ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№115 (18309), Сейсенбі, 4 қазан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
АҚОРДА ТТЫ А У Қ
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ТТЫ ҚАЗАҚСТАН А У Қ – ӨҢІР
АСПАЛЫ КӨПІР АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАДЫ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰМШАҒАЛ ЕЛДІ МЕКЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ ҮСТІНЕН ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. ОНЫҢ ЖҰМЫСЫ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ БАСТАЛЫП, ТОҚСАНЫНШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ТОҚТАП ҚАЛҒАН. «АРАЙСТРОЙМАРКЕТ» ОСЫ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫНА ИЕ БОЛДЫ.
ЕЛБАСЫ ИОРДАНИЯ КОРОЛІ ІІ АБДАЛЛА БЕН ӘЛ-ХУСЕЙНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Иордания монархын елдегі парламент сайлауының табысты өтуімен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады. Екі ел көшбасшылары Қазақст ан-Иордания серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты. * * * Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады. Іс-шара аясында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондайақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.
(Жалғасы 3-бетте).
ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
299,0
мың шаршы метрді құрайтын
67
көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
ЖӘРМЕҢКЕ
«ЕЛДЕ БОЛСА – ЕРІНГЕ ТИЕДІ» ДЕП ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ БЕКЕР АЙТПАСА КЕРЕК.
КАРТОП, СӘБІЗ, ЕТ ТЕ БАР, АРЗАН БӘРІ, КӨПТЕП АЛ!
Өзге елдің оты Өз еліңнің түтініне татымас.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Шынар АСАНҚЫЗЫ, «Ақ жол».
ҚЫТАЙ МЕН ЛИТВА ПАВИЛЬОНДАРЫН БЕЗЕНДІРУГЕ ДАЙЫН ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚХР ұлттық павильонының комиссары Ван Цзиньчжэньмен кездесті. Ұлттық компания басшысы Қытайдың баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесіне назар аударып жүргендігіне ерекше тоқталды. Аспан асты елі «жасыл энергетика» саласына 103 миллиард доллар бөліп отыр. Әлем бойынша осы саланы ең көп қаржыландырушылар да солар. Қытай ұлттық павильоны көрменің ең үлкен павильондарының бірінде орналасатын болады. Олардың сұранысы бойынша ЭКСПО қалашығында Қытай ұлттық павильон қызметкерлеріне 50 апартамент бөлінген. — Біздің энергетикалық компаниялар көрмеге қатысуға үлкен қызығушылық білдіруде. Бүгінгі таңда құзыретті министрлік өкілдерінің қатарынан Қытай павильонының контентін жасау бойынша арнайы комиссия құрылды. Павильон жобасы дайын. Жақын арада іске кірісуге әзірміз, – деді Ван Цзиньчжэнь. «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Литва делегациясымен де кездесті. — Бүгін біздің көріп отырғанымыз, яғни атқарылып жатқан жұмыс сапасы, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық мәселелері көңіл қуантады. Көрмеде абыройлы болу үшін біздің ұлттық павильонның ішкі мазмұны бойынша белсенді жұмыс жасап жатырмыз, – деді еліміздегі Литва Республикасының елшісі Др.Витаутас Наудужас. Кездесуде литвалықтар виза мәселесі бойынша қолдау көрсетуді сұрады. Өйткені, Литвадан көрмеге көптеген тамашалаушылар келеді деп күтілуде. Ұлттық компанияның басқарма басшысы барынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Литвалықтар баламалы энергия көздерін пайдаланудағы үлесін 60 пайызға жеткізу бойынша қарқынды жұмыс атқаруда.
Тәуелсіздік жылдарында құрылыс саласы қарқынды дамыды. Атап айтқанда, былтыр 2005 жылмен салыстырғанда әлеуметтік нысандар салу 6,3 есеге, 2010 жылмен салыстырғанда 182,2 пайызға артты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2016 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына қатысты бағдарламалар аясында облыста барлық қаржыландыру көздерінен 2 688,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. 2005 жылдан бері бюджет қаржысы есебінен
ІНД ОЙ ТҮБ
Өткен сенбіде Тараздағы орталық Достық алаңына ағылған тараздықтар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінен тиімді бағамен қажетті азық-түліктерін алып қалуға асықты. Нарық бағасынан төмен бағада сатылымға шығарылған өнімдер тұрғындар үшін елеулі жеңілдік болғаны сөзсіз. Осымен биыл күзге екінші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш жәрмеңкеде Тараз қаласы мен Жамбыл, Талас, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның тауар өндірушілері өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Бұл күні жалпы құны 41,2 миллион теңгеге, барлығы 130,3 тонна ауыл шаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Атап айтсақ, 16 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа), 3 тонна шұжық, 11,5 тонна сүт өнімдері, 1,7 тонна балық, 1 тонна кондитерлік өнімдер, 4 тонна макарон, 1,7 тонна бал, 0,7 тонна кептірілген жеміс-жидектер бар. Нарық бағасынан он-он бес пайыз арзан бағада сатылған тауарлар тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды. Әсіресе, келісі 40-45 теңгеден сатылған картоп пен сәбіз, пияз, балға сұраныс көп болды. Сондай-ақ, бір келісі 900 теңгеден сатылған қой еті, 1100-ден сатылған жылқы еттері де сауданы қыздырды.
Е ЖАТҚАН СӨЗ
АТА-АНАСЫН БЕЗБҮЙРЕКТЕР ҒАНА ТІЛДЕЙДІ Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Бір оқиға есіме түсіп отыр. Үсті-басы көкала қойдай болған бір баланы сатушылар дүкенде жанары жәудіреп жүрген жерінен көріп қап, полицияға хабарлаған. Полициялар оны алдымен медицина қызметкерлеріне көрсетіп, тексертті. Сөйтіп жеткіншектің денесіндегі іскен, көгерген, қызарған жарақаттың бәрі соққыдан болғаны анықталды. Сонда әлі бұғанасы қатпаған баланы осынша соққының астына алған кім? Тағы да тексеру, тағы да сұрау. Сөйтсе, баланы осы уақытқа дейін өлімші ғып ұрыпсоғып жүрген өмір қиыншылықтарынан жүйкесі тозған өз анасы екен. Мұны естіген дүкен сатушыларының да, полицейлердің де, медицина қызметкерлерінің де, тіпті, осы оқиға жайлы хабарды оқыған, тыңдаған, көрген адамдардың бәрі де «мұндай анасымақты баласынан аластау керек» деген шешімге келді. Олар кіп-кішкентай боп анасынан күн сайын қорлық көрген, үсті-басы Құдайдың құтты күні көгеріп жүретін балақай «мені балалар үйіне өткізіңдер» деп жылайтын шығар, жалынып-жалбарынатын шығар деп күткен. Бірақ...
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Бірақ бала өзіне жаны ашып, қамқор болған дүкен сатушыларына да, полицейлерге де, медицина қызметкерлеріне де: «Тиіспеңдер, менің анама!» – деп, қасқырдай қасарысып тұрып алған кезде таңғалмаған жан қалмады. Толқыған, тебіренген, көзіне жас алғандар өз алдына бір төбе. Ақыры бала жеңді. Құқық қорғау органдары да, қоғамдық пікір де қатыгез анаға дәнеңе де қыла алмады. Ана мен бала табысты. Баласының махаббаты арқылы анаға да ақыл кірді білем, содан бері ақпарат кеңістігі олар туралы ләм-мим демейді. Бұл оқиғаны не үшін айтып отырмыз. Қазақ елі, қазақ мемлекеті, біздің Отанымыз – біздің анамыз. Анасын безбүйректер ғана тілдейді. Мәңгүрттер ғана анасына шоқпар сілтейді. Ата-анамыз – Отанымызды қандай да бір кемшіліктеріне қарамастан, қадірлей білейікші, қастерлей берейікші. Кейбіреулер «Фейсбукте» (Facebook), тәуелсіз сайттардағы ой, пікірлерінде туған елін жерден алып, жерге салып тілдеп жатқанда, солар маған өз ата-аналарын төмпештеп жатқандай жаным ышқынып кетеді. Кімнің атаанасы судан ақ, сүттен таза дейсің: парақоры да, жалақоры да бар. Бірақ солай екен деп, ұл-қыздары көшеге шығып, ары өткен мен бері өткенге әке-шешесін жамандап, азаннан кешке дейін сүйреңдемейді ғой. Айтайын дегенім, жақсы болам деген адам өз елін, өз Отанын жамандап жақсы болмайды. Тараз қаласы.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3184,14 теңге 1 жылға – 6368,28 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2934,12 теңге 1 жылға – 5868,24 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2848,98 теңге 1 жылға – 5697,96 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2598,96 теңге 1 жылға – 5197,92 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.