АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ, АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫ! АБАИҒА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
құлақ түрейікші, ағайын!
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№15-16 (18049-18050), Сенбі, 7 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
АССАМБЛЕЯ
ПРЕЗИДЕНТ
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» 2013 ЖЫЛҒЫ 15 ТАМЫЗДАҒЫ №615 ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС 2015 ЖЫЛҒЫ 20 АҚПАНДА САҒАТ 11.00-ДЕ «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ.
БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ ТАЛАПТЫҒА БОЛСЫН КЕЗ. НҰРЫН, СЫРЫН КӨРУГЕ КӨКІРЕГІНДЕ БОЛСЫН КӨЗ. ЖҮРЕГІ — АЙНА, КӨҢІЛІ — ОЯУ, СӨЗ ТЫҢДАМАС ОЛ БАЯУ. ӨЗ ӨНЕРІ ТҰР ТАЯУ, ҰҚПАСЫН БА СӨЗДІ ТЕЗ? ӘБЛЕТ БАСҚАН ЕЛЕРМЕ, СӨЗГЕ ЖУЫҚ КЕЛЕР МЕ? ТҮЗУ СӨЗГЕ СЕНЕР МЕ ТҮЗЕЛМЕСІН БІЛГЕН ЕЗ?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУЫНА АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ Қымбатты отандастар, құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталады. Жыл, ең басты ортақ құндылықтарымыз – тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады. Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі. Ассамблея жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Бұл жыл ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы - «Менің Елім - Мәңгілік Ел!». Мен барлық қазақстандықтарды Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын! Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз, тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы! Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. НАЗАРБАЕВ.
БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ
«АЙТШЫ-АЙТШЫЛАП» ЖАЛЫНАР, ҰҚҚЫШ ЖАНСЫП ШАБЫНАР. ҰҚПАЙ ЖАТЫП ЖАЛЫҒАР, ҰЙҚЫЛЫ-ОЯУ БОЙКҮЙЕЗ. ЖАС БАЛАДАЙ ЖЕҢСІК ҚОЙ, БАЙЛАУЛЫ ЕМЕС АҚЫЛ, ОЙ, ОЙЛАҒАНЫ — АЙТ ПЕН ТОЙ, ЫРЖАҢ-ҚЫЛЖАҢ ИТ МІНЕЗ. СҰЛУ ҚЫЗ БЕН Я БАТЫР БОЛМАҒАН СОҢ, ТӘҢРІ АЛҒЫР, ШЫҒЫП КЕТЕР, Я ҚАЛҒЫР, ОҒАН АҚЫЛ — АРАМ БЕЗ. ЖАҚСЫҒА АЙТСАҢ, ЖАНЫ ЕРІП, ҰҒАР КӨҢІЛ ШЫН БЕРІП, ДЕРТТІ ІШІНЕ ЕМ КӨРІП, НЕГЕ АЛТЫНДЫ ДЕСІН ЖЕЗ. «ОЙ, ТӘҢІР-АЙШЫЛ» КЕР ЕСЕК, ҚУЛЫҚ, СҰМДЫҚ НЕ ӨСЕК. БОЛМАҒАН СОҢ, БІР ЕСЕП — МЕЙІЛІ ҚАМҚА, МЕЙІЛІ БӨЗ.
ТАЙҚАЗАН – ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ СИМВОЛЫ Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».
Кеше ғана туын көтерген Ассамблея жылы аясында еліміздің әр өңірінде тойдытойға ұластыратын көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі түбі бір түркі жұртының рухани астанасы саналған Түркістан қаласында «Тайқазан – мейірімді іс символы» деген атпен өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 мейірімді іс» республикалық эстафетасының бас символы болған тайқазанды ұлықтау рәсіміне жиналған зиялы қауым өкілдері депутаттар мен этномәдени орталық басшылары мен қарапайым жұрт елімізде ынтымақ пен бірлік болсын деп тіледі. Бұрыннан бірлігі мен ынтымағы жарасқан оңтүстіктің халқы Ясауи кесенесінің алдында өткен сахналық қойылымдар арқылы елді басқарған Абылай хан мен билердің ауызбірлікті ұлықтаған өнегелі өмірінен тағылым алып, өңірді мекендеген жүздеген этномәдени орталық
өкілдерінің шат-шадыманға толы салтанатын тамашалады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде орнатылған тайқазанның символикалық үлгісін ортаға алып шығу рәсімі де театрландырылған қойылыммен басталды. Одан кейін өңірдің ақсақалдары «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 мейірімді іс» республикалық эстафетасының бас символының жолына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Ақ батадан соң киелі Түркістандағы тайқазанның үлгісі Астанаға жол тартты. Республикалық эстафетаның бас символы болған тайқазан үлгісі Астанадан бастап облысымыздың барлық өңірлерін аралап шығады. Шара аясында көмекке мұқтаж жандарға, оның ішінде балалар үйіне, қарттарға, ардагерлерге және көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіліп, көптеген қайырымды істер атқарылады, ұлттың бірлігі ұлықталады. Ассамблеяны ұлт бірлігінің ұлағатты отауы деп білетін оңтүстік жұрты тайқазанның
сол бірлікті одан әрі қарай нығайтатынына сенім білдірді. Тайқазанның айналасында ел тарихында орын алған оқиғалар мен ішкі бірлікті сақтауға қатысты шешімдер қабылданған. «Тайқазан – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы республикалық эстафетаның бас белгісі ретінде жайдан-жай таңдалып алынған жоқ. Ол ежелден халықты тоқшылық, қайырымдылық және татулыққа бастаған. Енді, міне, еліміздегі бірлік пен мейірімді істің шарапатына да қызмет етпекші. Жиырма мейірімді іс еліміздің әрбір өңірінде көмекке мұқтаж жандар үшін шын жүректен жасалады», – дейді ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Назипа Шанаи. Ізгі істерге толы шара Астанадан басталып, елордада қорытындыланады. Жұртты бірлікке шақырған тайқазан сәуірде өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Елбасына тапсырылмақ.
Денің сау болса, Жарлымын деме. Досың көп болса, Жалғызбын деме. Халық мақалы.
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰРАНЫ – МЫЗҒЫМАС БІРЛІК БАРЛЫҚ ЖАНҒА ОРТАҚ БОЛСЫН НҰРЛЫ КҮН,
Жыр-шашу
ЫНТЫМАҚТЫҢ ШЕРТСЕМ ДЕЙМІН БІР ЖЫРЫН. ТАТУЛЫҒЫН ЖЫРҒА ҚОСАМ ҰЛТТАРДЫҢ, МАҚТАН ҚЫЛЫП ҰЛЫСТАРДЫҢ БІРЛІГІН, –
АДАМДАРДЫ ҚҰРМЕТТЕП СҮЙІП ӨТЕМ КҮЛӘШ АХМЕТОВА, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. ҒАШЫҚПЫН МЕН ӨМІРГЕ, ҒАШЫҚ ЕКЕМ ҰЛТЫ БӨТЕН ДЕМЕЙМІН, ЖАСЫ БӨТЕН, АДАЛ ЖАНДЫ АДАМНЫҢ БӘРІНЕ ДЕ ЖҮРЕГІМДІ – ҚАҚПАМДЫ АШЫП ӨТЕМ.
ДЕП АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАНДАЙ ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТЕН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ. ДӘЛ ҚАЗІР БІЗДІҢ КЕҢ-БАЙТАҚ ОТАНЫМЫЗ ОСЫНАУ БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМЕН МАҚТАНА АЛАДЫ. ШҮКІР, ЕЛІМІЗДЕ 130-ДАН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАТУ-ТӘТТІ ҒҰМЫР КЕШІП, АЛАҢСЫЗ БІЛІМ АЛУДА. ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ ЖОЛЫНДА ЕҢБЕК ЕТУДЕ. МҰНЫҢ БӘРІ ДЕ ЕЛБАСЫМЫЗ ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАН САРАБДАЛ САЯСАТТЫҢ ЖЕМІСІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЫҚПАЛЫМЕН ӨМІРГЕ
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БӘРІНЕ ҮЙІР ЕКЕМ, ТІЛІ БӨТЕН ДЕМЕЙМІН, КҮЙІ БӨТЕН. КӨЗДЕРІНДЕ МЕЙІРІМ МЕН ТАЗАЛЫҚ БАР АДАМДАРДЫ ҚҰРМЕТТЕП СҮЙІП ӨТЕМ. ҚҰМАРМЫН МЕН ТІРЛІККЕ, ҚҰМАР ЕКЕМ, ҚҰМАР ЕТПЕЙ ҚОЯ МА МЫНА МЕКЕН? ҰРПАҚТАРҒА ҚАЛАТЫН ҰЛЫ ЖЕРГЕ ЖАСАҒАННАН ТЫНЫШТЫҚ СҰРАП ӨТЕМ.
КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БҮГІНДЕ ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛБЕСІГІНЕ ҒАНА ЕМЕС, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫНА АЙНАЛДЫ. БҰЛ ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ ҺӘМ ЖЕМІСІ. СОНДЫҚТАН ДА БОЛАР ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН БИЫЛҒЫ ЖЫЛ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ. БҰЛ ҚАДАМНЫҢ ӨЗІ ЕЛБАСЫНЫҢ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ.
КӨРЕГЕНДІЛІГІ МЕН ПАРАСАТТЫЛЫҒЫН ТАҒЫ БІР МӘРТЕ ТАНЫТА ТҮСТІ.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Кеше еліміз бойынша Ассамблея жылының бастау алуына орай бір мезгілде синхронакция ұйымдастырылды. Салтанатты шара біздің облысымызда да жоғары деңгейде өтті. Бұл күні ауа райы да айрықша мейірімін төкті. Таңертеңмен өңіріміздегі әртүрлі этностың өкілдері мен белсенді жастар тобы Тұңғыш Президент саябағына қарай ағылды. Саябаққа
жиналған жұртшылық «Бір ел – бір тағдыр», «Біз біргеміз, ажырамас іргеміз» деген секілді татулыққа үндейтін көрнекіліктерді көтеріп, ынтымақтың ұйытқысы – достықты ұран етіп Төле би көшесінің бойымен «Баласағұн» орталық концерт залы ғимаратының алдына дейін жүріп келді. Жәй ғана жүріп келген жоқ, мерекелік көңіл-күймен атой салып, қала тұрғындарын әрқашан бірлікті сақтауға шақырды. Олар «Баласағұн» орталық концерт залының алаңшасына жиналған жұртшылықтың көңіліне «Жастар қоғамдық
келісімді қолдайды» атты флеш-моб арқылы серпін сыйлай білді. Шара әскерилердің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өрбіп отырды. Бұдан кейін, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, қоғам қайраткері Александр Савченко, облыстық неміс этномәдени орталығының жетекшісі Александр Гибнер, сондай-ақ, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын көтеру рәсімі өтті. (Жалғасы 2-бетте).