6 казан 2015 пдф

Page 1

ҚАЗАҚ БІЗДІҢ ҚАСИЕТТІ ЖЕРІМІЗДІ ЫҚЫЛЫМ ЗАМАНДАРДАН ҰЛЫ ДАЛА ДЕП, АЛ БАБАЛАРЫМЫЗДЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ ДЕП АТАҒАН. БІЗ – СОЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫМЫЗ, ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІМІЗ. ОСЫНАУ КЕҢ БАЙТАҚ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӨГІНДЕ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БАҚ ЖҰЛДЫЗЫ БОЛЫП ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗ – ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛҒАН ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ! БҰЛ – БІЗДІҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ! БҰЛ – БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ! МӘҢГІЛІК ЕЛІМІЗДЕ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БЕРЕКЕ БОЛСЫН! ХАЛҚЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!

на

ха

550 нд ғы ы

ЖЫЛ!

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. №123-124 (18157-18158), Сейсенбі, 6 азан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

СӨЙЛЕ, АҚЫНЫМ!

Сен - қазақсың!

ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ МАҢДАЙҒА БІТКЕН БАҒЫМЫЗ

Күлəш АХМЕТОВА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н. . НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗ НЕН

Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. Арғы дəуірлерге бармай-ақ, таза түркілік заманымызға зер салар болсақ, əйгілі Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да əлі қалыптаса қоймаған, ал Қытайда үш патшалық пен алуан əулет өзара қырқысып жатқан 6 ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты атты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небəрі жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке дара билік жүргізді. Дəуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас басталғанда, əуелі батыс жəне шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қарлұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды.

СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! ҚАЗАҚ ДЕГЕН ЕЛ БӨЛЕК, ҚАЗАҚ САЛҒАН СОҚПАҚ БӨЛЕК, ЖОЛ БӨЛЕК. КИІЗ ҮЙІ ЖЕР СИЯҚТЫ ЖҰП-ЖҰМЫР, ШАҢЫРАҒЫ КҮН СИЯҚТЫ ДӨҢГЕЛЕК. СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! БІР АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫСЫҢ! АДАМҒА АДАМ ҚҰЛ БОЛҒАНЫ — ҚҰРЫСЫН. ЖОЙҚЫН СОҒЫС, ЗҰЛМАТТАРДА ЖОЙЫЛМАЙ, ҚАЛҒАН ҰЛТСЫҢ. ҚАҺАРМАНСЫҢ! ҰЛЫСЫҢ! СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! ҰЛЫ ДАЛА – ТҰҒЫРЫ. КҮМБІР-КҮМБІР КҮРЕСКЕРЛІК – ҒҰМЫРЫ, ТІРЕСКЕННІҢ ДІРІЛДЕТКЕН ТІЗЕСІН ТҰЛПАРЫҢНЫҢ ТҰЯҒЫНЫҢ ДҮБІРІ! СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! БАЙЫРҒЫ ЖҰРТ – ТҮЗДЕГІ ЕҢ, ТАБИҒАТТАН ТӘН ТАМЫРЫН ҮЗБЕГЕН. ҚОЛЫН ЖАЙЫП, КӨКТЕН ӨМІР СҰРАҒАН, ЖЕР БЕТІНЕН ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕН.

(Жалғасы 2-бетте).

ТА Б АЙ Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

ТТОЙ ОЙ ТТОЙҒА ОЙҒА ҰҰЛАССЫН, ЛАССЫН, ААҒАЙЫН! ҒАЙЫН! Романовтар əулетінің билік құрғанына 300 жыл толғанын патшалық Ресей паңдары сонау 1913 жылы атап өтті. Оған біздің Итбайлар артынып-тартынып барып, шен тағып, шекпен киіп қайтты. Одан кейінгі кеңестік идеология игі жақсыларымызды Куликово, Бородино шайқастарына таңдай қақтырып қойды. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деген, тіпті, патшалық Ресейге қазақ халқының «өз еркімен» бодан болғанының 250 жылдығын да тасырлатып тойлатып жіберді. Ал... қазақтың ұлтжанды оқымыстыларына Қазақ хандығының тарихы мен тағылымы, дəулеті мен сəулеті, мəні мен сəні туралы шежірелерді қопарып, той жасау туралы ой айтудың өзі қорқынышты болды. Керей мен Жəнібек құрған Қазақ хандығы туралы сөз қозғау былай тұрсын, халқымыздың халық болып жер бетінде қалу-қалмауы сынға түскен Аңырақай, Орбұлақ шайқастарының тағылымынан мүлде хабарсыз едік. Тарлан тарихшы Ермахан Бекмаханов, ақтаңгер жазушы Ілияс Есенберлиндерді өз қаламдастары (өз қандастары) «шонжарлар шежіресымағын дəріптеді» деп сынап-мінеп, қудалап жатты. Дінмұхамед Қонаев болмағанда І. Есенберлиннің атақты тарихи трилогиясының жарыққа шығар-шықпасы белгісіз еді. «Орнында бар оңалар» деген. Ата-бабалар аманатына адалдық Ұлы Дала елінің тəуелсіздігі тұсында қолға алынды. Елбасы мен елдің қолдауы арқасында хандарымыз бен билеріміздің, баһадүр батырларымыз бен азулы ақындарымыздың меретойлары бірінен кейін бірі өтті. Зиялы қауым ұлт тану ісінде ұлықтық танытып, жұдырықтай жұмылды. Тарихымызды шетелдердің архивтерінен іздеп, зерттеп, қалың-қалың кітаптар шығара бастады. Сол ұлықтық енді, міне, Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойына ұласып отыр. Бұл тағылымды думан Қазақ елінің бағаналы орда - басты ордасына орналасқан Астана қаласында басталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырлы тарихымыз туралы ғибратты сөзімен басталды. Бұл тойдың тартуы да, тағылымы да бөлек: – өйткені, алыс-жақындағы «мен» деген мемлекеттерді мойындатып, БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен ана тілінде сөйлеген Ұлы Дала елі ұлының аспаннан түспегенін, оның тарихы тереңде жатқан қазақ хандарының азаттық жолындағы ісін жалғастырушы бейбітшілік өкілі екенін төрткүл дүниеге паш ететін той бұл; – өйткені, Керей мен Жəнібек хандар Шу мен Таластың арасындағы иен далаға ту тігіп, соңына ерген жұртын «Қазақ» деген хандыққа біріктіре білген бектігі мен тектілігін 550 жылдық тарих аясында тұңғыш рет танытқан той бұл! Қазақ қазақ болғалы қаншама хандар мен қаншама бірінші хатшыларды ұлықтады. Бірақ, саясаттың салқыны шығар, Қазақ хандығы құрылған күнді (жылды, айды) айтулы мереке ретінде атап өтейік деген бірде-бірі болмапты. Ол, міне енді, тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен лайықты түрде аталып өтіп отыр. «Той дегенде қу бас домалайды». Оған əркім қал-қадерінше үлес қосады. Мерекеге арналған бүгінгі газет-альманах біздің ұжымның Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойына арналған тартуы деп біліңіздер! Той тойға ұлассын, ағайын!

ІЛ

ЖАН ӨЗ МАР Г ЕН С

АЛАТАУДАН, АРҚАДАН АҚЫНДАРЫМ КЕЛІПСІҢ АЛАТАУДАН, АРҚАДАН АҚЫНДАРЫМ КЕЛІПСІҢ, ТІЛДЕРІНЕН БАЛ ТАМҒАН, ЖАҚЫНДАРЫМ КЕЛІПСІҢ. ЕРТІС, ЕСІЛ, ІЛЕ, СЫР, БАС ҚОСҚАЛЫ КЕЛІПСІҢ. ЖҮРГЕН ЖЕРІ ДУМАН ЖЫР – СЕНДЕР ЕЛГЕ КӨРІКСІҢ! ШАРШЫ ТОПТА ТӨГІЛГЕН, СӨЗДЕРІҢДІ САҒЫНДЫМ. КӨЗГЕ ЖЫЛЫ КӨРІНГЕН, ӨЗДЕРІҢДІ САҒЫНДЫМ. АСТАНАНЫҢ ЕЛІМЕН, БІР ҚУАНҒАН КӘРІҢМІН. АЛТЫН ОРДА ТӨРІНЕН, ҚОЛЫҢДЫ АЛЫП КӨРІСКЕН, СӘЛЕМІ ОСЫ ЖАМБЫЛДЫҢ!

ЖАМБЫЛ АҚЫН КЕШЕГІ ЗАМАНДА ЖЫРДАН ОСЫЛАЙ ДАУЫЛ ТҰРҒЫЗСА, БҮГІН ДЕ ҚУАНЫП, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫНДАҒЫ АЙТЫСҚА КЕЛІП ЖАТҚАН АҚЫНДАР МЕН ҚОНАҚТАРҒА ДА ҚҰШАҒЫН АШЫП ТҰРҒАНДАЙ. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ТОЙДЫҢ АЙТА ЖҮРЕР ЕҢ БІР ӘСЕРЛІ МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ БОЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ.

СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! ҚАЗЫНАСЫ – НӘСІП, ҚҰТ. ҚАЗАҚ БОЛУ – ҒАЛАМАТҚА ҒАШЫҚТЫҚ. ЖЕРІҢ, СУЫҢ, ТАУЫҢ СҰЛУ СОНШАЛЫҚ, КӨРГЕН КӨЗДЕН КЕТЕТІНДЕЙ ЖАС ЫТҚЫП! СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! ОТАНШЫЛСЫҢ, ТЕКТІСІҢ! АЙБАРЛЫСЫҢ, АҚЫЛДЫСЫҢ, БЕТТІСІҢ! КӨП БОЛУҒА, БІР БОЛУҒА ТИІССІҢ, КӨРМЕУ ҮШІН ЖАТТЫҢ ЕЗГІ, ТЕПКІСІН! СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! РУХЫ ЕРКІН, ӨЗІ ЕРКІН! МҰЗБАЛАҚСЫҢ, СОРҒАЛАҒАН СӨЗІ ЕРКІН! ҚАЙТАЛАНБАС КҮЙШІСІҢ СЕН ҚҰЯ АЛҒАН ДОМБЫРАНЫҢ ӨЗЕГІНЕ ӨЗ ӨРТІН! СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! КЕЛЕ ЖАТҚАН БАҒЫ АСЫП, АДАМЗАТТЫҚ ІЗГІЛІККЕ ЖОЛ АШЫП, ДАСТАРҚАННЫҢ – ЕЛШІЛІГІҢ ЕЖЕЛДЕН, МЕЙІРБАНСЫҢ, МЕЙМАНДОССЫҢ ҚОЛЫ АШЫҚ. СЕН — ҚАЗАҚСЫҢ! ҒАРЫШКЕРСІҢ, ЖАНЫ – АСПАН. ӨРЕЛІСІҢ, ӨЗ ОРНЫНА ТАЛАСҚАН. ТӨРГЕ ЛАЙЫҚ МАРҚАСҚАСЫҢ, МЫҚТЫСЫҢ, ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ САЯСАТТА САНАСҚАН. СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ! ҚАЗАҚ ЕДІҢ ТУҒАНДА! ОНДА, ДҮНИЕ ТАҒЫЛЫМЫНАН ҮЛГІ АЛ ДА, АТА ЖҰРТТАН, АНА ТІЛДЕН АЙРЫЛМА, ТӨБЕҢДЕ КҮН, ТӨМЕНДЕ ЖЕР ТҰРҒАНДА! СЫ Ы. ТАРАЗ ҚАЛАСЫ.

Ң ХАТЫ РИХТЫ А Т – ТЫ ДІҢ А Ж ЕР

Арғымақ аттың баласы, Аз оттап, көп жусайды. ҚОЗЫБАСЫ Хан, төренің баласы, Аз сөйлеп, көп тыңдайды. Қ Халық мақалы.

озыбасы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді.Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп аталады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы

батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде жəне Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген биікте кездеседі. «Манас»эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – географиялық тұрғыдан алғанда 14 -15 ғ. басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
6 казан 2015 пдф by akjolgazet - Issuu