4 саур пдф 2015ж

Page 1

АБАИҒА құлақ түрейікші,

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№39 (18073), Сенбі, 4 сәуір, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ баст ады, а л көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс және бақ-береке тіледі. Ау р у х а н а қ ы з м е т ке р л е р і Қазақстан Президентіне республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты. Елбасы Ақтөбе рельсті арқалық зауытында болды. Қазақстан Президенті зауыттың жұмысымен танысты, сондайақ еңбек ұжымы мүшелерімен әңгімелесті.Әңгіме барысында Ме м л е ке т б а с ш ы с ы А қ т ө бе облысының даму қарқыны жалпы еліміздің жүйелі ілгерілеуіне сай екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы ірі әрі бірегей кәсіпорын облыс экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты. – З ау ы т и н д у с т р и я л ы қ инновациялық даму бағдарламасының озық жобаларының бірі саналады. Ол «Сименс» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрылыс кезінде 1000 адам жұмыс істеді, енді 760 адам жұмысқа орналасады. Әр адамға шаққандағы өнімділік 80 мың долларды құрайды. Бұл – біздің еліміз үшін жоғары өнімділік. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда бұрын болмаған, оның шығаратын өнімі де жаңа. Бұрын біз рельсті сырттан сатып алатынбыз, енді ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да шығара аламыз. Сонымен қатар, мұнда құрылысқа қажетті нәрселердің бәрі өндірілетін болады, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт құрылысына атсалысқан барлық мамандарға алғыс айтып, жұмыстың тезірек басталуын және бұдан әрі де табысты болуын тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында да болды. Мұнда Мемлекет басшысына орталықтың жұмысы таныстырылды және онда сақталатын өнім түрлері көрсетілді. Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы «CityShoppingCenter» сауда кешенінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев сауда кешенінің жаңа ғимаратын аралап көрді және өңір кәсіпкерлерімен әңгімелесті. Елбасы әңгіме барысында шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық әл-ауқатының өзегі екеніне тоқталды, сондайақ жиналғандарға ойға алған жоспарларын жүзеге асыруда табыс тіледі. Аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын сауда кешенінде 100 орынға арналған зал және 200 орынға арналған мейрамхана бар.

НАЗАРБАЕВ ОРАЛДА ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТОПТЫҚ СЕЛФИГЕ ТҮСТІ Екінші сәуір күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Орал қаласына барды. Сапар аясында Елбасы «Жастар қуатты Қазақстан үшін» республикалық форумына қатысты. Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардың 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ, Атырау және М а ң ғ ы с т ау о б л ы с т а р ы н ы ң жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы қатысушыларды форум жұмысының басталуымен құттықтап, жастардың негізгі бастамаларды жүзеге асыруға белс ене қатысып жүргеніне тоқталды. – Қазақстан қатаң климат жағдайында жерімізді орманға айналдыру үшін күш салуда. « Жа с ы л Е л » б а ғ д а р л а м а с ы аясында 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызылды. 200 мыңдық «Жасыл Ел» командасының бұл еңбегі ерлікке пара-пар. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мың жас ауылға аттанды. Бұл жастардың елді және оның шалғай мекендерін дамытуға қатысуының көрсеткіші болып с ана лады. Қазақст ан жастарға түрлі салаларда қамқорлық көрсетеді, соның ішінде оларды шетелдерде оқытады. Ре спубликада білімді еңбек тәжірибесімен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесін енгізу шаралары қабылдануда. Бүгінде белсенді әрі мақсатшыл жастар үшін елімізде барлық мүмкіндіктер бар, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті форумға ниеті бір, тілегі ортақ мыңдаған қ а з а қ с т а н д ы қ ж а с қ ат ы с ы п отырғанын айтты. Мемлекет басшысы Батыс Қазақст ан өңірінің тұрақты экономикалық өсімін, әлеуметтік мәселелердің шешіліп жатқанын, отбасылардың әл-ауқаты артқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі бағыттарына және өңірдегі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Қазақстан Президенті форумға көптеген белгілі спортшылар қ ат ы с ы п от ы р ғ а н ы н а н а з а р аударды. – Біздің Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен, Александр Винокуров және оларға қоса Лондон Олимпиадасында көпті тәнті еткен өзге де олимпиадашыларымыздың есімдері бүкіл әлемге танымал. Олар жаңа буын үшін лайықты үлгі болып саналады. Бүгінде спорт саласында 1500 спорт нысаны – стадиондар, бассейндер, хоккей және теннис корттары жұмыс істейді. Бүгінгі біздің форумның Қазақстан теннис федерациясының

М

ТЫ М ҰРА

ЫЗ - М

көмегімен салынған осы заманауи Теннис орталығында өтіп отыруы да бекер емес. Мұнда болашақ чемпиондар тәрбиеленеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Форум барысында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі, Қазақстан-Финляндия бизнесхабының жетекшісі М.Манкеев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң с т уд е н т і президенттік стипендия иегері Г.Қойланова, олимпиада чемпионы И.Ильин, Атырау және Маңғыстау облыстары жастарының өкілдері сөз сөйлеп, жастарға және олардың бастамаларына ұдайы қолдау көрсететін Мемлекет басшысына алғыстарын айтты, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға әзір екендіктеріне сендірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресми ісшаралар сарайында да болды. Елбасы мұнда Батыс Қазақстан облысындағы этномәдени бірле стіктер, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әңгімелесті. Барлық этностардың атынан сөйлеушілер Мемлекет басшысына татулық пен келісімге, кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, халықтың әл-ауқатын

арттыруға бағытталған саясат үшін алғыс айтты. Оралдағы жастардың республикалық форумы аяқталған соң, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастармен селфи жасады. Назарбаевқа с елфи жас ау туралы ұсыныс білдірген Илья Ильин. «Нұрсұлтан Әбішұлы, есіңізде ме, мен сізге селфи деп аталатын фото жасау туралы өтініш білдіргенмін. Енді барлық жастармен селфи жасау туралы тағы да өтініш айтқым келіп тұр», – деді Олимпиада чемпионы Илья Ильин. Президент бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ. Ол «Қане, селфи жасайық» дегенде жастар ерекше қуанды.Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасаған жастардың ішінде Илья Ильин, Денис Тен, Серік Сәпиев, Нұрлан Қоянбаев, Сабина Алтынбекова және басқалары бар. Еске сала кетейік, Илья бұдан бұрын да елбасымен селфи жасаған болатын. Елбасы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ында болды. Ондағы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттың дайын өнімдерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың

арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынның қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар. З ау ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы индустриялық саясаттың іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты. Сапар барысында Мемлекет басшысы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ына барды. З ау ы т қ а ке л г е н Е л б а с ы катерлер мен кемелердің макеттері қойылған көрмені аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымының мүшелерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаңа сала екенін, оның шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды. Әңгіме барысында з ау ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы е л д е жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады.

АҚТӨБЕНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЕЛІМІЗДІҢ ІЛГЕРІЛЕУІНЕ САЙ Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласына келді. Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасын аралап көрді.Нысанда Елбасына өңірдегі денсаулық с а қ т ау с а л а с ы н ы ң д а м у ы туралы баяндалды.Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аурухананың жұмысымен т анысып, ұжым мүшелерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті. Қазақстан Президенті бұл аурухана жаңа ғимаратта о р н а л а с қ а н ы н , з а м а н ау и құралдармен жабдықталғанын атап өтті. – Көп нәрсе енді сіздерге байланысты. Егер өз жұмыстарыңызды сапалы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта

ӘҢГІЛІК ЕЛ

ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ, АРҚАЛАН. СЕН ДЕ – БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ, КЕТІГІН ТАП ТА, БАР, ҚАЛАН! ҚАЙРАТ ПЕН АҚЫЛ ЖОЛ ТАБАР ҚАШҚАНҒА ДА ҚУҒАНҒА. ӘДІЛЕТ, ШАПҚАТ КІМДЕ БАР, СОЛ ЖАРАСАР ТУҒАНҒА. БАСТАПҚЫ ЕКЕУ СОҢҒЫСЫЗ, БІТЕ ҚАЛСА ҚАЗАҚҚА, АЛДЫҢ–ЖАЛЫН, АРТЫҢ-МҰЗ, БАРАР ЕДІҢ ҚАЙ ЖАҚҚА? ПАЙДАНЫ КӨРСЕҢ БАС ҰРЫП, МАҚТАНДЫ ІЗДЕП, ҚАЙҒЫ АЛМА. МІНІҢДІ ҰРЛАП ЖАСЫРЫП. МАЙДАНҒА ТҮСПЕЙ БӘЙГІ АЛМА. ӨЗІҢДЕ БАРМЕН КӨЗГЕ ҰРЫП, АРТЫЛАМ ДЕМЕ ӨЗГЕДЕН. КҮНДЕСТІГІН ҚОЗДЫРЫП, АЗАПҚА ҚАЛМА ЕЗБЕДЕН. АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАС, ЕҢБЕГІҢ КЕТПЕС ДАЛАҒА. ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЛҒАН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА.

Көкірек таза болмаса, Көз тазасы не керек? Жаның таза болмаса, Тіл тазасы не керек? Халық мақалы. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ. ЖЕР-ЖЕРДЕ ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН АРҚАЛАП ЖҮРГЕН КЕМТАР ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ТҮРЛІ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛУДА. ӘСІРЕСЕ, БЕСІКТЕН БЕЛІ ШЫҚПАҒАН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ОСЫ АПТАДА ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ДА ЖАҢА САЛЫНҒАН ҒИМАРАТТА МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ КІРІСТІ. ОНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Б.ОРЫНБЕКОВ ҚАТЫСЫП, СӨЗ СӨЙЛЕДІ.

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

– Елбасымыз Нұрсұлт ан Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігін, ондай жандарға қамқорлық көрсету қоғам алдындағы біздің парызымыз екенін ұдайы ескертуде. Бүгінде облыста мүмкіндігі шектеулі 4609 бала болса, Тараз қаласында – 40, Жамбыл ауданында – 30, Шу ауданында 25 балаға арналған оңалту және бейімдеу, емдеу-сауықтыру орталықтары жұмыс істейді. Бүгін олардың қатарына сіздердің осындай орталық қосылып отыр. Ол шын мәнінде кемтар балалардың сауығуына сеп болып, өмірге құштарлығын арттыруын қалаймын, – деген Бекболат Серікбекұлы жаңа мекемеге облыс әкімінің атынан тоңазытқыш тарту етті. Орталықта денсаулығында кінәрат болуынан өздігінен жүріп тұра алмайтын төрттен он сегіз жасқа дейінгі 25 балаға дефектолог, логопед, психолог, сонымен қатар емдеу, дене шынықтыру және уқалап емдеу мамандары қызмет көрсететін болады. Қордай ауданы.

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!

ЧЕМПИОНДАР ШЫҒАР ШЫҢ АЛДА

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері.

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҰЛТТЫҚ ЛИГА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ «ТАРАЗ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ЕЛ БІРЛІГІ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығы бүгінде алып елге айналды. Мемлекеттің қалыптасуы – бұл барынша ұзақ әрі тым күрделі процесс. Өйткені, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен Ұлы көш әрқилы жымысқы саясаттың ықпалында қалып қойғандықтан, төл тарихымызды тереңінен тани алмай келдік. Ал тарих – хал­ қымыздың өткен өмірі, ата-баба­ларымыздың өмір жолы. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Демек, бүтін бір елдің рухымен қалыптасқан тарихты ешқашан өшіруге болмайды. Қазақ хандығына – 550 жыл! Өткен жылғы Тәуелсіздік мере­кесіне арналған салтанатты жиын төрінен Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­б аев: «Ұлы Далада күллі Еура­з ия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол баба­лардың заңды мұрагері. …Ұлт­т ық тарихымыз бен мәде­н ие­­ті­м із­д егі маңызды датаны – Қазақ хан­д ығы құрылуының 550 жылды­ғ ын атап өтетін боламыз», деген еді. Тарих – тағылым.

ағайын!

Сондықтан, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы кезеңіндегі хандарымыздың дәуірін, сол тұстағы жыраулар мен абыздарды, билер мен батырларды бар болмысымен ұрпақ санасына сіңіру керек. Уағында: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз», деп толғаған Қазыбек би бабамыз секілді қазақ халқының қадір-қасиетін, ұлттық сипатын дөп басып бейнелеген ешкім болмаған шығар, сірә. Алаш баласы арғы-бергі тағ­дырында талай бұралаң-бұра­лаң белестерден өтіп, бостан­дыққа жетіп, жер бетінен Қазақ атын жоғалтпай, Мәңгілік Ел бо­луға, баянды болашаққа бетбұрыс жасап келеді. Тәуелсіздік пен теңдіктің, ын­­тымақ пен бірліктің белгісі – Қазақ елінің төл мерекесін тұң­ғыш рет мемлекеттік деңгейде атап, ұлттық қадір-қасиетіміз бен ақ жолымызды ұлықтау – алты алаштың рухын көтереді деп сенеміз! «Мәңгілік Елдің» қағи­дасы біздің дамуымыздың арқау­лық құндылықтарын, Қа­зақ­стан халқының ортақ мүд­десі мен тарихи тағдырын айшық­ тайды. Себебі, Мәңгілік Ел мұра­тына жету ұрпақтар бірлігі мен са­бақ­тас­тығының көрінісі арқы­лы жүзеге асатындықтан да Ел­ба­сының халықтың үш буы­нына үн қатуы кешегі тарих

қой­науындағы бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер қалдырады. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталып отыр. Осылай ұлт өмірінің һәм жарқын белестерін бейнелейтін, еліміздің ұлы тойы – Қазақ елінде тұратын барша халықтың тойы! Мұны бірлесе мерекелеуге міндеттіміз. Ұлт татулығы – игіліктің кепілі. Тұтасқан жұдырықтай мығым болуымыз керек. Бірлігі тайған елге бақ құтаймайды. Берекенің бас­тауы елдің ынтымағы екеніне де тәуелсіздігіміздің ғасырға бергісіз алғашқы белесінде куә болып отырмыз. Жаңадан құрылып отыр­ған «Мәңгілік Ел» қоры ұлтты­ғымызды ұлықтауға, бабаларымыздан мирас болған мұраны қадірлеуге, қастерлеуге жетелейді деген ойдамыз. Мерейлі мемлекетіміздің мерейтойы іскер азаматтар, меценаттар, демеушілер тарапынан да жан-жақты қолдау табуы тиіс. Сауапты іске үлес қосқан әр аза­матқа Алланың нұры жаусын! Астана.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». ҰЛТТЫҚ ЛИГАҒА ДЕБЮТАНТ РЕТІНДЕ ҚАТЫСЫП, Ә, ДЕГЕННЕН ҚАРСЫЛАСТАРЫНА СОҚЫР ҰПАЙ ҰСТАТПАЙ, ЖЕКЕ ДАРА ШАПҚАН «ТАРАЗ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4 КІШІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТУРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАНЫН ГАЗЕТІМІЗДІҢ ӨТКЕН САНЫНДА ЖАЗҒАН БОЛАТЫНБЫЗ.

Өңір намысын аспандатқан әуедоп шеберлерін облыс әкімі, облыстық волейбол федерациясының Президенті Кәрім Көкірекбаев қабылдады. Кезде су барысында өңір басшысы: «Биылғы жыл «Тараз» волейбол клубы үшін

өте табысты болды. 28 ойында 75 ұпай жинап, 25 ойында жеңіске жетіп, өздеріңіздің шын мықты екендіктеріңізді

дәлелдедіңіздер. Бұл үлкен жетістікпен ұжымды, бапкерлерді, барлықтарыңызды құттық-

таймын. Спортта жеткен жетістіктер жас өрендерге үлкен өнеге, үлгі болары сөзсіз. Азия ойындарында да жамбылдық қыз-жігіттер толайым табыстарға қол жеткізді. «Еуразия барысы», б и л ь я рд т а н ө т ке н ә л е м чемпионаты бәрі де біздің облыстың нағыз спорттық аймаққа айна лып келе жатқанының көрінісі. Енді жазда волейболдан әлемдік лига ойындары өтеді. Алматы мен Астана еме с, облыс орталығы Тараз шаһарында Венесуэла, Египет, Испания секілді құрамалардың келуінің өзі үлкен жаңалық. Доданы лайықты өткеруге бізде барлық жағдай бар. Жігіттер, сенімді ақтағандарыңызға үлкен рахмет. Сіздерге күллі жанкүйер қауым әлі де сенім жүгін артады. Келесі жылдары да т амаша ойын үлгісін күтеміз. Оған мүмкіндіктер мол», – деді. (Жалғасы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.