5 тамыз пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №113 (17970), Сейсенбі, 5 тамыз, 2014 жыл

ТАС ТҮСКЕН ЖЕРІНЕ АУЫР ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚЫТАЙҒА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Өткен жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11, Чжаотун қаласынан 29 шақырымда болған. Кешегі күнгі мәлімет бойынша, апат құрбандарының саны 381 адамға дейін жетті. Одан басқа 1,9 мың адам жарақат алды. Зілзала – Юньнань провинциясында соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын жер сілкінісі ретінде тіркеліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің атына Юньнань провинциясының Чжаотун қаласында жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның құрбан болып және зардап шегуіне байланысты көңіл айтты. Жеделхатта Қазақстан халқының Қытайда болған қайғылы жағдай туралы хабарды терең қасіретпен қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтың атынан Цзиньпинге және марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, орны толмас қайғыға ортақтасатынын жеткізді. «Қытай халқына басқа түскен қайғыны көтеруге жігер тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар табиғи апат салдарын жоюға мүмкіндік береді деп сенемін», – делінген жеделхатта. «Ақ жол- Ақпарат».

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ТӨЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». Бүгінде қоғам өмірін көліксіз елестету мүмкін емес. Әсіресе, экономиканың күретамыры саналатын темір жол саласының орны айрықша. Тамыз айының алғашқы жексенбісі – Көлік қызметкерлері күніне және Қазақстан темір жолына 110 жыл толуына орай, Тараздағы теміржолшылар саябағында салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, ардагер теміржолшылар, сала мамандары қатысты. Кәсіби мерекені құттықтау сөз сөйлеп ашқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев: –Құрметті теміржолшылар! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінде еліміздің темір жол саласына 110 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығын бірнеше буынға бөліп қарасақ, алдымен алғашқы буын – ата-бабаларымыз ашаршылық, кедейшілікпен күресе жүріп, ат-арбамен арып, ашып шойын жолдың алғашқы рельсін төседі. Кейінгі буынға – «Түркістан-Cібір» темір жолын салу ісі бұйырды. Үшінші буын салаға жаңа технологияны ендіруге атсалысты. Ал, біз, қазіргі буын бақыттымыз. Өйткені, баршамыз бүгінгі таңда заманауи, автоматтандырылған пойыз, электровоздардың қызығын көрудеміз. Еліміздегі халық шаруашылығы жүгінің 72 пайызы осы темір жол арқылы тасымалдануда. Ал, жүрдек пойыздарды уақтылы, қауіпсіз діттеген жеріне жеткізуге бүкіл теміржолшылар жауапты, – дей келе, мереке иелерінің дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тіледі. Темір жол саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар маманды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Келесі кезекте құттықтау сөз алған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков салаға енгізіліп жатқан соны жаңалықтармен, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Шойын жолда ерен еңбегімен көзге түскен мамандарды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Алғыс хатымен», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президентінің «Алғыс хатымен», «Адал еңбегі үшін», «Үздік маман», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапаттады. Бөлімше директоры сонымен бірге облыс әкіміне «Қазақстан теміржолына – 110 жыл» естелік белгісін тақты. Ал, сала ардагерлеріне сыйлықтар ұсынды. Салтанатты жиында сондай-ақ, темір жол арқылы әлемнің 33 еліне өнімін жеткізіп отырған «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Мұқаш Ескендіров те ізгі тілегін білдіріп, құрмет көрсетті. Шараның соңы спорттық жарыстар мен серуенге ұласты.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVII-сессиясы 2014 жылғы 8 тамызда облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерді ұсыну туралы * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылғы 8 тамыз күні сағат 10.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

l БАЙЗАҚ Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласының тарапынан мүгедектер қамқорлыққа алынған. Осы топтың ықпалымен Берікқара шатқалындағы «Тау самалы» лагерінде мүмкіндігі шектеулі 6 мүгедек бала демалып қайтты. Демалыс кезінде демеушілер тарапынан оларға мектеп сөмкелері мен картиналар табыс етілді.

«АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ: НАҚТЫ ІС НАҚЫШТАРЫ

АҚҚҰМҒА АУЫЗСУ КЕЛДІ

l ЖУАЛЫ Аудан орталығы Б. Момышұлы ауылында жаңа үлгідегі спорт кешені соғылуда. Оған облыстық бюджеттен 254 миллион теңге бөлінген. Кешеннің ұзындығы 50,5, ені 24 метрді құрайды. Көктемде бастаған құрылысты оны жүргізіп жатқан «Ынсап» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы күзде пайдалануға беруді көздеп отыр.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

l ҚОРДАЙ

Аққұм – аудан орталығынан шалғай орналасқанымен, мұнда соңғы бес жылда мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік жоспар бойынша күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен, әлеуметтік мәселелері шешілген ауылдар қатарына жатады. Биылдың өзінде жергілікті бюджеттен дәрігерлік пункттің күрделі жөндеу жұмыстарына 16,1 миллион теңге, ауылға кіре беріс тас жолды жөндеуге 30,0 миллион теңге және ауызсу жүйесінің сервистік қайта жаңғырту жұмыстарына 49,6 миллион теңге бөлініп, жұмыстар атқарылу үстінде. Ауызсу жүйесін жеке үйлерге кіргізу жұмыстарын жүргізуді Тараз қаласындағы «Монолит-Дизайн» ЖШС-і жеңіп алған. Қазіргі уақытта барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, жұмыстар басталып та кетті. Негізгісі – су құбырын арнайы құдықтан аулаға дейін жеткізіп беру болып саналады. Алайда, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша мердігерлер оны тұрғындардың ауласы ішіне дейін кіргізіп беруде. Біз ауыл тұрғындарын әңгімеге тартқан едік. Солардың бірі, Барбол көшесінің тұрғыны Жасан Әбдіхайымов: – Ауылда ауызсу бұрын уақытпен ғана берілетін болса, енді, міне, жаңа бағдарлама бойынша оны үй-үйге кіргізіп беруде. Биыл ғана үйге газ құбырын кіргіздік, енді міне, су құбырын да тартқыздық. Алдағы уақытта есептегіш құралын орнатып береміз деп отыр, Үкіметтен бұдан артық қандай қамқорлық қажет? – деді. Ал, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жүнісбек Оспанбеков: – Ауылды дамытуға соңғы жылдары Үкімет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Соның ішінде біздің ауылда да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Кейінгі кезде барлық мемлекеттік мекемелер жөнделді, екі көшеге жарық орнатылды, ауылда бүгінге дейін 80 үйге газ құбыры тартылса, қазір «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша әрбір жеке үйге су құбыры тартылып, жеке есептегіш құралдары орнатылуда. Ауызсу жүйесін жүргізіп жатқан мердігерлерге рахметімізді айтамыз, өйткені елдің сұранысы бойынша арықтарды аула ішіне дейін қазып беруге көмектерін тигізуде, – деп ағынан жарылды. Осылайша аудандағы әр ауылды газ және сумен қамту жұмыстары жалғасуда. Сәтін салса мұндай игілікті ауданның өзге елді мекендері де көретін күн алыс емес.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығында таунхаус үлгісінде елу пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізілуде. Жұмысты қолға алған «Арқат» ЖШС бұл бес қабатты ғимаратты келесі жылы пайдалануға бермек. Ондағы бір, екі және үш бөлмеден тұратын пәтерлер бағдарламаның «Жалдамалы баспана» бағытының қатысушысы болып табылатын баспанаға аса мұқтаж жас отбасылар мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған. Қазір болашақ тұрғын үйдің екінші қабатының қабырғалары қалануда.

l МЕРКІ Меркі ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың атындағы стадион бар. Қазір мұнда облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 1400 жанкүйерге арналған орындық орнатылып, әкімшілік ғимараты, екі жабық зал салынуда. Жөндеу жұмыстарын тараздық «Ғасыр құрылысшысы» серіктестігі жүргізуде.

l ТАЛАС Аудандағы Қаратау баурайындағы «Жұрындысай» сауықтыру лагерінде жазғы маусымда 500 бала демалуы керек еді. Алғашқы екі маусымда солардың 460-ы тынығып қайтты. Биыл осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,2 миллион теңге бөлінсе, 50 бала демеушілердің көмегі арқылы жазғы демалысын жақсы өткерді.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

«КАЗФОСФАТ» ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТПАҚ «Казфосфат» ЖШС мұндай қадамға Жамбыл ГРЭС-інің электр қуаты тым қымбат болғандықтан барып отыр.

Талас ауданы.

МЕМОРАНДУМ

СИНЦЗЯН ТІГІНШІЛЕРІ ТАРАЗҒА КӨЗ ТІГІП ОТЫР ОЛАР ТІГІН ЖӘНЕ ТОҚЫМА ӨНДІРІСТЕРІНЕ СЕРПІН БЕРМЕК Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

ТАЯУДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТІГІН ЖӘНЕ ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. Қытай-Еуроазиялық континентте тоқыма және тігін өнеркәсібінде қолжетімді және сапалы өнім өндіру жөнінде көптен бері көш бастап келеді. Ал, Синцзян – осындай өндірістер шоғырланған ау д а н . Қ ы та й д ы ң С УА Р к и і м қауымдастығы осы өндірістегі заңдық тұлға болып табылады. Осы қауымдастықтың өкілдері Таразға киім өндірісінің деңгейімен танысу және осы саланы өркендету ү ш і н к ө м е к к ө р с ет у ге кел д і .

Қытайлық әріптестердің бірлесіп жұмыс істеудегі жоспары көп. Олар біздегі әріптестермен бірге бірнеше тігін фабрикасын салуды, сөйтіп мыңдаған тараздықтарды жұмысқа тартуды көздеуде. Тігін

және тоқыма өнеркәсібі өркендесе, облыс қазынасы жаңа қуатты жабдықтармен және елеулі қаржымен толығады. Синцзян қауымдастығы бизнесмендері төсек жабдықтары

және сүлгіден бастап, қазақтың ұлттық киімдерін, сондай-ақ арнайы жұмыс киімдерін тігетін болады. Бұл үлкен жоба жүзеге асырылатын болса, Тараз – еліміздегі тігін өнеркәсібінің орталығына а й н а л а д ы . Та р а з д а ғ ы т і г і н өндірісінің айтулы өкілдері «Асылдизайн» ЖШС директоры Айдархан Қалиев, «Набоко» шеберханасы жетекшісі Ирина Набоко және «Айвенго» ЖШС директоры Любовь П о п о в а ө з д е р і н і ң қ ы та й л ы қ әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді. Олар сондай-ақ өздерінің қатал шарттарын да қойды. Өндірістерде жұмысшылардың басым көпшілігі Тараздың тұрғындары болуы тиіс. Ирина Набоко өз сөзінде Тараздың кезінде тігін фабрикалармен атағы шыққанын айрықша атап өтті. Бұл үшін арнайы оқу бағдарламасын ұйымдастыру қажет. Іскерлік бағытта тартысты өткен әңгімеден кейін өзара тиімді ынтымақтастық меморандумына о б л ы с та р а п ы н а н о б л ы ст ы қ кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошманбетов қол қойды.

Кәсіпорын оны Қазақстанның солтүстігінен қолжетімді бағаға сатып алады. Оңтүстік пен солтүстікті байланыстырып тұрған жоғары кернеулі желінің біраз уақытқа жөнделуіне байланысты ол жақтан қуат берілмейді. Осы мерзімде «Шолақтау» және «Қаратау» кен өңдеу комбинаттары, Минералды тыңайтқыш зауыты, Жаңа Жамбыл фосфор зауыттары жұмыс істемейді. «Ақ жол-Ақпарат».

Арзан менен қымбаттың, Базар берер нарқы бар. Жақсы менен жаманның, Адам берер парқы бар. Халық мақалы. ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

КЕЛІСІП ПІШКЕН Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

ТОҒЫЗ ЖОБАНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАЛАП ТҰР Еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың биыл алғашқы бес жылдығы аяқталады. Осы өткен уақыт аралығында бағдарлама аясында өңірде қанша жоба жүзеге асырылды, бүгінде олардың жұмыс әлеуеті қандай? Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынының алғашқы мәселесі осыған арналды. Облыс бойынша Индустрияландыру картасына енген жобалардың жай-жапсары туралы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы Д.Рымтаев хабарлама жасады. Ол өз сөзінде өңірде индустрияландыру картасына жалпы құны 597,2 миллиард теңгені құрайтын 41 инвестициялық жоба еніп, қосымша 8,2 мыңнан астам жаңа, тұрақты жұмыс орындары ашылатынын атап көрсетті. Жобалардың дені Тараз қаласында жүзеге асырылуда. Аудандардың ішінен Жуалы мен Сарысу аудандарынан Индустрияландыру картасына бірдебір жоба енбеген. Ал, басқа аудандарда бірлі-екілі жоба жүзеге асырылуда. Сала басшысы өз сөзінде жалпы бағдарлама қабылданғалы бері өңірде 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын айтты. Олардың жалпы сомасы 113,9 миллиард теңгені

құрап, қосымша 4520 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бүгінде 18 жоба 60 пайыздан жоғары жоспарлы қуатына шығып отыр. Ал, 9 жобаның жоспарлы қуаты 60 пайыздан төмен деңгейде. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында екі өндіріс кешені іске қосылды. Олар: «Talas Investment Compani» ЖШС мен «БиномСтройДеталь» - «Үй-құрылыс комбинатының құрылысы». Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы тұралап жатқан тоғыз жобаның неліктен жоспарлы қуатынан төмен екенін сұрады. Досан Тасболатұлы ол жобалардың барлығы өзі басқаратын басқарманың бақылауында екендігін алға тартып, тоғыз жобаның қандай тығырықтарға тіреліп отырғандығын тарқатып айтты. Мәселен, «Компания A&Т-энерго» бүгінде қырғыздар тарапынан судың тапшылығын көріп отыр екен. Басқарма басшысының бұл жауабына қанағаттанбаған облыс әкімі: «Ол жақта судан тапшылық жоқ. Оның жұмысы қуаттылықты арттыратын жабдықтың орнатылуымен тығыз байланысты. Осыны неге өздерің зерделемейсіңдер?» деп қатаң ескертті. Майдақадаммен келе жатқан тағы жобаның бірі – «Құрылыс Полимер» ЖШС. Мұның өз қуатына жете алмауына облыстан тапсырыс болмауының салдарынан көрінеді. Осы орайда Кәрім Нәсбекұлы: «Бүгінде өңірде құрылыс әр тараптан жүруде. Неге осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланбайсыңдар? Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қайда қарап отыр? «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, басқарма басшылары бірлесіп жұмыс істеуі керек. Бұл аудан әкімдеріне де қатысты. Аудан әкімдерінің көпшілігі инвесторлармен жұмыс істемейді, өздері

басшылық ететін аудандарда қалыптасып отырған жағдайларды жіті білмейді. Сонда қашан жұмыс істейсіңдер? Биыл, міне, индустрияландырудың алғашқы бес жылдығы аяқталады. Енді екінші бес жылдыққа қандай жоба енеді, соны екшелеп дайындауға қам жасау керек» деді бірінші мәселені түйіндеген қорытынды сөзінде.

ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ШЫРАЙЫ КІРІП КЕЛЕДІ Аппарат жиынында «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың барысы қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов хабарлама жасады. Жомарт Амангелдіұлы моноқалалардағы түрлі іс-шараларды іске асыруға биыл барлығы 1342,9 миллион теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1283,7 миллион теңге, облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруға 59,2 миллион теңге қарастырылғанын атап көрсетті. Одан әрі хабараламашы бағдарламаның түрлі бағыты бойынша Жаңатас және Қаратау қалаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, бағдарламаның төртінші бағыты аясында өткен жылы облысқа 598,3 миллион теңге нысаналы трансферттер бөлініп, биылғы жылдың басында 598 ,2 миллион теңге қаржы игеріліп, бұл қаражатқа 2 жоба жүзеге асырылды. Нақты айтқанда, Қаратау қаласындағы орталық қазандықты, резервтік сумен және электр жүйесімен қамтамасыз ететін желілер қайта

жаңғыртылып, Жаңатас қаласындағы Аспандияров көшесімен Мұқанов көшесіне дейінгі ішкі кварталдық жылу жүйесі жаңартылды. Биыл тағы да екі жоба жүзеге асырылуда. Яғни, Қаратау қаласындағы ішкі кварталдық жылу жүйесі ауыстырылуда, Жаңатас қаласындағы жылу жүйесі де қайта жандандырылуда. Аталған екі шағын қаланы жайластыру мәселесіне өткен жылы республикалық бюджеттен 612,1 миллион теңге бөлініп,оның бүгінде 611,9 миллион теңгесі игерілді. Оның ішінде Қаратау қаласына 201,5 миллион теңге бөлініп, игерілді. Жаңатас қаласына бөлінген 410,6 миллион теңге толығымен игерілді. Бұл қаражатқа көгалдандыру, абаттандыру және 80 көп пәтерлі тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Қаратау қаласында – 18, Жаңатас қаласында 62 үй бұзылды. Биыл бағдарлама шеңберінде моноқалаларға 446,8 миллион теңге қарастырылды, оның ішінде Қаратау қаласына 111 миллион теңге, Жаңатас қаласына 335,8 миллион теңге бөлінді. Бірінші тамыздағы мәлімет бойынша бөлінген қаражаттың 153,5 миллион теңгесі игерілді. Оның барлығы ағымдағы жөндеу, абаттандыру және Жаңатас қаласындағы көп қабатты 29 үйді бұзу жұмыстарына жұмсалуда. Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы атқарылған жұмыстардан басқа, моноқалаларда қандай проблеманың туындап отырғанына назар аударды. Селекторлық режімде аппарат жиынына қатысып отырған Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиевтен Қаратаудың жайын сұрады. Аудан басшысы бүгінде қалаға заман ағымына сай жаңа емхана керектігін, балабақша жетіспейтіндігін алға тартты. Ал, Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің айтуынша, ауданда екінші деңгейлік банктерден несие алу қиындығы әлі шешімін таппай отыр. Кәрім Нәсбекұлы шағын қалаларда жаңа балабақша салу мәселесін құптайтындығын жеткізді. Жиын соңында өңір басшысы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Нұралиевтан бірер күнде аяқталатын жиын-теріннің барысы туралы сұрады. Ендігі алда тұрған басты міндет – қысқа дайындықты пысықтау керектігін барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды.

ДЫ Р А Д Л А Т А ТАРАЗД ... П Ы Р А П О Қ Н ТАМЫРЫМЕ АҒАР МАЙ Р-Ж А ЖАНА ЫП ЖАТЫР Н Ы Н Р О Л СЫН СА СТАНСА

ТАРАЗ ҚАШАНДА ХАЛЫҚТЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕГІМЕН СҮЙСІНДІРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚАЛА. СОҢҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ ІШІНДЕ ОЛ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚҰЮ СТАНСАСЫН ЖАПАТАРМАҒАЙ САЛУМЕН ЕРЕКШЕЛЕНІП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨКПЕ-РЕНІШІН ТУҒЫЗУМЕН ДЕ АТАҒЫ ШЫҒА БАСТАДЫ. БҰЛ АЗ ДЕГЕНДЕЙ, ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «ЗЕРБҰЛАҚ» КӨЛІНІҢ МАҢЫНА ОРНАЛАСҚАН «ЖАСЫЛ СКВЕР» АТАЛАТЫН АУМАҚТАҒЫ ТАЛ-ДАРАҚ ОТАЛЫП, ОРНЫНА ТАҒЫ БІР МАЙ ҚҰЮ СТАНСАСЫН САЛУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. МҰНЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АСА ҚАЖЕТТІЛІКТЕН ТУҒАН ЖОБА ДЕП АЙТУҒА АУЫЗ БАРМАС.

(Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
5 тамыз пдф by akjolgazet - Issuu