6 мамыр пдф 2015ж

Page 1

КЕШЕ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ АҚОРДАДА ЕЛІМІЗДІҢ БІР ТОП ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСІП, МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАПСЫРДЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ЖЕРЛЕСІМІЗ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, КӨГЕРШІН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ИГЕНБЕК ҚҰРБАНОВ ҚҰРМЕТ ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№54-55 (18088-18089), Бейсенбі, 7 мамыр, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

БЕС ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН 100 НАҚТЫ ҚАДАМ

ТОНАУЛАР ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның практикалық жайттары қарастырылды. Аталған реформалардың әрқайсысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі бүкіл мемлекеттік қызметке кадр іріктеуді жүргізетін бірыңғай рекрутингтік орталық болуы тиістігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жергілікті

қоғамдастық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру қажеттігін де атап өтті. – Біз бұл туралы көп айттық, бірақ осыған жақындай алмадық. Барлығын орталықта ұстап отырмыз, ешкім жібергісі келмейді, онда олар осы мәселемен жергілікті билік органдарына барсын. Дәл осы қызмет қоғаммен тығыз байланыста ұсақ құқық бұзушылықтарға деген нөлдік шыдамдылықты қамтамасыз етуі керек, – деді Н.Назарбаев. Ол Елордадағы шағын аудандардың бірінде болған оқиғаны мысалға келтірді. «Жансая» шағын ауданында бір апта бұрын бір кіреберістегі сегіз пәтер тоналды, ешкім таба алмай жатыр. Бұл қандай полиция? Мүндай жағдайда бұл тонаулар тәртіп сақшыларымен бірге жасалып жатыр деп есептеймін. Үй иесінің іссапарда жүргенін біледі, кілтін таңдап үйге кірген. Күзеті, бейнежазбалары қайда? Яғни, адам өзін

қауіпсіз сезіне алмайды. Әкімдік те жауап бермейді, себебі министрлік жауап береді», – деді Назарбаев. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТАБЫСЫ ЕҢБЕК НӘТИЖЕСІНЕ СӘЙКЕС БОЛАДЫ

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың еңбек нәтижесіне сәйкес болатынын мәлімдеді. – Мөлшерлеп болжам жасайық, жалақы жеке сектордағы 70 пайыз деңгейде болуы тиіс. Әрі қарай көре жатармыз, бірақ бұл 70 пайыз үстемені әрбір министрлік, ведомство іштен табуы керек. Біз министрлерге, ведомство басшыларына оларға бөлінген бюджетті өздерінің шешуіне рұқсат етеміз. Егер ол жұмысты үш емес, бір адам істейтін болса – мархабат, істеңдер, жалақыны көтеріңдер, – деді Президент.

Оның мәлімдеуінше, мұның барлығы бюджетке шығын келтіреді, бірақ іс үшін соған бару керек. – Бұл дегеніміз, мемлекеттік қызметкерлерде кірістің екі түрі болады – негізгі жалақы, ал екінші жалақы – жұмыстың нәтижесіне қарай берілетін бонустар, – деді Мемлекет басшысы. ШІРІГЕН БАЙЛАР МЕН ӨТЕ КЕДЕЙ АДАМДАРДЫ БОЛДЫРМАУ ТЕҢЕСТІРУГЕ АПАРАДЫ Қазақстан Президенті кезекті рет мүлікті заңдастыру мәселесін көтерді. Ол қалталы азаматтарға кіріс пен шығыстың міндетті декларациясы енгізілгеннен кейін ешкімнің еркіне жіберілмейтінін ескертті. (Жалғасы 2-бетте).

АССАМБЛЕЯ

ҰЛТТЫҚ ӘСКЕР – ТҰТАСТЫҚ ПЕН ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН 7 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері! Қымбатты жамбылдықтар! Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан жиырма үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен елдік пен егемендіктің тірегі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Осы жылдар ішінде Ұлттық әскеріміз елмен бірге дамып, ел қауіпсіздігінің берік қорғанына айналды. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді сақтаудың үлгісін көрсетті. Бүгiнде аса қуатты әскерiмiздiң әлемдегi ең озық техникалармен, қару-жарақтармен жабдықталып, алдыңғы қатарға шыққанын асқақ сезiммен айта аламыз. Дүниежүзі Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан қорғаушылар күнінің салтанатпен аталып өтілуінде ұрпақтар сабақтастығының терең мәні бар. Біз әрдайым Жеңіс күнін аға буын өкілдерінің Отан қорғаудың жоғары үлгісі, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Қарулы күштер қатарында қызмет ету – Қазақстанның әрбір азаматының конституциялық борышы ғана емес, шын мәнінде, құрметті іс. Құрметті жерлестер! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Егемен еліміздің аспаны ашық, бейбіт өмірі баянды болсын. Мереке құтты болсын!

БАСТЫ МАҚСАТ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ ҚАДАМ БАСУ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Ықылас пен ынтымақ, Бітер іске болсын тап. Халық мақалы.

ОБЛЫС ӘКІМІ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ К.Н.КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» – БІР ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» КҮН ТӘРТІБІМЕН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ. СЕССИЯ ЖҰМЫСЫН К.КӨКІРЕКБАЕВ АШЫП, ЖҮРГІЗІП ОТЫРДЫ.

(Жалғасы 2-бетте).

ЫБЫРАЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВ ЕСІЛ ЕРДІҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Тараздағы «Даңқ» аллеясында «Мәңгілік өлмес полк» шеруі болып өтті. Шарада №7 мектепгимназияның директоры Наталья Исеева сөз сөйлеп, атаулы мерекеге орай ізгі тілегін жеткізді. Одан соң Абай атындағы №26 орта мектептің 8-сынып оқушысы Мейіржан Мелдеқұлов «Ұлы Жеңіске тағзым» атты авторлық өлеңін нақышына келтіре оқыды. Ал қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Макеев жас ұрпаққа Ұлы Жеңістің қандай

қиыншылықпен келгенін айтып берді. Рәсімнен соң «Мәңгі өлмес полк» шеруі Ы.Сүлейменовке орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне жол тартты. 1943 жылғы 15 қазанда Невельдің солтүстік-батыс жағындағы 20 шақырым жердегі Изога стансасын босату үшін қиян-кескі ұрыста гвардия полковнигі Әбілқайыр Баймолдиннің дивизиясының жауынгерлері ерекше көзге түседі. Оның ішінде мерген Ыбырайым Сүлейменов те бар еді. Сөйтіп, 15 қазанда болған осы қанды шайқаста сұрмерген батыр қазақтың аяулы қызы, пулеметші Мәншүк Мәметова екеуі бір күнде, бір майдан шебінде Отан үшін жанын пида етті. Екеуінің де сүйегі Невель қаласында жерленеді. Айта кеткен жөн, былтыр осы Невель қаласындағы

Ыбырайым Сүлейменов атындағы көшеде батырға арналған мемориалды тақта ашылған болатын. Енді міне, қаламыздағы батыр атындағы көшеде сұрмерген жауынгерге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтің мүсіні орналасқан жер аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Ескерткіште бейнесі тастан қашалған батыр қолындағы мергендер винтовкасының бауын жұмыр, қарулы жұдырығымен оң жағындағы кеудесіне қысып ұстап, қабағы қату, сұсты кейіпте, қапыдағы құлама жартастан шығып келе жатқан сәті бейнеленген. Батырдың жарты кеудесі Қордай гранитінен қашалған. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.