Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді ұстап тұрған төрт белгі – рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – Көкбайрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
№67 (18101), Бейсенбі, 4 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ КҮНІ
ТУЫМЫЗ ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАМЫЗ ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫМЫЗ АСҚАҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ Сөзін жазғандар: Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Әнін жазған: Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс
түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол Елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
ІЛТІ – БІЛІМДЕ БОЛАШАҚ К
СҮЙІНШ І!
ҰБТ ҮМІТТЕРДІ ҮЗБЕЙДІ
Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең-байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
Халық мақалы.
СЫНАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
ЖАМБЫЛДЫҚТАР ӨҢІРГЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСҚЫСЫ КЕЛЕДІ
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ҰБТ басталды. Абыр-сабыр болып жүргенде көңілді күпті еткен сынақтың алғашқы күндері де өтіп кетті. Тест тапсырып, аптығын басқан түлектер жыл бойы күткен білім бәйгесінің небәрі 3,5 сағатта өтіп кеткеніне сенерсенбесін білмей дал. Қалай десек те, олар үшін енді сын сағаттар артта қалды. Жа лпы, ре спублика бойынша тестілеу 2 маусымда басталды. Бұл күні облыстағы он тестілеу өткізу пунктінің жетеуінде тестілеу өткізіліп, 2 мыңнан астам жамбылдық жас түлек өз бақтарын сынаған болатын. Бастама жаман емес. Алғашқы лекте тест тапсырған Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназияның шәкірті
Гүлназ Ердосова ең жоғары 125 балды олжалады. Жеті талапкер осы межеге сәл ғана жетпей қалды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырованың айтуынша, бірінші күні 25 оқушы 120-дан жоғары балл жинапты. – Алғашқы күні жеті пунктте тестілеу өткізілді. Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Мойынқұм аудандарында ҰБТ 3 маусым күні басталды. Байзақтықтар мен жамбылдықтар сынақты Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасындағы тестілеу өткізу пунктінде, ал қалғандары өз аудандарында тапсырады. Бірінші лекте 2198, екінші лекте – 719 түлек сынаққа қатысты. Үздіктері жүзден жоғары балл жинап, жақсы нәтиже көрсетуде, – дейді Жәмила Елеуқызы. (Жалғасы 4-бетте).
! Л Л А Б 125 ЙЫНША ЖОҒАРЫ О Б ІЗ ІМ Л Е А -Д Т Б Ұ НАЗ ЕРДОСОВА – Л ГҮ Н Е К Т Е С Р Ө К НӘТИЖЕ ЫҢ ТҮЛЕГІ Н Я И З А Н М ГИ 5 4 ТАРАЗДАҒЫ № Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Жалпы, қолда бар мәліметтерге сүйенсек, ҰБТ-ның алғашқы күні республикада үш жарым мыңға жуық оқушы 100-ден артық балл жинапты. Ал Тараз қаласының оқушысы Гүлназ Ердосова – ҰБТ-ның алғашқы күнгі қорытындысы бойынша 125 балл алған жалғыз оқушы. Білім бәсекесінде озық шыққан, «Алтын белгіден» үміткер Гүлназбен кездесіп, тілдескенімізде ол осы жетістігі үшін ерекше қуанышты.
(Жалғасы 4-бетте).
Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында филиал төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алғаш болып келген Тараз қаласының тұрғыны Асқар Әлменов шағын үлгідегі қоқыс жою зауытын салуға қаржы бөлуге көмек сұрады. Кәрім
Нәсбекұлы қоқыс жоюға арналған шағын зауыттың 350 мыңнан астам халық тұратын Тараздай үлкен шаһардың қажеттілігін өтей алмайтынын бірден айтты. Дегенмен, тұрғынның ізденіске толы еңбегін бағалайтынын, егер жоба тиімділігін дәлелдесе, Шу, Қаратау, Жаңатас сияқты шағын қ а л а л а р ғ а қ ол д а н ы п к ө ру ге болатынын жеткізді. (Жалғасы 3-бетте).