ХАЛҚЫМЫЗДЫ ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА БАСТАҒАН, АСҚАҚТАЙ БЕР, АРУ ҚАЛАМ – АСТАНАМ! БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ak-jol-taraz@rambler.ru
№78 (18272), Сейсенбі, 5 шілде, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ОЛИМПИАДА ТУЫН ТАРАЗ ТҮЛЕГІ ҰСТАЙДЫ
Мемлекет басшысы Қазақст анның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті. Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті. – Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар Олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастары мызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердің жеңістеріңе сеніп, Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қазіргі кезде республикамыз Тәуелсіздік тарихындағы ең мықты спорттық әлеуетке ие екеніне тоқталып өтті. – Олимпиада алдындағы ресми ойындардың қорытындылары Азия және әлем чемпионаттарында сүбелі нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандықтардың жаңа саңлақ буынын тәрбиелеп шығара алғанымызды байқатты. Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы Рио-деЖанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданың басталуына дайын болды. Бүгінде біздің спортшылар 38 олимпиадалық спорт түрінің 26сы бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алды. Мұның өзі жақсы жетістік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиада қозғалысының дамуына да мемлекеттің жүйелі қолдау көрсете отырып, спортпен шұғылдануға ниетті барша азаматтар үшін жағдай туғызып отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында ең айтулы халықаралық жарыстарда өз елінің туын мақтанышпен алып жүрген дарынды спортшылар шоғыры тәрбиеленгенін атап өтті. – Тәуелсіз Қазақст анның 25 жылдық спорт тарихына Олимпиада ойындарының
МЕРЕКЕЛ
17 чемпионының есімі алтын әріптермен жазылды. Біз азаматтарымызды патриоттыққа, с а л а м ат т ы ө м і р с а л т ы н а т ә р б и е л еуд е олимпиадашыларымыздың еңбегі қаншалықты зор екенін білеміз. Бүгінде сіздердің алдарыңызда өздеріңіздің спорттық нәтижелеріңіз арқылы бүкіл әлемге Қазақстан спортының әлеуетін тағы да дәлелдеу міндеті тұр. Сіздер жалпыкомандалық есепте барынша жоғары орын иелену үшін ұмтылуға тиіссіздер. Сіздерге олимпиадалық жарысқа сапалы дайындалу үшін қажетті барлық жағдай жасалды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақст анның олимпиадалық құрамасы мүшелерін бар күш-
жігерлерін жұмсауға, биік нәтиже мен спорттық бәсекеге ұмтылуға шақырды. Қазақстанның спорт делегациясы өкілдері өз сөздерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелеріне мемлекет ұдайы назар аударып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілегі мен қолдауы үшін алғыстарын айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті олимпиадалық құраманың ту ұстаушысы Р.Жапаровқа Мемлекеттік Туды тапсырды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның қатысып отырған 12-ші Олимпиадасы. Еліміз көк туымыздың астында 5 рет жазғы, 6 рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.
ІК ҚҰТТЫҚТАУ
КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ, БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ БОЛСЫН! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды еңселі Елорда – Астана қаласы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге – 25 жыл, ал Астанамызға 18 жыл толып отыр. Әлем таныған Елордамыз осы жылдар ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдықс аяси және рухани орт алығына, өркениет өкілдерінің пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен жаһандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын айқындайтын ордалы орынға айналды. Астанамыздың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу мәртебесіне ие болуы – халықаралық қауымдастықтың елімізге деген зор сенімінің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына берілген жоғары бағаның айғағы. Елорда күні қарсаңында еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы да ертеңгі тарих үшін жарқын жетістік. Бұл, ең алдымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін ілгерілетуге қосқан ерен еңбегінің жемісі. Еңсесі биік, мәртебесі жоғары Астана ұлтымыздың рухын көтеріп, санамызға сергек сілкініс әкелді. Бүгінде еліміздің Бас қаласы – жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның айшықты символы, халқымыздың мақтанышы. Барша қазақстандықтың арманмүддесі бұл қаламен тығыз байланысты. Астана – Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі. Сондықтан да, еліміздің жүрегі, туған Отанымыздың төл Астанасы күні мерекесі – көп ұлтты қазақстандықтардың асыға күтетін, ортақ мерекесі. Құрметті жерлестер! Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, бейбіт өмір тілеймін. Елдік пен тұтастықтың туын көкке көтерген Астана қаласының келешегі кемел, болашағы баянды болсын. Астана күні құтты болсын!
* * * Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасына біздің облыстан 5 спортшы қатысады. Бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов, таэквондошы Руслан Жапаров және жеңіл атлет Михаил Красивовтар Олимпиада ойындарының жүлдесінен үмітті болса, паралимпиада ойындарында бақ сынайтын Зульфия Габидуллина да медальға таласпақ. Елбасының қолынан Олимпиаданың ту ұстаушысы ретінде көк байрағымызды алған Руслан Жапаров – Тараз қаласының түлегі. Руслан бір ай бұрын Филиппин астанасы Манила қаласында өткен Азиялық лицензиялық жарыста Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.
ЕЛОРДАНЫҢ ТУҒАН КҮНІ БАСТАЛДЫ
Елбасы Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы рәсім аясында еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Қазақстан Президентінің қолынан 12 түлек – Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институтының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтының үздік бітірушілері шен алды. Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде Мемлекеттік Ту әрбір қазақстандық үшін қасиетті құндылық болып саналатын ұлттық бірлік нышаны екенін атап өтті. – Бұл – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын биыл тойлайтын еліміздің асқақ рәмізі. Біз егемен Қазақстанды осы көк ту астында бірге құрдық. Ширек ғасыр ішінде қуатты мемлекеттің іргесі берік ғимаратын бірлесіп салдық. Жақында ғана республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Әлемдік қоғамдастық планетадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне атсалысу сынды биік миссияны Қазақстанға сеніп тапсырды. Бұл – еліміздің биік беделі мен табысты дамуының мойындалуы. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс біздің туымызды бұрынғыдан да танымал ете түседі, – деді Қазақстан Президенті. Қазақстан Президенті Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі дәстүр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардың бастауы болып саналатынына назар аударды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін айтты. – Бүгін ертеңгісін Мұхамедияровтар отбасында Астананың миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін зор қуанышпен хабарлаймын. Сәбидің анасы – балабақша тәрбиешісі, әкесі – электр монтері. Енді біздің Елорда миллион тұрғыны бар қалалар қатарына енді, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын алдағы Астана күнімен құттықтап, бейбітшілік пен татулық, тыныштық пен бақ-береке тіледі.
ЖЫР-ШАШУ Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
л Е к і л і г ң ә М
МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰҒЫМЫ ҚАСИЕТТІ, КИЕЛІ, ЕЛЖІРЕТІП ЖАНЫҢДЫ, ИІТЕДІ ЖҮЙЕНІ. ТЕБІРЕНІП БҰЛ СӨЗГЕ БАБАЛАРДЫҢ ӘРУАҒЫ, ТЕРЕҢДЕГІ ТАРИХТЫҢ АҒЫТЫЛАР ТИЕГІ.
АСЫЛ АРМАН ЖОЛЫНДА ҚАНШАМА ЖҰРТ ҚАН КЕШКЕН, АЖДАҺАМЕН АЛЫСЫП, АЛПАУЫТПЕН БЕЛДЕСКЕН. ӨСИЕТІН ОЙДЫРЫП ҚАРА ТАСҚА АҚЫРЫ, ҚАРА ЖЕРДІҢ БЕТІНЕН ЗЫМ-ЗИЯ БОП МӘҢГІ ӨШКЕН.
АЛАСҰРҒАН ТЕҢІЗДЕЙ ТӨҢКЕРІЛГЕН ЖАЛҒАНДА, ӨЛМЕЙТҰҒЫН ӨМІРДІ АҢСАМАЙТЫН ЕЛ БАР МА? АРПАЛЫСЫП БАҒЫПТЫ КҮЛТЕГІНДЕЙ БАТЫРЛАР, ТОНЫКӨКТЕЙ ДАНЫШПАН, ЕЛТЕРІСТЕЙ ХАНДАР ДА.
ӨКІНІШІН ОҚЫСАҢ, ТАСТА ҚАЛҒАН СОЛАРДЫҢ, САЙ-СҮЙЕГІҢ СЫРҚЫРАП, КӨКІРЕККЕ ТОЛАР МҰҢ. ТҰЗДАЙ ҚҰРТЫП ТҰҚЫМЫН ТАЛАЙЛАРДЫ ТОЗДЫРҒАН, ТӘЛКЕГІНЕН ТАҒДЫРДЫҢ КЕЛДІ САБАҚ АЛАР КҮН. (Жалғасы 2-бетте).
І МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТ
Ездің тілі батыр, Ердің қолы батыр. СҮЙІНШІ!
ГҮЛДАРА АУЫЛҒА БАЛАБАҚША САЛЫП БЕРДІ Наурызбек САРША, «Ақ жол».
АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРІМІЗДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕ МЕЛЕР ҚАТАРЫ ТАҒЫ БІР БАЛАБАҚШАМЕН ТОЛЫҚТЫ. БОЙ КӨТЕРГЕН ЖЕКЕМЕНШІК «НҰР ӘЛІМ» БАЛАБАҚШАСЫ ҚАРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ТАМАША ТАРТУ БОЛДЫ. ЕНДІ 1 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ 280 БАЛҒЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ҚАМТЫЛАДЫ. (Жалғасы 3-бетте).
БАС ҚАЛАМЫЗДЫҢ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫН МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Ас т а н а д а миллионыншы т ұ р ғ ы н дүниеге келді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың атааналары – №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі, 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен «Астана-РЭК» электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жас жұбайларды қыздың дүниеге келуімен құттықтап, пәтердің кілтін табыстады. Жас жұбайлар ата-аналарымен тұрады. Сондықтан бұл сыйлық олар үшін нағыз тосынсый болды. Астанада он сегіз жылдың ішінде туу көрсеткіші екі есе көбейген. Былтыр Астанада 26 110 нәресте дүниеге келсе, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 13 740 бала дүниеге келген. «Ақ жол-Ақпарат».