ПРЕЗИДЕНТ
ҚАЗАҚСТАНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС ӘКІМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№53 (18087), Сейсенбі, 5 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА БЕСІНШІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев « Ас т а н а ж ә н е А л м ат ы қ а л а л а р ы н ы ң , облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен төмендегі азаматтар әкімдікке тағайындалды:
ШАҚЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVI СЕССИЯСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ОБЛЫС ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНЫҢ КАНДИДАТУРАСЫНА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЛІСІМІН БЕРУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ.
ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ! ОБЛЫСТЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол» Облыстық мәслихаттың депутаты, сессия төрағасы С.Ақпаев, сессияны ашқан кіріспе сөзінде: «Еліміздегі аса ірі саяси науқан – Президент сайлауы аяқталды. Елбасымыз мемлекет тізгінін қайта қолға алды. ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес,
жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің өкілеттіктері тоқтатылады», – деді. Осыған орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың облыс әкімін қайта тағайындау үшін, облыс әкімі лауазымына Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевтың кандидатурасын ұсынып, облыс депутаттарына жазған ұсыныс хатын оқып берді.
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі; С ергей Вит а льевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі; Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі; Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облысының әкімі; Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі; Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі; Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі; Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Еске сала кетейік, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің Астана әкімі болып қайта сайланғаны хабарланған болатын.
Күн тәртібінде қаралған мәселеге орай, облыс әкімі лауазымының кандидатурасын қолдап, депутаттар бірауыздан дауыс берді. Сессия шешіміне сәйкес, облыс әкімі болып Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев тағайындалды. Сессия шешімінен кейін, халық қалаулылары облыс әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. (Жалғасы 2-бетте).
БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!
ҰЛТ БІРЛІГІ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ОБЛЫСЫМЫЗДА КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ
Бақа - көлінде патша, Балық - суында патша, Жігіт - елінде патша.
Халық мақалы.
ЕРТАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Ынтымақтың ырысқа бастайтынын жете түсінетін отандастарымыз Қазақстан халқының бірлігі күнін жыл сайын сән-салтанатпен атап өтеді.
Ал биылғы мерекенің жөні тіптен бөлек болды. Күні кеше ғана өткен кезектен тыс Президент сайлауына белсене қатысып, үлкен ұйымшылдық көрсеткен тұрғындар Мамыр мерекесін шалқар шабытпен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Осы күні Тараз қаласындағы орталық «Достық»
алаңына жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды. Жиылған көпшілікті облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. (Жалғасы 2-бетте).
Ертай – (бұрынғы Кеңес) Халық Қаһарманы, Мәжіліс депутаты, еліміздің Қарулы Күштерін құруға белсене атсалысқан генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев туып-өскен ауыл. Осы бір алақандай елді мекеннен Ұлы Отан соғысына 109 азамат аттанып, олардың 86-сы елге оралмаған. Соғыстың халыққа қандай қасірет әкелгенін осыдан-ақ айқын аңғаруға болады. Ауылдан түлеп ұшқан, басшылық қызметтер атқарған Байұзақ Серкебаев және оның марқұм ұлы Қалдыбек соғыстан оралмаған аталарына ескерткіш орнату туралы ұзақ уақыттан бері ниет етіп жүретін. Соның сәті биыл түсті. Б.Серкебаев ардагерлер құрметіне өз қаражатына еңселі ескерткіш орнатты. Оның ашылу салтанатына еліміздің түкпіртүкпірінен есімі көпке белгілі азаматтар және ауыл тұрғындары қатысты. Ертай ауылының түлегі, бұрын басшылық қызметтер атқарған, қазір зейнеттегі Кәрібай Құрмашев майдангер ауылдастарының ерліктері туралы құнды деректерге толы, жүрек тебірентерлік баяндама жасады. Туған жеріне туын тігіп, мешіт ашып, көпір салып берген, әкесіне алғашқылардың бірі болып осындағы саябақта бюст орнатқан Бақытжан Ертаев тағылымды да мазмұнды әңгіме айтты. Келесі сөз кезегін алған Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев ауданда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылып жатқан
игілікті шараларға тоқталды. Жиналған жұрт жазушы, абайтанушы Роллан Сейсенбаевтың, облысымыздың Құрметті азаматы Жандар Кәрібаевтың және Мәжіліс депутаты, генераллейтенант Абай Тасболатовтың ұлағатты сөздерін зор ынтамен тыңдады. Ескерткіштің жамылғысын батыр Б.Ертаев пен аудан әкімі Б.Құлекеев ашты. Осы ауылдың түлегі, бұрын басшылық қызметтерді атқарып ел игілігі жолында еселі еңбек еткен, есімі облысқа кеңінен танымал еңбек ардагері Молдияр Нұржігітов және Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шыршынбай Байс еркеев пен Ле с бек Нұрпейісовке ұрпақтары саябақта бюсттер орнатқан болатын. Олардың жамылғылары да осы жиында салтанатты түрде сыпырылды. Жиын соңында майдангерлердің рухтарына құран бағышталып, ас берілді. Жуалы ауданы.