3 желтоксан 2015 пдф

Page 1

ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ БӘРІ ӨТКІНШІ, ӨТЕДІ ДЕ КЕТЕДІ. ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ, ҰЛТ МҰРАТЫ, ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ СИЯҚТЫ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҒАНА МӘҢГІ. МЕН АЙТЫП ӨТКЕННІҢ БАРЛЫҒЫ ЖЕҢУГЕ БОЛАТЫН, БІЗ ЖЕҢЕ АЛАТЫН БӨГЕТТЕР. БІЗ КӨЛДЕНЕҢ ШЫҚҚАН КЕДЕРГІЛЕРГЕ КІДІРМЕЙ, ДАМЫҒАН 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУ МАҚСАТЫНА ҚАДАМ БАСАМЫЗ.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№149 (18183), Бейсенбі, 3 желтоқсан, 2015 жыл

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.

ak-jol-taraz@rambler.ru

ЖО Л Д А

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

А – ҚОЛДАУ Ғ У

ЕЛ МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

АЛАСАПЫРАНҒА САЙ АМАЛ ТАБУЫМЫЗ КЕРЕК Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы.

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нидерланд біздің еліміздің маңызды серіктесі болып саналатынын атап өтті. – Біз осымен төртінші рет кездесіп отырмыз.

Тұсау ат сақтайды, Ат ер сақтайды, Ер ел сақтайды.

Менің былтыр Сіздің елге сапарым жемісті болды, оның қорытындыларын мен жоғары бағалаймын. Сіз 2010 жылы Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатыстыңыз. Нидерланд Корольдігі біздің елге салған инвестиция көлемі жөнінен ЕО елдері ішінен бірінші орын алады және Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі болып саналады. Біз Сіздің сапарыңызды екіжақты қарым-қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге деген ұмтылыс ретінде қабылдаймыз. Сіздің Нидерланд іскер топтары өкілдерін ерте келгеніңіз де маңызды

РЕ ЫШ П Ғ Ң Ұ Т

НІНЕ ТАРТУ ЗИДЕНТ КҮ

ЖАҢА МЕКТЕПТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ Т.РЫСҚҰЛОВ АУЫЛЫНДА 180 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРҒА ЕСІК АШТЫ

Халық мақалы.

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылында жаңа мектеп салтанатты жағдайда ашылды. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов, аудандық мәслихат хатшысы Ілияс Ахметжанов, ардагер ұстаздар, ауыл жұртшылығы қатысқан қуанышты жиын аудандық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концертімен басталды. Салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Бақтияр Бейсембайұлы білім саласын жандандыру, жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәлім-тәрбие беруге жер жаһанды шарпыған қаржылық- экономикалық дағдарыс та кедергі бола алмайтынына тоқталды. Оған айғақ, биыл Меркі

ауданында екі жаңа мектеп ашылса, оның екеуі де осы ауылдық округте екенін тілге тиек етті. Осы орайда 2012 жылы ескі мектеп ғимараты апатты деп танылған соң өткен жылдың сәуір айында павлодарлық «Нұржолстрой» ЖШС құрылыс жұмысын бастаған болатын. Бүгінде тиісті жұмысты толық аяқтаған олар 180 оқушының бір ауысымда әсем ғимаратта, жайлы кабинеттерде сапалы білім алуына

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ӨҢІРІМІЗДЕ 25 МЫҢ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА БОЛАДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ БҰЛ ИГІ МАҚСАТҚА БАРЛЫҚ ҚАЛА, АУДАН ӘКІМДЕРІ ЖҰМЫЛУЫ ҚАЖЕТТІГІН АЙТТЫ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Облыс әкімі аппараты кеңесін аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев ең маңызды мәселелерден, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды назарға алудан бастады. Үкімет отырысында облыс әкімдеріне 9 бағыт бойынша жұмыстарды жандандыру міндеттелген болатын. Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаға сәйкес жекешелендіру және мүлікті жария ету мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаржы басқармасының

жайт болып отыр, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде М.Рютте Қазақстан жүзеге асырып жатқан, әсіресе экономиканы әртараптандыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын ескергенде ы н т ы м а қ т а с т ы қ ү ш і н к е ң ау қ ы м д ы мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Нидерланд Премьер-Министрі қараша айында Роттердам қаласында «Астана» алаңының салтанатты түрде ашылғаны елдеріміздің арасындағы достық қарымқатынасты нығайтудың жарқын айғағы екеніне назар аударды.

басшысы Асқар Қырықбаев хабарлама жасады. Баяндамашы айтып өткендей, жекешелендірудің 2014-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес облысымыздан 27 ұйым, оның ішінде «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан 2 еншілес ұйым жекешелендірілуі межеленсе, бүгінгі таңда ол 22 ұйымда жүзеге асырылған. Өткен жылы жекешелендіруден облыстық бюджетке 66,2 миллион теңге түсіпті. Ал биылғы жылдың 11 айындағы нәтиже бойынша облыс қазынасына жекешелендіруден 24,6 миллион теңге салықтық түсім түскен. (Жалғасы 5-бетте).

қажетті жағдай туғызып отыр. Өз кезегінде аталмыш мердігер компанияның бөлім басшысы Сәрсенғали Еңсебаев білім ордасының символикалық кілтін мектеп басшылығына табыстап, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады. Келесі кезекте сөз алған ардагер-ұстаз, бұрын мектеп директоры болған Әскеркүл Сейітқазиева әріптестерін жаңа ғимаратта жаңа қарқынмен жұмыс жасауға шақырды. Мектептің алқызыл лентасын аудан әкімі Б.Көпбосынов пен ардагер-ұстаз Ә.Сейітқазиева салтанатты жағдайда қиған соң көпшілік мектеп ішімен, ондағы заманауи лингафон, интернет, интерактивті тақта кабинеттерін, шеберхана, асхана бөлмелерін аралап көріп, өздерінің оң бағасын берді. Аудан басшылығы жұртшылық атынан жаңа оқу ордасына сый-сияпат тарту етті. Өз кезегінде мектеп директоры Нұрлан Оразбеков заманауи үлгіде безендірілген, барлық қажетті құралжабдықпен жабдықталған жаңа мектеп жаңа табыстарға жетелейтінін жеткізіп, сапалы білім, тағылымды тәрбие беру жолында аянбайтындарын айтты. Меркі ауданы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457

УАҚЫТ ЫРҒАЛЫП-ЖЫРҒАЛУДЫ КӨТЕРМЕЙДІ Жандар КӘ­РІ­БАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері. – Тәуелсіздігіміздің әр күні ж ы л ғ а т а т и т ы н ­д а й т а р и х и кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Маңызы зор саяси оқиғалар қоғам өміріне жаңаша сипат, мәнді мазмұн беруде. Солардың ішінде әлем назарын тағы да өзіне аударған айтулы мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар. Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып-жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді күнілгері белгілеу қажет болды. Бұл Жолдау сонысымен айрықша маңызды. Енді Үкімет, жергілікті атқарушы органдар терең талданған тапсырмаларды тезірек әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Мемлекет басшысының әлемді

жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық тудырумен қатар одан шығудың жолдарын тауып, мүмкіндіктерді барынша кәдеге асыруға жігерлендіретін қуаты бар екендігін баса көрсеткені ерекше қанағат сезімін тудырады. Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді ба­ғын­ дыру, қандай қиын­д ықтар болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестиция­лар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Айтылған бағыттардың әрқайсысы бағдар­ шам ретінде аса маңызды. Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасам­ паздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы білеміз. Тараз.

ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҒУДЫҢ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ Бауыржан ТАҢАТОВ, «Аль-Басар» ЖШС-ның директоры. Қазақстандықтар биыл Е л б а с ы Ж о л д ау ы н а с ы ғ а күтті десем, артық емес. Әлемде болып жатқан түрлі жағдайларды естіп-біліп отырған жұртшылықтың көңілі алаңдаулы еді. Бәрінің санасында сан сауал. Ертең не болады? Дағдарыстан шығудың жолы қайсы? Тұрғындар осы сұрақтардың жауабын Президент Жолдауынан табамыз деп күтті. – Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасы Жолдауы көптеген түйткілді мәселелердің шешімі болды. «Жаһандық дағдарысты ел экономикасына төнген қауіп-қатер ғана емес, жаңа мүмкіндіктер деп түсіну керек», – деді Президент. Мемлекет басшысы бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып жатқандығын және алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айта келіп, Қазақстанның алға қойған мақсаты басқа екенін ұқтырды. «Біздің мақсат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру», – деді Елбасы. Президент Жолдауда тығырықтан шығудың 5 бағытын нақтылап көрсетіп берді. Жұртты еңбек етуге, жастарды нарық

сұранысына ие мамандықтар бойынша білім алуға шақырды. Дағдарыстан шығудың жолы – өндірісті дамыту. Елбасы отандық тауарларды тұтынып, ішкі айналымдағы тауарлар ағымын ретке келтіруді тапсырды. Қазақстанда жасалған өнімдерді сатып алуға шақырды. Бір сөзбен айтқанда, қаржы дағдарысы қыспаққа алған кезеңде аспандағы айға қол созбай, «көрпеңе қарай көсілу керек» екенін ұғындырды. Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттық емес секторға иек артып отыра беру экономиканы тұралатады. Қиындықтан шығу үшін жеңіл өнеркәсіпті және басқа да салаларды дамытуға мән беру керектігін қадап айтты. Біз Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасын орындап, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жасасақ, ішкі айналымдағы тауарларды өндірсек, Елбасы айтқан 30 елдің қатарына енетін күн алыс емес деп ойлаймын. Сондықтан, жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы тапсырмасын Елбасының көрегендігі, стратегиялық бағыттағы жұмыстарды шешудегі ең үздік ұсынысының бірі деп санаймын. Мойынқұм ауданы.

– ҚОЛДАУ

РОТТЕРДАМ ҚАЛАСЫНДА «АСТАНА» АЛАҢЫ ДА БАР

ҒА

НИДЕРЛАНД ЕЛІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ СЕРІКТЕСІ

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты тақырыптағы Жолдауын бар ынта-ықыласымды қойып тыңдадым. Елбасымыздың осындай сын сағатта бірлігіміздің сақталуы аса маңызды екенін айтып, баршамызға ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажет екенін ұқтырды. «Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», – деді Елбасымыз Жолдауда. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлеуметтік төлемдердің қысқармайтынын айтты. Халықтың тұрмыстіршілігін нығайтатын шаралардың жалғасын табатынын жеткізді. Негізі Елбасы қай саланы, қай буынды болмасын, ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне де айрықша қамқорлық көрсетуде. Мәселен, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда ардагерлерді қолдаудың жалпыұлттық акциясы қолға алынып, соның нәтижесінде жыл бойы көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Акция аясында республиканың барлық облыстары мен қалалары және аудандарында

әкімдер ардагерлердің үйіне арнайы барып, Мемлекет басшысының сыйлығын табыстап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, ардагерлердің жасаған ерліктері туралы естеліктер жинақ болып шығарылып, майдангерлердің даңқын асқақтатты. Бұл, бір жағынан, жастарға көрсетілген үлгі-өнеге екенін айта кетуіміз керек. Сұрапыл соғыстан қайтпай қалған солдаттардың дерегін іздестіру, көзі тірі қарт жауынгерлердің түрлі сауықтыру кешені мен курорттарға, Астана, Мәскеу қаласында өткен парадтарға жіберілуі, оларға баспана беріліп, қоғамдық көлікте тегін жүру мәртебесіне ие болуы, газ, электр энергиясы мен жылу секілді коммуналдық қызметтерді тегін тұтынуы ардагерлерге көрсетіліп келе жатқан қамқорлықтың бір парасы ғана. Президент Н.Ә.Назарбаевтың ардагерлерге деген ерекше сыйы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуына жағдай жасағаны болды. Халқымызға бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс болса, жеңіске жетуге күш салған – ардагерлер. Ардагерлерге арнап облыс орталығынан қос қабатты «Ардагерлер үйінің» салынуын да басшылардың аға буынға деген құрметі деп түсінемін. Осы игі істердің бәрінің басында Нұрсұлтан Әбішұлы тұрғанын айтуға тиіспіз. Татулығы мен ынтымағы жарасқан мемлекетте өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың арманы жоқ деп ойлаймын. Бейбітшілік үшін, еліміздің ертеңі үшін кеуделерін оққа тосқан ардагерлер үшін осы заманды көзбен көру – бақыт.

ЖОЛДАУ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.