7 кантар 2016 пдф

Page 1

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Жамбыл облысты о амды саяси газет

Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!

№1-2 (18195-18196), Бейсенбі, 7 а тар, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ Ж

ЫС

ЖАҚ СЫ

СӨ З–

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

ЫР М Ы АР

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Əр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тəуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат жəне тəуелсіз Отанды аңсаған көпғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақст андықт ар үшін Тəуелсіздік көп этносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын

ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік. Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кəсіби жəне негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік. Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың жəне халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік. Тəуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен жəне ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік. Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа

технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Жəне ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тəуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық əлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды жəне оларды шешуді үйрендік.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАН Біз Тəуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның

басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың орт асына қарай біз Қазақстанның əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 2015 жылдың сəуірінде өтіп, қазақстандықтардың абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды. Шын мəнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды. (Жалғасы 2-3-беттерде).

АҚОРДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин жəне Президент Əкімшілігі Бас шысының орынбасары Б.Май лыбаев қатысты. Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды əлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы э ко н о м и к а л ы қ к ө р с е т кіштермен аяқтағанын атап өтті. – Біз Бес институттық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Ауқымды дайындық ж ұ м ы с т а р ы ат қ а р ы л д ы , тиісті құжаттар қабылданды. Президент Əкімшілігі,

Үкімет, əрбір министрлік жəне əкімдіктер қойылған міндеттерді нақты орындауға ат салысуы қажет. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қ ы зм е т і н ж а л ғ а с т ы р ы п , менің алдымда есеп беретін болады жəне барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев реформалардың уақтылы жəне тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. – Мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет.

Сонымен қатар, Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан əрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, е сеп беруші мем лекет қалыптастыру міндетіне сəйкес, барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы ал ғанда, нəтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, ре формаларды көзбояушылыққа айнал дыруға жол беруге болмайды. Өз ге рістерді жүзеге асыруға ке дер гі болатындар лауазымынан босатылады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақст ан Пре зиденті ке зде су қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қолыңда жарық болса, Қараңғылық қашады. Даналық көзіңді ашса, Бақытсыздық қашады. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезектен тыс XLІV сессиясы 2016 жылдың 8 қаңтарында облыс əкімдігінің үлкен мəжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымы кандидатурасын келісу туралы. * * * Депутаттарды тіркеу 8 қаңтар күні сағат 11.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.

Халқымыз төрт түліктің ішінде қойды ерекше бағалаған. Бабаларымыз «Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп ұрпағына өсиет қалдырған. Баласын «қошақаным» деп еркелетіп, мінезі жұмсақ адамды «қойдан жуас екен» деп сүйсініп жататынымыз да бар. Қой баққан қазақтың бірі мына менмін. Осы ата кəсіптің арқасында жаман болған жоқпын. Бүгінде шаруашылығымыз елімізге танымал. Əсіресе, өткен қой жылы қой баққан қазаққа құт жыл болды дер едім. «Қой жылы – той жылы» болды деп жатыр ғой жұрт. Лайым, халқымызды тойдан айырмасын. «Құрық берсем, құл болма, шыбық берсем, шіл болма, бəрінен де, қарағым, баяны жоқ ұл болма» деген ғой атабабаларымыз. Ең бастысы, еліміздің əрбір тұрғыны Отанымызға адал, жұмысына ұқыпты болса деймін. Сонда еліміз бұдан да көркейіп, дами берері сөзсіз. Мешін жылы халқымызда молшылық, тоқшылық болсын. Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берейік! Сайрамбай ДӨНЕНБАЕВ, «Шəушен» шаруа қожалығының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері. Т.Рысқұлов ауданы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

20 683! БИЫЛҒЫ ТАРАЛЫМЫМЫЗДЫҢ САНЫ ОСЫНДАЙ, ЖАЗЫЛЫМ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ Баспасөз таралымының артуына бірден-бір жанашыр оның оқырмандары мен газет журналистері екені белгілі. Өйткені, жазылымның айқайшысы да, айбары да солар. «Ақ жолға» жазылу жұмысын алға сүйреген Шу, Жуалы, Талас, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандары басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Дейтұрғанмен, өткен жылдың 28 желтоқсанында «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы берген мəліметте газетіміздің таралымы 19787 деп көрсетілгеніне қарнымыз ашқанын несін жасырайық. Өйткені, жазылушылардың қарасы бұдан көбірек болуы керек еді деген сеніміміз мол болатын. Сондықтан, облыстық филиал директорының міндетін атқарушы Дастан Үкібаевқа қайырылғанымызда, ол биылғы жылға жазылымды толық рəсімдеп біткендерін жеткізуден əріге бармады. Қысылтаяң сəтте «Сенім» баспаханасының мəліметі мерейімізді өсірді. Сөйтсек, «Қазпошта» есепке алмаған «ЕRNUR-press», «Тараз-пресс», «Эврика-пресс» секілді серіктестер мен «Сенім» ЖШС жүргізген жазылымды қосқанда, газетіміздің таралымы 20 683 болғанын білдік. Осылайша «Қазпоштаға» балама құрылымдар газетіміздің таралымын қыр асырып тастапты! Бұған қалай жаның жылымас?! «Ақ жолға» жазылу қаңтар айында да жалғаса береді. Ендеше, жазар жақсылығымыз, жеткізер жаңалығымыз мол болғай!

Көсемәлі К Көсе өсемә мәліі СӘТТІБАЙҰЛЫ. СӘТ ӘТТІ ТІБА БАЙҰ ЙҰЛЫ.

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІКТЕ «Қазақстан Тəуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын дəлелдеп берді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын бүгінгі мақаласында осылай деді. Жалпы, қай сөзінде болмасын Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі. Оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатыр. Елдің ауыз бірлігі туралы жеті ғасыр бұрын жыраулар да күңіренген, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп, кешегі Абай да өкініп өткен. Абай өлеңдерін жатқа оқитын Елбасы жақында өткен бір кездесуінде «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бəрі бос» деген ақын сөзін тағы да мысалға алды. Мысалға алып қана қойған жоқ, осы сөзді ертеңіне сенімді еліміздің əр ауыл, əр қаласының көшелеріне жазып қоюды тапсырды. Газетіміздің «Ақ жол» деген «бөркінің» үстіңгі жағындағы «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды» деген сөзді де біз Елбасы саясатынан туындатып қойғанбыз. Енді оны газеттің əр санында жарияланатын қазақстандық достық туралы мақалалардың айдарына айналдырып, орнына Елбасы мысалға келтірген ғибратты шығарып отырмыз. «Бөлінгенді бөрі жейді». Жүзін жарнамалап, ру аттарын аттандап жүрген «шолақ белсенділерге» Абай ақылы, Елбасы саясаты сабақ болса екен дейміз. «Тамшы тас теседі». «Ақ жол» газетін қолына алған оқырман айналасындағы ағайындарын елді берекелі тірлікке бастайтын бірлік екенін күн сайын айтып отыратын ақылшыларымыздың біріне айналады деп сенеміз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
7 кантар 2016 пдф by akjolgazet - Issuu