ұлы жеңіс елге әкелген ырыс, құт, нағыз бақыт – бейбітшілік, тыныштық! біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос.
9
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
мамыр №5-2 35 (1-6428 ), 74281 Сенбі, 7 мамыр, 6102 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
президент
бізге халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ
Мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті. Ке ң е с ке П а рл а м е н т палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі бағыттарына, соның ішінде жер реформасына тоқталып, Үкімет қызметіне баға берді және тиісінше бірқат ар шешім қабылдады. Нұрсұлт ан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан Бес институционалдық реформа дағдарысқа қарсы кешенді жоспар болып саналатынын атап өтті. – Әлемде қазір инвестиция т апшылығы орын алып отыр, дамушы нарықтардан капиталдың кетуі байқалуда. Дамушы елдердегі инвестициялар ағынының қарқыны 20 жылда алғаш рет кері сипатқа ие болуда. Егер 2008-2014 жылдары Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар көлемі жыл сайын орта е сеппен 24 миллиард долларды құраса, былтыр ол 15 миллиард доллардан аз болды. Елдер арасында сыртқы инвестиция үшін бәсеке к ү ш е й і п , м е м л е ке т т е р инве стиция тарту үшін қолайлы жағдай жас ап
жатыр, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы елдің ауыл шаруашылығы саласында 2 миллион 300 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты. – Сөйте тұра бұл салада еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық фермерлер бір гектар жерден орта е сеппен 400 доллардың
мереке қ ұтты болсын!
жауынгерлер рухының алдында тағзым етіп, басымызды иетін күн Облыс әкімі К.Н.Көкірекбаевтың облыс жұртшылығын 7 мамыр – Отан қорғаушы және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері! Қымбатты сарбаздар мен сардарлар! Қадірменді жамбылдықтар! Сіздерді барша отандастарымыз үшін мәртебесі биік, орны ерекше Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Б ұ л – ш ы н а й ы п ат р и о т и з м м е н О т а н ғ а сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректікті, келісім мен достықты бейнелейтін жалпыхалықтық мереке. Бұл – Ұлы Отан соғысында ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен жауынгерлер рухының алдында тағзым етіп, басымызды иетін күн. Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүрген сарбаздарымызға құрмет көрсететін күн. Халқымыздың сол сұрапыл соғыстағы жеңістері болмаса, бүгінгі жарқын, бейбіт өмір де болмас еді. Аға ұрпақтың ерліктерінің арқасында жер шарына бейбітшілік орнады. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де осынау мерекенің жемісі. Біз қашан да Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп жүрген жауынгерлердің бойынан Отанға деген адалдықтың үлгісін көреміз. Ел басына күн туған шақта Жамбыл облысынан майданға 70 мыңнан астам азамат аттанып, соның 36-мыңнан астамы елге оралмады. Майданда ерен ерлік көрсеткен 22 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры атанды, 7-сі Даңқ орденінің толық иегерлері болды. Бүгінде, от пен оқтың ортасынан аман-сау оралған майдангерлердің 169-ы ғана арамызда. Ардагерлерге құрмет көрсету,олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету біздің парызымыз. Биылғы Ұлы Жеңіс мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесімен орайлас келіп отыр. Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау баршамыздың міндетіміз. Егемен еліміздің аспаны ашық, бейбіт өмірі баянды болсын! М е р е ке л е р і ң і з бе н , қ ы м б ат т ы жамбылдықтар!
(абай).
өнімін а лады. Дәл о сы көрс еткіш АҚШ-т а 1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 3200 долларды құрайды. Ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы жаңа техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне инве стиция с а л у ғ а м ұ қ т а ж , – д ед і Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы әлем елдері шетелдік инвестиция тарту
үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатқанына назар аударды. – Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына салынған қаражат өзін ақтау үшін 1015 жыл керек. Қазақстанда ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы мақс атындағы жерлерді 10 жылға, соның ішінде шетелдіктердің жалға алуы туралы заң ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Алайда
бұл салаға әлі айтарлықтай инве стиция келген жоқ. Шетелдіктер 65 мың гектарда ғана жұмыс істеп жатыр, яғни жалға алынған жердің 0,06 пайызы ғана. Бірақ жоғары өнімділікті қамтамасыз етіп отыр. Жерді ұзақ мерзімге жалға беру – бүкіл дүние жүзі бойынша инвестиция тартудың амалы. Бельгия, Германия, Грекия, Нидерланд сияқты елдер
жыр-жәдігер
шетелдік инвесторлардың жерді меншікке немесе жалға алуы мәселесіне қандай да бір шектеу қоймайды. Францияда шетелдік инвесторлар үшін жер ре сурст арын жа лға а лудың ең ұзақ мер зімі 99 жылды құрайды. Жер кодексі нормаларын әзірлеу барысында бұл тәжірибелер ескерілді. Бірақ жерді шетел азаматтарына сату мәселесі болған емес, қазір де жоқ, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нормалардың мәні тиісті топтарға жеткізілмегенін атап өтті. – Қабылданған заңның тетіктері мен нормалары ж ұ р т ш ы л ы қ т ы ке ң і н е н қатыстыру арқылы талқыланбады. Сондықтан көп жағдайда халықтың а л а ң д ау ы д ұ р ы с . Е г е р қазақстандықтар қабылданған шешімге с енбейтін болс а, демек бұл дұрыс емес деген сөз. Өйткені, бұл өзгерістер халық үшін жасалып жатыр. Қоғамда жерді жалға а лу жөніндегі бірқат ар заңнамалық нормаларға қатысты күмән туғанын е скеру маңызды, – деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін тоқтау салды.
Кешікпей жарым келер деп, Төрінен сайлап орынды. Батысқа қарап елеңдеп, Ару жүр тосып жолыңды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы Ас қ а р И с а бе к ұ л ы М ы р з а х м е то в Қ а з а қ с т а н Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр
№ 252
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Д.Ә. Абаевты Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметіне тағайындау туралы Д ә у р е н Ә с ке р б е к ұ л ы Аб а е в Қ а з а қ с т а н Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр № 254
Батыр елдің сәулеті, Балқұрақ көлдің сәулеті.
(Жалғасы 2-бетте).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Сырбай Мәуленов.
Соғыстан қайтқан солдаттар Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға, Жолыңды тосып ана жүр. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?
Газет 2 91 жылғы 1 мамырдан шығады.
Көтерді бәрін ауырдың, Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар? Кетерде солдат жарының, Ішінде қалған ана жыл. «Көкемді айтпай танырмын», – Деп бір сәби бала жүр. Қайырылмай қалай кетесің, Хабарсыз қалай ол тоқтар? Көрдің бе оның көкесін, Соғыстан қайтқан солдаттар?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олегович – «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр № 244
7 мамыр – отан қорғаушы күні
Қарулы күштер – ел қорғаны Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Биыл тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына 24 жыл толды. Б ү т і н б і р е л д і ң Қ а рул ы к ү ш т е р і н і ң қалыптасуы жолында бұл аса көп уақыт емес. Дегенмен, осы қысқа мерзімде Жоғарғы Бас Қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен мемлекетіміздің жоғары әскери әзірлігі бар қуатты армиясы құрылды. Елдің түрлі өңірлерінде әскери құрылымдардың жауынгерлік қабілеттілігін арттыру үшін әскери округтер «Астана», «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары болып қайта құрылды. Әскеріміз айбынды күшке айналды. Қорғаныс өнеркәсібі дамыды. 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты жиында осыған көз жеткіздік. Салтанатты жиынға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, тұтастық пен тыныштық сақшыларын төл мерекелерімен құттықтады. (Жалғасы 5-бетте).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға: 1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға; 2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге; 3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін; 2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын; 3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр № 248