5 сәуір 2016 ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№51 (18245), Бейсенбі, 5 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ИННОВАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ

АҚШ СҮҢГУІР-РОБОТ СУ ТҮБІНДЕ ЖАТҚАН КЕМЕДЕН ЖӘДІГЕР ТАПТЫ

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА 600 БАСҚА АРНАЛҒАН РОБОТТАЛҒАН СҮТ САУУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Отан қорғаушы күнін жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық əскери-патриоттық орталығына барды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, еңбек ардагерлері, Қарулы Күштердің офицерлері қатысты. Қарулы Күштердің Ұлттық əскерип ат р и о т т ы қ о р т а л ы ғ ы н Қ а з а қ с т а н Президенті 2015 жылы 1 желтоқсанда ашты. Ұлттық əскери-патриоттық орталық құрылымына Əскери-тарихи мұражай, Орталық əскери оркестр жəне Орталық ансамбль кіреді. Мемлекеттік хатшы Қарулы Күштердің Əскери-тарихи мұражайының экспозицияларымен танысты. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттерімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің жəне əскери-патриоттық клубтардың тəрбиеленушілерімен, Астана қаласы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасын одан əрі дамыту жəне өркендетуге бағытталған «Мəңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында өскелең ұрпақты əскери-патриоттық бағытта тəрбиелеудің өзекті мəселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар Қорғаныс министрлігінің елдегі ардагерлер қоғамдастығымен, өскелең жастармен жəне жаңа қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу жөніндегі құзырлы мемлекеттік органдармен тиімді өзара ісқимылын қамтамасыз ету тұрғысында пікір алмасты. Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жас ұрпақтың əскери-патриоттық тəрбиесін жетілдірудегі басымдықтарды айқындап, Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.

«Қақпатас-Қордай» ж ауап ке р ш і л і г і ш е кт еул і серіктестігі – Қордай ауданындағы шаруасы алға басып келе жатқан агроқұрылымдардың бірі. Бір жарым мың бастан аса ірі қара өсіретін, асыл тұқымды элиталық шаруашылық мəртебесін иеленген серіктестік облыста алғашқылардың бірі болып шетелден асыл тұқымды ірі қара əкеліп, жерсіндірумен айналысты. 2012 жылы шаруашылықтың өз қаражаты есебінен Ирландиядан сатып əкелінген 309 (14-і бұқа) бас Ангус жəне Герефорд тұқымды сиырлар үш жылда өз төлдерімен көбейіп, бүгінде 800-ден астам басқа жеткен. Сонымен қатар 858 бас асыл тұқымды Алатау тұқымды сиыры да бар. Серіктестіктің тұрақты пайда көзі – сүт өндірісі. Мұнда 250 бас сауын сиыр бар. Жыл соңына дейін сауын сиыр басын 600 басқа жеткізу жоспарлануда. Сиырлар жыл-он екі ай қолда ұсталып, бағылады. Оған барлық жағдай жасалынған. Екі фермада да мал күтіміне айрықша мəн беріледі. Былтырғы жылы агроқұрылым төрағасы Дүйсехан Қошалиев бұрынғы шошқа базының орнынан 600 бас сауын сиырына арналған жаңа тауарлы-сүт фермасын ашты. Швейцариялық технологиямен « Д е л о ва л ь » ф и рма с ы н а н 2 5 0 миллион теңгеге сатып алынған еуростандарт үлгісінде жұмыс і с т е й т і н ж а ң а б а зд а ғ ы ма л ғ а азық тарату, астын тазарту, сүт сауу тəрізді жұмыстың барлығы автоматтандырылған. Сиырлар алаңға байлаусыз жіберіледі, азық

СИНГАПУР ӨЗДІГІНЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК Сингапурде өздігінен басқарылатын қоғамдық көлік пайда болады. Жоба роботтандырылған көлік құралдары арқылы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Бастама атауы «2getthere Asia». Жоба бойынша электрлік қозғалтқыштары бар өзінөзі басқаратын қоғамдық көліктер құрастырылуда. Салон сыйымдылығы 24 жолаушы. Көлік сапасы сағатына 8 мың тұрғынды тасымалдауға шыдамды. ҚЫТАЙ СУТЕКТІ ОТЫНМЕН ЖҮРЕТІН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ТРАМВАЙ Жолаушылар көлігінің бұл түріне қуаты ұзақ уақыт бойы таусылмайтын батарея кіріктірілген. Ал ең бастысы, трамвайдың едені жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін барынша төмен етіп жасалған. Бір қызығы, егер бұл көлікке мінетін адам сыймай бара жатса, орындықтар санын арттыруға болады. Сондай-ақ трамвай жүрген кезде қоршаған ортаны ластамайды және шу шықпайды.

ЫЛ ЖАМБ жейтін жері бөлек, жататын орны бөлек, асты құрғақ. Қораларға пластикалық терезелер қойылады, баздың ішіндегі температура, желдету автоматты түрде реттеліп отырады. Ескі баздардың төбесі қайт а шатырланып, іші жаңа технологияға сай өзгертілді. Қайта жарақтандыруына 270 миллион теңге қаражат жұмсалған. «Сиырдың сүті – тілінде» дегенді жақсы білетін олар жемшөптің мол қорын дайындауға баса назар

аударады. Мəселен, сүрлемдік жүгері мен жоңышқадан жаздай сауын малына көктей орып бергенінен бөлек, 2,5 мың тонна сүрлем жəне 3,5 мың тонна пішендеме дайындалады. Мың гектар арпа, бидай мен 150 гектар дəндік жүгері егісінен қажетінше жем қоры дайындалуда. Сауыншылардың өнімді жұмыс істеуіне жағдай жасалынған. Күніне екі мəрте сауылып алынатын сүттің едəуір бөлігі (3000 литр) « Ф уд м а с т е р Е с и к » Ж Ш С - н а

жөнелтіліп, одан қолма-қол ақша шаруашылық кассасына құйылып жатыр. Облыс əкімінің жергілікті қ а й т а ө ң д еу ш і л е р д і қ о л д ау талабымен 500 литр сүт соңғы айларда Қордайдағы «Куликов сүт өнімдері» ЖШС-на тапсырылуда. Болашақта шаруашылық ауқымын кеңейтіп, мал басын арттыра түспек. «Ақ жол-Ақпарат». Қордай ауданы.

МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТТЕРІ

Құданы Құдай қосады, Досты періште қосады.

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕЙРАМ

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

«ӘЛЕМ . ХХ І ҒА СЫ

М Р» ЕС ИФ АН

Елімізді мекен етіп отырған 130-дан аст ам ұлт өкілдерінің бірлігінен, олардың мамыражай, т ату-тəтті тіршілігінен асқан байлық жоқ. Оған 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған облысымыздағы этномəдени орталықтардың мерекелік бағдарламасы арқылы тағы бір көз жеткіздік. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының ұйымдастыруымен Мамыр саябағында өткен мерекелік шара көпшіліктің көңілінен шықты. Өңіріміздегі түрлі

ұлт өкілдері, жастар, ақс ақа лдар мен əжелер

қонақ болған мерекелік шара барысында саялы саябақ

іші думанға толып, шатшадыман күйге бөленді. Алдымен, саябаққа келушілер қолөнер ш е бе рл е р і н і ң к ө рм е с і н тамашалап, ондағы бейнелеу жəне қолданбалы өнердің түрлі бұйымдарын естелікке сатып алып, бірбіріне сыйлыққа ұсынып, мəз-мейрам болысты. Сондай-ақ, ұлттық тағамдарынан əзірленген көрме де көпшілікті разы етті. Бұдан соң түрлі ұлттардың өнерлі тобының концерттік бағдарламасы жиналғандарды т амаша əсерге бөледі. (Жалғасы 2-бетте).

І

ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ Қамбар ИМАНАЛИЕВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Елімізде ядролық отын банкін құру туралы əңгіменің шыққанына біраз жылдың жүзі болғаны белгілі. Шамамен жеті жыл ішінде атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) қаншама келіссөздер жүргізіліп, мəселе жан-жақты талқыланды. Содан кейін ғана ел Үкіметі МАГАТЭ-мен жүргізілген келіссөздерді мақұлдаған болатын. Көп ұзамай халықаралық ұйым да осындай шешімге келді. Бұл дегеніңіз – «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» кесімді шешім болды деп есептеймін. Қазіргі таңда сарапшылар Елбасымыздың Вашингтонда жариялаған манифесінде осы мақсатта, яғни ядролық отынды қауіпсіздендіру һəм оны бейбіт мақсатта қолдану туралы айтқан пікірін бүкіл əлемге үлгі болды деп бағалауда. Мұның маңыздылығы – атомдық отын базасын жасау біздің елімізге деген сенімді білдіреді дер едім. Осы орайда қарапайым тұрғындарға түсінікті болуы үшін тарқатып айта кетейін. Əлемде жалғыз біздің мемлекетті «осы ел дұрыс, осылар сенімді, ядролық отын базасы осыларда болса кез-келген уақытта алып, байытатынын байытып, заңды түрде жұмыс жасаймыз» деп жасалған əрекет бұл. Ал оның ар жағында бизнес тұр. Ядролық отын банкін құру қойма тұрғызу емес, бұл – үлкен инфрақұрылым. Бұл жерде қаншама адам жұмыс істейді. Бұл үлкен бір өнеркəсіп сияқты. Ол жерде отынның бəрін жинайтын, реттейтін, есептейтін, тазалап тұратын, желдететін, жылытатын деген сияқты бірнеше жұмыс орны болады. Одан кейін осы қызметтің бəрін атқаратын маман дайындалады деген сөз. Осыдан соң оның айналасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қалай дегенде де ядролық отын банкін құрудағы ең басты мақсат – елдің экономикасын, халықтың тұрмысын көтеру екені анық. Оның үстіне бізде оған толығымен мүмкіндік бар екендігі себеп болса керек. Мұндай қадамдар қашанда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады емес пе? Меркі ауданы.

Стэнфорд университетінің мамандары құрастырған OceanOne сүңгуір роботы XVII ғасырда батып кеткен кемені қарап шықты. Сүңгуір роботы Жерорта теңізінде Францияның оңтүстік жағалауынан 32 шақырым жерде суға кеткен XIV Людовиктің кемесіне сүңгіді. Кеме сынықтарының арасынан ол шағын құмыраны тапты. Бұл құмыраны робот себетке салып, су бетіне алып шыққан.

РТУЛАР ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТА

ДА

БАЙЗАҚ ДИХАНДА ЖАҢА МЕШІТ САЛЫНДЫ Дихан ауылдық округінде жаңа мешіт есігін айқара ашты. Кәсіпкер Бағдаш Қазбекұлы мен осы ауылдың түлегі Нүрсия Баймұратқызының ұйытқы болуымен салынған мешіттің ашылу салтанатына облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев келіп, уағыз айтты. Ауыл тұрғындары мешітке демеушілік еткен кәсіпкерлерге алғыстарын жаудырып, ақ батасын берді. МЕРКІ ЖОБА ҚҰНЫ – 664 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-ның Меркі филиалы кәсіпорынның шырын тазалайтын цехын қайта жаңғыртуды қолға алғалы отыр. Кaмералық фильтр-пресс КФ-1200 тәулігіне 250 тонна шикізат шырынын мехaникалық қоспалардан, ластанған сұйықтықтардан тазалайды және залалсыздандырады. Жоба құны 664 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба жақын күндері іске қосылып, жаңа 18 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. ШУ СУРЕТШІНІҢ СЫЙЫ Белгілі суретші Қали Қораласбаевтың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмесі өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған көрмеге оның майлы бояумен салынған суреттері, графикалық жұмыстары, тас және ағаш мүсіндері қойылды. «Дала үндестігі», «Дала қорғаны», «Мәңгілік ел», «Болашақ», «Қорқыттың зары», «Біз сендерді күтеміз», «Айлы түн», «Тастанды ұя», «Халық трагедиясы», «Тағдыр» атты шығармаларынан ұлтымыздың мәдениетін, құндылығын, рухы мен жан дүниесін аңғаруға болады.

АЛТЫН ӨНДІРІСІНІҢ ЖЕЛІСІ ҰЛҒАЯДЫ Облыста таяуда алтын өндіретін шағын зауыттың құрылысы басталады. Кəсіпорын жылына 1500 килограмм алтын өндіру əлеуетіне ие. Зауыт 75 пайыздық алтын-күміс концентратын алумен бірге алтын қоспасы бар кендерді байыту жəне қайта өңдеумен шұғылданады. Бұл іс Қордай ауданы Қырғау

ОЛ КӘСІПКЕР ҮСЕН ИСАБЕКОВТІҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛІП ОТЫР Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ САЛАСЫ ТАҒЫ БІР МЕКЕМЕМЕН ТОЛЫҚТЫ. КӘСІПКЕР ҮСЕН ИСАБЕКОВТІҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 250 ОРЫНДЫҚ «МЕДИНА» ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. САЛТАНАТТЫ ШАРАДА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚШАНЫҢ ЕСІГІН АЙҚАРА АШҚАНЫМЕН ЖИНАЛҒАНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ.

кен орнында жүзеге асырылатын болады. Жоба 2015 жылдан бастап индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған. Жобаның бастамашысы – «Алатау-Қордай» ЖШС. Жалпы құны 692,2 миллион теңгені құрайды. Бүгінде Қырғау кен орнын барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын рəсімдеу жүріп ж ат ы р . С о н ы м е н қ ат а р , ге ол о г и я л ы қ б а рл ау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар дайындалған. «Казюжгипроводстройпроект» арқылы инфрақұрылымды құруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін келісім-шарт жасалды. Ал, 28 гектар аумақта зауыт құрылысын жүргізу үшін жер пайдалану құқығын алуға құжаттарды рəсімдеу ісі аяқталуға жақын. Кəсіпорынның құрылыс жұмыстарына ондаған адам тартылып, ал ол іске қосылғаннан кейін 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

(Жалғасы 2-бетте).

Облыс əкімінің баспасөз қызметі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.