7 караша 2015 ж пдф

Page 1

АБАИҒА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№138 (18172),Сенбі, 7 қараша, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

құлақ түрейікші, ағайын!

АДАМНЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ АДАМНЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ КӨҢІЛДЕ АЛАҢ БАСЫЛСА; ТӘҢІРІНІҢ БЕРГЕН ӨНЕРІ КӨК БҰЛЫТТАН АШЫЛСА; СЫЛДЫРАП ӨҢКЕЙ КЕЛІСІМ ТАС БҰЛАҚТЫҢ СУЫНДАЙ, КІРЛЕГЕН ЖҮРЕК ӨЗІ ІШІН ТҰРА АЛМАС ӘСТЕ ЖУЫНБАЙ. ТӘҢІРІНІҢ КҮНІ ЖАРҚЫРАП, ҰЙҚЫДАН КӨҢІЛ АШАР КӨЗ. ҚУАТТЫ ОЙДАН БАС ҚҰРАП, ЕРКЕЛЕНІП ШЫҒАР СӨЗ. СОНДА АҚЫН БЕЛІН БУЫНЫП, АЛДЫ-АРТЫНА ҚАРАНАР. ДҮНИЕ КІРІН ЖУЫНЫП, КӨРІНІП ОЙҒА СӨЗ САЛАР.

АСТАНА – ПАРИЖ: ЫҚПАЛДАСТЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін, елдеріміздің арасында бүгінде экономика және саясат мәселелері бойынша толық түсіністік орнағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд Франция Президентінің Астанаға

жасаған кейінгі сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын да талқылады. Қазақстан Президенті бүгінде Астана мен Париж арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ аэроғарыш салаларындағы ықпалдастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттар қабылданды: – Қазақстан Республикасы Президенті мен Француз Республикасы Президентінің бірлескен декларациясы;

АТҚАРҒАН ІСТЕРІ АЛҒЫСҚА ЛАЙЫҚ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

М ОЛА ЕЛ Б

– Астана қаласында өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне Француз Республикасының қатысуы туралы шарт; – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Аэ р о ғ а р ы ш к о м и т е т і м е н Ф р а н ц у з Республикасының Ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығы арасындағы Ғарыш бойынша ынтымақтастықты дамыту саласындағы ниеттестік туралы декларация; – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің бірлескен декларациясы. Елбасы Францияның жетекші компаниялары басшыларымен кездесті.

ЕСІГ ЕСЕҢ, Б ЫН Д

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Мерейлі Меркі жері табиғаты тамылжыған, ғажайып көркімен ғана емес, облысымыздағы өнеркәсібі өркендеген, әлеуеті жоғары, халық көп шоғырланған аймақ ретінде ерекшеленеді. Содан болар, бұл өңірде мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар жиі бой көтереді. Соның бірі – сәрсенбінің сәтті күні салтанатты жағдайда ашылған Жамбыл ауылындағы 280 орындық «Ер Төстік» балабақшасы. Осынау қуанышқа ортақтаса келген облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов меркіліктерді заманауи үлгіде салынып, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған балабақшаның пайдалануға берілуімен құттықтады. Өз кезегінде ол осынау қос қабатты жаңа нысан 2010 жылдан бері облысымызда пайдалануға беріліп отырған 250-ші балабақша екенін атап өтті. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бала біздің болашағымыз екенін әрдайым

айтады. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Болашағымыз баянды болуы үшін бүлдіршіндеріміз сапалы білім, тағылымды тәлім-тәрбие алып өсулері тиіс. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бабаларымыз баяғыдаақ айтып кеткен ғой. Облыс басшылығы бұл тұрғыда аянып жатқан жоқ. Бүгін ауылдарыңызда пайдалануға беріліп отырған балабақша – соның айғағы. Осы орайда мемлекетке қол жайып қарап отырмай, жергілікті жерден шыққан кәсіпкер, елжанды азаматтар осындай балабақшалар салып, баянды істердің бастауы болса дейміз. Балаға жасаған жақсылық – баршаға, болашаққа жасаған жақсылық екені анық, – деген Ерқанат Нұрбапаұлы жаңа балабақшаға облыс басшысының атынан сый-сияпат тарту етті. Мұнан соң ауыл ақсақалдары да сөз алып, игі лебіздерін жеткізді. Өз сөзінде Сейітқадыр Көшкінбаев қария балабақша құрылысын үнемі бақылап жүргенін, құрылысшылардың өз жұмыстарын тиянақты түрде атқарғанын айтса,

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Аға басылымға жазыл, ағайын!

шаруашылықтар басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, түрлі этнос өкілдері, зейнеткерлер де оқиды. Бұл – газеттің сан саланы қамтитын, облыс тыныс-тіршілігінің қан тамыры бүлкілін тап басып жазатын халықтық басылымға айналғандығының да белгісі. «Ақ жол», үшіншіден, сол сан салада жұмыс істейтін оқырмандарының мұң-

ЫЗАЛЫ ЖҮРЕК, ДОЛЫ ҚОЛ, УЛЫ СИЯ, АЩЫ ТІЛ НЕ ЖАЗЫП КЕТСЕ, ЖАЙЫ СОЛ, ЖЕК КӨРСЕҢДЕР ӨЗІҢ БІЛ.

ІҢДІ ТҮЗЕ

"Ер Төстік" есік ашты

БАТТАЛ ЖАҢАБАЕВ, БАСПАСӨЗ АРДАГЕРІ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.

ӘДІЛЕТ ПЕН АҚЫЛҒА СЫНАТЫП КӨРГЕН-БІЛГЕНІН, БІЛДІРЕР АЛЫС, ЖАҚЫНҒА СОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕ ДЕГЕНІН.

(Жалғасы 2-бетте).

ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Барша жұртқа ат шаптырып, сауын айтқызған, жаһанға жар сала жариялап, жұрт болып жұмыла өткізген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы – ел тарихында қалатын айтулы оқиғаның бірі. Осынау ұлы күнді ұлықтауда, оны өз деңгейінде өткізуге мұрындық болуда облыс мекемелері мен ұйымдарының еңбегі орасан. Жақында елдіктің тойында ерінбей еңбек еткен, өздерінің айтарлықтай үлестерін қосқан біршама мекеме басшылары марапатқа ие болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков оларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, «Көне Тараз» мұражайы құрылысын жүргізуге және өзге де құрылыстарды қажетті техникалармен қамтамасыз еткен «Сапар Консалтинг» ЖШС-ның директоры М.Өмірбеков, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-ның директоры Д.Жұмабаева, «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл темір жол бөлімшесінің директоры Д.Есімбеков, «СК-АВС» ЖШС директорының орынбасары М.Құттиев, «Темір байлық» ЖШС-ның директоры Ж.Әбдікеров, сондай-ақ, мерейтой қонақтарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз еткен «Айнұр Жеті Нұр» ЖШС-ның директоры Е.Рсалиев, «Тараз Интер-Транс» ЖШС-ның директоры Г.Ишанқұлов және Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Тараз қаласы.

Алаш арыстары А.Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, тілі һәм құлағы», ал М.Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің ертеңі мықты» деп, баспасөздің қоғам дамуындағы рөліне ілгеріде-ақ жоғары баға беріп кеткені белгілі. «Ақ жол» да өңіріміздің рухани-мәдени өрлеуінде, ұлт боп ұйысуында ең қажетті асыл қазыналарымыздың бірі екені естен шықпаса дейміз. Әсіресе, облыс тұрғындарының оған келер жылға жазылу кезінде мына төмендегідей бірқатар жайларды жадына берік түйгені жөн сияқты. Біріншіден, бұл – мемлекеттік тілде шығып, облыс көлеміне мол таралыммен тарайтын өңіріміздегі жалғыз ғана газет. Тарихтың, уақыттың, қала берді ұлттың да үні. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Екіншіден, оны бірнеше мыңдаған мемлекеттік құрылым өкілдері, мекемелер мен кәсіпорындар,

Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы олардың көпшілігінің елімізде жұмыс істеп жатқанын, Қазақстанның мүмкіндіктері мен ұзақмерзімді басымдықтарын жақсы білетінін айтты. Мысалға, Францияның 24 компаниясы Қазақстанда қазірдің өзінде 2 миллиард доллардан асатын жобаларды жүзеге асырды, 14 жоба жүзеге асырылу кезеңінде тұр, тағы 10-ы – келешектің еншісінде. Бір ғана менің сапарым барысында жалпы құны 5 миллиард доллардан асатын келісімшарттарға қол қойылатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

ҚЫРАНША ҚАРАП ҚЫРЫМҒА, МҰҢ МЕН ЗАРДЫ ҚОЛҒА АЛАР. КЕКТЕНІП НАДАН ЗҰЛЫМҒА, ШИЫРШЫҚ АТАР, ТОЛҒАНАР.

мұқтажын жазып көрсетіп, ел мен жер мүддесі таразы басына түскен сын сәтінде ақ сөйлеп, әділ сөзін айтып, қоғамдық пікірлердің туындауына, түйткілді һәм тағдырлы мәселелердің оң шешілуіне айрықша ықпал ететін әлеуетке де ие. Сонымен бірге, жарнаманың да, жылнаманың да, жақсылықтың да, жасампаздықтың да жаршысы. Әсіресе, соңғы кездері газет жаңа бір тынысын ашқандай. Келбеті де өзгерді, мазмұны да байыды. Журналистердің қалам сілтер тақырыптарының аясы кеңейе түсті. Мұны ел көріп, оқып біліп отыр. Жаңа айдарлар көптеп ашылуда. Арнайы беттер үзіліссіз шығып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, оқырманның талғамынан шығу жолында «ақжолдық» журналистер аянып жатқан жоқ. Ендеше осынау үнқағазымыздың қадіріне жетіп, уақтылы жаздыртып алу арқылы таралымының өсуіне жанашырлықпен атсалысу – елім, жерім деген әрбір қандасымыз үшін үлкен сын. Жазылым көбейсін! Жазар көбейсін, «Ақ жол»!

құрылысты жүргізген «Бағжай» ЖШС-ның директоры Ырысбек Жүнісов жұмыла еңбек еткен ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді. Келесі кезекте жиналған жұртшылық жаңа балабақша ғимаратын аралап көрді. Ғимаратты толық аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мұндай жерде тәрбиеленген бүлдіршіндердің ертең ел үшін еңбек ететін азамат болып қалыптасатындығына сенім білдірді. Ал балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілер болса, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруде жауапкершілікпен еңбек ететіндіктерін жеткізді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерімен шашу шашты. Меркі ауданы.

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ата-ананың ақылы, сайрап жатқан жолмен тең, Ақылдының ақылы, сарқылмайтын көлмен тең. Халық мақалы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.