ЕЛБАСЫ ТІЛЕГІ, ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ. ЖАСАНҒАН ЕЛОРДА, ТУҒАН ЖЕР ТІРЕГІ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №100-101 (17957-17958), Сенбі, 5 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
l
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЕЛБАСЫ – ШАҢЫРАҚ, ЕЛ – УЫҚ l
АСТАНА МӘҢГІ ҚҰТТЫ ОРДА!
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ АРАЛАП КӨРДІ. СОНДАЙ-АҚ, «НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ» КӨП ФУНК ЦИЯЛЫ ҒЫЛЫМИ-ТАЛДАУ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚАҒАРТУ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ АРҚАУЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХА НАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме През идентке сыйға тартылған экспон аттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні Мемлекет басш ыларын ың және олардың ресми өкілд ерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерліктерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар. Ғимаратта көшпелілер мен дала төсіндегі қалалардың санғасырлық тарихында қалыптасқан қазақ халқының философиясын танытатын «Мәңгілік Ел» галереясы
орналасқан. Мемлекет басшыларының мұн дай орталықтары, кітапх ан алары мен қорлары әлемдік тәжірибеде, атап айтқанда, АҚШ-та, Францияда, Түркияда және басқа елдерде бар. Олардың басты міндеті ел басшыларының жеке мұрағатын жинақтау және жүйелеу болып
саналады. Мұнымен қатар, Елбасы ғимарат ішіне орналастырылған отандық өнім шығаратын үздік кәсіпорындардың арнайы ұйымдастырылған көрмесін аралап көрді. Көрмені аралап, танысып шыққ ан Елбасы жаңадан ашы лып, салтанатты шара өтіп жатқан
ғимаратқа қатысты өз ойын білдірді. «Бұл ғимарат бас қаланың көркін одан сайын ажарландыра түсті. Келешекте халық игілігіне жұмыс істейт ін мәдени орталық болады деп ойлаймын. Бұл әсем қаламыз Астананың туған күніне жасалған ғажайып тарту-таралғыларымыздың бірі. Кең-байтақ даламызда түндігін түріп тастап, еркіндікке негізделген өзіміздің киіз үйімізге ұқсатып салынған. Қабырғасы мен төбесінің шыны пакетпен жабылуының өзі ғимаратты жылыту мен жарық тандыруға кететін шығын көле мінің азаюына зор септігін тигі зетін болады. Сондықтан да, мына ғимарат «Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент кітапханасы» деп аталғанымен, бұл жерді ұлтымыздың игілігіне жұмыс істейтін мәдениет орталығы ретінде қабылдау керек», деді Мемлекет басшысы. Президент биіктігі 9 қабатты құр айтын, жалпы көлемі 30 мың шаршы метрден тұратын ғажайып ғимарат қазіргі замандағы ең атақты сәулетшінің бірі Норман Фостердің Астанадағы үшінші керемет сәулет өнері екендігін де айтты.
КҮЛӘШ АХМЕТОВА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ МЕТАЛЛУРГІ
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі табыс етілді. Астана күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тапсырды. Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді. «Ақ жол-Ақпарат».
«АСТАНА ЭКСПО-2017» КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің салыну барысын көріп шыққан соң, құрылыс барысына арнайы салынған мәжіліс залы, баспасөз орталығына келіп, құрылысты жүргізіп жатқан компания басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жалпы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысына қатысты барлық жауапты тұлғаларды жинап, мәжіліс өткізді. Құрылыстың жай-жапсары жайында есептерін тыңдады. Нысандардың электронды нұсқадағы нобайларын көріп, кешеннің келешектегі келбетін келісті етуге ақылдасты. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің павильондарының негізгі құрылымдарын салу 2015 жылдың қазан айына қарай аяқталады, деп атап өтті Т.Ермегияев. 2015 жылдың қазан айында павильондар ішіндегі әрлеу жұ мыстары басталмақ. Ал орталық көрме павильонына қатысты әрлеу жұмыстары 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Сондай-ақ, ол келер жылд ың қазан айында халықа ралық павильондардың негізгі құрылымдарының құрылысы аяқталады дегенді айтты. Сонымен қатар, ЭКСПО-қалашықтың «нөлдік кезеңін» құрылысшылар кестеден ерте аяқтауды жоспарлап отыр екен. Бастапқы кесте бойынша «нөлдік кезеңнің» аяқталуы 2014 жылдың желтоқсанына жоспарланыпты. Т.Ермегияевтің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес толық көлемде жүргізілуде. Ұлттық компания басшысының мәліметінше, Халықаралық
ЕЛДІКТІҢ ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШІ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті облыс тұрғындары! Баршаңызды еңселі Елорда – Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл барша Алаш ардақ тұтқан Елордамызға 16 жыл толып отыр. Осынау жылдар ішінде Астана ұлтымыздың рухын көтеріп, санамызға сергек сілкініс әкелді, дамудың жаңа жолына түсті. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың батыл шешімінің арқасында Арқа төсінен орын тепкен әсем Астана бүгінде ұлтымыздың символы, Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Бүгінгі Астана – тұла бойында Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырған, бүкілғаламдық дипломатияның, Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның орталығына айналған бірегей қала. Еліміздің бас қаласы әлем елдерінің басшылары бас қосып, жаһандық проблемаларды шешетін, бейбіт бастамаларды іске асыратын халықаралық саясаттың ордасы. Есілдің жағасына ел қондырған әсем Астанамызда Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, Әлем діндері көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы сияқты шоқтығы биік шаралар өтті. Алда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткелі отыр. Бұл – бүкіл Қазақстанның ортақ жеңісі және халықаралық қауымдастықтың зор сенімінің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына берілген жоғары бағаның айғағы. Астана – Қазақстан халқының мәртебелі мақтанышы. Оның алдында әлі де көптеген аса ауқымды жоспарлар мен жобалар тұрғандығы сөзсіз. Оларды жүзеге асыруға еліміздің әрбір азаматы өзінің күш-жігерін жұмсауға тиіс. Қадірменді жамбылдықтар! Баршаңызды тағы да еліміздің жүрегі – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елдік пен тұтастықтың туын көкке көтерген Астана қаласының келешегі кемел, болашағы баянды болсын! Бас қаламыздың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биіктей берсін!
көрмелер бюросының талабына сәйкес, Қазақстан көрмені ұйымдастырушы ел ретінде халықаралық қатысушылардың тұрғылықты жерлерін қамтамасыз ететін болады. Қонақтарға 1300 пәтер қарастырылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 300 техника мен 700 құрылысшы жұмылдырылған. Кешеннің жалпы ауданы – 173,4 гектар. Ал көрме аймағы – 148,5 гектар. Құрылыс 2014 жылғы 24 сәуірде басталған болатын. Көрме аймағы құрылысының негізгі нысандары – Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сондай-ақ, сауда және ойын-сауық ғимараттары. Есеп берушілермен пікірлескен және сұрақ-жауап түрінде өткен басқосу барысында Елбасы кешеннің құрылысына жауапты басшыларға ЭКСПО қалашығының маңыздылығын айта отырып, онда айрықша ескерілу тиіс мәселелерге тоқталды. Көрмені өткізу Астана қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. – Бұл – әлемдік ауқымдағы ірі іс-шара. Бүкіл әлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін сіздерге, мердігерлерге оның дайындығына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілеттеріңізді өзге нысандарда дәлелдедіңіздер. Отандық компаниялар, сондайақ, біздің елімізде жұмыс істеген шетелдік мердігерлер бұған дейін ешқашан ұятқа қалдырған емес, қазір де бәрін уақытында және сапалы атқаруы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. «Ақ жол-Ақпарат».
ҚОНЫСТОЙ
КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ Астана күні қарсаңында 140 отбасы баспаналы болды Кеше Тараз қаласының «Бәйтерек» шағын ауданында көпқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспаналы болған тараздықтарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ізгі тілегін арнады. (Жалғасы 7-бетте).
Тәуелсіздіктің таңдары Тамылжып тұнық атқанда, Кеткенімізді келтіріп, Төккенімізді толтырып, Жарылқағанда көкте Алла, Күн астында құлпырып, Қиядағыға ұмтылып, Қырандай қанат қаққанда, Армандап жеткен осынау Оңтайлы, сәтті шақтарда Тәуекел етіп тоқтамға, Отанын сүйген Елбасы Орда қонысын тапқанда, Аспанның астын жайнатып, Астана – шаһар соққанда, Өз жүрегімізден өткізіп, Өз қолымызбен тұрғызып, Жасыл орманмен белдеулеп, Безентіп гүлмен қырмызы, Махаббатымызбен толтырып, Мемлекетіміздің жұлдызын Арқа төсіне жаққанда! – Көсіліп сұлу жағасы, Есіліп Есіл аққанда, Тақырдың бетін гүл етіп, Табанымыз тиіп мақпалға, Төбеміз тиіп бұлттарға, Төңірегіміз көрініп, Төскейге шауып шыққанда, Реңімізді кіргізген, Бөрілігімізді білгізген Қазақтың қайсар намысы – Астана мәңгі құтты орда!
Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат. Халық даналығы. «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МІНДЕТ ПЕН МЕЖЕ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
ЕГІ Д Е Б Ө Т АРАЛ АР Т П Ы Л А а аңатаст
еген Ж л ү т а т й а қ е с е м не
САРЫСУ АУДАНЫНАН ЖАН ЖАДЫРАТАР, КӨҢІЛ ҚУАНТАР ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КҮН САЙЫН ЕСТІП ЖАТАМЫЗ. СОНАУ БІР ЖЫЛДАРЫ ЕРЕУІЛДЕН КӨЗ АШПАҒАН ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП, БОЛАШАҚҚА СЕНІММЕН ҚАРАУДА. АУДАН ӘКІМІ ҚАНАТБЕК МӘДІБЕК: – АУДАНЫМЫЗ АНА БІР ЖЫЛДАРЫ ШАЛҒАЙДАҒЫ МЕКЕН САНАЛСА, ТІПТІ, КЕЙБІРЕУЛЕР АТ ІЗІН САЛМАСА, ЕНДІ МІНЕ, ИНВЕСТОРЛАР ЖИІ ЖАҒАЛАЙТЫН АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫ, – ДЕДІ. ТАЯУДА «ЕУРОХИМТЫҢАЙТҚЫШ» ЖШС КЕН ӨНДІРЕ БАСТАПТЫ ДЕГЕНДІ ДЕ ЕСТІДІК. ЖАҢАЛЫҚТЫ ОҚЫРМАНҒА ТЕЗ ЖЕТКІЗЕТІН ӘДЕТІМІЗДЕН ЖАҢЫЛМАЙ ЖАҢАТАСҚА ҚАРАЙ ЖОЛ ТАРТҚАН ЕДІК. АЛДЫМЫЗДАН ЖАҢАРҒАН, ЖАЙНАҒАН ҚАЛА ҚАРСЫ АЛДЫ. ӘҢГІМЕНІ СОДАН БАСТАУДЫ ЖӨН КӨРІП ОТЫРМЫЗ.
(Жалғасы 7-бетте).