АҺАН Д
А
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№13 (18663), Seısenbі, 5 aqpan, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
НДА ЖАҺА
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ Қолға алған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы өңірде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы сақталып, этносаралық және дінаралық шиеленістер орын алған жоқ. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовке 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали әкімдікте өткен жиында осыны мәлімдеді.
Тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру үшін былтыр аталмыш басқарманың ұйымдастыруымен барлығы 52 іс-шара өткізген болатын. Осындай мақсатта басқарма тарапынан ұсынылған 4 индикаторды Тараз қаласы мен аудан əкімдері былтыр толығымен орындаған. Биыл 2 индикаторлық көрсеткіш бекітіліп отыр. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды бақылау үшін облыстық ішкі саясат басқармасы былтыр тоқс ан с айын 4000 респондент арасында сауалнама жүргізіп отырды. Соның нəтижесіне
«
ИТАЛИЯ Италияның солтүстік-батысында орын тепкен Локана елді мекенінің әкімшілігі осы шағын қалаға келіп қоныс теуіп әрі ұрпақ өрбітетін жаңа тұрғындар үшін үш жыл қатарынан 9 мың еуро (10 200 доллар) жәрдемақы төлейтінін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған қалада бар-жоғы бір жарым мыңға жетпейтін тұрғын бар екен.
ТҮРКИЯ Түркияда халық саны 82 миллионнан асты. Яғни халық саны 2017 жылдағыдан 1193357 адамға өсіп, 2018 жылы 82003822-ге жетті.
КАНАДА Канада тұрғыны лотереядан 25,5 миллион доллар ұтып алды. Ұтыс иесі лотерея билетін Оуэн-Саунд қаласында сатып алған.
МЫСЫР Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды. Тоғыз метр тереңдіктегі мола Мысырдың Минья провинциясындағы Туна әлҒәбәл ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. 50 мумияның 12-сі бала.
ПӘКІСТАН Пәкістан азаматтарына Израильге баруға тұңғыш рет рұқсат берді. Пәкістан билігінің бұл рұқсаты бойынша осы елдің Фишель Халид есімді 31 жастағы азаматы Израильге бару мүмкіндігіне ие болған.
Д БЫЛ ЖАМ
А
ТАРАЗ
қарай 2018 жылдың қорытындысы б о й ы н ш а ə л еум е т т і к ш и е л е н і с т і ң ықтимал ошақтарының картасы жасалған болатын. Басқарма басшысының айтуынша, əлеуметтік зерттеу барысында тұрғындардың 93,44 пайызы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды сəтті əрі тыныш деп сипаттапты. Ал азаматтардың тұрмыс сапасына қанағаттану деңгейі – 98,54, билік органдарына сенімділік деңгейі 91,76 пайызды құраған. Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бекітілген жоспарға сай орындалып жатыр. Өткен жылы бұл бағытқа 1,4
миллиард теңге қаржы қарастырылып, 149 жоба жүзеге асырылған. Оның 369 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген, 1 миллиард теңгесі демеушілер есебінен жұмсалған. Жиында биыл атқарылар жұмыстардың жоспары талқыланды. Облыстық «Рухани ж а ң ғ ы ру » жо б а л ы қ о ф и с і а р н а й ы коммуналдық мекемесі, Ақпараттық т а лдама лық орт а лығы ашылатыны айтылып, «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумы, облыстың 80 жылдығына орай жəне тағы басқа өткізілетін шаралардың жо спарлары қайт а пысықт а лды.
-25»: ЖАҢА ЖОБА 7 -2 0
Хаттамалық тапсырмалардың қалай орындалғаны сөз болып, өзекті мəселелердің шешілу деңгейі қаралды. Асқар Исабекұлы қоғамдық-саяси ахуалды жəне халықтың наразылық көңіл-күйін əлеуметтік зерделеу жүйесін барынша жетілдіруді тапсырды. Сондайақ өңір басшысы Жамбыл жерінің ерекшеліктерін айқындап көрсету үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп, өңірдің өзіндік келбетін қалыптастыру керектігін тілге тиек етті. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
«Тараз арматура зауыты» ЖШС құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2,2 миллиард теңге. Цех толық қуатында іске қосылғанда 297 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
ЖАМБЫЛ Соңғы жылдары 10 ауылға «көгілдір отын» тартылды. Биыл 13 ауылға газ тарту жұмыстары жүргізіледі деп болжануда. Қазіргі таңда оның жобалық-сметалық жоспары әзірлену үстінде.
Т. РЫСҚҰЛОВ 18 шаруа қожалығы 1 миллиард 163,7 миллион теңгеге 65 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Оның 20-сы комбайн, 15-і трактор. Ауданда машина-трактор паркі 5,6 пайызға жаңартылған.
МЕРКІ «Сыпатай батыр» ЖШС бұған дейін облыс шаруашылықтарына 1500 тонна «Стекловидная-24» элиталы бидай тұқымын сатқан болатын. Енді көктемгі дала жұмыстарының қарсаңында 316 тонна «Арна» элиталы арпа тұқымын сатуды жоспарлап отыр.
ТАЛАС
НАЗАРДАҒЫ НЫСАН
Қаратау қаласында 6 көп қабатты тұрғын үй қайта жөндеуден өткізілді. Жалпы ауданы 27 мың 752 шаршы метрді құрайтын 439 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 3 көп қабатты тұрғын үйге тұрғындар қоныстануда.
Адалдық ардың ісі, Ауырды көтеру нардың ісі.
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының негізінде жеңілдетілген автонесиелендіруге арналған жоба дайындап, оны қазақстандықтарға ұсыну қажеттігін айтқаны белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Бұған дейін де елімізде жаңа темір тұлпарларды несиеге алудың талаптары бекітіліп, жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызбен беріле бастады. Бағдарлама нəтижелері оның тиімді екенін көрсетуде. Елімізде алғаш рет жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын іске қосылды. Бағдарламаның жүзеге асу уақыты 20 жылға есептелгенді. Ал оны қаржыландыру Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінген Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асты. Жеңілдетілген автонесие беруге арналған мемлекеттік бағдарламаны жүргізу үшін алғашқы кезеңде 15 миллиард теңге, одан кейін 11 миллиард теңге бөлінсе, соңғы транш көлемі 8 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражатқа 13 мыңнан аса қазақстандық отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Жыл сайын шамамен 8-9 миллиард теңгеге 1,5 мың автокөлік несиеге берілген. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ бағдарлама жұмыс істеген кезеңнен бастап өткен жылдың 11 қаңтарына дейін жалпы сомасы 39 миллиард теңгеге 9 905 қарыз берген. Несиелердің 51 пайызы «Азия авто» автокөліктерін сатып алушылардың үлесіне тиесілі. Оның ішінде қарыз алушылардың жартысынан көбі KIA, Skoda, Chevrolet жəне Lada көліктерін таңдапты. Бағдарлама шартына сəйкес, сатып алынатын автокөліктің максималды құны 15 миллион теңгеден аспауы керек екен. Несиелендірудің шекті мерзімі – 7 жыл. Атаулы сыйақы мөлшері жылдық 4 пайыздан жоғары емес, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру жəне автокөлікті кепілге салуды ресімдеу бойынша шығындар кіреді) жылдық 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Бастапқы жарна нөл пайыздан басталады (серіктес банк шарттарына байланысты), қарыз валютасы – теңге. Ең бастысы, таңдауыңыз түскен көлік Қазақстанда жасалған болуы тиіс. Ұлттық банк таяуда іске қосуға ниетті жоғарыда аталған жаңа бағдарлама əлі толық дайын емес. Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба тек ұсыныс ретінде айтылғандықтан, енді іс жүзіне асырылмақшы. Бағдарлама бір айдың көлемінде толықтай дайындалып, шарттары жарияланбақ. Жеңілдетілген автонесие жайлы жоба жұртшылық үшін қуанарлық жағдай екендігі сөзсіз. «Aq jol-Aqparat».
ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН
Қыс қызығы – «Қаралмада»
Бүгінде облыс жұртшылығы «Қаралма» тау-шаңғы кешенінің пайдалануға берілуін тағатсыздана күтуде. Қазір оның құрылыс жұмыстары тоқтап тұрғанымен, тау беткейіне келіп демалушылардың қарасы күн санап артуда. Марат ҚҰЛИБАЕВ Демалыс күндерінде осы маңға шаңғысын арқалай жететін жұрттың көбейгені, əрине, қуантарлық жағдай. Бір жағынан бұл іске аудан басшылығы тарапынан ұйымдастырылған спорттық шаралардың да септігі тиюде. Бұл дұрыс бастама əрі жарнама. Əлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан «Қаралмадағы» көз қызықтырар көріністер мен бейнероликтер де талайды таңдай қақтыруда. Бірақ «былтыр ашылуға тиіс кешеннің құрылысы неге тоқтап тұр?» деген сауал кім-кімнің болса да көкейінде тұрары анық.
Жобалық құны 4 миллиард 867 миллион теңгені құрайтын тау-шаңғы кешенінің базасы 22 гектар аумақты алып жатыр. Туристік нысан «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» автодəлізінен қол созым ғана жерде тұр. Жаңа нысан Алатау баурайында теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте бой көтеруде. Бүгінде Алматыдағы «Шымбұлақ», Түркістан облысындағы «Тау самалы» тау-шаңғы демалыс аймақтарын білмейтін адам кемде-кем. Ал «Қаралма» кешенінің еліміздің өзге өңірлеріндегі қысқы демалыс орындарына қарағанда мүмкіншілігі мол. Мəселен, еліміздегі аспалы жолдардың ұзындығы «Шымбұлақта» – 1200, «Тау самалында» 1300 метр болса, «Қаралмада» ол – 2050 метрді құрап, сырғанау жолағы
2300 метрге дейін ұлғайтылмақ. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрия елінен жеткізілген. Сонымен қатар келушілердің жыл – он екі ай бойы демалуына мүмкіндік жасалып, мұнда жылына 45 мың адамға қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Жаз мезгілдерінде тəулігіне 4 мың адамға дейін қабылдай алады. Демалыс кешенінде саумалмен, қымызбен емдейтін, салт атпен серуен құратын орындар ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ 100 орындық қонақ үй, 70 келушіге арналған мейрамхана жəне 20 коттедж, 2 автотұрақ, басқа да спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Компания өкілдері бастапқы кезде жоспарланғандай, үш ай ішінде мұншама ауқымды құрылыс нысанының жұмысын аяқтап шығу мүмкін еместігін де алға тартуда. Əрі ауа райының қолайсыздығы да құрылыс жұмыстарының үзбей жүргізілуіне едəуір қолбайлау болғаны анық. Осыған байланысты аудан əкімі Бақтияр Көпбосыновтың пікірін білген едік. (Жалғасы 2-бетте).
«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
Ғ
асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!