5 маусым пдф 2015 ж

Page 1

РӘМІЗДЕР РӘУІШ ШІ ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№68 (18102), Сенбі, 6 маусым, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫМЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАЙ БЕРСІН!

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗДИЕНТ ТУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 28-ШІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Соңғы жылдары рəмiздердiң қоғамдық насихатына зор мəн берiлуде. 4 маусымның Мемлекеттiк рəмiздер күнi ретiнде жариялануы – осы бағыттағы аса үлкен қадам. Бұл – мемлекет үшiн айрықша атаулы күн. Мұны рəмiздерге ғана емес, сол рəмiздердiң иесi – елге деген құрмет деп бiлуiмiз керек. Мемлекеттік символика кез-келген егеменді мемлекеттің құндылықтар сəйкестігін айқындауда жəне ұлтты біріктіруде маңызы зор ажырамас бөлігі болып табылатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік символиканы дұрыс таңдап қана қоймай, оның заманауи қоғам жəне болашақ ұрпақтар алдында тұрған мақсаттар жəне міндеттермен сəйкес болуын қамтамасыз ету маңызды. Елбасының қолынан Ту алу – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Олимпиада ойындарында Президент алдында берген уəдемді орындағаныма қуаныштымын. Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы. (Жалғасы 2-бетте).

Іс-шара басталмас бұрын Мемлекет басшысы елдің агроөнеркəсіп кешенінің инвестициялық жобаларымен танысты. Елбасы Қазақстанның күрделі сыртқы экономика лық жағдайлар мен геосаяси сынқатерлерге қарамастан орнықты экономикалық өсімге қол жеткізіп, шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығымен танылып отырғанын атап өтті. – Биыл жалпы отырыстың тақырыбы Қазақстандағы агробизнестің дамуы туралы болды. Мұндай тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан – аумағы жөнінен əлемде тоғызыншы орын алатын жəне ауыл шаруашылығының бірегей ресурстарына ие ел. Қазақстан дəстүрлі өңірлік нарықтарды, сондай-ақ Қытайдағы, Үндістан мен Таяу Шығыстағы жаңа нарықтарды қамтамасыз ету үшін географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқан. Ауыл шаруашылығы

ресурстарының ауқымын ескерсек, елдің отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін тартымды, бірақ əлі ашыла қоймаған əлеуеті бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті елдегі мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірқатар шаралардың бірнеше бағытта жүзеге асырылып жатқанын айтты. Солардың қатарында қолайлы инвестициялық а х у а л қ а л ы п т а с т ы р у, т р а н с ұ л т т ы қ компанияларды тарту арқылы өңдеу ісін дамыту, ғылымды, инновацияны жəне кадр даярлауды ынталандыру, институционалдық реформалар жүргізу шаралары бар. Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды Қазақстандағы агроөндірісті дамыту үшін инвестиция салуға шақырды. – Бұл біздің бəрімізге пайдалы болатынына сенімдімін. Инвестициялық үдерісте қажетті

қаржылық инфрақұрылымның болуы маңызды рөл атқарады. Осы мақсатпен «ЭКСПО-2017» базасында халықаралық қаржы орталығын ашу қарастырылуда. Сондықтан кеңестің келесі 29-отырысын «Астана – халықаралық қаржы орталығы» тақырыбына арнап, оны Елордада өткізуді ұсынамын, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы қатысушыларға қызықты баяндамалары мен ұсыныстары, түсіндірмелері үшін ризашылығын білдіріп, кеңес жұмысына көп жылдан бері қолдау көрсетіліп келе жатқанына, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жетілдіруге қосылған үлеске жоғары баға берді. Отырыс барысында Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің президенті С.Чакрабарти, Инве стициялар жəне

даму министрі Ə.Исекешев, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының төрағасы У.Вокурка, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков сөз сөйледі. Сонымен қатар, «Бейкер жəне Маккензи И н т е р н е ш н л » ко м п а н и я с ы н ы ң б а с директорының орынбасары Э.Шир, «Филип Морис Интернешнл» компаниясының аға вице-президенті Н.Дэнис, «Ситигруп» бас атқарушы директоры Дж.Коулз, «Эрнст энд Янг» жаһандық басқарушы серіктесі К.Ди Сибио, «Дойче Банк АГ» басқарушы д и р е кто р ы П . Ти л ь с , « Д е л о й т С Н Г» басқарушы серіктесі И.Коулберн, «Русские машины» директорлар кеңесінің төрағасы З.Вольф күн тəртібіндегі негізгі мəселе бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Елдің ерлігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар.

Халық мақалы.

ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ! Б е й с е н б і к ү н і о бл ы с ə к і м і К ə р і м Көкірекбаев өз өкімімен үш ауданға жаңадан басшылар тағайындады. Кəрім Нəсбекұлы алдымен Мойынқұм өңіріне ат басын бұрып, аудандық мəслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Онда о бл ы с б а с ш ы с ы ауд а н н ы ң б ұ р ы н ғ ы əкімі Болат Мəдікеновтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты осы лауазымға Шу ауданының тізгінін ұстап отырған Бақытжан Нүркеновтің кандидатурасын ұсынып, өмір жолымен таныстырды. Облыс басшысының кандидатурасын аудандық мəслихаттың депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс берді. Аудандық əкімдіктің мəжіліс залында өткен актив жиынында облыс əкімі К.Көкірекбаев ауданда қолға алатын міндеттердің ауқымды екендігін тілге тиек етті. «Мойынқұм өңірі бұрынғысынан көп өзгеріп, бүгінде индустриялы аймаққа айналған. Мыңнан асатын жұмыс күші бар Ақбақайдағы «Алтыналмас» компаниясының əлеуеті, қазынаға қыруар

қаржы құйып отырған Мыңаралдың цемент зауытының тіршілігі, ауызсу жүйесі мен жолдарды жаңғыртуға бөлінген қаражаттар осыны айғақтайды. Ендігі кезекте ел игілігіне бағытталған жұмыстарды жауапкершілікпен

жалғастыру керек», – дей келе Кəрім Нəсбекұлы Б.Нұркеновтің жаңа қызметіне сəттілік тіледі. * * * Шу аудандық мəслихатының кезектен тыс 41-сессиясына қатысқан облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев осы ауданды басқарған Бақытжан Нүркеновтің Мойынқұм ауданы əкімі қызметіне тағайындалғанын мəлімдеп, осы лауазымға бұған дейін Жамбыл ауданының əкімі қызметін атқарып келген Рүстем Дəулеттің кандидатурасын ұсынатынын жеткізді. Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Сессия отырысынан соң, аудан əкімдігінің мəжіліс залында Кəрім Нəсбекұлы аудан активімен кездесіп, ауданның жаңа басшысын таныстырып, оған жұмыс жоспарын жасауға жедел кірісуін тапсырды. * * * Аудандық мəслихаттың келісімімен Жамбыл ауданына тағайындалған Мəден Мұсаевты облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев аудан əкімдігінің актив жиынында таныстырды.

Кезінде Шу ауданы əкімінің орынбасары, Мойынқұм ауданының əкімі, облыс əкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған тəжірибелі азамат қазіргі лауазымға Алматы облысы Іле ауданы əкімінің орынбасарлығынан келіп отыр. Іргелес облыстағы ірі ауданда басшылық қызметте болған Мəден Мұсаевтың Жамбыл ауданының əлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеретіндігіне сенім білдірген өңір басшысы жаңа əкімге сəттілік тіледі. Өз кезегінде Мəден Тоқтарбайұлы шын ықыласымен барын салып жұмыс істеуге уəде берді. Үш ауданда өткен мəслихат сессиялары мен актив жиындарына облыстық мəслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс əкімі аппаратының басшысы Рахметілдə Рахманбердиев қатысты.

ЕК

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА П

Д ІН

І

БЕ ЕҢ

К СЕМЕСТРІ

СТУДЕНТТЕР ҚҰРЫЛЫСҚА АТТАНДЫ

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Кеше Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында студенттік құрылыс жəне «Жасыл ел» еңбек жасақтары жазғы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Оны облыс əкімдігі жастар саясаты мəселелері басқармасы мен студенттік құрылыс жасақтарының облыстық

Байжан ЕМБЕРДІ, Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

ТАҒАЙЫНДАУЛАР Жамбыл облысы əкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №216-ө өкімімен Б.Б.Нүркенов Мойынқұм ауданының əкімі болып тағайындалды Бақытжан Балтабекұлы Нүркенов Талас ауданы Ленинское ауылында 1960 жылы туылған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1983 ж.), Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетін (1999 ж.) инженер-гидротехник, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. В.И.Ленин атындағы совхозында жұмысшы (1977-78 ж.); Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының студенті (1978-83 ж.); Чусовхозводстрой тресінде инженер, шебер (1983-86 ж.); В.И.Ленин атындағы совхозының инженер-гидротехнигі (03.-09.1986 ж., 1991-92 ж.); В.И.Ленин атындағы совхозының комсомол комитетінің хатшысы (1986-88 ж.); Шу ауданы комсомол комитетінің екінші хатшысы (1988-91 ж.); Шу аудандық партия комитетінің партиялық ұйымдастырушысы (06.-09.1991 ж.); Шу ауданы əкімінің көмекшісі (1992-93 ж.); Шу ауданы əкімінің аппарат басшысы (1993-98 ж.); Қордай ауданы əкімінің орынбасары (1998-2004 ж.); Т.Рысқұлов ауданының əкімі (2004-07 ж.); Шу қаласының əкімі (2007-10 ж.); Шу ауданы əкімінің орынбасары (2010-13 ж.). 2013 жылдың маусымы мен 2015 жылдың маусымы аралығында Шу ауданы əкімі қызметін атқарған.

Жамбыл облысы əкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №217-ө өкімімен Р.Р.Дəулет Шу ауданының əкімі болып тағайындалды Рүстем Рысбайұлы Дəулет Талас ауданы Бостандық ауылында 1974 жылы туылған. «Элтекс» Жамбыл жоғары кəсіпкерлік мектебін (1996 ж.), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 ж.), М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (2010 ж.) кəсіпкер-маркетолог, мемлекеттік қызметкердің менеджері жəне құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. «Бостандық» асыл тұқымды совхозында жұмысшы (1990-92 ж.); «Элтекс» Жамбыл жоғары кəсіпкерлік мектебінің білімгері (1992-94 ж.); «Бостандық» АҚ-да жұмысшы (1994-95 ж.); Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің əкімі, əкімнің орынбасары (1995-2000 ж.); Қаратау қаласы əкімінің орынбасары (200002 ж.); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару адемиясында тыңдаушы (2002-03 ж.); ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының ұйымдастыру бөлімінің консультанты (08.10.2003 ж.); ҚР Индустрия жəне сауда министрлігі Сауда Комитетінің басқарма бастығы (2003-04 ж.); «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары (04.-10.2004 ж.); ҚР Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі (2004-06 ж.); ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі (2006-11 ж.); Жамбыл ауданы əкімінің орынбасары (2011-13 ж.). 2013 жылдың маусымы мен 2015 жылдың маусымы аралығында Жамбыл ауданы əкімі қызметін атқарған.

Жамбыл облысы əкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №218-ө өкімімен М.Т.Мұсаев Жамбыл ауданының əкімі болып тағайындалды Мəден Тоқтарбайұлы Мұсаев Шу ауданы Бірлікүстем ауылында 1963 жылы туылған. Алматы зоотехникалық малдəрігерлік институтын (1989 ж.), Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетін (1998 ж.) малдəрігері, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. «Жаңа тұрмыс» совхозының малдəрігері (1989-90 ж.); «Путь Ленина» колхозының бас малдəрігері (1990-91 ж.); Қордай аудандық мəлдəрігерлік стансасында бас малдəрігер (03.-04.1991 ж.); «Ақ бұлақ» АҚ-тың бас малдəрігері (1991-92 ж.); «Сарыбұлақ» совхозында бас зоотехник, мал шаруашылығы цехының бастығы (1992-2003 ж.); «Бірлік үстем» өндірістік кооперативінің төрағасы (200304 ж.); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасы бастығы (08.-11.2004 ж.); Шу ауданы əкімінің орынбасары (2004-08 ж.); Мойынқұм ауданы əкімі (2008-10 ж.); Жамбыл облысы əкімінің кеңесшісі (02.-07.2010 ж.). 2010 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың маусымы аралығы Алматы облысы Іле ауданы əкімінің орынбасары қызметін атқарған.

штабы ұйымдастырды. Шараға облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, Тараз қаласы мен аудандардағы нысандарға бет алған жастарға сəттілік тіледі. Жалпы, облысымызда студенттік құрылыс жəне «Жасыл ел» еңбек жасақтары соңғы 9 жылдың бедерінде 5000-ға жуық жасты жазғы демалыс уақытында жұмыспен қамтумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенді атсалысып келеді. Биыл бұл мақсатқа əлеуметтік тапсырыс шеңберінде 7 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ үстіміздегі жылы жастар саясаты мəселелері басқармасы тарапынан құрылыс жасағының сапасын арттыру мақсатында 100 студентті арнайы курстарда оқытып, біліктіліктерін көтеру жоспарлануда екен. Осылайша биыл 800 жас Тараз қаласы мен аудандардағы құрылыс нысандарындағы жұмысқа өз үлестерін қосатын болады. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
5 маусым пдф 2015 ж by akjolgazet - Issuu