Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы
Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№15 (18209), Сенбі, 6 а пан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
АҚОРДА
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
ЧЕХИЯ 4500 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ КЕМЕ ТАБЫЛДЫ
ҰЛТТЫҚҚ ҚАУІППСІЗЗДІК БӘРІННЕН ҚЫМБАТ Елбасы Қазақстан Ре с п убл и ка с ы н ы ң « С ы р б а р » С ы р т қ ы б а рл ау қ ы з м е т і н і ң директоры Ғабит Байжановты қабылдады. Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамт амасыз ету мəселелері талқыланды. Мемлекет басшысы қазіргі у а қ ы т т а С ы р т қ ы б а рл ау қызметі өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев əлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шетелдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды. Ғ . Б а й ж а н ов в ед ом с т во н ы ң алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде, кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
ЕЛБААСЫ ТҮРКИЯ ПРЕМЬЕРР-МИНИСТРІМ МЕН КЕЗДЕСЕДДІ Қазақстан Президенті бүгін Түркия Премьер-Министрі Ахмет Дəуітоғлымен кездесу өткізеді. Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік жəне энергетика салаларындағы екіжақты қарымқатынасты одан əрі дамыту жол д а р ы т а л қ ы л а н а д ы д е п жоспарлануда. Сонымен қатар, тараптар күн тəртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мəселелер мен ө ң і рл і к ж ə н е ха л ы қ а р а л ы қ ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады.
«АРАЙСТРОЙМАРКЕТ – 2003» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ОСЫНДАЙ ЖЫЛУ РАДИАТОРЛАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Чехия археологтары Мысырда Каирден оңтүстікке қарай Abousir пирамидасы қорымынан 4500 жыл бұрынғы ежелгі кемені тапты. Мысыр ежелгі мәдени мұра ескерткіштері министрлігінің мәлімдемесінде ағаш кеме бай мысырлықтың мазарынан табылғанын жеткізді. 18 метрлік жәдігер ежелгі мазарға жақын аумақты тазалау барысында табылды. Мазар III басқарушы немесе IV перғауын династиясының басында өмір сүрген жоғары лауазымды тұлғаға тиесілі болған деген болжам бар. ГРЕКИЯ СЕКСЕН БЕСТЕГІ ӘЖЕЙДІҢ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНАН ҮМІТІ БАР Лесбос аралының 85 жастағы тұрғыны – Нобель сыйлығына үміткер. Босқындар отбасында дүниеге келген әжей келімсектерге шексіз көмек көрсеткен. Оның бейкүнә бүлдіршін мен өзімен қатарлас екі замандасын тамақтандырып жатқан сәті бүкіл әлемге таралған еді. Кейуананың дарқан көңілі басылымдарға шыққан суретінен анық аңғарылды. Жомарт жанның бұл сыйлықты алуын Грекия академиктері қалаған.
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Қазақстан жаңа ж а һ а н д ы қ н а қ т ы а ху а л д а : өсім, реформалар, даму» атты Жол д ау ы н д а : « Қ а з а қ с т а н д а жасалған» əрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, əдемі жəне арзан болуы керек», – деп ерекше атап өткені белгілі. Бұл бағытта Тараз қаласында кəсіпкер, облыстық мəслихаттың депут аты Арман Еділбаев басқаратын «Арайстроймаркет – 2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Əлеуметтік нысандар салып, жол жөндейтін, оларға қажетті құрылыс материалдарын шығаратын серіктестік нарықты зерттеп, 2014 жылы елімізде тұңғыш рет тұрғын ғимараттарды жылытуға арналған радиатор жасайтын жобаны қолға алды. Бұрын олар еліміздің нарығына Қытай мен Ресей мемлекеттерінен жеткізілетін. Жоба – аймақтың Индустрияландыру картасына енгізілген. Құны – 350 миллион теңге. Кəсіпорын оның 124 миллион теңгесін екінші деңгейлі банктерден несиеге алды, қалғаны – өз қаражаты. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖЕМІСІ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБАЛАРДАН КӨРІНУДЕ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Өткен жылы облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 14 жоба іске асырылған. Бұл туралы облыс əкімдігі энергетика жəне коммуналдышаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте мəлімдеді. Өңірдегі коммуналды-шаруашылық қызметін жаңғырту жобаларын жəне өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті бағыттарды атап көрсетті. Жалпы, өңірлердегі өркенді істердің барлығы Мемлекет басшысының Жолдауларының жемісі екенін айтуымыз керек. Қазіргі таңда отын-энергетика кешеніндегі кəсіпорындардың басты қоры жаңғыртылып, жаңаруда. Яғни, электр жəне жылу желілерін ысырап етпей, жылу энергиясын сапалы беру, облыстың елді мекендерін газдандыру арқылы тұрғындардың əлеуметтік жағдайы жақсартылуда, – деді Ерік Көшербаев. Оның айтуынша, республикалық жəне жергілікті бюджеттерден басқармаға 11234, 38 миллион теңге қарастырылса, оның 11224,2 миллион теңгесі игерілген екен. Бұл – бөлінген қаржының 99 пайызы. Оның ішінде, жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша қарастырылған 2073,4 миллион теңгеге он төрт жоба іске асырылған. Он жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылса, қалғаны облыстық бюджетке тиесілі. Бұл тұрғыдағы жұмыстар 100 пайызға орындалып, барлық нысандар пайдалануға берілген. Ерік Əубəкірұлы моноқалаларды дамытудың 20122020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 472,3 миллион теңгеге жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанын, қарастырылған қаржының толығымен игерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асқаны, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында барлығы 661,2 миллион теңгеге 10 жобаны іске асыру жұмыстары қарастырылғаны, оның 595,1 миллион теңгесі Ұлттық қордан, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінгені айтылды. Жиын барысында «Өңірлерді дамытудың» 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту бөлігі бойынша 33 көп пəтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 746,7 миллион теңге қарастырылғанынан хабардар болдық. Осы секілді өзге де мəліметтерді алға тартқан облыс əкімдігі энергетика жəне коммуналдышаруашылық басқармасы басшысы Ерік Көшербаев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, алдағы атқарылар жұмыстар барысына да тоқталды.
ЛЮКСЕМБУРГ АСТЕРОИДТАН КЕН ӨНДІРУГЕ БОЛАДЫ Люксембург астероидтардан кен өндіруді дамыту ісін қолға алмақ. Ғарыш саласын зерттеу Люксембургте жақсы дамыған, ол спутниктер және олармен байланыстыратын технологияларды дамыту саласында маңызды рөл атқарады. Бұл елде ірі спутниктер операторы – SES компаниясы тіркелген. Қазіргі кезде Люксембург АҚШ және еуропалық серіктестермен бірігіп, астероидтардан бағалы металдар және Жерде жетіспейтін өзге шикізатты өндіруге мүмкіндік беретін технологияларды игеруді көздеп отыр.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ТАРАЗ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
аясында несие өсімінің 7 пайызын мемлекет жауып беруде. Жылу радиаторын шығаратын зауыт «Арайстроймаркет – 2003» ЖШС базасында құрылды. Қажетті жабдықтар Түркия жəне Қытайдан жеткізілді. Негізгі ш и к і з ат – қ а л а й ы қ ұ й ма с ы Ресейден əкелінді. Жабдықтарда жұмыс істейтін жұмысшыларды
Өткен жылы облыс аумағында орналасқан электр желілерінің 1814 шақырымы (0,4-110 кВ) және 308 трансформаторлық қосалқы станса жабдықтары (108,52 МВт) күрделі жөндеуден, 7247 шақырым электр желісі мен 1188 трансформаторлық қосалқы станса ағымды жөндеуден өткізілді.
қытайлық мамандар даярлады. Кəсіпорын 2014 жылдың қараша айында іске қосылды. Мұнда биіктігі – 570, ұзындығы 80 миллиметр жылу радиаторының 3 түрі өндіріледі. Олар 110 градус Цельсийден жоғары температураға төтеп береді.
БАЙЗАҚ «СЫБАҒАНЫҢ» БЕРЕРІ КӨП «Сыбаға» бағдарламасы аясында Ботамойнақ ауылдық округінің «Заңғар» шаруа қожалығы 14,970 миллион теңге несие алып – 96 бас, Жалғызтөбе ауылдық округінен «Береке» ШҚ 9,7 миллион теңгеге – 62 бас, Жаңатұрмыс ауылының «Амангелді» ШҚ 10,050 миллион теңгеге – 60 бас, Түймекент ауылынан жеке кәсіпкер Сегізбаев 9 миллион теңге несиеге – 56 бас, осы ауылдың «Ай-Би» шаруа қожалығы 8,550 миллион теңгеге 53 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды.
(Жалғасы 4-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК БОЛМАСЫН Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Апта басында облыс əкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жұмыстары талапқа сай келмейтін жылыту қазандықтары мен оның жұмысын қадағалайтын тиісті тұлғалардың жұмысын өңір басшысы Кəрім Көкірекбаев қатаң сынға алып, оларды болдырмау жəне салдарын жоюды ұйымдастыруды өзінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке тапсырған болатын. Осыған байланысты Бекболат Серікбекұлы шұғыл штаб отырысын өткізіп, мəселенің мəн-жайын кеңінен т а л қ ы л а д ы . О бл ы с т а о р ы н а л ы п отырған негізгі мəселелерді облыс əкімдігі энергетика жəне коммуналдышаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев баяндады. – Облыстағы орталықтандырылған жылу көздерінде жылыту маусымы тұрақты өтуде, қуаттылығы сағатына 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтардың штаттық режімде жұмыс
істеуі жан-жақты қаралып, тексерілуде. Анықталған кемшіліктер бойынша барлық аудандарда жұмыстар ұйымдастырылуда, соған қарамастан, əлі де кемшіліктер орын алып отыр. Мыс алы, Қордай ауданы, Қарасай ауылдық орта мектебінде температуралық режім сақталмайды, қазандығында дизель генераторы жоқ. Сортөбе ауылындағы білім беру мекемесінің қазандығы жаңадан салынған, бірақ, баламалы отында жұмыс істейтін резервті қазан жəне сораптар қарастырылмаған, түтін сорғышы жұмыс істемейді. Жалпы, Қордай ауданындағы қазандықтардың көпшілігінде түтін сорғыштар жəне циклондары жоқ. Параметрлерді тіркейтін режімдік журналдар жүргізілмейді жəне журналдар болған күнде де шартты түрде. Шу ауданы, Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта мектептің көмір сақтайтын б а с т ы рм а с ы жо қ , о п е р ато рл а рд ы ң біліктілігін арттыру қажет. Сарысу ауданы, Абылай хан атындағы білім ошағы жылуды орталық қазандықтан алады, алайда,
элеватор қорабындағы орнатылған жылу өлшегіш аспабы жұмыс істемейді, сол себептен жылу ақысы тариф бойынша төленуде. Абай орта мектебінің дəлізіндегі температура 12 градусты көрсетіп тұр, мұны мектеп директоры жылу батареяларының аздығымен түсіндірді. Ал көмір толығымен бастырмаға кіргізілмеген, параметрлерді тіркейтін режімдік жəне нұсқама журнал жүргізілмеген, курста оқығаны туралы рұқсат хаттамасы болғанымен, от жағушы өз міндеттерін толық білмейді, тежегіш қақпақтардың орналасқан жерін жəне іске қосылуын көрсете алмады. С.Сейфуллин атындағы оқу ордасындағы анықталған кемшіліктердің жалпы сипаты осындай. Ақтоғай орта мектебі қазандығында орын алған кемшіліктер бойынша мектеп директоры мен операторларға қатаң сөгіс жəне ескерту түрінде тəртіптік жаза қолданылған, бірақ кемшіліктердің жойылғаны туралы ақпарат жоқ. (Жалғасы 3-бетте).
МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ
МЕРКІНІҢ ӨЗ «МЕГАСЫ» БОЛАДЫ Нұрболат ƏЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Балалардың қуаныш, шаттыққа бөленуінен асқан б бақыт болмас, сірə. Ауыл балаларының заман т талабына сай сауық-думан құратын орталығын ссалып, олардың шат-шадыман сəттеріне ортақтасу м меркілік белгілі кəсіпкер Болат Рахымбаевтың да к көптен бері көкейінде жүрген арман-мақсаты екен. Ол орындалуға жақын. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, төрт қабатты «М м М – Мега Меркі» сауда жəне ойын-сауық орталығы күн мен түн теңелетін əз Наурыз мерекесі қарсаңында есігін ашады деп күтілуде. Бүгінде ішкі ұсақ-түйек жұмыстары қалған сəулетті де сəнді нысан аудан орталығының көркіне көрік қосып, мерейін арттыра түсері анық. Суретті түсірген Еркін ЖАСЫБАЕВ.
(Жалғасы 4-бетте).
ЖАМБЫЛ БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗІ «Жасыл экономиканы дамыту» тұжырымдамасы аясында Бесағаш ауылдық округінің Түрксіб ауылында «Көгенхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 МВт-тық күн электр стансасының құрылысын жүзеге асыруды қолға алмақ.
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. ЖАЗЫЛЫМ – 2016
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457