ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№13 (18047), Сейсенбі, 3 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАЗАҚСТАН – ИТАЛИЯ
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Достық пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында бір топ өзге ұлт өкілдері мен жастар қауымы Қостөбе, Бурыл ауылдарында өткен мәдени іс-шараға қатысты. Онда түрік, орыс этномәдени орталықтарының жетекшілері М.Раджамов, Л.Горр татулықты ту еткен қазақ елінің бейбітсүйгіш қасиетінің арқасында өсіп-өніп, алаңсыз өмір сүріп жатқандарын мақтан етті. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
ҮКІМЕТ ЖӘНЕ ӨҢІР
АҚОРДА
Шу ауданы
Талас ауданы
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ӘЛЕУЕТІ ДАМИ БЕРЕДІ
=ЖУАЛЫ Ауыл тұрғындарына қолдау көрсететін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын және шағын несие беру серіктестіктерінің несие беру шарттарын тұрғындарға түсіндіру мақсатында арнайы топ ауыл-ауылда болды. Мұндай басқосулар Мыңбұлақ, Ақсай, Қарасаз, Шақпақ, Нұрлыкент, Көкбастау, Қызыларық және Ақтөбе ауылдарында өтіп, «Тараз» және «Жуалы» несие серіктестігінің басшылары Д.Алауов, Б.Ералиев және «Арнұр кредит» ЖШС директоры М.Махмудов, «KazMicroFinans» ЖШС басшысы Б.Үдербаев сала қызметін жан-жақты әңгіме етті.
=ҚОРДАЙ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған. «Алдағы уақытта Сізбен бірге елдеріміздің зор ынтымақтастық әлеуетін барынша дамытуға күш жұмсайтыныма қуаныштымын», – делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев С.Маттареллаға зор денсаулық, жаңа қызметіне табыс, ал достас Италия халқына бақ-береке тіледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі Диляра Даминова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Хат авторы өзінің 1999 жылы АҚШ-та Рочестер технологиялық институтының магистратурасын «туризм және қонақжайлық» мамандығы бойынша үздік бітіргенін айтады. «Біз 1998 жылы Сізге елімізді өркендету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға уәде бердік. Сіздің бастамаларыңыз, атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы жастарды дамыту мен қолдау тұрғысынан дұрыстығын әрі көрегендікті танытатынын айтқым келеді. Ал біз «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін көздейтін 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға үлес қоса беретін боламыз», – делінген хатта.
БАСТЫ МАҚСАТ – ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ОСЫҒАН ОРАЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВТЫҢ ОБЛЫСҚА САПАРЫ БАРЫСЫНДА 17 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ КЕШЕ ОБЛЫСЫМЫЗҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕРМИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ. САПАР БАРЫСЫНДА ОЛ «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС-НЫҢ «ЖАҢА ЖАМБЫЛ ФОСФОР ЗАУЫТЫНДА» БОЛЫП, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ МЕН КЕПІЛДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ. ЖИЫНДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖҮРГІЗДІ.
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Алғашқы сөз кезегін алған Бердібек Машбекұлы әлемдегі болып жатқан экономикалық қауіп-қатерлерге тоқталды.
Салдарынан экономиканы қыспаққа алған дағдарыспен күрес бағытындағы еліміздің негізгі ұстанымдары мен алдын алу іс-шараларынан да ақпарат беріп өтті. Ең алдымен өндіріс саласында еңбек етіп жүрген
миллиондаған отандасымыздың жұмыссыз қалмауы керектігін ашып айтты. – Қазіргі әлеуметтікэкономикалық, саяси жағдайларға байланысты х а л қ ы м ы з қ и н а л м а у, экономиканың даму қарқынын тоқтатпау үшін қандай жұмыстар атқарылу керек екені айқындалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерімен үлкен мәжіліс өткізіп, онда Үкімет алдына еліміздің барлық мүмкіндіктерін пайдалана
АЛМАҚТЫҢ ДА САЛМАҒЫ БАР
Ж Қ
«А
ДЫ Л О
АР ! ЫБ Р ТА АЙ
ТОЙХАНАЛАР
Ң»
БӘСЕКЕСІ ТОЛАСТАМАСЫН
БІРАҚ ТАРАЗДАҒЫ ЕКІ ЖҮЗДЕН АСТАМ ТОЙХАНА МЕН КАФЕДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫ НЕБАРЫ 77 АДАМ ЕКЕНДІГІ АЛАҢДАТАДЫ Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Үш жүз мыңнан асатын халқы бар шағын қалада не көп, тойхана көп. Тіпті, көптеген көшелерде тойханалар қаз-қатар сап түзеген. «Жоқтың түбі - жоғалар, бардың түбі - оңалар» дегенге сайсақ, әрине, жоқтан бар жақсы. Тойханамызда - тойымыз, төскейімізде - қойымыз көбейе берсін! Бірақ ойды да ұмытпайық. Әсіресе, елдік мүдде деген есті мәселе тұрғысынан алғанда ой да керек. Сол ойдың бірі бүй дейді. «Ау, облыс орталығындағы осы 85 тойханаңыз бен 153 кафеңіз (өткен жылғы мәлімет) қаншама адамды жұмыспен қамтып, қазынамызға қанша салық төлеп отыр?». Жөн-ақ. Бірақ, осы сауалға берілген жауап қарныңызды аштырады. Өйткені, әлгі екі жүзден астам тойханалар мен кафелердегі қызметкерлердің жалпы саны 77 адамды ғана құрайды екен. Ау, бұл қалай? Мұны немен түсіндіреміз? Өркениетті елдердегі кәсіпкерлер бір думанхананың өзіне жүз қаралы адам ұстайды. Ал қазақ кәсіпкерлері болса «қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» деген принциппен қымсынбастан жұмыс істей береді. Олар үшін жалдамалы даяшы қыздар мен жалдамалы даяшы ұлдар аман болса болды. Оның үстіне даяшыларының бәрі қаладағы нәпақа іздеген студенттер мен колледж оқушыларынан болса, тіпті, жақсы. Тойхана мен кафе иелері мұндай арзанқол жұмыс күшін керек күндері ғана шақырып алады. Ақысы келісімді. Ал жалдамалы даяшылар «осыған да шүкір» дейді. Оның үстіне суденттерге «тапқан
табысыңнан қазынаға салық төле» деп жатқан ешкім жоқ. Өзі студент (оқушы) болса қайдағы салық? Оны кім талап етеді? Ал бір тойдан жарты миллион немесе бір, бір жарым миллион теңге (бір апта мен бір айда қанша той болып, қанша табыс табатынын өздеріңіз-ақ есептей беріңіз!) көлемінде табыс табатын тойхана иелерінің қазынаға құятын салығының мөлшері Кіріс министрлігін қанағаттандыра ма, жоқ па, бұл мәселе де Үкіметті ойландыратын шаруа. Содан кейінгі бір ой - осы тойханалар мен кафелердегі музыканттар мен суретшілерді тойхана қызметкерлерінің қатарына қосуға бола ма, жоқ па? Олай дейтініміз, той қонақтарын сыртылдатып суретке түсіріп, әр суретіне 300 теңгеден жинап жүрген оларды тек қана өздері «меншіктеп» алған тойханадан көресіз. «Естіген құлақта жазық жоқ», тойханаға суретші болып «кіру» де оңай шаруа емес екен. Ол үшін 10 мың АҚШ долларын тойхананың іргетасы қаланып жатқан кезде-ақ болашақ қожайынның қолына алдын ала ұстатып қоюың керек-мыс. Сосын тойхана құрылысы біткен соң суретіңді алаңсыз түсіре бер. Ал 10 мың (мейлі 5 мың дейікші) АҚШ доллары фотоаппарат асынған суретшілер үшін аз сома емес. Сондықтан асабалар мен әншілер төлейтін салықтан суретшілер де тыс қалмауы тиіс-ау деп ойлайсың. Нарық кеңпейіл халықты күнкөріске үйретті. Салық та сол күнкөрістің бірі. Сондықтан еңбек етіп, нан тапқанның бәрі туған елінің қазынасы ортаймауы үшін, елі мен жерінің жылдан-жылға өсіп, өркендеп, көркейе беруі үшін салықтан жалтарып, әртүрлі сылтаулар айтпауда абыройға сын. Тараз қаласы.
Ен-таңбасы болмаса, Малды қайдан танырсың? Ақ найзасы болмаса, Ерді қайдан танырсың?
Халық мақалы.
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ЕГІЗ ДЕГЕН РАС-АУ, СІРӘ. ЖАҢА БІР ӘЗІРДЕ ҒАНА, ЖИЫЛҒАН КӨПШІЛІК ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «1941-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚҰРБАНДАРЫ» СТЕЛЛАСЫНА ГҮЛ ҚОЯР СӘТТЕ АСПАН ДА ТҮНЕРІП, ҚЫСҚЫ БОЗАМЫҚ АУА ШЫҢЫЛТЫРЛАНА ТҮСКЕНДЕЙ ЕДІ. АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ КӨЗДЕГЕН АВТОКЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚҚАНДА КҮН ДЕ ЖЫЛЫП САЛА БЕРДІ. НЕГІЗІ, ҚЫСЫ ЖАЙЛЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ТАБИҒАТЫ ОСЫНДАЙ ҒОЙ. БІРАҚ, ДӘЛ ОСЫ КҮНІ ҚҰРМЕТ, ІЗЕТ ДЕЙТІН ІЗГІ СЕЗІМДЕРГЕ АЯЗ ДА ШЫДАС БЕРМЕГЕНДЕЙ КӨРІНДІ БІЗГЕ. (ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).
і с е н з и б е Бөден К Ә СІБІ Ң - Н
Қайыңды ауылдық округінде шаруа қожалықтары ірілендіру бағытында жұмыс істеуде. Нәтижесінде жеке шаруа қожалықтары мен ұжымдары жер үлестерімен «Луговой жылқы зауыты» ЖШСның құрамына өтуде. Олар пай үлестері үшін жем, ұн алуда. Биыл мұнда 100, 600 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілмек.
=САРЫСУ Лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банк филиалдарынан кәсіпкерлерге берілетін несиелердің пайыздық ставкаларын ішінара субсидиялау тетігі бойынша ауданнан 65 жоба әзірленіп, Тараз қаласындағы банктерге құжаттары өткізілді. Бұл жобаларға қажетті несие көлемі 317 миллион 800 мың теңгені құраған. Осы жобалардың 23-іне несие беруге келісімдерін берген банк филиалдары 8 жобаны мақұлдап, 4 жаңа инвестициялық жобаларға экспресс кепілдіктер берілді.
=ШУ Төле би ауылдық округінде жастардың ұйымдастыруымен «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған Төле би ауылдық орталық мешітінің бас имамы Қ.Мұсаев, жастар орталығының маманы М.Атайбеков, Төле би ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушылары және С.Шәкіров атындағы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелде жастардың дінге деген көзқарасы, нанымы, діни сауаттылығы кеңінен сөз болды.
ҮШІН АВТОКЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
ТҰРҒЫНДАР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРЫН ӨТЕУГЕ АСЫҚПАЙ ОТЫР
(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).
(Жалғасы 2-бетте).
=Т. РЫСҚҰЛОВ
АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА БІРНЕШЕ АЙ ӨТТІ. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ. АЙМАҚТА ЖЫЛЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАНЫ ЖӘНЕ ОРЫН АЛҒАН КЕМШІЛІКТЕР ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ МҰХТАР ТӨЛЕУЛИЕВ БАЯНДАП БЕРДІ.
отырып, экономиканың қарқынын тоқтатпау жөнінде нақты тапсырмалар бергенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Онда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсарту мұраты көзделген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында ел Үкіметі қазір бірқатар шараларды қолға алуда. Солардың ең негізгісі кәсіпкерлерді, өндірісті қолдау болып отыр, – деді Бердібек Сапарбаев.
Гвардияшылар әскери қалашығындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің тәжірибелі ұстазы, математик Жұмабек Асановтың шәкірті, 9-сыныптың оқушысы Гауһаршат Досан жаңа жыл қарсаңында математикадан өткен аудандық пән олимпиадасында бірінші орыннан көрінсе, жуырда осындай облыстық байқаудан да жүлделі үшінші орынды иеленіп қайтты.
Ә СІ Б ІҢ
БҮГІНДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАУЫП, БИЗНЕСКЕ БІЛЕК СЫБАНА КІРІСКЕНДЕРДІҢ АЙЫ ОҢЫНАН ТУЫП ТҰР. БАСТЫСЫ, ҚОЛЫНАН ІС КЕЛЕТІН АДАМНЫҢ ІЗДЕНІСІ МОЛ, ЫНТАСЫ БОЛСА ЖЕТЕРЛІК. БИЗНЕС ҰҒЫМЫ ҚҰРҒАҚ САУДА-САТТЫҚҚА ҒАНА НЕГІЗДЕЛМЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ. ӨНІМ ӨНДІРІП НЕМЕСЕ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ДЕН ҚОЙЫП, КӘСІБІНЕН РАХАТ ТАБА БІЛГЕНДЕРДІҢ ТІРШІЛІК ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСПЕК.
(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).