ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№166 (18023), Бейсенбі, 4 желтоқсан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ПРЕЗИДЕНТ
ЖУАЛЫЛЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІҢ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛКҮЙМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АУЫЛЫНЫҢ БІР ТОП БҮЛДІРШІНДЕРІ ҮШІН БҰЛ МЕРЕКЕНІҢ ТАРТУЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ БОЛДЫ. ОЛАЙ ДЕЙТІНІМІЗ, АУДАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА МАҢЫНАН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН «АЯГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ ДӘЛ ОСЫ КҮНІ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ.
ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ТҮРКІМЕН-ИРАН БӨЛІГІ АШЫЛДЫ
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКІМЕНСТАН-ИРАН» ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ТҮРКІМЕН-ИРАН БӨЛІГІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ.
Салтанатты шараға Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани де қатысып, үш мемлекеттің басшылары Түркіменстан мен Иран темір жолдарын түйістірді. Осыдан кейін Қазақстан астығын тиеген жүк пойызы Түркіменстан тарапынан Иран шекарасын кесіп өтті. Айта кетерлігі, үш мемлекеттің аумағынан өтетін «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Гөрган» темір жолы желісі «Солтүстік-Оңтүстік» жаңа халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Бұл жоба Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері қол қойған бірлескен декларацияға орай жүзеге асырылуда. Жолдың 146 шақырымы - Қазақстан, 700 шақырымы - Түркіменстан, ал қалған 82 шақырымы - Иран аумағы арқылы өтеді. Магистральдың Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы учаскесі өткен жылдың мамырында екі елдің басшыларының қатысуымен ресми ашылған болатын. Бүгінде Қазақстан мен Иран аталған декларацияға сәйкес өз учаскелеріндегі бөліктерді толығымен аяқтады. Ал Түркіменстан болса, темір жолдың Қазақстан бағытындағы 444 шақырымын аяқтап, өткен жылдан бастап Иран бағытындағы 256 шақырымды өз күштерімен салуда.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
280 орындық типтік балабақшаның ашылу салтанатына аудан тұрғындары, ата-аналар және бүлдіршіндер қатысты. Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов: - Бүгін міне, айтулы мереке қарсаңында сіздердің, кішкентай бүлдіршіндердің игілігі үшін үлкен қуаныш. Қаншама жас сәбилер жаңа балабақшада тәрбиеленетін болады. Бұл ата-аналардың да көптен күткен сәті. Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ. Болашағын ойлаған ел қашан да ұрпағына қамқорлық ж а с ау д а н а я н б а й д ы . Е л б а с ы н ы ң тапсырмасы аясында өңір-өңірлерде соңғы үлгідегі көптеген мектеп пен балабақша
ғимараттары бой көтеруде. Біздің облыста бұл орайдағы жұмыстар нәтижесіз емес. Соңғы үш жылдың өзінде өңірімізде 9500ге жуық орынға негізделген 51 балабақша пайдалануға берілді. Бұл да болса Елбасы тапсырмасының жемістілігін көрсетеді. Жаңа балабақшаларда балалардың игілігіне барлық жағдайлар жасалынған. Мен бұл мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген сәбилердің еліміздің ертеңгі елеулі азаматтары боларына сенемін, – дей келе, қонақтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Ерқанат Нұрбапаұлы «Аягүл» балабақшасы ағымдағы жылы өңірімізде пайдалануға беріліп отырған он алтыншы нысан екенін де еске салды. Жыл соңына дейін облысымызда осындай 280
орындық тағы бір балабақша өз жұмысын бастайтынын тілге тиек етті. Зейнеткер, аудан тұрғыны Күлпан Бекайдарова мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып отырған ж ұ м ы с т а р ү ш і н о б л ы с п е н ау д а н басшылығына ата-аналар мен бүлдіршіндер тарапынан өз алғысын жеткізді. Бұдан кейін нысанның символикалық кілті табысталды. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов пен облысымыздың Құрметті азаматы, Жуалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Мұратайдың қатысуымен балабақша лентасының қию рәсімі жасалып, қонақтар жаңа ғимаратпен танысты. Салтанат соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол». ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ПОШТА ҚЫЗМЕТІ АУАДАЙ ҚАЖЕТ. БІЗДІҢ АЙМАҚТА БҰЛ МАҢЫЗДЫ ШАРУАНЫ НЕГІЗІНЕН «ҚАЗПОШТА» АҚ-НЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА. «ҚАЗПОШТА» АҚ-ЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫСБЕК ПІРӘЛІНІ САЛА ЖҰМЫСЫ ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕГЕ ТАРТҚАН ЕДІК.
(ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).
БҰРЫН АСФАЛЬТТА ӨСКЕН БАЛАЛАРДЫҢ КӨБІ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТСІЗ, ТІЛГЕ ШОРҚАҚ КЕЛЕДІ ДЕГЕН БІРЖАҚТЫ ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСТЫ. АЛАЙДА, МҰНЫ АЗАТТЫҚТЫҢ АРАЙЛАП АТҚАН ТАҢЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАҒАН ЖАСТАРДЫҢ АЛДЫ БИЛІКТІҢ ӘР ТАРМАҒЫНДА БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҰТҚАСЫН ҰСТАЙ БАСТАДЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ БОЛУЫ ҮШІН ДЕ ТЕР ТӨГІП ЖҮРГЕН ЖАСТАР АЗ ЕМЕС. ҚАЛАҒАН МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ЖАСТАР ҚАНШАМА?!
Он бес күн түзде... Мақсат та Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы мектеп-гимназияны бітірді. Одан кейін Тараз мемлекеттік университетінің механикалық факультетіне оқуға түсті. 2004 жылы жоғары оқу орнын мұнай-газ мамандығы бойынша тәмамдап, «Амангелді газ» кен орнына жұмысқа тұрады. Алғашқыда газ және газ конденсатын өндіру операторы болып жұмысқа қабылданған ол қазір газ өндіру шебері болып, еңбек етіп жүр. – Бізге жүктелген міндет – газдың қалыпты
ағынын бақылау. Газ кен орнының отыз ұңғысының дұрыс жұмыс істеуін және көгілдір отын қозғалысын жіті қадағалап, орталық газ дайындау қондырғысына қалыпты жетуін бақылап отырамыз. Қандайда бір жұмыстың өзіне тән қиындығы болады. Ал, газ саласында жұмыс істеуде үлкен жауапкершілік пен мол тәжірибе керек. Университеттен алған білімімізді осында еңбекпен ұштастырып жатқан жайымыз бар. Жазы аптап ыстық, қысы қақап тұратын құмды өңірдің ауа райының қолайсыздығы да үлкен төзімділікті қажет етеді. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін болғандықтан он бес күн үйде, он бес күн түзде, жұмыста боламыз, – деді Мақсат Мантеев.
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
l БАЙЗАҚ «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінде қазақ тілін үйренуге құлшыныс білдіріп жүрген тыңдаушылар арасында «Үздік тыңдаушысы-2014» байқауы болып өтті. Байқауға қатысушылар «Таныстыру», «Тіл білген – байлық», «Эссе», «Өлең – сөздің патшасы...», «Әнді сүйсең менше сүй...», «Өнерлінің өрісі кең» деп аталатын кезеңдерден сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды А. Борзенкова, екінші орынды Н. Зальцман, үшінші орынды Н. Лоза иеленді. Облыстық байқауға жолдама алған А. Борзенкова онда да топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды.
l Т. РЫСҚҰЛОВ
Адам еңбегімен ардақты
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Жаңатас
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Көлтоған ауылында дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның сырты қандай көрікті болса, іші де соған сайма-сай. Ең бастысы, емделуші үшін не қажеттің бәрі де қарастырылған. Тіркеу орнынан бастап күндізгі стационар, әйелдер, балалар және егу бөлмелері, зертхана болсын бөлек-бөлек орналастырылған әрі қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Бұл жұмыстарға қазынадан 87 миллион теңге жұмсалыпты. Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Оған аудан әкімі Б. Құлекеев қатысып, көлтоғандықтар қуанышына ортақтасты.
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АШЫЛДЫ
Халық мақалы.
Төле би
l ЖУАЛЫ
Жуалыдағы жаңа балабақша
Төресі мен төбесі бар ел алыстан көрінеді.
Шу ауданы
Талас ауданы
Жас маманның облыс орталығындағы отбасында Аяжан, Айбек және Әмина есімді бүлдіршін өсіп жатыр. «Жұмыста жүргенде балаларды сағынатын шығарсың?» дедік Мақсатқа. «Әрине, «бала – бауыр етің» дегендей, кім сағынбасын перзентін. Аңсаймын, сағынамын. Әсіресе, жеті айлық қызымды бір иіскегенше асығатыным бар. Алғашқы жылдары жарты ай өтпей қоятындай көрінетін. Қазір еңбектің тайқазанында қайнап жүріп, уақыттың қалай өткенін білмей де қалатын болдық», – деді ол. Талас ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
«Елбасы – елімнің тірегі» атты тақырыппен өткен конференцияға мектеп оқушылары қатысты. Олар бұған дейін Елбасы күніне орайластырып айлық жариялап, Елбасы мұрасын оқып, үйрену, оны көпшілікке насихаттау мақсатында шығармалар жазып, байқауларға қатысқан болатын. Конференцияда осының барлығы қорытындыланды. Жиында орталық жетекшісі С. Сейітқазиева баяндама жасады. Жамбыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дархан Еламан, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Өзбек Мағжан мен Бауыржан Момышұлы мектебінің оқушысы Айбас Нұрсұлтанның жасаған баяндамалары үздік деп танылды. l ТАЛАС Тұңғыш Президент күнін Талас ауданының тұрғындары зор салтанатпен атап өтті. Апта ішінде барлық мектептер мен балабақшаларда және жоғары және орта арнаулы оқу орындарында Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-теориялық конференциялар, ертеңгіліктер және өзге де іс-шаралар өткізілді. Қаратау қаласындағы «Авангард» кинотеатрында «Балалық шағымның аспаны» көркемфильмі көрсетілді. l ШУ Шу қалалық №1 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елімнің данасы» тақырыбында сазды кеш өтті. Кітапханашы А. Айнақұлова баяндама жасап, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары А. Есіркепова мен Ғ. Темірғалиева Елбасына арнау өлеңдер оқыды. Мәдениет қызметкерлері ел мен жер туралы патриоттық әндер шырқады.
Қаһарман ҚАЗАҚҰЛЫ.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ мен дастарханы Тәуелсіздік күні мерекесінің алдында маған мынадай ой келді. Тәуелсіздік мерекесін мағыналы өткізу үшін көпшілікке қандай ұсыныс айта аламыз? Біз айналамыздағы адамдарға, көршілерге, балаларымызға, ағайын-туыс, дос-жаранға осы ұлы мерекенің ұлағатын түсіндіруде, санасына жеткізуде не атқардық? Әлде, тек теледидарда көрсетілетін бағдарламаларды тамашалап, «Тәуелсіздік күні Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойды» деп күңкілдеумен шектелеміз бе? Менің ойымша, Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасын ұмытпай, мемлекеттік сананы нығайту үшін бәрін қарапайым нәрселерден бастау керек. Мысалы, Түркиядағы бауырлар Тәуелсіздік күні өздерінің байрақтарын пәтерлерінің балкондарына іліп қояды. Көшелеріндегі желбіреп тұрған Түркия жалауынан да көз тұнады. Америкалықтар да өз туларын жоғары ұстайды. Сондықтан, Біз - Қазақстандықтар да осы мерекеде мемлекеттік
байрағымызды бір-бірімізге сыйға тартып, үйімізге, жұмыс орнымызға жарқыратып іліп қойсақ. Сондай-ақ, ел санасына «Тәуелсіздік дастарханы» деген ұғымды енгізсек. Мысалы, халқымыздың дәстүр-салтында Айт, Наурыз сияқты мерекелерде әр үйде арнайы дастархан жайылады. Осындай мерекелік дастарханды әр отбасы Ел Тәуелсіздігі мерекесі күні неге жаймасқа? Оның өз мәзірі мен дәмін неге енгізбеске? Дастархан – қазақ үшін қасиетті ұғым. Халқымызда дастарханды баспайды, дастарханды аттамайды, небір түйінді мәселелер осы дастархан басында шешіледі. Сонымен бірге, дастархан – адамдардың басын біріктіреді, ұйытады, жағымды атмосфера қалыптастырады. Сондықтан, Ел мен Жер тағдыры сынға түскен Тәуелсіздік жолында қаза тапқан батырлар мен арулардың әруағы үшін Құран бағышталып, ғибратты әңгімелер айтылуы үшін еліміздегі әр шаңырақта дастархан жаю үрдісін қалыптастырсақ артық болмас еді. Сіздер қалай ойлайсыздар, ағайын?
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXХІІІ сессиясы 2014 жылдың 11 желтоқсанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 16.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы; 2. «Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту жайы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы №36-4 шешімінің орындалу барысы туралы; 3. Жамбыл облыстық мәслихаттың өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі; 4. Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылға
арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы; 5. Тараз қаласында жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы; 6. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жиделі ауылының бағыныстылығын өзгерту туралы; 7. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 11 желтоқсанында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 13.30-да басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ