттерді іріктеп алуы ғажап нәрсе жасауға мүмкіндік берді – қаланың айналасында 60 мың гектар, қала ішінде тағы 20 мың гектар аумаққа ағаш егілді. Егілген орманның жалпы ауданы 2020 жылға дейін 100 мың гектарға жетеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қолайлы қоршаған орта қалыптастыру еліміздің тұрғындарына да байланысты екенін атап өтті. – Егер біздің барлық азаматтарымыз өз үйлері айналасына, бүкіл қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызса, біз «жасыл» елге айналамыз. Егілген ағаштар дегеніміз – елді мекендердің тыныс алатын «өкпесі», таза ауа, қолайсыз күн райынан қорғаныш. Біз мұны болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасайтын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Елорданың «жасыл белдеуін» қалыптастыру «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында айрықша мәнге ие болатынын атап айтты. Өткен кезеңде қала шегіндегі орман аумағы 14,8 мың гектарға жуықтап, онда 9,6 миллионнан астам ағаш және 1,9 миллионға жуық бұта өсіп келеді. 2030 жылға дейін 9,8 мың га аумақта ағаш отырғызу жоспарланған. Ал, қала сыртында 1997-2014 жылдар аралығында ағаш егілген аумақ 55,2 мың гектарға жуықтады. «Ақ жол-Ақпарат».
ОТЫЗ
КҮН ОРАЗА
l ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ – ІС ЖҮЗІНДЕ l
ЖАҢА
Мемлекет басшысы жиналған қауымды келе жатқан Астана күнімен құттықтады және осы мерекеге орай Астана мен бүкіл Қазақстан тағы бір құнды сыйлыққа – Ұлттық музейге ие болғанын айтты. – Музейдің ашылуы арқылы Қазақ елі сәулетті архитектуралық кешенін құру аяқталады. Тәуелсіздік сарайы және көкке ұмсынған Стелла, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті және Ұлттық өнер университеті, енді, міне, Ұлттық музей – бұлар біздің халқымыздың мәңгілік құндылықтарының архитектуралық көрініс табуы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ұлттық музей ғимаратында халықтың өткені, қазіргісі және болашағының терең символизмі бейнеленгенін атап өтті. - Бұл ашықтық, дәстүрге адалдық және инновацияға ұмтылыс. Сәулеткерлік шешімде мәңгілік классика мен креативті модерн синтезі айшықталған. Бұл тарихи дәуірлердің сабақтастығын айрықша таныта түседі, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ұлы көшпелілер өркениетінің лайықты мұрагері бола отырып, қазіргі Қазақстан алдына әлемдегі ең дамыған елдердің отыздығына кіру сынды биік мақсат қойып отырғанын айтты.
– Біз экономика дамуының жоғары қарқынын көрсетіп отырмыз. Қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты артып келеді. Еліміздің халықаралық беделі нығая түсуде. Қазақстандықтардың қазіргі буыны бабаларымыздың біртұтас, қуатты және әлемде сыйлы мемлекет болу турасындағы сан ғасырлық арманын жүзеге асырды. Біз жаңа Қазақстанды нығайта отырып, өзіміздің тарихи миссиямызды лайықты атқарамыз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жаңа музейдің тарихты таныту және еліміз туралы терең білімді сіңіру орталығына ғана емес, белгілі мәдени және ғылыми мекемеге айналатынына сенім білдірді. – Ұлттық музей ғылыми және рухани орталыққа айналады, біздің Қазақстан жолының барлық ілгері жетістіктерін танытады, архитектуралық өлшеммен алғанда, музей ғимараты қазірдің өзінде Ресейдің Эрмитажымен, Францияның Луврымен, Американың Метрополитен музейімен бірге әлемнің ірі экспозициялары ондығының қатарында тұр, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы соңында музейдің қыш кітабына естелік қолтаңба қалдырды, Астана залын, Тәуелсіз Қазақстан залын, сондай-ақ алтын, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, этнография және осы заманғы өнер залдарын аралап көрді. Ұлттық музейдің көрме залдары, қоймалар және жұмыс лабораториялары 74 мың шаршы метрден астам көлемді қамтиды. Музейдің экспозициясын жасақтау кезінде әлемдік музейтану мен жаңа технологияның ең озық әдістемелері қолданылды. Музейде Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері жинақталған.
«Ақ жол-Ақпарат».
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
(6-ШЫ КҮН) ОРАЗАҒА ТЕҢ КЕЛЕР ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖОҚ. МЕЙІРІМІ ШЕКСІЗ АЛЛА ТАҒАЛА: «АУЗЫ БЕРІК АДАМ ІШІП-ЖЕУІН МЕН ҮШІН ДОҒАРДЫ. ОРАЗА – МЕНІ МЕН ҚҰЛЫМНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҒИБАДАТ. ОҒАН БЕРІЛЕТІН СЫЙДЫ МЕН ҒАНА ӨЛШЕП, МЕН ҒАНА БЕРЕМІН. АУЗЫ БЕРІК ҚҰЛЫМНЫҢ АШТЫҚ ПЕН ШӨЛДЕГЕНДЕ ШЫҒАТЫН АУЗЫНЫҢ ИСІ МЕН ҮШІН МИСКТЕН ДЕ АРТЫҚ», – ДЕЙДІ. АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ (С.Ғ.С.) СӘРЕСІДЕ БЕРЕКЕТТІҢ БАР ЕКЕНІН, СӘРЕСІГЕ ТҰРҒАНДАР ҮШІН ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ДҰҒА ЕТЕТІНІН АЙТҚАН. «СӘРЕСІДЕ БЕРЕКЕТ БАР. БІР ЖҰТЫМ СУ ІШСЕҢ ДЕ, ОНЫ ҮЗБЕ. ӨЙТКЕНІ АЛЛА ТАҒАЛА МЕН ПЕРІШТЕЛЕР СӘРЕСІГЕ ТҰРҒАНДАРҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕЙДІ» – ДЕП АЙТҚАН. АУЫЗАШАР УАҚЫТЫНА ЖЕТКЕН АДАМ ОДАН ДА КӨП ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛЕДІ. АЛ, ҰСТАҒАН ОРАЗАСЫНЫҢ СЫЙЫН АЛУ ҮШІН ҚИЯМЕТ КҮНІ АЛЛАНЫҢ АЛДЫНА БАРҒАН КЕЗДЕ ОДАН ДА ҮЛКЕН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛЕДІ. БҰЛ ЖАЙЫНДА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) БЫЛАЙ ДЕЙДІ: «ОРАЗА ҰСТАҒАН АДАМҒА ЕКІ ҚУАНЫШ БАР: БІРІ – АУЫЗ АШҚАН УАҚЫТТА, ЕКІНШІСІ – АЛЛАҺҚА ҚАУЫШҚАН УАҚЫТТА».
l
Ормансыз жер жалаңаш, Армансыз ер жалаңаш. Халық мақалы.
ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР l
ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ
ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
І
НАТРИЙ ЦИАНИДІН ӨНДІРЕТІН
ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
еліміз енді химиялық реагент импортына тәуелді болмайды
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Облысымызда Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобаның бірі – Хантау цемент зауыты. Құрылысты 2010 жылы қолға алған «AGIG» АҚ қаржы тапшылығы және басқа да себептерге байланысты жобаны соңына дейін жүзеге асыра алмады. Оны іске қосу үшін «Юг Цемент Строй» ЖШС 5,35 миллиард теңге жұмсады. Таяуда Мойынқұм ауданынан Хантау цемент зауытында цемент өндіру үшін негізгі шикізаттың бірі болып табылатын клинкер өндіру жөніндегі желінің жұмысын бастағаны туралы қуанышты хабар жетті. Аталған желі тәулігіне 1200 тонна өнім өндіре алады. Жақында кәсіпорында цемент өндіру қолға алынады. Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде жылына 500 мың тонна сапалы цемент шығарады. Ондаған жаңа жұмыс орны ашылады. МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ.
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». Кеше Астана қаласында Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент кітапханасында Үкіметтің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмысы туралы есебі тыңдалды. Шара аясында бірқатар Үкімет мүшелері өз жұмыстарының нәтижелерін баяндап, өңірлермен телекөпір ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы алдымен ғимарат ішіне орналастырылған отандық өнім шығаратын индустриялық-инновациялық бағдарламалар
аясында жұмыс атқарып жатқан үздік кәсіпорындар көрмесімен танысты. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған топ (жоба жетекшілері) Елбасыға егжей-тегжейлі баяндап, түсіндіріп шықты. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында 21 жоба пайдалануға беріліп, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылған. Ал, екінші жартыжылдықта шамамен 100 жоба іске қосылып, тағы 8 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2014 жылдың бірінші
жартыжылдығының нәтижелерін шығару барысында ұйымдастырылған телекөпір арқылы еліміздің бірқатар аймағындағы аталмыш бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңа кәсіпорындар мен білім және мәдениет нысандарының ашылуына рұқсатын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Олардың қатарында Талас ауданы, Қаратау қаласы қасында орналасқан «Talas Investment Company» ЖШС-ның натрий цианидін өндіретін химиялық зауыты да бар. Кәсіпорынның бас директоры Бақтияр Алдашовтың айтуынша, зауыт жылына 15 мың тонна химиялық реагент өндіреді. (Жалғасы 2-бетте).
Т СӘУЛЕТ
Е К Е Н АРАЙЫ С
Таразд
і
үсер ед
н аша т ың сәні
ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАУ» НЕКЕ САРАЙЫНЫҢ КӨРКІ КӨЗ ТОЙДЫРАДЫ. СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН, ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МҰНДАЙ ҒИМАРАТТАР РЕСПУБЛИКА ОБЛЫСТАРЫНЫҢ БӘРІНДЕ ДЕРЛІК БАР. АСТАНА, ШЫМКЕНТ, АТЫРАУ, СЕМЕЙ СЫНДЫ ҚАЛАЛАРДЫ АЙТПАҒАНДА, КІШІГІРІМ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ДА БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДА АРНАЙЫ НЕКЕ САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРГЕН ЕКЕН. АЛ, ТАРАЗ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН МҰНДАЙ САЛТАНАТ ҮЙІ ӘЗІРГЕ АРМАН КҮЙІНДЕ ҚАЛЫП ОТЫР. (Жалғасы 5-бетте).