4 шилде пдф 2015 ж

Page 1

Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың

Әлемде төмендемес еш бағасы, Өркендей бер, елімнің Астанасы!

көк түсті болуының Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды

астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

– еліміздің бірлігінің белгісі. Ен­деше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

№81-82 (18115-18116), Сенбі, 4 шілде, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

қазақстан - ұлы дала елі

өңірімізде іске қосылғаны сөзсіз жетістік. Жуалы ауданындағы күн электр стансасының құрылысына «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік инвесторлар қатыстырылып, «Samruk Kazyna - United Green» бірлескен кәсіпорны құрылған. Жобаның басты мақсаты – электр қуатын экологиялық қ ау і п с і з т ә с і л д е р м е н өндіріп, өңірді жарықпен тұрақты қамтамасыз ету. Аталған жоба Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асқан ең ірі жаңғыртымды қуат көзі болып табылады. Жобаға жалпы сомасы 128 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылса, оның 37 миллион доллары «Самұрық-Қазына Инвест» пен «UG Energy Limited» к омп ан ия ла рын ың ө з қаражаты. Ал 91 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражат несиеге алынды.

Жаңа индустрияландыру

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Бейсенбі күні Астанадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі «Нұрлы жол» және индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған дәстүрлі телекөпір өткізілді. Мұнда сонымен қатар, Үкіметтің аталған бағдарламалар бойынша есебі тыңдалды. Елбасы ең алдымен көрме кешенінде Индустрияландыру жобаларының өнімдері қойылған көрме жұмысымен танысты. Онда Мемлекет басшысына «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын отандық өндірістің тауарлары таныстырылды.

Бұдан басқа, Елбасы ірі өндірістер көрмесін де аралады. Е л б а с ы н ы ң қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің индустриалдыинновациялық даму

және «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша есебіне арналған «Қазақстанның жаңа индустриялануы: 2015 жылдың І жартыжылдығының

қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Те л е к ө п і р а р қ ы л ы өңірлермен байланыс жасалынып, бірқатар әкімдердің есептері

тыңдалды. Жаңадан жүзеге асқан индустрияландыру жобалары іске қосылды. Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «онлайн» режімінде еліміздегі 10 жаңа

нысанның іске қосылуына рұқсат берсе, соның ішінде облысымыздан «Burnoye Solar-1» ЖШСның Бурное алаңқайында қуаттылығы 50 Мвт күн электрстансасының да бар

екенін ерекше атап өту керек. Өйткені, еліміздегі жасыл энергетикаға өту үдерісі негізінде Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ жобаның

көрші ақысы

Қ а з а қ с т а н а з а м а т ы н ы ң Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы Мемлекет басшысы мен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы келісілді. Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді. «Ақ жол-Ақпарат».

! ісі

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев одақтастық қарым-қатынастың және Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуына, бейбітшілік пен екі ел халқының көршілігін нығайтудағы ерен еңбегі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды» делінген хабарламада. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты әлем көшбасшыларының бірі деп атаған болатын. Атамбаевтың айтуынша, соңғы кездері Қырғызстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтті. Қырғызстан басшысының пікірінше, республиканың ЕАЭО құрамына енуінен кейін екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге артады. Сонымен қатар, Атамбаев үнемі көрсететін көмегі үшін Қазақстанға алғыс айтты. «Ақ жол-Ақпарат».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді. Онда Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысуға кандидатурасы келісілді. Кеңес барысында елдің ғарыш саласын дамыту мәселелері, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш

Ж

нш йі сү

Нұрсұлтан Назарбаев «Манас» орденімен марапатталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұшуға үміткерлігін бекітті

нө м ір д і

ң

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

зымыранының кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысының қаралғаны хабарланып отыр.

ақордадан ардагерге хат келді Астана күні мерекесі қарсаңында «Ақ жол» газетінің байырғы оқырманы, тұрақты авторымыз, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Есіркеп Серікбайұлы атына Ақордадан хат келді. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков қол қойған хатта былай деп жазылған:

«Құрметті Есіркеп Серікбайұлы! Жолдаған хатыңыз Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевқа таныстырылды. Президент өзінің ел игілігі жолында атқарған істерін жоғары бағалап жазған жылы лебіздерге толы хатыңыз бен игі тілектеріңіз үшін Сізге ризашылығын жеткізуді, сондай-ақ Қазақстанда хандық басқару жүйесін енгізу туралы ұсынысыңызға байланысты тиісті түсініктеме беруді тапсырды.

Осыған байланысты айтарымыз: 1995 жылы бүкілхалықтық талқылаудың нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елімізде Президенттік басқару жүйесі енгізілген. Содан бергі даму тарихымыздың барысы көрсеткендей, бұл жүйе өзін толық ақтады. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың ұтымды басқаруының нәтижесінде, Қазақстан осы жылдар ішінде бейбіт

жағдайда және тұрақты дами отырып, әлемге танымал мемлекеттердің біріне айналды. Хатыңызда аудан өмірінен нақты мысалдар келтіру арқылы мұны өзіңіз де ризашылықпен атап көрсетіпсіз. Елбасымыз Сізге зор денсаулық пен бақыт тілейді».

(Жалғасы 2-бетте).

ы

л лы

ебіз

Астана Тәуелсіздігіміздің табысы Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың облыс тұрғындарын 6 шілде – Астана күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды мемлекеттігімізді ұлықтайтын бүкіл халықтық мереке – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – күллі қазақстандықтардың қуанышы, ел мерекесі. Өйткені, Елордамен мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері, мыңдаған қазақстандықтардың армандары, үміттері және болашағы байланысты. Ұлы дала төрінен бой көтерген Астана – тәуелсіздігіміздің табысы, мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен жеңістерінің жарқын айнасы. Астана жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның айшықты нышаны, ұлттық рухтың символы, еліміздің мақтанышы. «Мәңгілік Ел» мұратын ұстанған еліміздің Астанасы көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр. Бүгінде Астана әлем төріне айналды. Он жеті жыл ішінде Астана Шығыс пен Батысты, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастырды. Қазақстан елордасында мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды насихаттауға бағытталған түрлі халықаралық шаралардың өткізілуі осының айғағы. Халықаралық маңызы биік, мәртебесі жоғары «ЭКСПО – 2017» көрмесін Астанада өткізу құқығына ие болуы сөз жоқ дәуір дарабозы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев саясатының салтанат құруымен үндесіп жатыр. Бұл әлемдік ауқымдағы іс-шараларды өз деңгейінде өткізу тәжірибесімен ерекшеленген Астанамыздың әлем мойындаған келбеті. Сондықтан да Астананың туған күні Елбасының кемелі, еліміздің мерейі. Алдағы уақытта да халқымыз еңсесі биік Елордасымен, ойы кемел Елбасымен бірге жаңа белестерге көтерілетініне сенімдіміз. Құрметті жерлестер! Сіздерді осы бір жарқын мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, табысты еңбек, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілеймін. Асқақтаған Астанамыз гүлденіп, өркендей берсін!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.