3 қараша пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар С Сары Са а ар ары ры р ыс су у ауданы ауда а ауд ау уд уда уд да ан ны ы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ауданы а ау ауда у уд уда дан да

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№128 (18322), Бейсенбі, 3 араша, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАПОНИЯ ҚАРТАЮДАН ҚОРҒАЙТЫН ПРЕПАРАТ СЫНАҚТАН ӨТІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесті. Ке з д е с уд е Қ . Ке л і м б е т о в Елбасыға республикада Қазақстан Президентінің бастамасымен озық əлемдік тəжірибе негізінде құрылған, қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығының іске асырылуы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» ха лықара лық қаржы орт а лығы (АХҚО) стратегиясын жүзеге асыру ел экономикасына елеулі қаржы ресурсын тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналып, Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы хабы рөлін атқаруға тиіс, – деді Елбасы. Қ.Келімбетов былтырғы желтоқсан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға қол қойылуы посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығы қағидаты негізінде жұмыс жүргізе бастауға мүмкіндік бергенін айтты. Қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентін АХҚО-ны құру туралы идеяның халықаралық инве стициялық орта өкілдері тарапынан өте жоғары бағаға ие болып отырғаны туралы хабардар етті.

ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

– Мемлекет басшысының шетелге сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар орталықтың жұмысына ерекше серпін беріп отыр. Атап айтқанда, «10 триллион» к л у б ы н ы ң ө к і л д е р і м е н ө т ке н кездесудің табысты болғаны атап

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

өтілді, – деді Қ.Келімбетов. Мемлекет басшысы қаржы қызметтері нарығының əлемдік көшбасшыларымен ы н т ы м а қ т а с т ы қ о р н а т уд ы ң ж ə н е А Х Қ О қ ы зм е т ке рл е р і н і ң жоғары кəсіби құрамын жасақтау

Ы АУ

бағытында жүргізілетін жұмыстың маңыздылығына баса назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді. * * * Елбасы «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК»

ІРІ: КҮ М Ө Л

АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады. Ке з д е с уд е А . Ж ұ м а ғ а л и е в Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің əлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті. – Біздің міндетіміз – толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы профильді еме с активтерден арылу жəне т ранс формациялау бағдарламасын іске асыру мəселелеріне назар аударды. Ұ л т т ы қ ат о м ко м п а н и я с ы басқармасының төрағасы Елбасыға Ү л б і м е т а л л у р г и я з ау ы т ы н ы ң аумағында зауыт салу жобасының т ех н и ка л ы қ - э ко н ом и ка л ы қ негіздемесінің аяқталғаны жəне қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады. Бұған қоса, А.Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер жəне бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

ЗГІ ЖИЫН-ТЕРІН

АУДАН ӘКІМІНЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ДЕЙІН ҚЫЗЫЛША ЖИНАУҒА ШЫҚТЫ ОБЛЫСТА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ӨСІРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ АУДАННЫҢ БІРІ – БАЙЗАҚ. БИЫЛ АУДАНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ 1360 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ӨСІРІЛДІ. БҮГІНДЕ ОНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ЖИНАЛҒАН. ДЕГЕНМЕН, СОҢҒЫ АПТАЛАРДА КҮН ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕЙНЕТПЕН ӨСІРІЛГЕН ТӘТТІ ТҮБІРДІ ТЕЗ ЖИНАП АЛУ ҚАЖЕТ-АҚ. БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТХАН ШҮКЕЕВ КҮН САЙЫН ҚЫЗЫЛША АЛҚАПТАРЫН АРАЛАП, ОНДАҒЫ НАУҚАН БАРЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА ҰСТАП ОТЫР. АУДАНДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛША ЖИНАСУҒА КӨМЕККЕ КЕЛДІ.

БІРДЕ ШАҢ, БІРДЕ БАТПАҚ. БҰЛ ҚАЛАЙ? Л ӨНДІРІСТІК МАҚ» АҚ ЖАМБЫ «ҚАЗТРАНСГАЗАЙ ЗАРЫНА! НА ЫҢ ЫЛАРЫН ФИЛИАЛЫ БАСШ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы біраз жылдан бері бұрынғы ескі металл құбырларды полиэтиленмен ауыстыру, оларды жердің астына орналастыру жобасын жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар барысында қаланың көптеген аумағындағы асфальт жол жиектері қазылып, қайта жабылуда. Ал жұмыс барысында орын алған салдыр-салақтықтар мен кемшіліктер тұрғындардың наразылығын тудыруда. А й т а л ы қ , ау ы с т ы ру жұмыстарының кей жерлерде тым ұзаққа созылуы байқалса, енді кей жерлерде қауіпсіздік, тазалық шаралары сақталуы сын көтермейді. Қазылған жердің топырағына су себілмейді. Соның салдарынан, бей-берекет шашылған топырақтан шаң көтеріліп, халықтың жүріп-тұруына кері əсерін тигізуде. Ал жауын-шашын кезінде аталған аумақтарда батпақтан аяқ алып жүре алмайсыз. Сондай-ақ, тереңдігі 2-3 метр болып қазылған шұңқырларды қайта жабу кезінде де олқылықтар орын алуда. Кей аумақтарда топырақтардың тығыздалып жабылмауынан, оның үстіне, төселген асфальт отырып, көшенің сəнін бұзуда. Атап айтсақ, Тараздағы Салтанат шағын ауданының тұсындағы, «Sulpak» сауда орталығы мен «Үміт» мейрамханасының маңындағы ойылып, шұңқырға айналған жол бөліктері автокөліктердің қозғалыс тетіктеріне зардабын тигізуде. Бұл туралы тұрғындар да шағымданып отыр: – Үйіміздің дəл іргесіндегі жол жиегі терең қазылып, құбырлар алмастырылды. Бұл жұмыс тым созылып кетті. Жұмысты жүргізген тиісті орындар осындай кемшіліктерді болдырмаудың амалын неге қарастырмайды? Өз жұмыстарын тиянақтылықпен атқарса, бұндай болмас еді, – дейді 11-шағын ауданының тұрғыны Мəди Төлепбергенұлы. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының басшылығы сыннан тиісті нəтиже шығарса дейміз.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Олар жұмысты «Талап» шаруа қожалығынан бастады. Мұның себебі де жоқ емес. Биыл 110 гектар алқапқа қызылшаның тұқымы Израильден əкелініп, егіліп, өсірілген. Оның 30 гектарының өнімі жиналыпты, түсімі гектарына 600 центнерден айналуда. Бұл күні Мұратхан Жүнісəліұлы да аяғына керзі етік киіп, қызылшаның түбін шауып, жинауға көмектесті. Ол алқап басында қызылшаның терімінде жүрген еңбеккерлермен де емен-жарқын əңгімелесті. Көмекке келгендердің көңіл-күйі көтеріңкі. Олар «Қызылшашылар жырын» əуелете айтып, терген тəтті түбір əп-сəтте-ақ тау-төбе болып үйіліп те қалды.

Қартаюға қарсы препаратты адамдарға сынап көру жұмыстары басталды. Өз жұмысында зерттеушілер «NAD» коферментін жануарлар ағзасында синтездеу үшін жасушаның энергетикалық алмасуына қатысатын «NMN» нуклеотидін пайдаланған. «Біз қартайған тышқандарда байқалған физиологиялық бәсеңсуді баяулату әдісін көрсеттік. Бұл кәрі тышқандардың күшқуат және зат алмасу деңгейі жас жануарлар деңгейіне жететінін білдіреді», – деді зерттеудің бірлескен авторы Син-Итиро Имаи. АҚШ ӘЙЕЛДЕР ЖЫЛЫНА 39 КҮН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Ерлермен салыстырғанда әйелдер күніне 50 минут, жылына 39 күн артық жұмыс істейді. Соңғы он жылда әлемдегі жұмыс істейтін әйелдер саны ширек миллиардқа жеткен. Мұндай қарқынмен жұмыстағы гендерлік теңсіздікті толық жою үшін кем дегенде 170 жыл қажет. Баяндамада көптеген әйелдер күнделікті тегін айналысатын үй шаруалары ескерілген. Ал ақы төленетін жұмысқа келсек, ерлер орта есеппен 39 пайыз артық еңбектенеді.

Ы ЛД ЖАМБ

А

ТАРАЗ ТАРАЗДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі бойынша 64 жоба 14 миллиард 952 миллион теңгеге аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылды. Осының ішінде инновациялық бизнес ойлап тапқан 8 кәсіпкерге 3 миллион теңгеден қайтарымсыз қаржы бөлінген. МОЙЫНҚҰМ АҚБАҚАЙДЫҢ АЛТЫН ҚОРЫ КӨП Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалы жылына 1000 кило алтынмен еліміздің алтын қорын толтыруда. Бүгінгі таңға жобаның жылдық қуаттылығы 1 миллион тонна кен өндіруді құрайды. Кәсіпорын өткен жылы 1086 кило алтын мен 233 кило күміс өндірсе, үстіміздегі жылдың 9 айында 1247 кило алтын, 326 тонна күміс өндіріп отыр.

Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын. Шаруа болсаң, қос етегің кең болсын. ЖАЗЫЛЫМ – 2017

«АҚ ЖОЛ» – ОБЛЫС АЙНАСЫ

(Жалғасы 3-бетте).

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ,

«Ақ жол».

Газеттің тірегі – оқырман. Тоқсан бес жылдық тарихы бар өңір баспасөзінің қара шаңырағы – облыстық «Ақ жол» газеті елге етене жақын болуды дəстүрге айналдырған. Газет ұжымы оқырмандардың ой-пікірі мен талап-тілегін, ұсыныстары мен мұң-мұқтаждарын тыңдауға, басылым бетінде жария етуге əрқашан əзір. Осы мақсатта басылымның директор-Бас редакторы Көсемəлі Сəттібайұлы бастаған шығармашылық шағын топ Құлан жеріне арнайы ат басын бұрды. Жиынды аудан əкімі Жарылқасын Айт ақов ашып, жүргізді. Ол «Ақ жолдың» соңғы жылдары қамтитын тақырып ауқымының артып, мазмұны байып, ажары айшықтала түскеніне ерекше тоқталып: «бұл шығармашылық ұжымның терең талғампаздығы жəне тынымсыз ізденісінің нəтижесі деп білемін», – деді. Келесі кезекте сөз алған бас редактор басылымда қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан шығармашылық жобалар туралы əңгімеледі. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.