БАҒЫТ АЙҚЫН, БЕРІК ӘРКЕЗ ІРГЕМІЗ, ДОСТЫҚ ТУЫН КӨТЕРЕМІЗ БІРГЕ БІЗ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
КӨП ҰЛТТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗ – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, МАҚТАНЫШЫМЫЗ.
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. №14 (18048), Бейсенбі, 5 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Жыр-шашу
ЕРТЕҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАЛАДЫ
дей Бір тін лігі елд асқан енб қа із зақ
МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТЫ ҰРАНЫ ОСЫ
Ирина КИМ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАНТАРАЗ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОР-ҮЙЛЕСТІРУШІСІ.
ТАЛАЙ-ТАЛАЙ СОҚПАҚ ЖОЛДЫ КӨРГЕНБІЗ, ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІН БІРГЕ ЖЕҢГЕНБІЗ. БІЗ МАСЫЛҒА АЙНАЛМАСТАН ТЕР ТӨГІП, БІЗ ҒАСЫРҒА БІРЛІК ҮШІН КЕЛГЕНБІЗ!
ҚОЙ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ ТӨРТ БІРДЕЙ ДҮБІРЛІ ТОЙДЫ ҚАТАР АТАП ӨТПЕК. НАҚТЫЛАЙ АЙТҚАНДА, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550, ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70, АТА ЗАҢЫМЫЗ БЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ МЕРЕКЕЛЕНЕТІН БОЛАДЫ. МҰНЫҢ БӘРІ ДЕ ЕЛДІҢ БЕРЕКЕЛІ БІРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ. МІНЕ, СОНДЫҚТАН ДА БОЛАР, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ БЕН ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАП, БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. ЕРТЕҢ, ДӘЛІРЕК АЙТҚАНДА, 6 АҚПАН КҮНІ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША БІР МЕЗГІЛДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛЫП, ДОСТЫҚ ТУЫ КӨККЕ КӨТЕРІЛЕДІ. БІЗ ОСЫНАУ ДУМАНДЫ МЕРЕКЕНІҢ АЛДЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЛАРИСА ЛЫСОВАМЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.
ӘРБІР ІСТІҢ БОЛСЫН ЫЛҒИ БАСЫ ҚҰТ, БІЗ ЖҮРЕЙІК, ЖАҚСЫЛЫҚҚА АСЫҒЫП. БӘРІМІЗГЕ ПАНА БОЛҒАН ОТАННЫҢ, ЖҮРЕЙІКШІ ТЕК МЕРЕЙІН АСЫРЫП! ХАЛЫҚПЫЗ ҒОЙ, БАСШЫ САЛҒАН ЖОЛДЫ ҰҚҚАН, КЕЗІМІЗ ЖОҚ ОРТА ТҰСТА ШАЛДЫҚҚАН. ӘР КЕЗЕҢДЕ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛДЫҚ, ОРТА АЗИЯ БАРЫСЫМЫЗ СОНДЫҚТАН.
(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).
БОРЫШЫМЫЗ ЕЛ АЛДЫНДА ӨТЕЛІП, БІР МҮДДЕМЕН БАР МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛІК. ЖҮРЕЙІКШІ ТАТУ-ТӘТТІ КҮН КЕШІП, ЖҮРЕЙІКШІ ДОСТЫҚ ТУЫН КӨТЕРІП! БІРЛІГІ АСҚАН ҚАЗАҚ ДЕЙТІН ЕЛДЕНБІЗ, КЕЛЕР КҮННІҢ СӘУЛЕСІНЕ СЕНГЕНБІЗ. ҰЛТ-ҰЛЫСҚА БӨЛІНБЕСТЕН БІР СӘТКЕ, ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІН БІРГЕ ЖЕҢГЕНБІЗ!
Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді. Халық мақалы.
БІЗ
–
З! ҚТАРМЫ
ҰЛ
ДЫ СТАН Қ А З ҚА
Ы
Ж ЕҢ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ.
ТАТУЛЫҚ ДӘРІСІ
К ІС
Е
0Ж 7 –
ЫЛ
АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ
ЕЛІМІЗДЕ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ БАРЛЫҒЫ 5,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ
БАРЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАДЫ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай еліміздің барлық жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептерде толеранттылық сабағы оқытылады. Біздің облысымыз бойынша осындай мақсаттағы алғашқы дәріс М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақстан қоғамының бірігуіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының орны» тақырыбымен өтті. Оқу орнына қарасты М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» өткен дәріске студенттерден бөлек, оқытушыпрофессорлық құрам, өңірдегі этномәдени орталықтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері шақырылды. Басқосуды университет ректоры, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының
төрағасы Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізді. – Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы. Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдықтарына орай іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес, 2-5 ақпан аралығында еліміздің жоғары оқу орындарында Ассамблея мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер, толеранттылық, ұлтаралық татулық және конфессияаралық келісім идеяларын жастардың санасына сіңіру мақсатында сабақтар өтуде. Бүгінгі басқосудың да мән-маңызы осы, – дей келе Махметғали Нұрғалиұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам өміріндегі алар орны мен атқарар рөліне кеңінен тоқталды. Келесі кезекте сөз алған облыстық
БЕЙБІТШІЛІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛМІЗ Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, «ӘУЛИЕАТА» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ. ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БҮГІНДЕ ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ОТЫРҒАНДЫҒЫ АЙҚЫН. ҚАЗІРГІ ТАҢДА АССАМБЛЕЯ – ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛЫП, ЕЛІМІЗДЕ БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА БЕЙБІТ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН БАРЛЫҚ ЭТНОСТАРДЫҢ ӨЗАРА ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ ҚАТЫНАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ РӨЛГЕ ИЕ БІРДЕН-БІР ҰЙЫМ. МЕМЛЕКЕТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БОЛМАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДА ЖЕТІСТІК БОЛМАЙДЫ ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ТАРИХ ӘЛДЕҚАШАН ДӘЛЕЛДЕП БЕРГЕН. ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫНДА БҰЛ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІКТІ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУШЫ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛҒАНЫН УАҚЫТТЫҢ ӨЗІ КӨРСЕТІП ОТЫР.
(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова татулықтың талбесігіне айналған құрылымның ерекшеліктері, оның жиырма жыл ішінде бағындырған белестері, алдағы айқын мақсаттар туралы әңгімеледі. Ол сөзінің соңында барша қатысушыларды мерекелі жылмен құттықтап, университет ректоры М.Сарыбековке Қазақстан халқы Ассамблеясының куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Мұнан соң облыстық Қазақстан х а л қ ы Ас с а м б л е я с ы ж а н ы н д а ғ ы ғылыми сараптамалық топ жетекшісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты П.Мамедова, ТарМУ-дың аға оқытушысы Р.Баярисов тақырыптық дәрістер оқыды. Дәріс соңынан сұрақжауапқа кезек берілді. Толеранттылық дәрісін университет ректоры М.Сарыбеков қорытындылады.
Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 5,6 миллиард теңгеден асатын бір реттік материалдық көмек төленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтсақ, биыл Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және олармен теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан Қазақстанның басқа да азаматтарына республикалық бюджетте 5 миллиард 690 миллион 183 мың теңге қарастырылған. Ардагерлердің Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін мерейтойлық шараларға баруы үшін бюджеттен тағы 61,8 миллион теңге бөлінеді. «Бір реттік материалдық көмек келесі рет бойынша қарастырылған: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге – 100 мың теңге; Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген, Жеңіске үлес қосқан азаматтарға – 70 мың теңге; Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жұбайларына, атааналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлерде, геттолар мен өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелет жасына дейін тұтқында болғандарға – 30 мың
теңге; тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін оларға теңестірілген тұлғаларға – 25 мың теңге» делінген министрліктің хабарламасында. * * * 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің саны – 5 037. Жеңіске қосқан үлесі үшін Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалардың саны – 1 434. Соғыс кезінде қайтыс болған және із-түссіз жоғалып кеткен сарбаздар жесірлерінің саны – 195. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектер әйелдерінің, сондай-ақ, соғысқа қатысқандардың, партизандар мен астыртын жұмыс істегендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны төсбелгісімен марапатталғандардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты нәтижесінде мүгедек боп танылғандардың, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанкешті еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандардың және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткендердің саны – 9870 адам болды. «Ақ жол-Ақпарат».