7 қазан пдф

Page 1

МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС

ЖЕР ЖӘННӘТІ – ЖЕТІСУ

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

ҚАРТ ҚАРАТАУДЫҢ СӘЛЕМІН ҚАБЫЛ АЛДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №139 (17996), Сейсенбі, 7 қазан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ҚОРДЫҢ АЛДЫНДА АУҚЫМДЫ МІНДЕТ ТҰР Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

олардың ауқымын көтеру үшін, әлемдегі өркендеген елдермен теңдей жұмыс істеуді Қор алдына мақсат еткен болатынбыз. Алайда, дүниежүзілік қаржыэкономикалық дағдарыс кезінде компания жұмысы өзгерді. Қазір бұған басқаша қарап, жағдайын түзететін уақыт келді», – деді. Мемлекет басшысы бұл ретте әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келешек қадамдарды анықтаудың қажеттігін атап өтті.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БІРНЕШЕ КОМПАНИЯНЫ ҚЫСҚАРТПАҚ

ЖАРАТУШЫМЫЗ ТІЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛ ЕТІП, ҚҰТ-БЕРЕКЕ СЫЙЛАСЫН! Барша мұсылманның қасиетті, ұлық мерекесі – Құрбан айт үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінде мерекеге ұласты. Көптеген жандардың қайырымдылық істері көмекке зәру адамдардың мерейін шалқытты. Алланың нұры жауған ұлық мерекеге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ізгі тілегін жолдады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қымбатты отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады. Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдықадамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды. Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!

ЕЛБАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БОЛДЫ Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты. – Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды. – Сенімнің – таза, ал адамдардың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай әншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет еткен шынайы тілекпен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, – деді Мемлекет басшысы.Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы бір рет құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. «Ақ жол-Ақпарат».

Кеше Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы ғимаратында Елбасының қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚн ы ң Тр а н с ф о р м а ц и я бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форум өтті. Алдағы үш жылда «СамұрықҚазына» АҚ-ның бірнеше компаниясы қысқартылмақ. Жиын барысында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай мәлімдеді. «Бір-бірінің қызметін қайталайтын компанияларды қайта ұйымдастыру арқылы қысқартамыз немесе жекеменшік қолға өткіземіз. Алдағы үш жылдың ішінде 600 компанияның санын 300-ге дейін қысқартамыз. Компаниялардың қызметін басқару менеджментін инвестиция тарту мен басқару ісіне қарап бағалайтын боламыз. Шетелден үздік менеджер мамандарды тарту арқылы шығындарды азайтамыз, – деді Шөкеев. Сонымен қатар ол «Самұрық-Қазына» 2020 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-іне 2 триллион теңге үлес қосатынын да тілге тиек етті. САРАПШЫ «САМҰРЫҚҚАЗЫНАНЫҢ» ТОПМЕНЕДЖЕРЛЕРІН СЫНҒА АЛДЫ

Форумда сөз алған «СамұрықҚазына» Қоры Директорлар Кеңесінің мүшесі Сэр Ричард Га р р и Э в а н с м е н е д ж е р л е р жоғарыдан қоңырау күтпей, бизнеске көбірек маңыз бөлулері керектігін баса айтты. Оның пайымынша, қазақстандық топ-менеджерлердің рөлі басқа ірі компаниялардың рөлімен мейлінше аз байланысады. Өйткені, сарапшының пікірінше, біздегі топменеджерлер өз қызметтерін ішінара атқаратындай болып

ҚҰРБАН АЙТ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСТЫ Сараңдықтан сақтап, жомарттыққа тәрбиелейтін Құрбан айт мерекесі биыл қазан айының алғашқы аптасына тура келді.Исі мұсылман асыға күткен бұл күні жұрттың көбі таң сәріден мешітке қарай ағылды. Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітіндегі айт намазында халық көп жиналды. Олардың арасында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев та болды. Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол». Кәрім Нәсбекұлы Айт күні атқарылатын ізгі істердің сауабына кеңінен тоқталып, ондаған жылда қайталанатын ұлық күндердің тоғысуын Алланың адамзат баласына берген ұлы нығметіне балады. Осы күні елімізден қасиетті Мекке шаһарына аттанған отандастарымыздың да дұға-тілектерінің қабыл болуын Алладан тілеп, облыс жұртшылығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды. Айт намазынан кейін облыс әкімі өз атынан бір бас ірі қара малды құрбан ретінде шалды. Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы бас болып, биыл дін мен дәстүр сабақтастығын ұсынған болатын. Осыған орай құлшылықпен басталған қасиетті мереке имандылық думанына жалғасты. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде де 300 кісіге дастархан жайылып, 10 мұқтаж жанға және көп балалы аналарға шаңсорғыш сыйға тартылды. Осы мерекеге орай жамағатқа бір күн 10 автобус тегін жүргізілді. Кішкентай бүлдіршіндерге ақысыз батут қойылып, тәтті үлестірілді. Дәстүрге сай күрес, асық ойнау, кір тасын көтеру, қол күрес ойындары ойнатылып, сахналық көріністер қойылды. Осылайша, Алланың рахым-мейіріміне бөлеп қана қоймай, халықтың бірлігі мен бауырластығын және өзара қарым-қатынасын нығайтуға жол ашқан игі шарадан көпшілік «айттан айтқа аман-есен жетейік» деген жақсы ниетпен тарқасты. Айт намазына жиналғандарға ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев уағыз айтты.

Қоңыржай белдеуде орналасқан мамыражай өңірдің тұнба тарихын, өткенін, бүгінін Алатаудың жұртшылығына қаз-қалпында ұсынуды мақсат еткен біздің өңірдің Алматы облысындағы мәдениет күндері де түйінделді. Қарт Қаратаудың сәлемін асқақ Алатауға әнмен, бимен, күймен жеткізген біздің өңірдің мәдени қызметкерлері оңтүстік астанамен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан талдықорғандықтарды тәнті етіп кетті. Бұл күні тарих қатпарынан сыр шертетін экспонаттар экскурсоводсыз-ақ тіл қатты. Құмнан сурет салғандардың өнеріне жергілікті жұртшылық бас иді. (Жалғасы 6-бетте).

ӘН ҚАНАТЫНДА

“Азия елі” ЖЕРЛЕСТЕР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНА БАТЫРЫП АЙТТЫ

көрінеді. « О л а р к ө б і н е с е Үкіметтен, жоғары жақтан қоңырау күтетіндей. Сөйтіп, нақты бизнеспен айналысуға аз уақытын шығындайды. Ал мен үшін бұл – трансформациядағы басты мәселе», – деді ол. ЕЛБАСЫ КЕҢЕС ОДАҒЫН «КҮЛ-ПАРШАСЫ ШЫҒЫП СЫНҒАН ЫДЫС» ДЕП АТАДЫ

Бізге әлемдік атаулар қалыптастыру керек, одан еш қорқудың қажеті жоқ. Форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. Біз тіпті жоқ жерден мемлекет құрдық емес пе? Елбасы Кеңес Одағын «күл-паршасы шығып сынған ыдыс» деп атады. «... Ал соның ішінде тақыр жерден Қазақстанды тұрғыздық. Қазақтар туралы, Қазақстан туралы ешкім де білмейтін. Қазір бүкіл әлем Қазақстанның қайда орналасқанын біледі. Біз мемлекетті өзгерттік, астанамызды салдық, экономиканы ауыстырдық. Ендігі міндет – Трансформация», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы әлемдік еңбек бөлінісінде де Қазақстан өзінің лайықты әрі сенімді орнын иеленуі тиістігін атап өтті. «Ең маңыздысы – Қордың алдында ұлттық ауқымдағы міндеттер тұр», – деді Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев форум барысында бағдарламаның негізгі мақсаттарын да

Форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевке қорға жұмыс істегісі келетін жастарды тарта алмаса қызметінен кететінін қатаң ескертті. «Маған жоғарыда ел үшін, өзі үшін жұмыс жасағысы келетін жас адамдардың тізімі мен суреттерін көрсетті. Оларды компанияға қалай тарту қажеттігі – бұл маңызды мәселе болмақ. Бұл адамдарды білігі, тәжірибесі, білімі бойынша қалай жоғарылатуға болады? Яғни, бізде жеткілікті басқа да ұстанымдармен емес, істеген ісіне байланысты. Қоңырау шалса, танысы болса жеткілікті және ондай адам жұмысқа орналасып жатады. Олар ол жақта бос отыр. Міне, бұл басты міндет және Шөкеев мырза осы міндеттерді атқара алсаң, ары қарай жұмыс істейсің. Атқара алмасаң, жұмыс істемейтін боласың», – деді Елбасы қордың басқарма төрағасы Шөкеевке қарата. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі жиында компанияны дайындығы жоқ адам басқарса табысқа жету мүмкін еместігі әділ айтылғандығын баса айтты. «Қажеттінің барлығын біз саған береміз. Жаса. Жасай алмасаң жұмыс істемейсің. Бізде нақты жұмыс жоспары болуы тиіс», – деді Президент. Елбасы Қор басшысының жұмысын сынай келе, «ҚазПошта» мен «Кегок» тиімділігі төмен желілік компания деңгейінде қалғанын айтты.

атап өтті. «Трансформация бағдарламасы бірнеше мақсаттарды қарастырады. Біріншіден, «Самұрық-Қазына» Қорына кіретін компаниялар құнын арттыру. Екіншіден, «портфельмен басқару» тиімділігін арттыру. Үшіншіден, Үкімет пен Қор Директорлар Кеңесі, Қордың басқармасы, сондай-ақ, Қор мен оның «портфельді компаниялары» арасында жауапкершіліктерді нақты ажырату», – деді Назарбаев. Осы ретте Президент бұған кедергі келтіретін мәселелер де аз еместігін атап өтті. Елбасының айтуынша, трансформация – бұл күрделі жұмыс. Ал әлемде осы жолмен жүрген 100 мемлекет болса, соның 70-інің жолы болмаған. «Біз сол 70-тің ішінде емес, қалған отызының арасында болуымыз керек. Өйткені, сол отыз елдің бүгінгі жетістіктері адамды таңқалдырады. Біз де бұған ұмтылуға тиіспіз», – дей келе Президент мысал ретінде сингапурлық «Темасек» қызметін алға тартты. ҚОРДЫҢ ӨЗ МАҚСАТЫНА ОРАЛАТЫН УАҚЫТЫ ЖЕТТІ

«Самұрық-Қазына» қоры өзінің әу бастағы мақсатына оралатын кезі жетті. Осы орайда Елбасы: «Біз «Самұрық-Қазына» Қорын құрған кезде дүниежүзінің тәжірибесін алып, негізгі активтеріміздің пайдалылығын,

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ҚАЛАУЫН ТАПСА ҚАР ЖАНАР

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

АРНАЙЫ КОМИССИЯ АЙНАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ Соңғы жылдары автомобиль жолдары саласына қазынадан қыруар қаржы құйылып жатыр. Ал оның қайтарымы қандай? Жаңадан төселген немесе қалпына

келтірілген жолдар талапқа сай ма? Міне, осы мәселе облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған облыс әкімдігі қ ұ р ы л ы с , ж о л ау ш ы л а р к ө л і г і ж ә н е автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев атқарылған жұмыстарға қарамастан кемшіліктер де кетіп жатқанын жасырмады. (Жалғасы 2-бетте).

Халық айныса, Хан түзейді. Май айныса айныса, Тұз түзейді.

АГРОӨНЕРКӘСІП: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЖАМБЫЛДЫҚ ШАРУАЛАР МЕГАПОЛИС ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАУАРЛАРЫН 20 ПАЙЫЗ ТӨМЕН БАҒАМЕН САТТЫ

Халық мақалы. ІМ...

Ы Т Л А Н О отбасы

ГЕН Н ДЕ

АҒАЙЫНДАРДАЙ АРАЛАСЫП, ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРУДЕ Алдаберді МАҚАШЕВ, Қазаққстан кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үздігі.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі жәрмеңкеде облысымыздағы ауыл шаруашылық өнімдері Алматы қаласының тұрғындарына төмен бағамен ұсынылды. Бұған дейін де мегаполис тұрғындарына өңіріміздің ет пен сүті, картобы мен пиязы тағы өзге өнімдері нарық бағасынан әлдеқайда төмен, әлдеқайда тиімді бағамен ұсынылған болатын. Жәрмеңкеге ат басын бұрған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов: «Нарықтаға бағаға аздап болса да тұсау салу үшін осындай жәрмеңкелердің болып тұрғаны ләзім. Жамбыл облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бізге тұрақты түрде келіп жүр. (Жалғасы 3-бетте).

Туған топырақта өткен «Азия елі» жерлестер фестивалі қазақстандық және ресейлік әйгілі эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты. Адамзаттың тағдыры туған елдің тағдырымен тамырлас екеніне тағы бір мәрте көз жеткізген шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, қатысушыларды құттықтады. – Бұл қаланы сіздермен байланыстырып тұратын дүниелер өте көп. Осы тұрғысынан алғанда бұл жоба ерекше болды. Биыл екінші рет өткізіліп отырған фестивальде қуана қауышқан өздеріңізді көріп, бұл шешімнің оң бастама болғанына көзіміз жетіп отыр. Туған жерлеріңізге қош келдіңіздер!– деді Б.Серікбекұлы. «Ұлы жердің ұрпақтары» атты концерттік бағдарламаның бірінші бөлімі ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналса, екінші бөлімінде Мәскеу қаласының Анна Герман репертуарынан ән орындайтын эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Фестиваль қонақтары өз заманының өшпес хиттарына айналған «Эхо любви», «Когда цвели сады», «Надежда» әндерінің орындаушысы, атағы әлемге тараған әнші Анна Германның Таразда туылғандығымен мақтанатынын жеткізді. «Бұл фестиваль – Достастық елдері мен Орталық Азия елдерінің аумағында өткен тұңғыш жерлестер фестивалі болып табылады. Шара идеясының авторы Тараз тумасы, ресейлік шансонье Михаил Бондарев, оның «Менің шағын Жамбылым» атты әні аса танымал. «Мен бұл әнді жылап тұрып орындаймын. Биыл мен де екінші рет келіп тұрмын. Жерлестерімді көруге, туған жеріме жылына бір рет болса да табан тіреуге қатты асығамын» дейді Ресейден келген Сергей Ильичев атты азамат. Фестивальдің екінші күні орталық стадионда шетелдерде тұратын ұлттық диаспоралар өкілдерінің 10 командасы футболдан өзара сайысты. Ал «Мамыр» тоғайындағы дәстүрлі далаға саяхатта жерлестер емін-еркін шүйіркелесіп, аспан астында көрсетілген «Джентльмены удачи» фильмін бірге тамашалады. Фестивальдің соңғы күніндегі қорытынды концерттің алдында тараздық «Джипклуб» автокеруені ұйымдастырылды. 20 көліктен құралған керуен Тараз қаласының көшелерімен жерлестер фестивалінің символикасы бейнеленген плакаттарды алып жүрді. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ЙЫ

АЙТА

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол».

Көршісінің жақсы болуын кім қаламайды дейсің? Былайша ойлап қарасаң, өміріңнің мәнді де сәнді өтуі бір жағынан көршіңе де тікелей байланысты. Көршің жақсы болса, емін-еркін араласып, қуаныш-жұбаныштарды бірге бөлісесің. Ал, көршің нашар болса, көңілің орнықты болмай, бір нәрсе жетіспегендей елегізіп отырасың. Қазақтан сөз қалған ба, «Атың жаман болса сатып құтыласың, көршің жаман болса қайтіп құтыласың?» деген мақал да бар ғой. Оның бір жолы, амал жоқ, көшіп құтылуға тырысасың. Ал қазіргі заманда көшіп-қону деген оңай ма? Екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Көршілердің аралас-құралас болмағы түгілі, өз орталарында маңайына самарқау қарайтындар да

аз емес. Олай дейтінім, пакетке салып алған қоқыстарын үйдің кіре берісіне қалдырып немесе ең сорақысы, терезеден лақтырып жатады. Маңайын күнделікті тазартып отыру былай тұрсын, жылда көпшілікпен өткізілетін сенбіліктерге тіптен атсалыспайтын үй иелері де баршылық. Осының барлығы, айналып келгенде, сана-сезімге, ортаға деген бейжай көзқарасқа байланысты. Мәселен, мен өзім көршілеріме дән ризамын. Тараз қаласына көшіп келгеніме үш жыл болды. Біз «Жансая» мөлтек ауданындағы Тәуке хан көшесі, №4-інші төрт қабатты үйде 16 отбасы тұрамыз. Бір есіктен кіріп-шығамыз. Мерекелерде бірбірімізді құттықтау қалыптасқан жайға айналған. Наурыз мейрамында көршілер шақырысып, айт күндері бірігіп айттап, мәре-сәре болып қаламыз. Нәрестелер дүниеге келгенде шілдехана жасалып, игі тілектерімізді білдіріп жатамыз. Үйдің кіре берісі кезекпенен жуылып, тазартылып тұрады. Есіктің алдында талдарақтар, гүлдер жайқалып өсуде. Оны да кезектесіп суарып, баптап отырамыз. Жақында оқушы балалар арасында

ұлттық ойын – асық ату, қазақ күресінен, сондай-ақ, қысқа қашықтыққа жүгіру, қол күресінен жарыс ұйымдастырдық. Балаларымыз риза болып қалды. Сол татулықтың арқасы болар, бізде бейсауыт жүрген адамдар көрінбейді, тұрған үйімізде тәртіпсіздік, келеңсіз көріністер белең алған емес. Бұған біз, тұрғындар тарапынан шүкіршілік етеміз. Көтеріліп отырған мәселені күлбілтелемей турасын айтатын болсақ, бір-бірімен тату-тәтті араласып тұру әуелі көршілердің өздеріне байланысты. Сол ортадағы жасы келген кісілер болса, үлкендігін білдіріп, ауызбіршілікке шақырып, бәрін біріктіріп жүрсе, қандай ғанибет болар еді. Қазіргі кезде ауылдық жерлерден қалаға келіп, қоныстанып жатқан отбасылар баршылық. Міне, солар үлгі бола біліп, ауланың шаттығын шалқытуға атсалысса, берекелді істің көзі ашыла түсер еді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.