Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№14 (18664), Beısenbі, 7 aqpan, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
www. aqjolgazet.kz
ПРЕЗИДЕНТ
АҚОРДА
ЕЛДЕСТІРМЕК ЕЛШІДЕН
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨРТ САЛДАРЫНАН ҚАЗА БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫ МЕН ТУЫСҚАНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың атаанасы мен туысқандарына көңіл айтамын. Осыған байланысты мен Үкіметке жəне Астана қаласының əкімі Бақыт Сұлтановқа зардап ш е к ке н д е р г е қ а ж е т т і к ө м е к көрсетуді тапсырдым. Барлық өңірдің əкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамт амасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек.
Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшысына Тəжікстан Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода, Жапонияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Тацухико Касаи, Чех Ре спубликасының Төтенше ж ə н е ө к і л е т т і е л ш і с і Р уд ол ь ф Гикл, Хорватия Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Рефик Шабанович жəне Вьетнам Социалистік Ре спубликасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань сенім грамоталарын тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақст андағы дипломатиялық миссияларының ре сми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметі еліміздегі маңызды реформалардың жүзеге асырылу кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті елшілерге арналған сөзінде мемлекетаралық достық қатынастарды нығайту жəне ілгерілету қажеттігін айтты. – Біз Тəжікстанмен дəстүрлі ынтымақтастық пен стратегиялық серікте стікті дамытуға зор мəн бе р е м і з . Ас т а н а м е н Д у ш а н бе арасындағы ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жəне басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты қ а р қ ы н д ы н ы ғ а й туд а м ы з . О с ы ретте, Тəжікстанның Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығына табыс тілей отырып, аталған бағытта бірге жұмыс істеуге дайын екенімізді айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастардың нəтижелеріне жəне оны дамыту перспективаларына тоқталды. – Былтыр Брюссельде өткен
НДА ЖАҺА АҚШ АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен ақпанның 27-28-і күні Вьетнамда кездесетін болды. Бұл туралы Ақ үй қожайыны Конгресте жасаған жолдауында мәлімдеді. Бірақ басқосуда қандай мәселелер талқыланатыны әзірге белгісіз.
ИНДОНЕЗИЯ Бұл елдің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекеттің өзекті халықаралық мәселелер бойынша біздің елімізбен ұстанымы ортақ. Индонезияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Диан Джани үшін Қазақстан – бауырына жақын ел.
ҚЫТАЙ Қытай тұрғындары Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алды. Мерекелік шарада тұрғындардың назарына түрлі отшашулар ұсынылды. Ол үшін Қытай билігі арнайы орындарды бөліп, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстады.
КАНАДА Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен өнер көрсеткен әнмен чемпионатта жеңіске жетті. Кейтлин мен Эндрю ел біріншілігінде Starmania франциялық мюзикліндегі SOS d’un terrien en d’tresse әніне өнер көрсетті.
ФРАНЦИЯ Париждің батыс бөлігіндегі Эрланже көшесінде болған тұрғын үй өртінен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті. Олардың қатарында кішкентай сәби де бар. Тағы 30 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алды.
Д БЫЛ ЖАМ
ТАРАЗ
А
«СП-Тараз РЕТ» ЖШС-ның қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдейтін зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 3,9 миллиард теңге. Зауыт іске қосылғанда 64 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
АСЕМ саммитінде Премьер-Министр Синдзо Абэмен жүздесіп, екі мемлекет арасындағы қатынастарды одан əрі нығайтуға уағдаластық. 2018 жылы өзара сауда айналымы 30 процентке өсті. Біз жапон компанияларының Қазақстан нарығына атсалысуына мүдделіміз жəне қажетті жағдай жасауға дайынбыз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Чехия Президенті Милош Земанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне келуі екі жақты байланыстың дамуына тың серпін бергенін атап өтті. – Өзара тиімді экономикалық
байланыстар орнату екі ел үшін де маңызды. Үкіметаралық комиссияның əлеуетін пайдалануымыз қажет деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан м е н Хо р в ат и я а р а с ы н д а ғ ы ынтымақтастықтың нəтижелеріне де тоқталды. – С о ң ғ ы ж ы л д а р ы Хо р ват и я Республикасымен байланыстарымыз айтарлықтай нығая түсті. Мен осы елдің президенттерімен əрдайым жақсы қарым-қатынаста болдым. Былтыр Астанада алғаш рет Хорватия елшілігі ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Рəсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қатынастардың тиімділігін атап өтті. – Бүгінде Вьетнам – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі əріптестерінің бірі. Біз экономикалық жəне саяси қатынастарымызды жоғары деңгейде дамыту жөніндегі жұмыстарды одан əрі жалғастыра беруге ниеттіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті елшілерді жауапты миссияларының баст алуымен т ағы да құттықт ап, дипломатиялық қызметтеріне табыс тіледі.
ЖУАЛЫ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтердегі елді мекендердің инфрақұрылымдық кешенін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта жалпы құны 43 232 мың теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылып отыр.
БАЙЗАҚ Алты ауылдың жерасты су қорлары анықталып, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамалары алынды. Биыл Талас ауылының ауызсу жүйесін жүргізуге республикадан – 218 миллион, облыстық бюджеттен 24 миллион теңге бөлінді.
МОЙЫНҚҰМ «НұрТемір» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 11 миллион теңге несие алды. Оған 22 бас мүйізді ірі қара мал сатып алып, асыл тұқымды мал санын арттырып отыр.
ҚОРДАЙ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ
ӨРТКЕ ОРАНҒАН БЕЙКҮНӘ ПЕРІШТЕЛЕР Құдай-ай, тілі жалаңдаған жалынның құрсауында қалғанда не күйде болды екен, жандарым? «Анашым!» деп шыңғырды ма екен? «Әкешім!» деп жылады ма екен, әлде? Ең үлкені - 13 жасқа толған әпкелері шырылдаған бауырларын құтқармақ боп жанталасқан шығар-ау! Әлде... бәрі алдымен түтінге уланып, көз жұмды ма? Онда... жандары мен ойлағандай қиналмаған шығарау! Өмір не деген әділетсіз? Тағдыр қандай қатыгез? «Біреудің ажалы - оттан, біреудің ажалы судан» деп отырушы еді баяғының күншуақты күзеткен момын шалдары. «Е, Жаратқан, бәлежалаңнан сақтай гөр» деп күбірлеп қоятын сосын. Солар айтқандай, Қазақ халқын бәле-жалаңнан сақтай көрші Алла тағала! Бар қиындықты баспанасыздар мен жарлыжақыбайлардың басына үйіп-төгіп қоятыны несі екен осы? Кешіре гөр, Құдай! «Жазымышыңа» шүбә келтіріп отырған жоқпын. Бірақ жазықсыз періште-бөпелердің отқа оранатындай не жазығы бар еді дейім де? Ойлайтыны - арамдық, жасайтыны - жамандық небір құзғын-адамдар жүр ғой осы қара жерді қорықпай басып. Уһ... Айтарға сөзім жоқ. Отқа оранған бейкүнә періштелер енді тоңбайтын шығар. Отқа оранған бейкүнә періштелер енді үлке-е-ен Астананың ең кішкента-а-ай үйінде тұрғандарына қымсынбайтын шығар. Отқа оранған бейкүнә періштелер енді атааналары түн қатып жұмысқа кеткенде ештеңеден қорықпайтын шығар. Жә... Олар енді Жұмаққа тікелей тартып, оның төрінен бірден орын алатын шығар. Тілім-тілім болған жүрегімді осылай жұбатам, қайтем енді.
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ КӨЗДЕЛГЕН МАҚСАТ БОЙЫНША ИГЕРІЛУДЕ Өткен жылы бюджеттік меншікті кірістердің орындалуы 107,8 пайызды құрап, еліміздің өзге өңірлері арасында Жамбыл облысы үшінші орыннан көрінген еді. Бұл туралы өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің алдында есеп берген облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді. Басқарма басшысы бюджеттік кірістер артығымен орындалып, бюджет 100 пайызға игерілгенін жеткізді. Десе де облыстың кейбір аудандары мен ауылдық округтері бюджеттерін игеруде сылбыр жұмыс істегені жасырын емес. Олардың қатарында Т.Рысқұлов, Шу аудандары жəне Тараз қаласы бар. Аталған аудандар мен қаланың бюджеті 99,9 пайызға орындалған. Атап айтсақ, өткен жылы салықтық
түсімдер 105,5, салықтық еме с түсімдер 110,8, негізгі қорды сатудан түсетін түсімдер 140,7 пайызға атқарылған-ды. Ал трансферттердің түсімі 100 пайызды құраған. Жиында жалпы кірістер жоспары 114 ауылдық округте толығымен орындалғаны айтылғанымен, кейбір түрлері бойынша жо спарға қол жеткізе алмаған 16 ауылдық округтің бар екені белгілі болды. Сондай-ақ кеңесте кірістерді ұлғайту бойынша
бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы да қаралды. Роза Əбдірқызы мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан белгіленген 22 іс-шараның 5-еуі, аудандар мен Та р а з қ а л а с ы н ы ң ə к і м д е р і м е н бірлескен 19 іс-шараның 9-ы, жер қатынастары басқармасы белгілеген 4 іс-шараның 2-еуі орындалмағанын айтты. Облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама, сəулет-құрылыс бақылау басқармалары мен ШуТалас бассейндік инспекциясымен белгіленген шаралар да орындаусыз қалған. Асқар Ис абекұлы жылдың көрсеткіштері жақсы деңгейде екенін айтып, алдағы уақытта да бюджеттік кірістер мен шығыстарды қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
І! БӘРЕКЕЛД
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – ЖАҢА ҚОНЫСТА
Облыс əкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығы жаңа қонысқа көшті. Жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қ а м т а м а с ы з е т і п , БА Қ өкілдері үшін ашық диалог алаңын ұсынып отырған орталық енді нағыз атына заты сай болды. «Баспасөз үйінің» бірінші қабатына көшіп келген облыстық ішкі саясат басқармасының Өңірлік ком м у н и к а ц и я л а р қызметі кеше алғашқы
брифингін өткізді. «Достық» алаңындағы «Баспасөз үйінде» облыстық «Аq jol» жəне «Знамя труда» газеттерінің редакциялары орналасқаны белгілі. Міне, енді
осы ғимаратқа өңірдегі барлық БАҚ-ты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін орталық көшіп келді. Жаңа орталықты жөндеу, əрлеу жəне оған жабдықтау жұмыстары тез
аяқталды. Оған ең алдымен і ш к і с а я с ат б а с қ а р м а с ы басшылығының бастамашы болғанын айта кеткен жөн. Бұл қадам өңір тұрғындарын ақпараттандыру ісін алға ілгерілетіп, өңірдің экономикалық жəне басқа да салаларының дамуына ө з ү л е с і н қ о с а д ы д е ге н сенім мол. Ал облыс журналистері баспасөз орталығының қолайлы жерге қоныстанғанына риза. Өйткені «Баспасөз үйі» Тараз қаласының тура орталығына орналасқан. «Аq jol-Аqparat».
Ауданда ауыл шаруашылығы саласына инновациялық технологиялар көптеп енгізілуде. Соның ішінде тамшылатып суғару технологиясының көлемі бүгінде 7 мың гектарға жетіп отыр.
Қаз бен үйректің панасы - көл, Жетім мен жесірдің панасы - ел. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН
«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
Ғ
асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!