5 шілде пдф 2018 жыл

Page 1

Ж

А

ТУҒАН КҮНІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АСТАНА!

АҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Жамбыл ауданы

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

«ҚАЗАҚСТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, АСТАНА» – БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗБЕН, БОЛАШАҒЫМЫЗБЕН БІРТҰТАС ҰҒЫМ

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

НДА ЖАҺА

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

ak-jol-taraz@rambler.ru

Төле би

Жаңатас Қаратау

№77 (18571), Beısenbі, 5 shіlde, 2018 jyl

Шу ауданы

Талас ауданы

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

=ЖАПОНИЯ

Ұшатын көліктерге мінетін күн жақын Жапония үкіметі жыл соңына дейін қауіпсіздік және технология жөнінде арнайы кеңес құрмақ. Бұл кеңес ұшатын көліктерді қолдану үшін құқықтық және техникалық база жасаумен айналысады. «Yomiuri» басылымының мәліметінше, ұшатын көлікті түбегейлі қолданысқа енгізу 2020 жылға жоспарланып отыр. Ұшатын автокөліктер көбінде табиғи апаттарды залалсыздандыруда қолданылмақ. =БЕЛЬГИЯ

Сегіз жасында мектеп бітірді Бельгия тұрғыны Лоран Симонс сегіз жасында жоғары сыныпты бітіріп, университетке түсуге даярлануда. Ол алты жылдық курсын бір жарым жылда бітіріп, 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алды. Лоран сұхбатында сүйікті пәні математика екендігін айтты. Себебі онда алгебра да, статистика да, геометрия да бар. Оқушының ата-анасының айтуынша, ол бос уақытында математикалық есептерді шығарғанды және медициналық кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Бұрын ол хирург немесе ғарышкер болғысы келген, ал қазір информатикаға бет бұруда. Жас вундеркинд жазғы демалыстардан кейін университетке түспек. Әзірге Лорен ешқандай оқу орнын таңдамаған, алайда әлемнің барлық университеттерінен ұсыныс алуда.

Д БЫЛ М А Ж

А

=ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

«Астана» мөлтек ауданы қоқыстан таза болуы керек

Президент «Атамекен» этномемориалды кешеніндегі Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев шараға қатысушылар а лдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік Тудың дәстүрлі түрде Астана күні қарсаңында көтерілуі осы жалпыұлттық мерекенің мәртебесін асқақтата түсетінін атап өтті. Елбасы Қазақстанның аспан түстес көк Туы Астананың қалыптасуы мен бүкіл еліміздің даму жолын айшықтайтынын айтты. – Батыр бабаларымыз біздің зор жеңістерге жетуімізді тілеп, әрдайым Туды тік ұстауды өсиет етті. Содан бері біз барлық жетістікке көк байрақтың астында қол жеткізіп келеміз.

«Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана» деген түсініктер біздің мемлекеттігімізбен, болашағымызбен біртұтас ұғымға айналды. Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз, Тәуелсіздік – орындалған арманымыз. Әлем елдері туларының ешқайсысына ұқсамайтын көк Туымызды дүниежүзі мойындады, – деген Мемлекет басшысы еліміздің сыртқы саясатының бейбітсүйгіш сипатын, Қазақстанның Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды сапалы дайындаудың маңыздылығын жеткізді. – Сіздердің әскери қызметтеріңіз бейбіт жағдайда өтсін деп тілеймін. Бірақ мемлекет әрдайым өзінің қауіпсіздігі мен шекара бүтіндігін ойлауға тиіс. Сондықтан біз офицерлерімізді

тәуелсіз Қазақстанның жаңа жағдайында, жаңа Қарулы Күштеріміз үшін оқытып, тәрбиелейміз. Әскери қызметті лайықты атқарудың үлгісін көрсетіңіздер, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев жас офицерлерге арнаған сөзінде Мемлекеттік Туға зор құрмет көрсету Отанды сүюмен бара-бар екенін атап өтті. Бұл қазақстандық патриотизм құндылықтарын және еліміздегі ұлттық бірегейлікті нығайта түседі. Салтанатты рәсім барысында Елбасы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан еліміздің жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қарулы Күштердің офицерлік шендерін алды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев

барша жұртты Астананың 20 жылдығымен құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. Осы күні Президент жазғы және қысқы паралимпиялық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервті сапалы әрі кәсіби дайындау үшін салынған елорданың жаңа бірегей спорт кешенімен танысты. Сондай-ақ ойын залын, күрес пен жаттығу бөлмелерін аралап көріп, спортшылармен және бапкерлер құрамымен әңгімелесті. Спорттық нысанның ашылу рәсімінде Азия Паралимпиялық комитетінің президенті Маджид Рашед Нұрсұлтан Назарбаевқа осы ұйымның «Құрмет» орденін тапсырды.

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАДЫ Жанғазы АХМЕТ

ОБЛЫС ӘКІМІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН 6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды мемлекеттігімізді ұлықтайтын, Ұлы Дала төрінде ірге жайып, шаңырақ көтерген алаш астанасының мерекесі – Елорда күнімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары ашылып, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналып, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Елордамыз Сарыарқа төсіне көшірілген жылдары Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады», – деген болатын. Бүгінде төрткүл дүниеге тыныштық пен теңдіктің, өркендеу мен өрлеудің үлгісін көрсетіп отырған Астананың 20 жылдық торқалы тойы – мың жылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің бір кезеңі, ұлттық республикамыздың жаңа белесі деп білеміз. Астана – бүгінде Батыс пен Шығыс өркениетін қайта жалғап отырған шуақты шаһар! Қысқы Азия ойындары, халықаралық «ЭКСПО–2017» көрмесі, өнер фестивальдары мен дүниені дүбірлеткен спорт жарыстары Астанаға ғана емес, біздің Отанымызға да әлем назарын аудартып, өркениеттік идеялар мен ғаламдық деңгейдегі бірлікті сақтайтын шешімдер қалыптасатын алаңға айналды. Астана – Қазақстанның жаңару нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бүгінгі таңда егемен еліміздің барлық өңірі елордамызға қарап бой түзеп келеді. Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық тыныстіршілігіне қуат, халқымыздың рухани жаңғыруына серпін берер Елбасымыздың тарихи туындысы атанған әсем Астана жасай берсін! Үшінші он жылдық шежіресінің алғашқы парағын ашқалы тұрған Елорда мерекесі қарсаңында отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін! Мерейлі мерекеміз – Астана күні құтты болсын! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!

Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ең бір жарқын жетістігі – Астана. Елбасының ерлікке тең бастамасының арқасында б о й к ө т е р ге н а ж а рл ы д а арайлы Астанамыз – бүгінде барша қазақстандықтардың мақтанышы, мәртебе сі, мерейі. Ендеше, ерке Есілдің бойындағы еңселі елордамыздың мерейтойы елдің қуанышы десек, қателеспейміз. Биыл асқақ Астанамыздың құрылғанына жиырма жыл толып отыр. Әлбетте, осы жылдар ішінде бас қаламыздың өсіпөркендеп, үлкен жетістікке жетуіне барлық өңір

тұрғындарының, оның ішінде жамбылдықтардың да қосқан үлесі мол. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен салтанатты жиында облыс әкімі айтып өтті. Сондай-ақ Асқар Мырзахметов

жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. – Қазіргі таңда Астана күні мерекесі тек сол қаланың тұрғындарының ғана емес, жалпы халықтық мерекеге

а й н а л ғ а н д ы ғ ы а қ и қ а т. Ол – өңірлердің қарқынды дамуының басты факторы, олардың алға қарай ілгерілеуінің драйвері іспетті. Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен өзгерістерге б а с қ а л а м ы зд ы ң б ү г і н г і келбеті ықпал етіп отыр де сек, артық айтпаймыз. Елдің дамуына да серпін беретін осы елордамыз. Бұл туралы «Астана – аймақтар арқауы» атты форумда да жанжақты айтқан болатынбыз. Өйткені өркендеу мен дамудың қазақстандық жолын қалыптастырған еліміздің даму бағдары – Астананың дамуымен тамырлас, – деді облыс әкімі Асқар Исабекұлы.

Облыс орталығында өткен бір жиында Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев жыл аяғына дейін тоғыз жолдың торабы Шу өңірінде облыстық ақындар айтысын ұйымдастырамыз деген болатын. Іскер әкім уәдесінде тұрып, елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Асқақтай бер, Аст ана!» атты облыстық ақындар

айтысын өткізді. Қай кезде де ақиқатты жеткізген өнер иелерінің додасы аудан әкімдігі

мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен

= БАЙЗАҚ АУДАНЫ

Елорда тойына арнап көкпар тартты Астана қаласының мерейтойына орай Жаңатұрмыс ауылдық округінде көкпар болды. Айтулы додаға өңіріміздің жер-жерінен қонақтар келіп, салтанат сәнін кіргізді. Бұл – ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын ұлттық ойын, әсіресе Байзақ ауданында кеңінен етек жайып, ерекше қарқынмен дамып келе жатқандығының көрінісі. «Көкпарға Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандарынан 11 команда қатысты. Нәтижесінде байзақтық команда бас жүлдені қанжығалады», деді аудандық спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров.

Ана көркі алдындағы баласы, Астана көркі үйі , халқы, ағашы. ЖАЗЫЛЫМ – 2018

(Жалғасы 2-бетте).

Төріңе шықты ақындар, Тілеген елдің бірлігін Ерғали ҚАРТАЙҒАН

Биылғы жаз маусымында 450-ден аса тараздық студент еңбекке тартылды. Қазір шілденің аптап ыстығына қарамастан, жастар көне шаһардың табиғатын көркейтіп, тазалық жұмыстарын ретке келтіруге атсалысуда. Жастарды еңбекке баулитын шара осымен 13-жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оған 16 мен 29 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Жасақ мүшелерінің жалақысы – 40000 теңге. Студенттер қазір «Астана» мөлтек аудандарындағы арық пен көше қалтарыстарын тазалады. Ендігі кезек «Зербұлақ» демалыс аумағында.

ұйымдастырылды. Қазақ халқы үшін сөздің к и е с і ә рд а й ы м а л ғ а ш қ ы орында тұрады. Ұлтымыз – қай заманда болмасын қара сөздің қадірін жете түсініп, сөзге тоқтаған халық. Ғасырлар тоғысынан сыр шертіп, дәуірлер үнін тыңдағымыз келсе де, ең әуелі сөзге жүгінеріміз хақ. Ат сүрінгенше ақыл табатын кемеңгер халқымыз бұл жолда мүлт кеткен жоқ. (Жалғасы 8-бетте).

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН! «Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
5 шілде пдф 2018 жыл by akjolgazet - Issuu