4 кыркуйек пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №125 (17982), Бейсенбі, 4 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

БИЛІК ПЕН САЯСАТ

ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚЫСҚАРМАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев V шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекет басшысы: «Төртінші сессияның өзіндік ерекшелігі бар. Ол өздеріңізге белгілі 2008 жылғы қазанда сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Жаңа сенаторларды сайлау мерзімі биылғы жылдың 1 қазанына белгіленіп отыр. Парламент Сенатына сайлауға дайындық ашық, жария түрде өтіп жатыр және қоғамда шынайы қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан біздің алдымызда әділ және ашық сайлау өткізу міндеті тұр» деді. Елбасы ашылып жатқан «мүмкіндіктер көздерін» ептілікпен пайдалана білу үшін Парламент пен Үкіметтің үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті. – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына байланысты басты міндеттің бірі – әкімшілік реформасын жалғастырып, кәсіби және жинақы мемлекеттік аппараты бар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру. Өздеріңіз білесіздер, Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім жүзеге асырылды. Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің жіктелуі туралы Жарлыққа қол қойылып, іске асырылуда. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысындағы көпсатылылық пен бір-бірін қайталауды азайтуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына байланысты міндеттерді іске асыру аясында озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, құрылымдық реформалар бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. – Негізгі мақсат – бизнес жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасау, инвестиция ағынын ынталандыру, кәсіпкерлікті қорғау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, –

деді Президент. Осыған байланысты Мемлекет басшысы заң шығару жұмысына негіз болуы тиіс құрылымдық реформалар бағытына қатысты өзінің көзқарасын ортаға салды. Олардың қатарында жаңа буындағы Кәсіпкерлік және Азаматтық процессуалдық кодекстерді қабылдау үдерісін аяқтау, арбитражды толыққанды дамыту, «Электрондық үкімет» негізінде 2017 жылға дейін қолданыстағы барлық мемлекеттік жүйелер мен мәліметтер базаларының интеграциясын іске асыру істері бар. Бұдан бөлек, рұқсаттамалар

санын 2015 жыл барысында 50 пайызға дейін азайту, кедендік процедураларды барынша оңайлату үшін инвесторларға «бір терезе» қағидатын қолдану аясын кеңейту көзделуде. Сонымен қатар, заңнамаға ревизия жүргізу және құжаттардың нотариалдық ресімделуі туралы талаптар аясын барынша тарылтып, халыққа жұмысқа тұру, шетелге шығу және жүргізуші куәлігін алу үшін талап етілетін анықтаманы беруді «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Елбасы төртінші сессия кезінде қарастырылуы қажет басымдыққа ие заң жобаларын атады. Олардың қатарында жер қойнауын пайдалану мәселелері, АШК-да өнімділікті арттыру үшін салық заңнамасына өзгерістер жиынтығын енгізу, автономды білім беру мекемелерін, академиялық басқару жүйесін жетілдіру, халықтың көшіқон жөніндегі заң жобалары бар. Бұдан бөлек, Президент Үкіметке 2014 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қабылдауды тапсырды. Бұл ретте Елбасы құқықтық салада жемқорлықпен күрес тұрғысында тиімді жұмыстарға негізделген бірқатар реформалар жүргізілгенін, алайда олардың жеткіліксіз екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы депутаттарға олардың депутаттық каникулдары уақытын мүмкіндігінше қысқартуды қарастыруды өтінді. – Мұндай шешім депутаттық корпусқа халықтың игілігі үшін барлық мемлекеттік органдармен үйлесімді және бір ырғақта жұмыс істеуіне септігін тигізген болар еді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Үкімет экономиканы дамытудың оптимистік және пессимистік сценарийлерін ескере отырып, бірқатар шаралар әзірлегеніне назар аударды Президент. – Бізде қазірдің өзінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ісәрекеттердің айқын жоспары бар. Дамудың барлық ықтимал нұсқаларында да Үкіметке мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруды шектемеу тапсырылды. Бұл өте маңызды. Бізде халықтың әл-ауқатының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық ресурстар бар, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, төртінші сессияның ашылуы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жаңа депутаттардың Қазақстан халқы алдында берген антын қабылдады. «Ақ жол-Ақпарат».

l БАЙЗАҚ

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды қолдау мақсатын көздейтін «Мектепке – жол» акциясы аудан орталығындағы А.Суханбаев атындағы демалыс саябағында өткізілді. Игілікті іс-шараға аудандық әкімшілік пен мәслихат депутаттары, жекелей демеушілер атынан оқушыларға спорттық киімкешектер мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Аталмыш акция ауданның барлық ауылдық округтерінде өткізілді. l ЖАМБЫЛ

Мемлекеттік емес ұйым ретінде тіркелген «Асыл Баян» қоғамдық бірлестігінің (төрағасы Әмірхан Мырзаев) ұйымдастыруымен Өрнек ауылындағы шағын футбол алаңында аудандық деңгейде шағын футболдан жарыс өтті. Нәтижесінде 9 команда қатысқан доп додасында Өрнек ауылдық әкімшілігінің командасы бірінші орынды иеленсе, ауыл жастарының жетекшісі Еркебұлан Әбдіров «Үздік шабуылшы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. l МОЙЫНҚҰМ

Аудан тұрғындарының сұранысын қ а н а ғ а т т а н д ы р у ма қ с ат ы нда «Мой ы нқ ұ мКомсомол» бағытындағы жолдың 9,1 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 9,8 миллион теңге бөлінген болатын. Қазір өңірдегі шаруа қожалықтары үшін маңызды жолды жөндеуге қаралған қаржының 3 миллионнан аса теңгесі игерілді. Жұмыс жалғасуда. l МЕРКІ

Меркінің «Үміт» сарайында «Мектепке – жол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Ол «Балаға мейірім сыйла!» деген девизбен өтіп, аудандық білім беру бөлімінің үлкен қолдауына ие болды. Демеушілер мектепке келе алмай жүрген, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен деген 55 балаға мектеп формасын, сумкалар, спорттық киімдер алып берді. Осындай қолы ашық азаматтардың ішінде Меркі жеміс-жидек серіктестігінің директоры Бақыт Сауранбаев та болды. l САРЫСУ Досбол ауылында шаруа қожалықтары мен су пайдаланушылар бірлестігі қоғамдық ұйымының ұйытқы болуымен суретшілердің аудандық байқауы болып өтті. Туған жердің табиғатын бейнелеген байқауда Тоғызкент ауылының тұрғыны Б.Дүйсенбеков озып шығып, бірінші орынды иеленді.

l ТАЛАС

БӘРЕКЕЛДІ!

ОЛАР ЖАҢА

МЕКТЕПТЕ ОҚИДЫ

Білімнің басы бейнет, Түбі зейнет. Халық мақалы.

1 қыркүйек күні еліміздегідей Талас және Сарысу аудандарындағы мектептерде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Солардың бірі – Қаратау қаласындағы А. Байтұрсынұлы гимназиясында өтті. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Б. Рысмендиев қатысып, құттықтады. Бұл мектептің түлектері өткен оқу жылында ҰБТ-да тәп-тәуір көрсеткішке жеткен болатын. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да сол биіктен көрінуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.

l ШУ Бүгінде ауданда 615 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың 280-і аудан көлемінде өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеге 40 мекемеден 214 бос орынға сұраныс түссе, нәтижесінде 41 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылды.

НАЗАРДАҒЫ НЫСАН

ЖАМБЫЛ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ

3230 МЕТРІ

ЖАҢАРТЫЛАДЫ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол». БІЛІМ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮЛКЕН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ. ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КӨРКЕЙІП, ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУЫЛДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ. ЖАҢА ҮЛГІДЕ САЛЫНҒАН ҮШ ҚАБАТТЫ ЕҢСЕЛІ БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСТЫ.

– Облысымыздың білім саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Биылдың өзінде 75 миллиард теңге бөлініп, былтырмен салыстырғанда 16,5 пайызға артты. Осының арқасында күрделі жөндеу жұмыстары, жаңа мектеп салу, балабақша ашу жұмыстары жүйеленіп келеді. Былтыр осы жұмыстарға 5,5 миллиард теңге бөлінген болса, биыл 10,2 миллиард теңге бөлініп, 27 нысанның жұмысы басталып

кетті. Оның 12-сі биыл толығымен аяқталады. Осының бірі бүгін ашылып отырған жаңа мектептің құрылысы. Алдағы уақытта тағы 280 орындық балабақша ашылады деп күтіп отырмыз. Мұның барлығы біздің болашағымыз – балаларға деген қамқорлығымыз. Экономикамыздың өркендеуінің, Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесі. Заманауи технологиялармен жабдықталған жаңа білім ошағының ашылуы құтты болсын! Баршаңызды бүгінгі Конституция күнімен, Білім күнімен құттықтаймын! – деді Кәрім Нәсбекұлы. Тағы бір айта кетерлігі, аудандағы мектептердің жетіспеушілігіне қарамастан, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша биыл Жуалы ауданының көрсеткіші 80,57 балл болыпты. Ауданның бұл жетістігіне де ерекше тоқталып өткен облыс басшысы жаңа білім ошағына теледидар сыйға тартты. Жаңадан ашылған мектепке бірден 460 оқушы жазылыпты. Тұрғындардың айтуынша оқушылардың саны бұдан да көбейе түспек. Өйткені, балалар осыған дейін алыстағы мектепке барып, білім алатын. Әсіресе, табиғаттың тосын мінез танытқан кездері қиын еді. Енді өздеріне жақын жерге келіп оқитын оқушылардың қуаныштарында шек жоқ. Мектеп озық технологиялар негізінде

білім беру үшін бар құрал-жабдықпен жарақталған. Компьютер кабинеті жоғары жылдамдықты интернетке, ал интерактивті тақта қашықтан оқыту жүйесіне жалғанған. Мерейлі мереке қарсаңында қуанышқа кенеліп отырған ата-аналар мен оқушыларды білім беру ісінің үздігі, Жуалы ауданының құрметті азаматтары Әбілқасым Ергебеков пен Әсия Сағындықовалар құттықтап, тағылымға толы ғибратты пікірлерімен бөлісті. Ұзақ жылдар өз ауылында аянбай қызмет еткен қарт ұстаздар ақ батасын беріп, ұстаздар мен оқушыларға ақ жол тіледі. Мұнан соң, ғимаратты тұрғызған мердігер «Арай Строй маркет» ЖШС-ның директоры Арман Еділбаев білім ошағының кілтін мектеп директоры Құрыш Сыдығалиевке табыстады. Лента қию құрметі облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Мұратайға ұсынылды. Облыс орталығынан келген қонақтар мектепке кіріп, сынып бөлмелерін аралады. Оқушыларға арналған 20-дан астам сынып, мәжіліс залы мен асхана, спорт залы, медициналық кабинеті бар үш қабатты білім ордасының безендірілуі мен жабдықталуы жоғары деңгейде. Жуалы ауданы.

Қала көркі – түзу көше, тегіс жол, жасыл желек және сәулетті де еңселі ғимараттар. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған, 2000 жылдық тарихы бар Тараздың Төле би және Абай даңғылдары күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін мүлдем жаңа келбетке ие болды. Үстіміздегі жылы жаңарту Жамбыл даңғылында қолға алынды. Бұл жұмысты жүргізуді Әлімбек Жұмабаев жетекшілік ететін облыстағы әлеуетті, ірі әрі көпсалалы «Алтайс групп» ЖШС еншілес кәсіпорны – «Айя сервис» ЖШС ұтып алды. Мердігер даңғылдың Қонаев және Пушкин көшелерінің қиылысына дейінгі 3230 метр жерде күрделі жөндеу жүргізетін болады. Жобаның құны – 500 миллион теңгеден астам. Серіктестіктің осы аумақтағы жолдың ескі асфальтін сүріп, қақпақтарын биіктетіп, арықтардағы ескі бетон науаларды жаңасымен ауыстыруға кірісіп кеткеніне екі аптадан астам уақыт болды. Қонаев және Төле би көшелері арасындағы жолдың ені 2 метрге кеңейтілді. Жолшылар жауапты міндетті үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін толық аяқтауды көздеп отыр. Олар уәде үдесінен көріну үшін жұмысты екі ауысыммен ұйымдастыруда. Жүзден астам құрылысшы және 35 техника күндіз-түні нысан басынан табылуда. – Біздің құрылысшыларымыздың жол жөндеуде тәжірибесі мол. Даңғыл жаңа технологиямен жөнделуде. Көшеге шағал, мастикалық асфальт бетон төселеді. Ол бүлініп, жарылмауы және ұзақ жылдар қолданыста болуы үшін Америкадан әкелінген қоспа – мастик араластырылуда. Мұндай жамылғы -70 және +55 градусқа төзімді болады, – дейді «Айя сервис» ЖШС Тараз филиалының директоры Майра Молдабаева. «Алтайс групп» ЖШС бас директоры Әлімбек Жұмабаев құрылыста қазақстандық үлес 100 пайызды құрайтынын айтады. Оның ішінде қажетті материалдардың 80 пайызы серіктестіктегі еншілес кәсіпорындарда өндіріледі. Мұның өзі уақыт үнемдеуге, нысанның құрылысын сапалы жүргізуге игі ықпалын тигізуде. Тараз қаласы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.