ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№40 (18074), Сейсенбі, 7 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
«ЭКСПО-2017» ЕЛОРДАМЫЗДЫ КЕҢЕЙТІП, КӨРКЕЙТЕ ТҮСЕДІ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРУ КЕРЕК
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы мерейтойлар жылына байланысты «20 ізгі іс» жобасының аясында Н.Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған мектеп-интернатына барды. Олар ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің тоқсан жылдық мерейтойына арналған мерекелік шараға қатысты. Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Ғалым Тұрсынбаев еліміздің бай тарихын, дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтау және өркендету маңызды екендігін атап өтіп, қажетті музыкалық аспаптар сатып алуға ұжым атынан қайырымдылық көмек көрсетті. =ЖУАЛЫ Же ке к ә с і п ке р Н ұ р л а н О рта е в б а с қ а р ат ы н «АгроАзықНанЖабдықтау» ЖШС (бұрынғы «Алтын дән») бүгінгі таңда Қытай, Ресей, Чехия мемлекеттерінің озық үлгідегі аппараттарымен жабдықталған. ЖШС сұйық май шығару және түрлі пайдалы витаминдер қосылған мал және құс азықтарын шығарумен айналысады. Сонымен бірге ЖШС бүгінгі күнге дейін шаруа қожалықтарынан 20 мың тонна бидай қабылдап, тазалап, сақтап берсе, үстіміздегі жылдан бастап тағы екі қойманы күрделі жөндеуден өткізіп, 25-30 мың тонна бидай сақтауға қол жеткізбек. =ҚОРДАЙ
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады. А.Мамытбеков министрліктің қазіргі қызметі, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев республика алдында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды. – Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық жағдайын тәртіпке келтіру керек. Кәсіпорындар осы мақсатқа бөлінген мемлекеттік қаражаттың нәтижесін көрсетуі тиіс. Басымдығы бар тағы бір мәселе – негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету кезіндегі импорт алмастыру. Қазіргі уақытта импортталып отырған құс еті, шұжық өнімдері, алма сияқты өнім түрлері бойынша өз өндірісімізді жолға қою қажет. Жалпы, қайта өңдеуді ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру керек, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізу қажеттігін де атап өтті. – Күзгі ылғал сіңіру жақсы болды. Топырақ ылғалының жоғары болғаны бір жағынан пайдалы, бірақ көктемде қызылсу мол болады деп болжануда. Бұған тиісті қызметтер дайын болуы керек. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарына айрықша назар аудара отырып, халыққа уақтылы ескерткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ауыл шаруашылығы министрі 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2014 жылы бірінші рет импорттың 6 пайызға, соның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт 10 пайызға төмендегені байқалғанын атап өтті. Жалпы, сырттан әкелінетін ауыл шаруашылығы шикізаты мен өңделген өнімдердің көлемі 4 миллиард долларды құрайды. Соның 1 миллиардқа жуығы еліміз өндіре алмайтын тауарларға тиесілі. – Біздің мақсат – ел ішінде шығаруға қажетті барлық мүмкіндігі бар өнімдердің өндірісін қамтамасыз ету, – деді А.Мамытбеков. А.Мамытбеков сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында салық заңнамасына өзгерістер енгізілгенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Е л б а с ы с а л ы н ы п ж ат қ а н « Ас т а н а ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды. Мемлекет басшысы Көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсету нысандарының макеттерімен танысты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің орталығы – Қазақстанның Ұлттық павильонында болатын нысандар жөнінде жан-жақты баяндалды. Содан соң Қазақстан Президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды. Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін кешенді 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан ғимараттарды көрмеден кейін де пайдалану мәселесін Үкіметпен бірлесе отырып анықтау басты міндеттердің бірі екендігіне назар аударды. – Кейбір елдердегі секілді нысандар бос тұрып қалмауы керек. Қонақтарға арналған баспана, қонақ үй және Конгресс-орталық мақсатты пайдаланылады. Бұл ретте, көрмеден кейін шетелдік мемлекеттердің павильондары мен өзге де көптеген орын-жайлар бос қалады. Кешен одан әрі қалай пайдаланылатынын қазірдің өзінде шешіп алған жөн. Мүмкін о н д а ха л ы қ а р а л ы қ ш а р а л а р , ә с ке р и , агроөнеркәсіптік көрмелер өткізілер. Әлемдік ірі компанияларды біздің нысандарымызды өз жұмыстарына пайдалануы үшін қызықтыру қажет. Сонымен қатар, мұнда халықаралық
банктер, бұқаралық ақпарат құралдары өз кеңселерін ашуға тілек білдіруде. Жалпы алғанда, барлық ғимараттар 2017 жылдың күзінен соң әрі қарай пайдалануға берілуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы еліміздің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудегі мақсаты Қазақстанның табыстарын әйгілеуді, әлемдік қоғамдастыққа оның мүмкіндіктерін паш етуді көздейтінін атап өтті. – Біздің ре спубликамызды көптеген аспектілер бойынша – ірі энергетикалық мемлекет, уран кенін өндіретін жетекші ел, астық экспорттаушы, бай табиғи ресурстарға ие мемлекет ретінде біледі. Енді болашаққа ұмтылған жаңа елді көрсету қажет. Ұлттық павильон тұжырымдамасының өзі де Қазақстан жеткен жетістігімен тоқталып қалмайтынын, әрдайым әрі қарай ілгерілеуді мақсат тұтатынын көрсетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Қазақстан Президенті жоба Астананың беделін бұдан да әрі нығайтуға септігін тигізетініне назар аударды. – Көрме елордамызды мүлде өзге қырынан көрсетеді, оны кеңейте және көркейте түседі. Бүгінгі таңда Астанада маңызды нысандар аз салынған жоқ. Алайда ЭКСПО кешені – мүлде басқа сападағы, ХХІ ғасыр талаптарына тол ы қ т а й с а й ке л е т і н т ех н ол о г и я л а р қолданылатын жоба. Елорда тұрғындары мен меймандары үшін энергетика саласындағы болашақпен қауышудың, ғылыми жетістіктерді көрудің және бой көтерген нысандардың көркін тамашалаудың тамаша мүмкіндігі туады, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Мемлекет басшысы жобаны бұдан әрі жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Кеңес барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Т.Ермегияев көрме кешені құрылысындағы Қазақстанның үлесін арттыру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық іс-шара дайындығына және оған қатысуға еліміздің бизнес-қоғамдастығы белсенді түрде тартылып жатқанын айтты. ЭКСПО нысандарындағы қазақстандық үлес 60%-дан кем болмайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар құрылыс барысы туралы «Sembol», «BІ Group», «АБК Құрылыс-1», «Mabetex Group», «СК Базис», «Компания АДС», «MegaManagement» сияқты мердігерлік құрылыс компанияларының басшылары баяндама жасады. * * * Жалпы ауданы 174 гектар болатын Көрме кешенінің аумағында 38 нысан бой көтеретін болады. Жобаға 8 құрылыс ұйымы және 3500ден астам жұмысшы қатысып жатыр. Кешеннің көрме аймағында диаметрі 80 метрлік, шар пішініндегі Қазақстанның Ұлттық павильоны, сондай-ақ, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда, ойынсауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме сыртындағы аймаққа конференция орталығы, баспасөз орталығы, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер енеді.ЭКСПО нысандары жел, күн және өзге де баламалы қуат көздерінен алынатын «жасыл» энергетикамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.
ЖАҢА
Тұрғындарға күнделікті тұрмыста аса қажет тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығындағы «Дастай ата» базарында әлеуметтік дүкен жұмыс істей бастады. Онда тұтынушыларға азық-түлік және басқа да тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылады. =ТАЛАС « Н ұ р О та н » п а рт и я с ы н ы ң Та л а с а у д а н д ы қ филиалының ұйымдастыруымен ауданның бір топ мәдениет, өнер өкілдерімен Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы дөңгелек үстел өткізілді. Онда Қаратау гуманитарлық-техникалық инженерлік колледжінің директоры Д.Мәселбеков, партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Т.Жұмабек, ауданның Құрметті азаматтары Б.Көлбайұлы, Т.Сейдуанов сөз алып, ел тарихына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. =САРЫСУ Ауданда жүріп жатқан сенбілік барысында Шоқай датқа мектебі 100 түп алма, 70 түп шие, 30 түп өрік көшеттерін отырғызды. Ал Байқадам, Ж.Отарбаев, Қызыл диқан орта, Үшбас негізгі мектептерінің ұжымдары 100 түп алма талдарын екті. Жалпы мектептер мен балабақшаларда 1000 түп алма талы көшеттері егілді. Сенбілік әлі жалғасуда. =ШУ Шу аудандық көлік прокуратурасында прокуратура қызметкерлері, заң органдарының өкілдері және темір жол саласының мамандарының қатысуымен конференция өтті. Ондағы күн тәртібінде қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыс деңгейі, темір жол арқылы тасымалданатын жүктің сақталуын қадағалау мәселесі сөз болды.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ЖУАЛЫДАҒЫ МЕЖЕ - 100 МЕГАВАТТ ЖУЫРДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Әлемде халық саны өсіп, экономика қарыштап дамуына байланысты электр қуатына қажеттілік күн санап өсіп келеді. Көптеген мемлекеттер арзан электр қуатын өндірудің алуан жолдарын қарастыруда. Ө р ке н и е т т і е л д е рд е қ уат т ы ң д е н і жаңартылмалы энергия көздері – күн, жел және судан өндіріледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жасыл энергияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта еліміз, оның ішінде облысымызда орасан жобалар жүзеге асырылуда. Оңтүстік өңірде орналасқан облысымызда қыс – қысқа, жаз ұзақ болатындықтан күн, жел және судан арзан әрі экологияға зиянсыз қуат өндіруге үлкен мүмкіндіктер бар. Келешекте аймақтың қуатқа деген жаздағы қажеттілігінің – 80, қыстағы 40 пайызын жаңартылмалы энергия көздерінен өндіру көзделуде. Мұның өзі орасан ресурстар мен қаржылай шығындарды азайтуға мүмкіндік берері сөзсіз. (Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ
ОБЛЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІҢ ИГЕРІЛУІ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЕМЕС Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Үстіміздегі жылдың 23 ақпанында өткен облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев жер қатынастарын реттеу саласындағы кейбір көрсеткіштерге көңілі толмай, тиісті орынбасары мен бірқатар мекеме басшыларына тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырма аясында екі жұмыс тобы құрылап, ондағы мамандар аудандарды бір ай бойы аралап келген. Кәрім Нәсбекұлының төрағалығымен өткен кешегі кеңесте жұмыс топтарының атқарған жұмыстары
пысықталды. Алдымен жерді тиімді игеру мәселелері туралы облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Тортаев хабарлады. Ол басқарған топ өздеріне жүктелген Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Жуалы, Талас аудандары мен Тараз қаласы бойынша жұмыс істеген. І.Тортаев хабарлама басындаақ облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді игеру көрсеткіштерінің төмен екендігіне назар аударды. (Жалғасы 3-бетте).
ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫМЕН
КЕЗДЕСТІ
«ШУ-АЛМАТЫ-1» ТЕМІРЖОЛЫНДА ЕКІНШІ ЖЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». ЕЛБАСЫНЫҢ «НҰРЛЫ ЖОЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА БАСТАМАЛАР КЕЗЕҢІНЕ БАҒЫТ СІЛТЕП, ЕЛДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ САНАЛАТЫН ЖОЛДАР МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ. ОСЫ ОРАЙДА, ӘЛЕМДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ТОЛҚЫНЫНА ҚАРАМАСТАН, ТАПСЫРМА АЯСЫНДАҒЫ ТІРЛІКТЕР ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖОҚ.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро бақылаушылары Даг Хэллезунд және Бриджит Хауэрмен кездесу өткізді. 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бақылаушы болып табылатын аталған азаматтармен облыс басшысы сайлауға қатысты ой бөлісті. Норвегиялық Даг Хэллезунд пен германиялық Бриджит Хауэр бақылаушы ретінде арнайы аккредитациядан өткен. Аталған бақылаудан 19 мемлекеттен 236 азамат өтті деген мәлімет келтіреді ҚР Орталық сайлау комиссиясы. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік 98 бұқаралық ақпарат құралының өкілін аккредитациядан өткізген екен. Мұнан өзге елімізде тіркелген түрлі ұйымдар мен бірлестіктер және жеке азаматтардан тұратын бақылаушылар да алдағы уақытта болатын сайлаудың әділ өтуін қадағалайтын болады.
Жақсыға мал бітсе, Ағайынға қарасады, Жаманға мал бітсе, Көрінгенмен итше таласады. Халық мақалы.
Осының бір дәлелі – тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданындағы «Шу-Алматы-1» темір жол телімінің екінші желісі құрылысының басталуы болса керек. Бұл тарихи сипаттағы елеулі оқиғаға орай аудан аумағындағы Кемер стансасында салтанатты жиын өтті. Оған ҚР Инвестициялар және дамыту жөніндегі вице-министр Жеңіс Қасымбек, «Қазақстан Ұлттық темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті
келеді. Жаңа екінші темір жол желісін салу арқылы жолдың өткізу қабілеті қазіргі 25 миллион тоннадан 80 миллион тоннаға дейін артпақ. Сонымен қатар, жүк пойыздарының жол жүру уақыты да екі есеге қысқарады. Жобаны жүзеге асыру барысында 110 шақырымдық басты жол салынады. Басты жолдың бойында 92 дана инженерлік құрылғылар болса, 22 темір жол көпірі, екі жол өткелі салынады, –
Асқар Мамин, еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев және аудан тұрғындары мен теміржолшылар қатысты. – Біз бүгін еліміздегі тарихи маңызы бар үлкен экономикалық жо б а қ ұ р ы л ы с ы н б а с т а ғ а л ы отырмыз. Тәуелсіздік жылдарында 2500 шақырымнан астам темір жол салынды. Бұрыннан бар 306 шақырымға созылған темір жол желісінде пойыз қозғалысы артып
деді Асқар Мамин аталған жиында. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев та теміржолшыларды жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады: – Түркістан -Сібір магистралінің телімі саналатын «Шу-Алматы-1» ескі темір жолы осыдан 85 жыл бұрын салынған. Темір жол – экономиканың күретамыры. Оның дамуы ел экономикасының өркен жаюына оң ықпалын тигізіп, темір жол саласына тың серпін берері
сөзсіз. Аталмыш жоба мемлекеттік маңыздылығы бар тапсырма болып табылады. Темір жол дегеніміз – тұрақты жалақы көзі және әлеуметтің әлеуетін арттырушы ауқымды сала. Еліміздегі мұндай оң қадамдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасы, – деп атап өтті облыс басшысы. Ал Құрметті теміржолшы, Шу ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Қалтай Сәмбетов бұл құрылыстың маңыздылығына тоқталды: «Мен жастайымнан шойын жолдың тіршілігімен т ы н ы с т ап , о н ы ң қ ы р - с ы р ы н түгелдей санама сіңірген адаммын. Көптен күткен жоба құрылысы көлік ағымының екінші тынысын ашары сөзсіз. Бүгінгі темір жолдар – барлық жұмысшылардың бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді ол. – Жо л д а р қ ұ р ы л ы с ы м е н «Темір жол жөндеу» және «Жол жөндеуші» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысады. Біздің мекеме жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын Шудан Аңырақайға дейінгі жолды салады. Бізге берілген жол бөлігінің құны 11 миллиард теңге болмақ, – деді С. Ерғожин. Облысымыздың аумағындағы темір жол магистралі желілерінің құрылысымен, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарымен «Темір жол жөндеу» ЖШС-ның филиалы «Бірлік жол машина станциясы» айналысады. Онда 173 адам жұмыс жасауда. Шу ауданы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН