ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет №123 (17980), Бейсенбі, 28 тамыз, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
Тараз қалалық сотында «Жаңа сервис – сот кабинеті» тақырыбында мемлекеттік құрылым өкілдері мен сот саласы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті. Облыстық соттың Кеңсе басшысы Ә. Құлдүйсенов «Сот кабинеті» сервисінің маңыздылығына, аталған жаңа жүйенің уақытты үнемдеуге қолайлы екендігіне тоқталды. Ал сот маманы М. Раимбеков жаңа сервисті «step by step» режимінде үлкен экранда таныстырып, қолдану тәртібін түсіндіріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
САЯСАТ
ҰЛЫТАУ Ұ ЛЫТАУ Т ТӨРІНДЕГІ ӨРІНДЕ ЕГІ ТОЛҒАНЫС ТОЛҒАНЫС ЖАҚЫНДА ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНДЕ БОЛҒАНЫ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖАҚСЫ МӘЛІМ. САПАР БАРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АРНАЙЫ СҰХБАТ БЕРДІ. БҮГІН ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА ЕЛБАСЫНЫҢ ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛТ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСТАРЫН ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ. ӘҢГІМЕ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕЛ ТАРИХЫ, ТІЛ ТАҒДЫРЫ, ДІН АХУАЛЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ ӨРБІДІ. СҰХБАТТЫ «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ ТІЛШІСІ РИНАТ ДУМАНҰЛЫ ЖҮРГІЗДІ. – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып отырсыз. Кезінде ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, сол тарихымыздан, әсіресе, қазір біз әңгімелесіп отырған Ұлытауға байланысты тарихымыздан халқымыз қандай тағылым алуы керек? – Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе. Комбинаттың жұмысын ұзарту үшін былай істейді. Жердің астында қалған «целиктер» болады. Шахтаның төбесін ұстап тұру үшін жер қойнауына үлкен-үлкен кенді қалдырып қояды. Сол кеннің ішінде мыстың бай қоры жатыр. Оны алайын десең, үстінде тұрған ауылдар бар. Ол ауылдарды көшірмесе, «целикті» алған кезде ойдым-ойдым жермен бірге төмен түсіп кету қаупі төнеді. Сол үшін мемлекет 250 миллион қаржы шығарып, жұпыны үйлерде тұратын 6 мың халықты жақсы үйлерге көшіріп, астындағы кенді алады. Кеннің өзінің 200 миллион тонна рудасы болса, содан 2 миллион тонна мыс шықса, комбинат үшін 20-30 жылға жұмыс табылады деген сөз. Одан кейін барлау жұмыстары жүрер болса, жұмыс орны көбейе береді. Сондықтан мұның маңызы өте үлкен. Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.
Елбасы Минскіде өткен Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ өкілдерінің кездесуіне қатысты. Кездесуге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Петр Порошенко және Еуропалық Одақ өкілдері – Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, энергетика мәселелері жөніндегі комиссар – Гюнтер Эттингер және сауда мәселелері жөніндегі комиссар Карел Де Гюхт қатысты. Жиынға қатысушылар Украина мен Еуропалық Одақ арасында жасалған Қауымдастық туралы келісімді орындау мәселелерін, сондай-ақ, Донбастағы жағдайды тұрақтандыру жолдарын талқылады. Қазақстан Президенті мұндай кездесу өткізудің маңыздылығы мен қажеттігін айтты. – Украинадағы ахуал бір елдің аясынан әлдеқашан асып, халықаралық ауқымға шығып, қатерлі шекке жетті. Жағдайдың бұдан әрі ушығуы өңірлік қана емес, жаһандық ауқымдағы болжаусыз салдарларға соқтыруы мүмкін, бұл бүкіл әлемге қауіпті, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев алға ілгерілеу үшін шешім қабылдаудағы жауапкершіліктің маңызды екенін айтты. – Өзара мәміле мен шегініс болмайынша, қандайда бір нәтижеге жету мүмкін емес. Көп нәрсе Украинаның, Ресей мен Еуропалық одақтың сындарлы ұстанымына байланысты. Біз Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен бірге бастамашылық еткен бүгінгі кездесуге зор
l БАЙЗАҚ Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті. Онда аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А. Төлепбергенов дәрігерлік көмек, тегін дәрі-дәрмекпен қамтуда тұтынушы халықтың талап-тілегін орындау барысында кездесетін келеңсіздіктерді болдырмау мәселесін сөз етті. Дөңгелек үстелге қатысушы сала мамандары тарапынан күнделікті жұмыста кездесетін осы олқылықтардың алдын алу керектігі жан-жақты пысықталды.
l ЖУАЛЫ Б. Момышұлы ауылындағы З. Толымбаев көшесінің бас жағында қоныстанған 15 үйдің тұрғындары ауызсуға қол жеткізіп, қуанышқа кенелді. Осы игілікті шаруаны кәсіпкер Мұхитдин Ортаев жүзеге асырып отыр. Ол Латикант көшесінде далаға құр ағып жатқан ұңғымадан моншасына су құбырын тартқанда көршілері үшін бір су арнасын қоса тартып, жоғарыда аталған 15 үйді ауызсумен қамтамасыз етті.
l МОЙЫНҚҰМ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК УКРАИНАДАҒЫ АХУАЛДЫ РЕТТЕУДІҢ АЛҒЫ ШАРТЫ мән беріп отырмыз. Бәрі бізді оң нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеді. Қазақстан өз тарапынан айтарлықтай күш-жігер жұмсады, ұсыныстарын айтты, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинаның шығысындағы гуманитарлық апатты кідіріссіз шешуге шақыратынын хабарлады. – Қазір ең алдымен Украинаның зардап шеккен халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ету керек. Ресей Федерациясы көмек көрсетуді бастап кетті. Бұл үдеріске Кедендік Одақ, ТМД елдерін қоса алғанда, халықаралық ұйымдар қатысуға тиіс. Біздің еліміз өз тарапынан, соның ішінде Қызыл крест және жарты ай қоғамының қазақстандық бөлімшесінің желісі бойынша қолдан келетін барлық көмекті көрсетуге әзір. Бұл ұйым сондай-ақ, өзге мемлекеттердің гуманитарлық жүктерін жеткізуде бейтарап делдал бола алады. Жалпы алғанда, бүгінде Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу ісін жіті халықаралық бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мен қақтығысып отырған тараптарды зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде бітім жариялауға шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жанжалды ушықтырмау және дағдарыстан шығудың күш қолдану амалдарынан бас тарту қажеттігін де атап өтті.
l ТАРАЗ
– Арада бітім кезеңі қажет, бұл әскери-саяси текетірес тұтқынына айналған бейбіт халықтың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Біз зорлықзомбылықты айыптаймыз. Тараптарды оқ атуды дереу тоқтатуға шақырамыз. Бұл үдеріске халықаралық келісімдердің сақталуының кепілі бола алатын ЕҚЫҰ белсене атсалысуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев санкциялық текетіресті доғарудың маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы кездесуде Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісім-шартты талқылау ниетін Қазақстанның құптайтынын мәлімдеді. Қазақстан Президенті бұл кездесу өңірдегі ең ауқымды дағдарысты еңсерудің оңтайлы жолын табу үшін бірегей мүмкіндік екеніне назар аудартты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев басталған диалог Украина мен жалпы өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қызмет етеді деген үмітін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттерімен кездесті. Үш мемлекеттің көшбасшылары Украина Президенті мен Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысын талқылады. Президенттер Украинадағы ахуалды
тездетіп реттеуге бағытталған күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары Кедендік одақ пен 2015 жылы іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын қарастырды.
ҚОЛДАҒАНЫ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРДІ Украина Президенті Петр Порошенко Минскіде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде украиндыққазақстандық қатынастардың көптеген салада келешегі зор екеніне сенім білдірді. Украина Президенті Донбастағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Украина-ЕО-«Еуразиялық үштік» форматында өткен кездесуге үлкен сенім артатынын атап өтті. Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинаны қолдағаны үшін алғыс сезімін білдірді. «Сіздің нық қағидатты ұстанымыңызды білемін. Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, бейбітшілік орнату мәселесінде шешімді әрекетіңіз бен қолдауыңыз үшін алғысым шексіз», – деді Украина Президенті өз сөзінде.
Аудандық сот ұжымы республика көлемінде өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында М. Жұмабаев атындағы орта мектептің оқушыларына материалдық көмек көрсетті. Ағайынды Бахытхан, Бақытжан Сүлейменовтерге мектеп формасы мен оқуына керекті құрал-саймандар тарту етілді. Балалардың анасы аудандық соттың төрағасы Б.Мүлкібаевқа алғысын жеткізді.
l ҚОРДАЙ Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Елужан Мақұлбаев пен клуб меңгерушісі Ақниет Айтқұловтың ұйымдастыруымен орталық саябақта әндерді үздік орындау бойынша караокеден апта сайынғы байқау өткізу дәстүрге айналды. Бұл жаңалық көпшілік арасында қолдау тауып, сүйікті әндерін тыңдауға балалардан бастап зейнет жасындағы әнқұмарлар көптеп жиналатын мәдени шараға айналды.
l САРЫСУ Дәрігерлік «Денсаулық жолы» атты акция Ә. Бүркітбаев ауылында өтті. Акцияда ауыл тұрғындары жіті әрі тегін тексеруден өтіп, арнайы рентгендік флюорографиялық аппаратта флюраға түсті. Топ құрамында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А. Мәдімарова, балалар травматологы Б. Биназаров, кардиолог дәрігер Ш. Оспанова, онколог дәрігер Ж. Сейдахметов, фтизиатр Л. Жапарова тұрғындарға тегін медициналық қызметтер көрсетті.
l ШУ Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен Шу қалалық Мәдениет үйінде «Ата Заңым – айбыным!» атты аудандық ән байқауы өтті. Байқауға 4 аталым бойынша ауданның 14 және 24 жас аралығындағы 10 үміткер қатысып, бақ сынады. Мәнді өткен байқауда Қорағаты ауылдық округінің өкілі Ерболат Уәтай бірінші орынға, шоқпарлық Бағдат Рланов екінші, жүлделі үшінші орынға Ақтөбе ауылдық округінен қатысқан Мәди Жапар ие болды.
НАЗАРДАҒЫ НЫСАН Н
Мың адам салған көпірді бір адам бұзады, Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады. Халық мақалы.
(Жалғасы 2-бетте).
ЖОЛАУШЫҒА ЛАЙЫҚ ЖОЛ КҮТЕДІ
БӘРЕКЕЛДІ!
ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА
БІР КҮНДЕ ҚОС АЛТЫН, 1 ҚОЛА ТҮСТІ БОКСШЫ АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ ПЕН ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ МҰХАМБЕТ ҚУАТБЕК ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ НАНКИНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН ТАБЫСТЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР. ӘСІРЕСЕ, МАМАНДАР АЛТЫН КҮТКЕН БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ТИІСТІ МЕДАЛЬҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. Жасөспірімдер Ж і і олимпиадасына дейін әлем мен сары құрлықты ырқына көндіріп, өзінің шын шебер екенін дәлелдеген Абылайхан Жүсіповтен бұл додада алтын медаль күткеніміз жасырын емес. Ересектер арасындағы олимпиада чемпионы Серік Сәпиев: «Мен үміт күтетін боксшылардың бірі – осы Абылайхан Жүсіпов. Техникасы, рингтегі әккілігі, қарсыласын барлап барып, шабуылға ден қоятыны ұнайды. Алла қаласа осы жігіт – қазақ боксының болашағы» деген екен.
Сол Жүсіпов елінің сенімін ақтады. Нанкин рингтерін жатсынбаған жас өрен қарсыластарының бәрінен басым болып, алтын жүлдені қанжығаға байлады. Шынын айту керек, Абылайханның басты қарсыласы румын Арсен Мустафа болатын. Хан Абылайдың есімін иеленген жерлесіміз негізгі қарсыласын алғашқы айналымда 3-0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша 60 келі салмақта өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Дәл осы жағдай өткен жылы Болгарияда
өткен әлем біріншілігінің финалында қайталанған. Ол кезде де Жүсіпов Арсенге қарағанда алымды көрініп, болгар боксшысын еркін қимылдап жүріп жеңген-ді. Ал Нанкиндегі доданың жартылай финалында Абылайхан венгр Ричард Конниді тықсырды. Финалдық кездесуде кубалық мықты боксшы Алаин Лимонтадан 2-1 есебімен басым болды. Жекпе-жек тартысты жағдайда өтті. Қос мықты бір-бірімен аңдысып жатпай, дереу шабуылға лап қойды. Абылайханның соққылары Лимонтаға қарағанда көбірек дарыды. Тікелей соққысы да, қапталдай бағыттаған оң қолы да кубалықтың басын дәл тауып жатты. Оны төрешілер де бақылап отырды. Дегенмен, қазылардың бірі кубалықтың басым болғанын белгілепті. Әйткенмен, қалған төрешілердің көзі түзу болып, жерлесіміз жеңіске лайық деп танылды. (Жалғасы 6-бетте).
Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының осыдан 15-20 жыл бұрынғы алаңдатарлық жағдайын көп адам ұмыта қойған жоқ. Аттап бассаң, ойылған, бүлінген жол жүйкені жұқартып қана қоймай, қозғалыс қауіпсіздігіне де нұқсан келтірді. «Жол – мемлекеттің бет-бейнесі». Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бұл салаға қыруар қаражат бөлініп, халықаралық, республикалық, жергілікті мәндегі автомобиль және елді мекендердегі жолдарды қалпына келтіруде орасан жұмыс атқарылуда. Мұның өзі қозғалыс қауіпсіздігін жақсартумен қатар, жолаушылардың уақытын үнемдеуге игі ықпалын тигізуде. Ортақ іске өзіндік үлесімізді қосып жүргенімізге қуанамыз. «Армстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс аумағында 2010 жылдан бері жол жөндеумен шұғылданып келеді. Біздің ұжымның ұраны – мемлекеттік сатып алу конкурсында ұтып алған келісімшартты уақтылы әрі сапалы орындау. Соның нәтижесінде бізге жыл сайын аймақтағы ірі нысандардың құрылысы сеніп тапсырылуда. Үстіміздегі жылы серіктестік мемлекеттік сатып алуда Талас ауданының аумағындағы облыстық мәндегі «Күйік-Қарабастау-ҚаратауЖаңатас-Саудакент» автомобиль жолының
97-107 шақырымында орта жөндеуді ұтып алды. Бұл мақсатқа 132238183 теңге бөлінді. Біз оны 125 күнде бітіруге тиіс болатынбыз. Уақытпен санаспай еңбек ету нәтижесінде бір ай бұрын аяқтап, мемлекеттік комиссияға тапсырдық. Келесі нысан – Жамбыл ауданының аумағындағы облыстық мәндегі «Тараз-АсаАқкөл-Саудакент» автомобиль жолының 23-28 шақырымы. Бұл жұмысты біз 106 күнде бітіруге уағдаласқанбыз. Құрылысшыларымыздың уақытты ұтымды пайдалануы нәтижесінде орта жөндеу 95 күнде бітті. Қазір оны мемлекеттік комиссия қабылдауда. Жолшыларымыздың бір бөлігі Байзақ ауданының аумағындағы «Дихан-Жеңіс» автомобиль жолының 7,810 шақырымында орта жөндеу жүргізуде. Оның құрылысы келесі жылы аяқталады. Үстіміздегі жылға бөлінген 72 миллион теңге толық игерілді. Тараздағы Барысхан алқабындағы жаңадан бой көтерген екі көшені тегістеу және құм төсеу жұмысын ұтып алдық. Қазір бұл мақсатқа бөлінетін 229216869 теңгенің 89 миллион теңгесі игерілді. Қалған қаржы келесі жылы бөлінеді. Жол салу – сауапты да игілікті іс. Бұрын жол азабын көп тартқан барысхандықтардың қуанышында шек жоқ. Олар мемлекет, облыс басшыларына және біздің компанияға ұдайы алғыс айтып жүр.
Б а й з а қ а у д а н ы н д а ғ ы « К о р ол е в к а Жібек жолы-Көкбастау-Жақаш-Көкөзек» автомобиль жолының 0-19,8 шақырымын орта жөндеуден өткізуді өткен жылы қолға алған едік. Бұл жұмыс та биыл мерзімінен бұрын бітті. Талас ауданындағы «Тараз-АсаАқкөл-Саудакент» автомобиль жолының 176-185+830 шақырымында орта жөндеу екі жыл мерзімде атқарылуы тиіс болатын. Бұл нысанның құрылысы да таяуда аяқталып, қазір мемлекеттік комиссия қабылдауда. Күннің ыстығында жөнделген жол сапалы болады. Сондықтан да жолшыларымыз қолға алған жұмысын қысқа мерзімде әрі талапқа сай жүргізуге күш салады. Жалпы, біз үстіміздегі жылы 580 миллион теңгенің келісім-шартын ұтып алсақ, қазірге дейін оның 500 миллион теңгеден астамы игерілді. Ауқымды тірлікті уақтылы еңсеруге бізге 52 бірлік қуатты техника үлкен көмек көрсетуде. Үстіміздегі жылы асфальт кесетін, жаймалайтын және тегістейтін 4 жаңа техника сатып алдық. Жаңадан алған, жүк таситын үш «КамАЗ» автомобилі қолымызды едәуір ұзартты. Серіктестіктің тәулігіне 300-400 тонна асфальт шығаратын зауыты бар. Біз жол жөндеуге өз өнімімізді қолданамыз. Кәсіпорында 60 адам тұрақты жұмыс істейді. Биыл орташа айлық жалақы 90 мың теңгеге жетті. Дебиторлық және несиелік қарызымыз жоқ. Жұмысшылардың барлығы жергілікті азаматтар. Келісім-шарт тындырымдыға тапсырылады. Бұған біздің көзіміз айқын жетіп келеді. Лилия БУЛАТОВА, «Армстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің прорабы.