4__

Page 1

4

www. akjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

экономика

13 қаңтар, 2018 жыл

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: азық-түлік қауіпсіздігі

Жекешелендіру

Биыл 7 ұйым сатылымға шығарылады 2015-2016 жылдары 10 ұйым сенімгерлік басқаруға берілді. Қалған 25 ұйымның 21-і коммуналдық меншіктен, ал 4-еуі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамынан екенін атап өтсем деймін.

мен аукциондар өтпеген болып танылды. – Ол қандай ұйымдар? Тарқатып айтсаңыз... – О бл ы с т ы қ ком м у н а л д ы қ м е н ш і к нысандары бойынша былтыр жекешелендіруге жоспарланған 19 нысанның ішінен «Қазақ күрес клубы», «Жамбыл» бокс клубы», «Тараз» волейбол клубы» және «Әулиеата» ат спорт клубы» сауда-саттықтан алынып, таратылу сатысында тұр. Ал 15-і болса өткен жылғы маусым-желтоқсан айларында сауда-саттыққа шығарылып, 11-і сатылды. Түскен қаржы 1 миллиард 930 миллион теңгені құрады. Атап айтқанда, «ТаразҚұрылысПроект» ЖШС – 2 миллион 788 мың, №1 қалалық емхана – 705 миллион 599 мың , №4 қалалық емхана – 387 миллион 504 мың, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС – 3 миллион 86 мың, «Таза қала

– Былтыр бәсекелес ортаға беруге жоспарланған ұйымның қаншасы иесін тапты? – 2017 жылдың қорытындысы бойынша жекешелендіруге жоспарланған 22 ұйымның 13-і сатылып, жалпы құны 1 миллиард 950,9 миллион теңгені құрады. Бір ұйым сенімгерлік басқаруға берілсе, 4-еуіне өтініштердің түспеуіне байланысты тендерлер

Қаратау» ЖШС 10 миллион 878 мың теңгеге сатылып, өздерінің жаңа қожайындарын тапты. Сондай-ақ «Айша бибі» су добы клубы» МКҚК – 150 мың 640, Меркі ауданы әкімдігінің «Таза су» МКК – 26 миллион 384 мың, «Жасыл Ел Жуалы» ЖШС – 3 миллион 68 мың, «Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы» МКК – 765 миллион, «Шу Сервис» ЖШС-ның 41 пайыз мемлекеттік үлесі

Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, басқа да алқалы жиындарда жекешелендіруге баса назар аударып, тиісті тапсырмалар берумен келеді. Жақында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да «Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет» деп атап көрсетті. Осынау мемлекеттік маңызы бар шара облыста қалай жүзеге асып жатыр? Осы сұрақтың төңірегінде облыстық әкімдіктің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Асатовпен әңгімелескен едік. Амангелді ӘБІЛ

– Сәкен Уәшұлы, облыста жекешелендіру қалай жүргізілуде? – Ме м л е ке т б а с ш ы с ы а с а ж ауап т ы науқанның жүзеге асырылуы барысын жіті қадағалап, Үкіметке нақты тапсырмалар беріп келеді. Былтырғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да: «Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын», – деп нақты міндет жүктеді. Елбасы күні кешегі Жолдауында да жекешелендіруді жеделдету қажет екенін тағы да еске салды. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына Үкіметтің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, облыс бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылған 37 ұйымның тізбесі бекітіліп, жол картасының негізінде жұмыстар жүргізілуде. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылған 37 ұйымның 2014-2016 жылдары 2-еуі таратылса,

21 миллион 47 мың және Сарысу ауданындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШСның 39 пайыз мемлекеттік үлесі 4 миллион 690 мың теңгеге сатылды. «№9 қалалық емханасы» МКК кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді (сатып алу бағасы 1 миллиард 30 миллион теңге). «Темір ЖолЖылу» МКК үш рет сенімгерлік басқаруға, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ 2016 жылы бір рет, былтыр үш рет сенімгерлік басқаруға және «Таразкоммуналкөлік» ЖШС бір рет аукционға қойылып, өтініштердің түспеуіне байланысты тендер, аукциондар өтпеген деп танылды. Мына мәселеге де назар аударып өтсем деймін. Облыс орталығындағы «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Hiqer Quazar» ЖШСның бірлескен электро-автобус паркін құру жобасының іске асырылуына байланысты «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-ның сатылымы тоқтатылған болатын. Алайда серіктестік сатылымға биыл шығарылады. – «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ бойынша сатылуы тиіс шаруашылықтар туралы не айтасыз? – Иә, Әбдір Сағынтаев атындағы және «Керімбай Оязбекұлы атындағы Көктал» ЖШС-лары 20,9 миллион теңгеге сатылса, «Тоғызкент» ЖШС-ның жарғысы Әділет органында қайта тіркеуден өтпегендіктен, биылға қалдырылды. – Биыл сауда-саттыққа қанша ұйым шығарылады? – « А й ш а б и б і » с а н ато р и й і К М Қ К , «Жамбыл-Жылу» МКК және «Торговозакупочная компания» ЖШС және былтыр с ауд а - с ат т ы қ қ а ш ы ғ а р ы л ы п , ө т п е ге н «ТаразЭнерогоОрталық» АҚ, «Темір ЖолЖылу» МКК, «Таразкоммуналкөлік» және «Тоғызкент» ЖШС-лары, барлығы 7 ұйым биыл сатылымға шығарылады. – Әңгімеңізге рахмет!

Жергілікті өнімнің экспорты өсуде Өңірдегі ірі машина жасау кешені «Запчасть» АҚ-ның тауарлары да экспортқа көптеп шығарылуда. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін зауыт темір жолға, жылуэ н е р г и я ке ш е н і н е , т ау - ке н өнеркәсібіне қажетті жабдықтар шығара бастады. Қазіргі уақытта өндіріс екі цехта жүргізіледі. Болат балқыту цехындағы өнімділік көлемі жылына 16 мың тоннаны құраса, үздіксіз құю машинасында өндірістік қ у ат т ы л ы қ ж ы л ы н а 1 8 0 м ы ң тонна 150х150 миллиметр қималы дайындамалар шығаруға жетіп отыр. Металлургиялық өнеркәсіп саласында өзіндік үлесі бар бұл кәсіпорын өз өнімінің 80 пайызға жуығын Өзбекстанға өткереді. Сонымен қатар құрылыс саласында Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған экспортқа бағытталған өнім өндіретін кәсіпорындар да ж ұ м ы с а т қ а р уд а . М ә с е л е н , «Жамбылгипс» АҚ гипс, құрғақ құрылыс қоспаларын, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ACIG» АҚ портландцементті, «Оргстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гранит өнімдерін ТМД елдеріне экспорттау үстінде. Ш у ауд а н ы н д а о р н а л а с қ а н «KazIrAgro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақсары майын өндіріп, жыл сайын экспорт көлемін біртіндеп ұлғайтып келеді. Серіктестіктің «Safloria» сауда белгісімен арнайы стандартқа сай 0,5, 0,75, 1, 5 литрлік құтыларға құйылып шығарылатын дайын өнімдерін Алматы қаласындағы 30 шақты ірі сауда орталықтарының сөрелерінен кездестіруге болады. Бір литр «Safloria» майының бағасы – 675 теңге. Бұл отандық өнім әзірге елімізде кеңінен таныла қойған жоқ. Кәсіпорынның 90 пайыз тауарының тұрақты тұтынушысы – көршілес Қытай мемлекеті. Онда бұл майдың бағасы біздің еліміздегіге қарағанда екі есе қымбат тұрса да, сұраныс едәуір жоғары. Кәсіпорын алғаш жұмысын бастаған жылдары майды экспортқа арнайы құтысыз, бөшкелеп жіберіп отырған. Әрине мақсары майын өндіретін зауыттар Қытайда

Назардағы нысан

жетіп артылады. Алайда, табиғи, таза, құнарлы әрі сапалы тауардың ара-жігін ажырата алатын аспан асты елінің халқы «Safloria» майын сатып алғанды жөн көреді екен. Ш у ауд а н ы н д а ғ ы т а ғ ы б і р кәсіпорын – «СП KazMiya» ж ауап ке р ш і л і г і ш е кт еул і с ерікте стігі глицере зин қышқылы қоспасын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттап отыр. Зауыт өнімдері фармацевтикалық бағытқа арналған. Облыста өтпелі кезең қиындықтарын еңсеріп, сақталып қалған және жұмысын қайта жандандырған кәсіпорынның бірі «Фабрика ПОШ-Тараз» ж ауап ке р ш і л і г і ш е кт еул і серіктеcтігі де экспорт айдынына шығуда. Кәсіпорында мемлекет қолдауымен Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында өнімді өңдеу жолында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мұнда 2010 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген топс өндіру жобасы жүзеге асырылды.

Тамақ өнеркәсібінде «Та-Мак» ЖШС мен «Rola-Ян» ЖШС макарон өнімдерін, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС сүт өнімдерінің түр-түрін, «Агро азық-түлік нанмен жабдықтау » ЖШС өсімдік майын экспорттауда. Индуст рияландыру карт асы аясында 2016 жылы іске асырылған «Халал» стандарты негізінде ет өнімдерін өндіру » жобасы бойынша «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС өнімінің 80 пайызын Парсы шығанағы елдеріне

экспорттауды жо спарлап отыр.

2018 жылы да экспортқа бағдарланған өнім өндіретін бірқатар жобалар іске асырылады деп күтілуде. Мәселен, «Био Вет» ЖШС «Ветеринарлық препарат өндіру бойынша биокомбинат құрылысы» және «Ер Тай» ЖШС «Ақсүйек кен байыту фабрикасын модернизациялап қайта жаңғырту» жобаларын жүзеге асырмақ.

Көлік-логистика көкжиегі

Аспалы көпір – қауіпсіздік кепілі

Қос жол – жетістігі мол

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 49 шақырымы біздің аудан аумағы арқылы өтеді. Бұйырса, елімізде автобанның құрылысы аяқталып, толығымен іске қосылғанда, бұл арадан екі бағытта жоғары жылдамдықпен ерсілі-қарсылы сапырылысқан көлік нөпірі пайда болмақ. Міне, сол кезде жаяу жүргіншілердің үлкен жолдың арғы бетіне өтуі қиынға соқпақ. Осыны ескерген «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігінің ұсынысымен халықаралық көлік дәлізінен аудан орталығына кіреберіс тұстан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің құрылысын бастады. Аспалы көпірдің құрылысын Алматы қаласындағы «Мостстрой» ЖШС өткен жылдың қараша айынан бастап жүргізуде. Серіктестік прорабы Жанболат Әділовтің айтуына қарағанда, бүгінде бұл нысанның басында 15 маман жұмыс істеуде. Оның дені – жергілікті тұрғындар. Құрылысшылар қазір аспалы көпірдің нөлдік деңгейінің құрылысын жүргізуде. Яғни тереңдігі 6 метр бетонды іргетасы құйылуда. Көпірдің құрастырмасын бірнеше алып тіреулер ұстап тұрады. Олар темір арматуралармен шабақталып, дәнекерленеді, сырты монолит үлгісі бойынша бетонмен құйылады. Көпірдің алдыңғы және арт жағынан баспалдақ марштары, үстінде ұзын өтпе жолы болады. – Көпірдің жалпы ұзындығы – 50, биіктігі алты метрді құрайды. Жаяу жүргіншілер көпірге аудан орталығына қарай кіреберіс жолдың тұсынан көтеріліп, арғы беттегі аялдаманың тұсынан түсетін болады. Адамдардың қауіпсіздігі, жүріс-тұрыс жайлылығы барынша ескеріліп, төбесі, қапталдары жабылады, баспалдақтардың ұзына бойына шырағдандар орнатылады, – дейді Ж. Әділов. Аспалы көпірдің құрылысы мамыр айында аяқталуға тиіс. «Мостсройлықтар» бұған барлық жағдай бар екеніне сендіруде.

Елбасы биылғы Жолдауында елімізде Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Шу-Алматы темір жол желісі еліміздегі ең маңызды телімдердің бірі болып саналады. 2015 жылдың наурыз айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басшысының қатысуымен Кемер стансасында «Шу–Алматы-1» бағытындағы 2-жол құрылысының тұсауы кесілген болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасымен жүзеге асырылып, Индустриялық картаға енгізілген құрылыс нысаны соңғы екі жылда қарқынды жүргізіліп, өткен жылғы қазан айының соңында өз мәресіне жетті. Бүгінгі таңда осы темір жол желісінің Шу белгі беру және байланыс дистанциясының қызмет көрсету аймағына енетін «Шу–Отар» темір жол теліміндегі пойыздар қозғалысының ырғағы бұрынғыға қарағанда едәуір жақсарғандығын атап өткен жөн.

Абылайхан СӘРСЕН, журналист Жуалы ауданы

«Шу–Отар» аралығы ежелден бір бағытта қатынайтын жол санатына жататын. Онда 15 блок-посты жұмыс істейтін. Ол постыларда ұзындығы 3,5-4 шақырымдық екінші жол орналастырылған-ды. Өйткені қарамақарсы келе жатқан пойыз құрамалары осы постыларда бірін-бірі қарсы бағыттарға өткізіп, сапарларын одан әрі қарай жалғастырып отыратын. Енді, міне, ұзақ жылдар жұмыс істеп тұрған блокпостылары алынып, осы 138 шақырымдық аралыққа екінші жол салынуымен темір жол қозғалысының көкжиегі кеңейе түсті. Ендігі жерде пойыздардың кедергісіз қатынауына даңғыл жол ашылып, жұмыс қарқыны үдей түсті. Бұл дегеніңіз – жыл-он екі ай тынымсыз тірлік кешетін теміржолшыларымыздың тағы бір жеткен үлкен жетістігі деген сөз. Бүгінде 2-жолдың пайдалануға берілуі көптеген қиындықтардың түйінін шешуге айқара жол ашып, біраз жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Мәселен, «Шу–

От ар» ара лығында пойыздардың жүріп өту уақыты бұрнағыға қарағанда анағұрлым қысқарды. Пойыздардың жүру қарқыны артып, көлік қозғалысы жиілеп, соның арқасында жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалының көлемі едәуір өсті. Жаңа жолға жаңа қондырғылар мен құрылғылар орнатылып, қызмет көрсету сапасы анағұрлым артып отыр. Белгі беру және байланыс саласында да табыстар мол. Аталған телімге 120 рельелік шкаф, 56 бағдаршам және 13 стансалық электржетек, 34 бағдаршам, 14 штатив, 4 КТСМ модулі орнатылды. Мұндай құрылғылар заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, жұмыс жаңа бағытқа қарай бет алды. Мысалы, қолданыстағы ескі бірнеше рельенің орнына жаңа КЭБ-1 құрылғысы орнатылды. Бұл жаңа құралдың ерекшелігі сол, ендігі жерде бұған дейін қолданылып келген ИВГ, БС-ДА, БК-ДА, БИ-ДА, КПТШ, ТШ

«Аграрлық несие корпорациясының» қаржыландыруымен өсірілмек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді. Аталған құрылымның «Агротехника», «Агрокоммерция», «Іскер», «Агроэкспорт», «Агробизнес», «Кең дала» және ҚР Ұлттық Қор қаражаты есебінен несиелендіру бағдарламаларын ұсынатыны белгілі. Корпорация өткен жылдың 10 айында жалпы сомасы 129 миллиард теңгені құрайтын 6447 агроөнеркәсіптік кешен нысанын қаржыландырған. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек» деп ерекше атап өтті. Корпорация, әсіресе ауыл шаруашылығы кооперативтері мен бау-бақша шаруашылығын дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бүгінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикасын көтеру мақсатында бау-бақша шаруашылығын дамыту жобасы іске асуда. Бұл тұрғыда кіші және орта бизнеске инвестиция тарту үшін мемлекеттік және жеке секторлар бірігіп қарекет ету үстінде. Өткен жылдың қараша айынан бастап облысымыздың Т.Рысқұлов ауданында орналасқан «Құлан» агропаркінде 100 гектар аумаққа шие ағаштарының алғашқы көшеттері отырғызыла бастады. Еліміздегі ең үлкен шие бауы жылына 1680 тонна өнім беріп, 50 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жалпы «Құлан» агропаркі 15 инвестициялық жобаны біріктіріп, жылына 50 мың тонна жеміс-жидек өнімін беретін және аймақтағы 2000 тұрғынға жұмыс ұсынатын сәтті жоба болмақ. Алдағы жылдары корпорация «2017-2021 жылдарға арналған еліміздегі мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру аясында АӨК субъектілерін тікелей қаржыландыру көлемін азайтып, есесіне екінші деңгейлі банктерді, кредиттік серіктестіктерді және лизинг компанияларын қорландырумен айналыспақ. Ал олар өз кезегінде шаруаларды несиелендіретін болады. «Ақ жол-Ақпарат»

Біздің ауылда

Алтын бесігімізді аялайық

Өркениет және өңір

Басы 1-бетте

Еліміздегі ең ірі жемісжидек бауы

Бір шеті Қордай ауданымен шектесіп жатқан Ақсу ауылы көркем табиғатымен көз сүйсінтеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолына жапсарлас жатқан, әлемдік ЮНЕСКО тізіміне іліккен Баласағұн-Ақтөбе қалашығы да осы округ аумағында. Оны қырық жылға жуық уақыттан бері тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов бастаған Қазақ ұлттық университетінің археологтары тынымсыз зерттеу үстінде. Біз осындай киелі жерімізбен, дархан пейілді, абзал азаматтарымызбен мақтанамыз. Сәулетті де сәнді ауыл көрінісі мұнда жаңа келген адамның көңілін бірден баурап алады. Ауылдық әкімшіліктің бас маманы Айтбай Айдармен сұхбат барысында мына төмендегі мәліметтерге қанық болдық. Округтегі халық саны – 2625 адам. Оның 1523-і – Ақсу, 1102-сі Оразалы батыр ауылдарында тұрады. Аула саны 483-ті құрайды. Жалпы, ауыл шаруашылық жерінің көлемі – 43037, егістігі – 13890, оның суармалысы 2676 гектар көлемінде. Жеке аулаларда 1850 ірі қара, 835 сиыр, 7930 қой өсірілуде. Бір ЖШС, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 93 шаруа қожалығы, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарынан 6 дүкен, 1 мейрамхана тіркелген. Тұрғындарды санатына қарай жіктесек, зейнеткерлер – 223, көп балалы ана – 115, батыр аналар – 14, Алтын алқа иелері – 33, Күміс алқа иелері 28 екеніне көз жеткіземіз. Ал 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алатындар саны 18 отбасын құрайды. Барлығы 400-ден астам бала округтегі 2 мектеп пен екі шағын орталықта оқып, тәрбиеленуде. Тұрғындарға екі аурухана медициналық қызмет көрсетеді. Қарсы шапқан жауымен арыстанша айқасып, алмасша серпілген қазақтың әйгілі батырлары Көкжал Барақ, Қозыүй, Тамабай, Оразалы батырлар осы аумақта мәңгі мекенін тапқан. Бозжорға, Қарақыршын, Жетіжар, Қырықүй, Тамабай жоталары, Ортатөбе, Ақтөбе, Жарықбас және басқа да табиғаты көркем жерлер көздің жауын алады. Ауылды қоршай байлық пен ырыс көзі дерлік «Ақсу», «Сарғау», «Тасөткел» су қоймалары орналасқан. Сондай-ақ аумақ тұрғындарына Ақсу, Қарабалта, Тоқташ, Сарғау, Шу өзендері де нәрін ұсынуда. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген халық даналығы біздің ауылымызға қатысты айтылғандай. Ауылдың әрбір күні қызықты, ерекше шабыт сыйлайды. Ауылымда тағы да, мия өңдейтін «ҚазМия ЖШС» Тамабай жотасында орналасқан. Ол ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Бұл кәсіпорын мия өсімдігінің тамырын өңдеп, глицерин дәрісін шығарып, Жапония мемлекетіне экспорттайды. Ауылын дәріптеген ұрпақ ешқашан азбайды. Туған жер сол үшін де ыстық. Мен ауылдың одан әрі де гүлденіп, өркендеп, өсетініне нық сенімдімін! Ауылдарымыз аман болғай! Төреқұл ӘЛХАНҰЛЫ Ақсу ауылы, Шу ауданы

Мереке мезіреті үлгісіндегі ескі құралдардың қызметін енді бір ғана аспап атқара алады. Екіншіден, электр қуатын анағұрлым аз тұтынады. Үшіншіден, локомотивтердегі белгі беретін АЛСН құрылғысының ж ұ м ы с ы ж а қ с а р ы п , ке м ш і л і к т е р бұрынғыдан едәуір азайды. Демек, бұл – еліміздегі темір жол саласы бойынша ендіріліп отырған жаңашыл жетістікке қол жеткізіп отырмыз деп мақтанышпен айтуға болатын айтулы оқиға. 2-жол құрылысы кең көлемде жүргізілгені мәлім. Оған өз тарапынан жол мамандары, энергетиктер, сонымен бірге саланың білікті мамандары тартылды. Бұл ретте біздің мекеменің қызметкерлерінің де қосқан үлестері қомақты. Мекеме басшысы Нұрлан Баялиевтың жетекшілігімен ерен еңбектің үлгісін көрсеткен орынбасары Е.Исмаилбеков, бас инженер А.Ақпан, телім басшылары А. Оспанов, А. Алжамбаев, аға электромеханиктер Т. Шалғынбаев Н.Исмаилбеков, Н. Алжамбаев, Е. Искаков, электромеханиктер М. Баймухамбетов, Ж.Қарғабаев, Н. Сүлейменов, инженерлер О.Сағынғали, Ж.Абимолдаевалардың есімдерін құрметпен атап өткен орынды. Аты аталған мамандар өз кезегінде теориялық һәм тәжірибелік тұрғыдан біліктілік пен білімділіктің тамаша өнегесін көрсете білді. Марат ДОСАЛЯНОВ, Шу белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі

Ұлттық ұлан күнін атап өтті Есет ДОСАЛЫ Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау мақсатында жасақталған ҚР Ұлттық ұлан күніне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынды 5513 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бауыржан Қабылбеков сөз сөйлеп ашып, бұл әскери құрылымның тарихына, бүгінгі таңда атқарып отырған қырағы қызметіне тоқталды. Ол өз сөзінде 1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылғанын, ал 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі әскер Ұлттық ұлан болып өзгертілгенін, 2015 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан туралы заңы қабылданғанын атап өтіп, сарбаздардың алдағы жұмыстарына да сәттілік тіледі. Мұнан соң облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Анатолий Мырзаханов Ұлттық ұлан жауынгерлерінің сергек жұмысына тоқталып, сардарлар мен сарбаздарды 26 жылдық мерейлі кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұдан кейін ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығымен Анатолий Мырзаханов «Құқық қорғау әскеріне – 25 жыл» медалімен, әскердің қызметін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланымен өзара іс-қимылы, жемісті ынтымақтастығы үшін және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 26 жыл толуына орай 5513 әскери бөлімі командирінің бұйрығымен Құрмет грамотамен запастағы аға прапорщиктер Сиязбек Сыздықов, Юрий Насыров, Серік Қазбеков Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Жаңыл Сембекова, «JambуI» облыстық телеарнасындағы «Ел қорғаны» әскери-патриоттық бағдарламасының жүргізуші-редакторы ГауҺар Рысбай, Тараз қалалық Мәдениет үйінің директоры Лесхан Қазанбасов марапатталды. Мұнан соң «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы оркестрінің әскери өнерпаздары, «Кәусар» тобы патриоттық әндер шырқап, концерттік бағдарлама ұсынды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.