Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са С Сары ар а ары рыс ры су у ауданы ауда ауд ау а уда уда дан ны ы
Мой Мо М о ой йы й ын ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№40 (18234), Бейсенбі, 7 с уір, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ЖУРНАЛИСТ ОЙ АЙТАДЫ, МӘСЕЛЕ КӨТЕРЕДІ
САУД АРАБИЯСЫ
ЕЛБАСЫ РЕССЕЙ ФЕДЕРА АЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН Н АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ Нұрсұлт ан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты. Таулы Қарабақтағы қазіргі ахуалға айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары қақтығысушы тараптарды оқ атуды доғару режімін қамтамасыз етуге жəне бейбіт келіссөзді қайта қалпына келтіруге шақырды. Қазақстан Президентінің Брюссельде жəне Вашингтонда өткен келіссөздеріне орай Украинадағы ахуалды реттеуге байланысты пікір алмасылды. Сондай-ақ еуразиялық интеграция, атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада өткізу жоспарланып отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мəселелері талқыланды. Телефон арқылы əңгімелесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Қазақстан Президентінің мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШтың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е вт ы ң пікірінше, іс-шара аясында өткен кездесулер қауіпті ядролық материалдар айналымын бақылау мəселесіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді, ал АҚШ Президенті Барак Обаманың осы саммиттерді шақырудағы көшбасшылығы ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне нақты үлес қосты. «Дегенмен, саммиттер сериясының қорытындысын шы ғара отырып, халықаралық қоғамдастық ядролық қатер азаймағанын, керісінше ұлғайып бара ж ат қ а н ы н м о й ы н д ау ы т и і с . Трансұлттық террорлық ұйымдардың өсіп-жетілуі жəне өңірлік қақтығыстар ескеруге тиіс жаңа проб лемаларды тудыруда», – делінген мақалада. Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағынан қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған Қазақстанның тəжірибесіне назар аударды. «Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың салдарынан 1,5 миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиацияға ұшыраған еліміздің тарихи тəжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қолдауы арқасында кеңестік Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын айтты. «Қару жəне ядролық материалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық əкелді. Алайда, əлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қам тама сыз етілуі мүмкін», – делінген мақалада. Нұрсұлтан Назарбаев мұндай үдеріс Орталық Азияда сенім шара ларын жүзеге асырудан бастал ғанына назар аударды. Бұл ынты мақтастық кейіннен Орталық Азияны ядролық қарудан ада өңір ретінде жариялауға ықпал етті, нəтижесінде өңір барынша тұрақты бола түсті. «Ядролық қару бұдан былай Орталық Азияда ұлттық қауіп сіз дікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы еліміздің тəжірибесі ядролық қару мəселесін барынша кеңінен талқылау үшін жағдай жасауға мүмкіндік бергенін айтты. Қазақстанның бірегей тарихы Иранның АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция жəне Германиямен ядролық проблема бойынша келісім əзірлеу жөніндегі бастапқы келіссөздеріне септігін тигізді. Бұл ретте Қазақстан Президенті алаңдаушылық тудырып отырған жайттың – қару жасауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін уранды байыту ісінің тамырына балта шабу қажеттігін айрықша атап өткен. Бұл үшін Қазақстандағы Атом энергиясының халықаралық агенттігі тарапынан төмен байытылған уранның əлемдегі тұңғыш банкі құрылуда, ол ядролық отынды кез-келген елге жеткізуді сенімді түрде қамтамасыз етіп, сол арқылы байытуға арналған бағасы қымбат тұратын жəне тұрақсыздан дыратын қондыр ғыларды əзірлеу мен жасауға деген қажеттілікті жояды. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтардың барлығына тыйым салу қажеттігін тағы да атап айтты. «Біріккен Ұлтт ар Ұйымы 29 тамызды, Семей полигоны жабылған күнді, Ядролық сынақт арға қарсы күре стің халықаралық күні деп жариялады. Қазақстандағы ядролық сынақтардың ауыр салдарлары жəне Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартт ың (ЯСЖТШ) тезірек күші не ену қажеттігі туралы біз бастамашылық еткен АТОМ жобасында халықаралық деңгейде айтылған, оның идеяларына 100-ден астам елдің қарапайым тұрғындары қолдау көрсетті», – делінген мақалада. Жапониямен бірге ЯСЖТШ жөніндегі шолу конферен циясының тең төрағасы ретінде Қазақстан бұл мəселе бойынша ілгері леушілікке қол жеткізу үшін жұ мыс жүргізуге ниетті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттерді, əсіресе, ЯСЖТШның күшіне енуіне ықпал ететін елдерді жауапкершілік танытып, тиісті қадамдар жасауға шақырды. «Сынақтарға тыйым салу барлық мəселені өзінен-өзі шешпейді. Бірақ келісімнің күшіне енуі біздің əлемдегі ядролық қаруды жою жөніндегі түпкілікті мақсат жолындағы тағы бір елеулі қадам болмақ», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
МЕККЕ «АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА» АЙНАЛАДЫ
СОНДА АУДАН ЕГІСТІКТЕРІН СУЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ СУ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН ІСКЕ ҚОСУҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ МІНЕ, «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ДЕ БІР ЖЫЛ ҒАНА УАҚЫТ ҚАЛДЫ. «БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫМЕН ӨТЕТІН ОНЫҢ БАСТЫ ИДЕЯСЫ – КӨМІРМЕН, МҰНАЙМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН ҚУАТ КӨЗДЕРІН БІРТІНДЕП ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА БАЛАМАЛЫ КӨЗДЕРГЕ АЛМАСТЫРУ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ 2012 ЖЫЛДАН ЕЛІМІЗДЕ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «ЖАСЫЛ ДАМУ» КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА ҚОРДАЙ АСУЫНДА – ЖЕЛДЕН, ОТАР ДАЛАСЫНДА КҮННЕН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРЕТІН СТАНСАЛАР ПАЙДА БОЛЫП, ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРЫП КЕЛЕДІ. СОНДАЙ-АҚ, АҒЫН СУДАН ҚУАТ ӨНДІРУ ДЕ ОСЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА. ЕЛІМІЗДІҢ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРЫНДА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ӨЗЕНДЕР МЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ БІРТІНДЕП ІСКЕ ҚОСЫЛЫП ТА ЖАТЫР. БІЗДЕ ДЕ БҰҒАН АЛҒЫШАРТТАР ЖОҚ ЕМЕС. ҚОРДАЙДЫҢ ЕГДЕ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ОРТА ШЕНІНДЕ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА СУ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНІН ҰМЫТА ҚОЙҒАН ЖОҚ. ОЛ ШУ ӨЗЕНІНЕН АУДАН ЕГІСТІКТЕРІН СУЛАНДЫРУҒА АРНАП САЛЫНҒАН КАНАЛДЫҢ БОЙЫНДА ОРНАЛАСТЫ. СОНЫ ҚАЗІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛА МА? АЛ ЕНДІ БҰЛ БІРІНЕНБІРІН АЖЫРАТУҒА БОЛМАЙТЫН ЕКІНШІ МӘСЕЛЕСІЗ ШЕШІМІН ТАППАҚ ЕМЕС. СӨЗДІ АЛДЫМЕН СОДАН БАСТАҒАН ЖӨН.
(Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыстық Қоғамдық кеңе стің т ө р а ғ а с ы Жа н д а р К ə р і б а е вт ы ң төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысы облыс əкімдігінің денсаулық сақтау жəне ауыл шаруашылығы басқармаларына тиесілі регламенттерді қарауға арналды. Кеңес жұмысы облыс əкімдігінің д е н с аул ы қ с а қ т ау б а с қ а р м а с ы басшысының орынбасары Раушан Бижігітова таныстырған «Медициналық қызметке лицензия беру», «Денсаулық с а қ т ау с а л а с ы н д а ғ ы е с i р т к i құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сəйкестігін (сəйке с келмейтінін) анықт ау », «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» жəне «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қараудан басталды. Нəтижесінде, басқарма тарапынан түскен үш қаулы жобасы, атап айтқанда, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі əлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сəйкестігін (сəйкес келмейтінін)
а н ы қ т ау » , « Д е н с аул ы қ с а қ т ау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту тура лы» жоба лар азаматт ардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайды деп танылып, одан əрі қарай қарауға ұсынылды. Ал қалған жоба лардың нақты кемшілігі көрсетіліп, жетілдірілген соң қайта қарауға ұсынылды. А л о б л ы с ə к і м д і г і н і ң ау ы л шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков басқарма тарапынан əзірленген 6 қаулы жобасын таныстырды. Мұнда да жобада кездескен бірқатар кемшіліктерді ескерткен кеңес мүшелері бірқатар регламентті кері қайтарса, енді бірін одан əрі қарауға ұсынды.
Сауд Арабиясы королінің кеңесшісі Халид әл-Фейсал «ақылды технологияларды» кең қолдану арқылы Мекке қаласын жаңғырту жобасын бекітті. «2017 жылы жоғары технологияның барлық жетістіктері арқылы Мекке қаласы мен «әл-Харам» мешітін үйлестіру орталығы ретінде жер бетіндегі ең «ақылды» қалаға айналады» дейді әл-Фейсал. 2017 жылы қала толықтай баламалы энергия көзіне көшіріледі. АҚШ BOEING КОМПАНИЯСЫ 8 МЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІН ҚЫСҚАРТАДЫ The Seattle Times басылымының хабарлауынша, Boeing осыған дейін 4 мың қызметкерін жұмыстан босату туралы шешім қабылдаса, жуырда тағы да 4 мың адамды қысқарту жөнінде шешім қабылдады. Олардың арасында жүздеген менеджер мамандары бар. Компанияның мұндай қадамға баруының басты себебі – шығын көлемін азайту. ФИНЛЯНДИЯ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН РОБОТ Шаруалар құрастырған дрон жолында кездескен нәрсенің бәрін қиып түседі екен. Олар бұл үшін ұшқыш-роботқа жанармай көмегімен от алып, жұмыс істейтін араны орнатқан. Бұл құрал көлбеу бұрышын оңай ауыстырып, кез-келген жазықтықта тұрған затты қиып түседі. Дрон алғаш рет сыналғанда үйдің төбесіне қатқан мұз бен ормандағы қылқан жапырақты ағаштардың жоғары бөліктерін қиып өткен.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ЖАМБЫЛ 25 ЖЫЛДЫҚҚА – 25000 ТҮП АҒАШ Қазір аудан тұрғындарының дені қолына кетпен, айыр, күрегін алып далада еңбек етіп жатыр. Бірі өзі тұратын жерді күл-қоқыстан арылтып жүрсе, бірі көшеге, ауылға сән берген талдарды әктеумен әуре. Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 25000 түп ағаш отырғызуды қолға алған аудандық мекеме ұжымдары, ауылдық округтер межелі мақсатты орындады. Ағаштардың дені «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойына отырғызылды. МЕРКІ ОМАРТАШЫЛАР ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНУДА «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында омарташылар қалашығын орналастыруға қазіргі таңда жеке кәсіпкер Н.Плещаковаға 1,0 гектар жер телімі қарастырылып, 90 пайыз құрылыс жұмыстары орындалды. Жоба құны – 50 миллион теңге. Аталмыш нысан алдағы мамыр айында іске қосылады. ШУ АСТЫҚ ОРУ КОМБАЙНЫ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Беларусь еліне жұмыс сапары барысында қол жеткізген ынтымақтастық туралы келісімдер бойынша Шу қаласындағы «Шу локомотив жөндеу зауыты» базасында беларусьтық «Лида-1300» астық ору комбайнын құрастырып жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Су келтірер бір кісі, Егін егер мың кісі.
АҢЫРАҚТА Ш А Ң ЖА
МӘССАҒАН!
ЛИЦЕНЗИЯСЫ ЖОҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ 170-КЕ ЖУЫҚ СТУДЕНТТІ АЛДАП КЕЛГЕН
САММИТ
«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ Бұған дейін хабарлан ға нындай, Америка Құрама Штаттарының астанасы – Ва шингтон қаласында өткен Ядро лық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл манифест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штабпəтерінде АҚШ-тың қоғам жəне саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Бүгінде манифесті халықаралық қоғамдастық, сондай-ақ, өз еліміздің жұртшылығы да зор серпіліспен құп алып отыр. («Əлем. XXI ғасыр» манифесіне жамбылдықтардың үнқосуын 2-беттен оқи аласыздар).
Таразда Ибн-Сина атындағы медициналық колледж бір жылдан астам уақыт бойы студенттерді рұқсатсыз оқытып келгендігі мəлім болды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал студенттер өзге колледждерге ауыстырылды. Қалай десек те, 170-ке жуық студентті алдап келген оқу орнының басшыларының ісі қараусыз қалмасы анық. – 190-баптың 3-тармағына сəйкес ірі көлемде а лаяқтық жолмен ақша иемдену дəйектері анықталып отыр. Қазіргі кезде алдын ала тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Балалардың оқуын тоқтатпадық. Олар өздерінің оқуын екінші семестрден жалғастыруда. Емтихандарын қайталап тапсырды. Олар бақылау жұмыстарын толығымен тапсырып шықты, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев. Деректерге сүйенсек, орта буынды медицина мамандарын даярлайтын колледж оқу процесінің талаптарына сəйкес келмегендіктен лицензиясынан айырылған. Білім ордасында арнайы жабдықталған ғимарат та, оқу қоры да, қажетті зертхана да болмаған. Тіпті, штатта арнайы медициналық білім беретін маман да жоқ болып шықты. Прокурорлардың айтуынша, колледж басшылығы соған қарамастан, студенттер мен олардың атааналарын алдап, оқу процесін жалғастырып келген. Тексеру барысында ол жерде 170-ке жуық студенттің оқып жатқандығы анықталды. «Ақ жол-Ақпарат».
КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӨРІКТІ ҒИМАРАТҚА КӨШТІ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыстық кəсіпкерлер палатасы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Тараз қаласындағы Төле би даңғылының бойында орналасқан «Інжу плаза» аталатын бизнес
орталығының 8 қабатты ғимараты – қала көркіне айналған нысанның бірі. О бл ы с т ы қ к ə с і п ке рл е р палатасы аталған орталыққа алғашқылардың бірі болып көш бастады. «Інжу плазада» жұмыст а р ы н ж а л ғ а с т ы р ат ы н палата тыныс-тіршілігімен
танысып, жаңа қонысқа құтты болсын айту үшін облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев арнайы ат басын бұрған болатын. О бл ы с т ы қ к ə с і п ке рл е р палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова облыс басшысына ұйым жұмысы мен алға қойған мақсаттары
жөнінде қысқаша айтып берді. Кəсіпкерлікті қолдау мен салаға қатысты көптеген мəселелердің түйінін шешуде белсене жұмыс істеп жатқан ұжым жаңа да жайлы жұмыс орнындағы алғашқы еңбек күндерін тың серпінмен бастап кетті.