3 кыркуйек 2015ж плф

Page 1

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА

Жамбыл облысты о амды саяси газет

МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА. САПАР АЯСЫНДА ЕЛБАСЫ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИНМЕН КЕЗДЕСІП, БІРҚАТАР ЕКІЖАҚТЫ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ.

№108 (18142), Бейсенбі, 3 ырк йек, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ:

Олимпиаданы ткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық серіктестік үздіксіз нығайып келе жатқанын атап тті. – Біз бүгін Қазақстан Президентімен бірге жанжақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қоямыз. Бұл құжат біздің к пжылдық жемісті іс-қимылымыздың қорытындысы болады және болашақтағы ынтымақтастық бағдарламасына айналады, – деді Си Цзиньпин. Келісс здер барысында Қытай жағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қош к ретіндіктерін айтты және бұл оқиғаның екіжақты қатынастарды арттыру үшін маңызды екенін атап тті. Тараптар сондай-ақ «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастықты Астанадағы ЭКСПО-2017 к рмесінің әлеуеті ауқымында дамытуға уағдаласты.

Елбасы мемлекеттік сапармен Бейжіңге келді. Сапар аясында ҚХР т рағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда кездесу тті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржынесиелік және мәденигуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды. Мемлекет басшысы жылы қабылдауы үшін ҚХР т рағасына алғыс айтты және елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыт бойы ұдайы су жолында дамып келе жатқанын айтты. –Бұған Сіздің биылғы мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапарыңыз барысында қол жеткен уағдаластықтар септігін тигізіп отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығымен және Бейжіңнің 2020 жылғы Қысқы

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары Қазақстан аумағында аз байытылған уран банкінің құрылуына байланысты атом энергетикасы саласындағы зара ісқимылды күшейтуге әзір екендерін білдірді. Соңында алдағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты бүкіл әлемдегі валюта нарықтарының құбылмалылығы жағдайында дамыту перспективалары талқыланды. Елбасы ҚХР-дың іскер және қаржылық топтар кілдерімен кездесті. І с - ш а р а ғ а « Ху а в э й » корпорациясы басқармасының т рағасы Сунь Яфан, «Цинхуа» корпорациясы басқармасының т рағасы Хо Цинхуа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің к п жақты уақытша хатшылығының бас хатшысы Цзинь Лицюнь, «СИТИК Гр у п п » к о р п о р а ц и я с ы директорлар кеңесінің т рағасы Чан Чжэнмин, Қытай мемлекеттік даму банкінің президенті Чжэн Чжицзе және Қытайдың басқа да жетекші компанияларының басшылары қатысты. (Жалғасы 2-бетте).

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!

МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ КЕШЕ «СОЮЗ ТМА-18М» ҒАРЫШ КЕМЕСІ БАР «СОЮЗФГ» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ ГАГАРИН АЛАҢЫНАН СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНАН СӘТТІ ҰШҚАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ

НЕГІЗГІ ЭКИПАЖ ҚҰРАМЫНДА РЕСЕЙЛІК ҒАРЫШКЕР

МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАРАЗ

СЕРГЕЙ ВОЛКОВ (КОМАНДИР), ЕУРОПА ҒАРЫШ

ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЫСАНДАРДА ЖҮРГІЗІЛІП

АГЕНТТІГІНІҢ ҒАРЫШКЕРІ АНДРЕАС МОГЕНСЕН МЕН

ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ БАСЫМ

ҚАЗАҚ ҒАРЫШКЕРІ АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ БАР.

КӨПШІЛІГІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН БОЛСА, БІРҚАТАРЫНДА ЖҰМЫС ҚЫЗА ТҮСКЕН. ТӘУКЕ ХАН КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ІРГЕСІ ҚАЛАНЫП ЖАТҚАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» МОНУМЕНТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КҮН САНАП БИІКТЕП БАРАДЫ.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» МОНУМЕНТІ ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СОҢЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Нысанның мердігері – Юрий Минаков басқаратын «Жамбылхимстройинжинеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Маусым айында басталған жұмыс бүгінде кәдімгідей қарқын алып келеді. Құрылыс басындағы жұмыс жүйелі жүргізілуі үшін жүзге жуық адам талмай тер т гуде. Сонымен, қатар 25 техника жұмылдырылған. Жобаның жалпы құны 256,4 миллион теңгені құрайды. Құрылыстың бірінші кезеңі бойынша аумақты абаттандыру және автотұрақ салу жұмысы аяқталып келеді. Мұндағы тоғанды ж ндеу, к пір салу, тас т сеніштер т сеу, негізгі монументтің іргетасын қалау жұмыстарында бірнеше қосалқы компаниялар еңбек етуде. Мәселен, «ҚазАртСистем» және «Кереге» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысшылары да кешендегі тарихи құрылысқа з қолтаңбаларын қалдыруда. Тараз қаласы әкімдігі құрылыс б лімінің басшысы Нұрбол Қалдыбаев: «Бұл құрылыстың ең ерекше архитектуралық шешімі Жәнібек пен Керей ханның тақта отырған сәтінің бейнеленуі болмақ. Бұл шешімді еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссия мақұлдады. Сондықтан, Қазақ хандығының негізін қалаған екі ханның бейнесі бой к терер күн алыс емес», – деді. «Мәңгілік Ел» монументінің ұзындығы 30 метрдей болмақ. Бастысы, тарихи тойға арналған еңселі монумент алыстан к з тартып, к рініп тұратын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары келіп аралайтын, ткенге ой таразылайтын орынға айналмақ. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Ғарыш кемесі орбитадағы стансамен 4 қыркүйек күні түйіседі деп жоспарланған. ХҒС-да оларды ресейліктер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко мен Олег Кононенко, америкалық астронавтар Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ жапон астронавты Кимия Юи қарсы алмақшы. Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін ткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер ғарышта 10 күн болады.

ЛІМ БІ

Күні кеше ҚХР-да іссапармен жүрген Елбасымыз ғарышкерсынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы с йлескен болатын. Мемлекет басшысы әңгіме барысында Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап тті. Соңында Елбасымыз ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына экспедициясы табысты болуына

Ы ЗАД О Л ДІ Е

және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді. Естеріңізге салып тсек, бұған дейін ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Айдын Айымбетовке Қазақстанның мемлекеттік Туын, Қазақстан х а л қ ы Ас с а м б л е я с ы м е н « Э К С П О - 2 0 1 7 » ж а л ау ы н тапсырып, ғарышқа аттанатын экипаж мүшелеріне сәттілік тілеген еді. «Ақ жол-Ақпарат».

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚ ОҒЛАНДАРЫНАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕЛДОС СМЕТОВТІ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАБЫЛДАП, ҮШ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР КІЛТІН ТАПСЫРДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Шыны керек, қазақ оғландары татамиде атой салып, қашан мерейімізді асырады деп жүретінбіз. Ол күнге де жеттік. Астана т рінде ткен дзюдодан әлем біріншілігінде жамбылдық жампоз Елдос Сметов топ жарғанда, жанарымызға жас үйірілді. Жапон күресінің қыр-сырын жетік меңгерген 60 келідегі саңлағымыз бұған дейін Азия ойындарында да теңдессіз екенін байқатқан болатын. Иә, сол кезде де мерейіміз тасып, к ңіліміз толқыған еді. (Жалғасы 8-бетте).

БІРЛІК АУЫЛЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРҒА ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Eркениеттің озық деңгейін бағындыратын, қоғамның келбетін жаңарта түсетін – білім. Сондықтан, кемел келешекке бағыт алған мемлекеттің даму жолындағы ұтымды әрекеттерінің негізгісі осы салаға мейлінше к ңіл б лу екені белгілі. Бір атап терлігі, жаһанды жайлаған дағдарыс кезеңі де еліміздегі білім беру үрдісін қадамынан жаңылдыра алған жоқ. Оған биылғы жаңа оқу жылында облысымызда

7 мектептің ашылуы айқын дәлел. Олардың арасында Шу ауданындағы Бірлік ауылының оқушыларына мереке күні тарту етілген 600 орындық М.Х.Дулати атындағы орта мектеп те бар. Ауылдағы осынау айтулы оқиға – жаңа білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім К кірекбаев арнайы келіп қатысты. Аудан орталығынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан к п ұлтты халықтың ынтымағы берік Бірлік ауылына бұл күні ауданның, облыстық басқармалардың басшылары, мәслихат депутаттары да ат басын бұрды. (Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.