5 желтоксан 2015 ж пдф

Page 1

АБАИҒА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

құлақ түрейікші, ағайын!

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№150 (18184), Сенбі, 5 желтоқсан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

ҚУАТТЫ ОТТАЙ БҰРҚЫРАП ҚУАТТЫ ОТТАЙ БҰРҚЫРАП, УӘЗІНГЕ1 ӨЛШЕП ТІЗІЛГЕН. ЖАҢБЫРЛЫ ЖАЙДАЙ СЫРҚЫРАП, КӨК БҰЛТТАН ҮЗІЛГЕН. ҚАЙРАН ТІЛ, ҚАЙРАН СӨЗ – НАДАНҒА ҚАДІРСІЗ.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ТӘУЕКЕЛ МЕН БАТЫР ОЙ ӨТКІР ТІЛДІ НАЙЗА ЕТІП, САЙЫСЫП-АҚ2 БАҚТЫ ҒОЙ, НЕШЕ ТҮРЛІ АЙЛА ЕТІП. ОЯНБАЙ, ҚАЙРАН ЖҰРТ, ҰЯЛМАЙ ҚАЛ ЖЫМ-ЖЫРТ! АҚЫЛМЕН ОЙЛАП БІЛГЕН СӨЗ БОЙЫҢА ЖҰҚПАС, СЫРҒАНАР. ЫНТАЛЫ ЖҮРЕК СЕЗГЕН СӨЗ БАР ТАМЫРДЫ ҚУАЛАР. ӘН САЛАР, ЖАТҚА АЛАР, ТҮБІНДЕ ҚҰР ҚАЛАР.

АРНАУЛЫ ЖАСАҚТА ҚЫЗМЕТ ЕТУ - АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнында болды. Қазақстан Президенті нысанда болу барысында оның материалдық базасын қарап шығып, қару-жарақтардың заманауи түрлерімен, арнаулы мақсаттағы отандық бөлімшелердің әскери техникасымен және жарақтарымен, сондай-ақ «Арыстан» қызметі музейінің экспозицияларымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар басшыларымен және арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің командирлерімен кеңес өткізді. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары қатысты. Кеңес барысында министрліктер мен ведомстволардың арнаулы мақсаттағы күштерінің әскери дайындығы және оны әрі қарай дамыту, олардың арасындағы өзара іс-қимыл және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Елбасы бүгінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелерге

ЖОЛДАУҒА – Қ

жүктелген қызметтің маңыздылығын ескере отырып, оларға айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты. Қазақстан Президенті осы бөлімшелердің сарбаздары мен офицерлері терроризмге қарсы күрес, құқық тәртібін, қоғамдық тыныштық пен конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі қызметті тиімді жүзеге асырып отырғанын атап өтті. – Осылайша, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер әскери уақытта да, бейбіт кезде де қажет болады. Арнаулы мақсаттағы жасақ жауынгерінің күнделікті қызметі өміріне қауіпті қатерлермен байланысты психофизикалық зор ауыртпалықтарға толы. Бұл айрықша дайындық пен машықты, өз ісін жетік меңгеруді, қару қолдана білуді, сондай-ақ психологиялық орнықтылықты қажет етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Арнаулы жасақта қызмет ету – кез-келген жас адам үшін ерліктің, патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншілік мектебі. Арнаулы қызмет бөлімшелерінде қызмет етудің қиындығын ескере отырып, мемлекет әскери қызметшілердің бұл санатына қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Қазақстан жастары сіздерге қарап бой түзейді, ел алдындағы борышын өтеуді сіздерден үйренеді, мерт болған соң марапатталғандардың тізімі мұның кейде тіпті өмірге қауіпті екенін айғақтап тұр, – деді Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жаңа буынын патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын айтты. – Жастар, ең алдымен, Отанын сүюге тиіс. Олар бізге жат, жалған идеологиялардың ықпалына түспеуі керек, құқыққа қайшы және ізгілікке жатпайтын әрекеттер жасау үшін адамдарды арбайтын, бүгінде біздің елде де бой көрсетіп жүрген радикалды уағызшылардың үндеуіне ілеспегені жөн, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы терроризм мен экстремизмнің болашағы жоқтығына сенімді екенін білдірді. Қазақстан Президенті бүгінде дамыған елдердің өзі терроризммен күрес мәселелері бойынша қиындықтарға тап келетінін, өйткені бұл нақты шекарасы айқындалмаған майдан болып отырғанын атап өтті. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлерге табысты қызмет пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті арнаулы мақсаттағы күштердің үздік командирлері мен жауынгерлеріне мемлекеттік наградалар, сондай-ақ баспанаға зәру әскери қызметшілерге қызметтік пәтер кілттерін тапсырды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттік органдар басшылары мен арнаулы мақсаттағы бөлімшелер командирлеріне бірқатар тапсырма берді.

О ЛД АУ

ӨРЛЕУ, ӨСУ МҮМКІНДІКТЕРІ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

АҚПАРАТТЫҚНАСИХАТТЫҚ АВТОКЕРУЕН ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДАРҒА АТТАНДЫ

АЙМАҚТА АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА КӨП «ҚАЗАҚСТАН. 2017 МАҚСАТТАРЫ. ҰЛТТЫҚ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ» САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ПАРТИЯНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ТЫҢДАЛДЫ

(Жалғасы 3-бетте).

(Жалғасы 4-бетте).

Халық мақалы.

ЖОСПАРЛАРЫМЫЗ ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ҚҰРЫЛАДЫ ДЕГЕН ОБЛЫС БАСШЫСЫ БАСЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРҒА БЕРІЛЕТІНІН ДЕ АЙТТЫ

ҮЙЛЕСІМДІ ЖҰМЫС – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Қазір арқаны кеңге салып, жайбарақат отыратын кезең емес. Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында әлемде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға қарай әрекет ету жолдарын көрсетіп берді. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – Президент тапсырмаларын үйлесімді жүзеге асыру. Облыс активінің отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланды. «Елбасы Жолдауының ережелерін халыққа дұрыс жеткізу – біздің міндетіміз. Өйткені, онда

дағдарысқа қарсы барлық іс-әрекеттер жан-жақты қамтылып отыр. Бұл тапсырмаларды мерзімімен орындап, үйлесімді жұмыс атқаруымыз керек. Жолдауда Үкіметке, Парламентке, әрбір облыс пен қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан, алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспарларымыз Жолдау аясында құрылатын болады», – деді актив жиналысында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев. Басқарма басшылары, партия мүшелері мен аудан әкімдері, үкіметтік ұйымдардың жетекшілері қатысқан жиында Кәрім Нәсбекұлы Жолдаудан туындайтын міндеттемелерді іске асыру жолдарын тарқатып айтып, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. (Жалғасы 2-бетте).

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ САРЫСУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс XХХХIІ сессиясы 2015 жылдың 7 желтоқсанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 16.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. Облыстық мәслихаттың қырық үшінші сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 7 желтоқсанында сағат 15.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 14.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.

САРЫСУҒА СОНЫ СЕРПІЛІС КЕРЕК Елбасы Жолдауы – еліміздің болашақ бағдары. Бұл құжатта экономиканың барлық саласына қатысты мәселелер толық қамтылған. Жолдаудан еліміздің әрбір азаматы көкейіндегі сауалына жауап ала алады. Бастысы – Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын мақсат-міндеттерді тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, дұрыс ақпараттандыру керек. Осындай үлкен жауапкершілікті жүктеген облыстық ақпараттық-насихаттық топ жұма күні аудандарға жол тартты. «Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жиырмасыншы Жолдауын жариялады. Барша қазақстандықтармен бірге қасиетті Әулиеата өңірінің жұртшылығы да жаңа Жолдауды қызу қолдап, Елбасы саясатының маңына топтасуда. Өйткені, Елбасы Жолдауы – әрдайым уақыт талабына бейімделген стратегиялық жоспар, қоғамды қалыптастырушы, береке мен бірлікті ұйыстырушы фактор. Ұлт Көшбасшысының әрбір сөзі халықтың болашаққа деген сенімін арттырып отыр.

Жау жеңетін жігітті, Жарағынан таниды. Дау жеңетін жігітті, Талабынан таниды.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН. 2017 МАҚСАТТАРЫ. ҰЛТТЫҚ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ» САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІ, ПАРТИЯНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

1 Уәзін (арапша) – өлшеуіш. 2 Сайысу – ат үстінен найзаласу.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жариялана салысымен оны бүкіл қазақстандықтардың қолдағаны белгілі. Қолдаудың ар жағында, әрине, нақты істер тұрғаны абзал. Облыс әкімі К.Көкірекбаев ж ұ м а к ү н і С а р ы с у ау д а н ы н д а болып, аймақтағы индустриялықинновациялық бағдарламалар мен әлеуметтік мәселелердің шешілу барысын білу үшін жұмыс сапарын Жаңарық ауылдық округіне қарасты Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекетінен бастады. (Облыс әкімінің жұмыс сапары жөніндегі есепті газетіміздің келесі нөмірінен оқисыздар).

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті XХХХIІІ сессиясы 2015 жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы; 2. «Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы және оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 2 маусымдағы №25-4 шешімінің орындалуы туралы; 3. Облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 4. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 13.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
5 желтоксан 2015 ж пдф by akjolgazet - Issuu