Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№117 (18311), Cенбі, 8 қазан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚА «ҚАЗАҚС УІПСІЗ
НДА ЖАҺА =БАӘ
ДІГІ
АУЫЛДАСТАРҒА – АҚЫСЫ, АҒАЙЫНДАРҒА – ТАБЫСЫ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Жу а л ы н ы ң к а р т о б ы ж а й л ы әңгіме қозғалса, Керімқұл Бегалы туралы міндетті түрде айтылады. Оның себебі жоқ емес. Қазір аталған ауданда картопты көп өсіретін шаруашылықтың бірі – аудандық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалы басқаратын «Зылиха» шаруа қожалығы. Біз алқап басындағы қызу еңбектің үстінен түстік. Картоп қазу, жинаумен мұнда шамамен 55 адам шұғылдануда. Қожалықтың басшысы науқандық жұмысқа жергілікті тұрғындар күшін жұмылдырып, өнімді жауын-шашынға ұрындырмай, жылдам жинап алуды көздеуде. Бұл – ұзақ жылдардан бері қалыптасқан үрдіс. Терімшілердің әрқайсысына күн сайын 2 мың теңгеден
төленеді және 15 келі картоп береді. Әр жұмысшы маусым ішінде 5-6 қап картобын қысқа қамдап алады екен. Мұндағы молшылыққа көз салып тұрып, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей...» деген Абайдың даналығын өмірдің өзінен көргендей болдық. «Зылиха» шаруа қожалығы 25 адамды тұрақты, 65 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Қожалық биыл 100 гектар алқапқа картоп еккен. Соның әр гектарынан 250 центнерден өнім жинауды межелеп отыр. Өнімнің шығымдылығы көз қуантады. Агроқұрылымда өзге де дақыл түрлері өсіріледі. Жоңышқалығы және бар. Кәрекең биыл 10 миллион теңгеге жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алыпты. Заманауи технологияны пайдаланудың тиімділігі мол. Қожалықтың 7 трактор және автомашинасы тоқтаусыз жүріп тұр.
РЕАКТИВТІК ДЖЕТПАК ӘУЕГЕ 3,5 МИНУТ КӨТЕРІЛДІ «JetPack Aviation» компаниясы джетпак «JB10» құрылғысын жұрт назарына ұсынды. Джетпак қозғалтқышы реактивті болмаса да, оны көпшілік зымырандық құрылғы деп атап кеткен. Жаңа «JB10» джетпагын көпшілікке таныстыру кезінде компанияны құрушы және ұшқыш Дэвид Мейман құрылғы көмегімен су бетінде ұшып, бірнеше маневр жасап қайта қонған. =ШВЕЦИЯ ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ 2016 жылдың химия саласындағы Нобель сыйлығы молекулалық қозғалысты синтездейтін жоба әзірлеген үш ғалымға бұйырды. Олар: ЖанПьер Саваж, Бернард Феринг және Фрезер Стоддарт. Біріншісі Страсбург университеті мен Францияның ұлттық ғылыми-зерттеу орталығында еңбек етеді. Екінші өнертапқыш – Нидерландыдағы Гронинген университетіндегі органикалық химия саласының профессоры. Үшінші ғалым – АҚШ-тағы Солтүстікбатыс университетінің қызметкері. =НИДЕРЛАНДЫ АЛТЫ МЫҢ ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫ Нидерландының ірі «ING» банкі инфрақұрылымын сандық жүйеге ауыстыруына байланысты 6 мың жұмыс орнын қысқартатынын мәлім етті. Осылайша банк 2021 жылға қарай жылына 1 миллиард доллар үнемдейді. Автоматтандыру банк қызметкерлерінің 12 пайызын жұмыссыз қалдырады. Қазір ұйымда 52 мың жұмысшы бар. Тағы 1 200 қызметкер басқа бөлімдерге ауыстырылмақ.
ЖАМБ
(Жалғасы 4-бетте).
ЫЛД
А
= ШУ АУДАНЫ
ЫҚ КӨТЕРІЛІСІНЕ – 100 ЖЫЛ Т Т А З А ҰЛТ-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
ПАҢ ҚАЛПЫНДА ИІЛМЕГЕН ҚАЙРАН БАС
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – министрлік) құрылсын. Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскеритехникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық министрлік қызметінің негізгі бағыттары болып айқындалсын. Жаңадан құрылған министрлікке: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы; Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін, Аэроғарыш комитетін және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін құруды; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;». 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 қазан №350
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ «Б. Б. Атамкұловты Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын.
ҚАЗАҚ НЕТКЕН ДАНА ӘРІ ҰСТАМДЫ, Ә, ДЫМ ДЕМЕДІК БАТЫР БАСЫ ҰШҚАНДА. ДҮЙІМ ЕЛДІҢ БАТЫРЫ ЕР КЕЙКІНІҢ, БАСЫ КЕЛДІ ИІЛМЕСТЕН ДҰШПАНҒА! СОРДАН КЕЙІН КҮТКЕН ЖАНДАЙ БАР БАҚТЫ, КӨШІП ЖҮРІП ЖЕҢДІК МОҢҒОЛ, ҚАЛМАҚТЫ. БАС САУҒАЛАП ШЕТЕЛ АСҚАН САТҚЫННАН, ҚАЗАҚ ҮШІН КЕСІЛГЕН БАС АРДАҚТЫ.
АТҚАН ЖАУЫН ДӘЛ КӨЗДЕГЕН ЕР ТҮРІК, ЕРЛІГІҢЕ СҮЙСІНДІК ҺӘМ ЕЛТІДІК. ТІРІСІНДЕ ҰЛТЫН СҮЙГЕН БАТЫРЫМ, СОЛ АТЫҢА ӨЛГЕН СОҢ ДА ТАТЫДЫҢ, ПЕТЕРБОРДЫ ТӘУБЕСІНЕ КЕЛТІРІП!
ЖАСА, МЕНІҢ АЗАТТЫҒЫМ, ТЕҢДІГІМ, МИЛЛИОНДАРДЫ БАС ИДІРДІ, ЖЕҢДІ ҰЛЫҢ. САХАРАМДА САУЫТ КИІП, АТ МІНІП, ҚАМШЫ ТАРТЫП ШАПҚЫМ КЕП ТҰР МЕН БҮГІН! СОНЫҢ БӘРІ СЕНІҢ АРҚАҢ, ЕЛДІГІМ!
ОРЫНДАЛЫП, ШЕЙІТ-АРМАН АҚЫРҒЫ, Ә, ТОҚТАҒАНДАЙ БАРЛЫҚ ТАРАП АҚЫЛҒА. БАТЫР БАСЫ БАҚ БОП КЕЛІП ЕЛІНЕ, АТА-БАБА РУХЫ ТЫНЫШ ЖАТЫР МА?
ТҰРАН ДАЛА, БҰРЫН СЕНІ СОР КҮТТІ, КІМ КӨРМЕГЕН, ҚАСІРЕТ ПЕН ЗОРЛЫҚТЫ. ПАҢ ҚАЛПЫНДА ИІЛМЕГЕН ҚАЙРАН БАС, ПАҢ ҚАЛПЫНДА ЕЛГЕ КЕЛІП ОРНЫҚТЫ! Тараз қаласы.
Жолбарыстың артында тері қалады, Батырдың артында елі қалады.
Астана, Акорда, 2016 жылғы 7 қазан №352
«Ж. Қ. Түймебаевты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 7 қазан №353
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Сіздерді 2016 жылдың 14 қазаны күні сағат 19.00-де орталық стадионда «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты ісшараны тамашалауға шақырамыз! Аталған іс-шараға Қазақстан эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген, Ғаділбек Жанай және «Тарту» тобы қатысады. Келіңіздер, көріңіздер!
«Алпар групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шу қаласында «Petrol mobil» жанар-жағармай орталығын ашты. Жаңа жұмыс орнында 20 адам жұмыспен қамтылды. Серіктестік басшысы – Ерқанат Қожахметов. Еуростандартпен соғылған бұл кешенде көлік жуу, май айырбастау және шағын маркет те қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Шу ауданының әкімі Рүстем Дәулет арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды. =ЖАМБЫЛ ТӘТТІ ТҮБІР ӨТКЕН ЖЫЛҒЫДАН КӨП Ауданда қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Түсім жылдағыдан мол. Әр гектар алқаптан 300-350 центнерден тәтті түбір жиналуда. Бұған Франциядан әкелінген сапалы қант қызылшасының тұқымы ықпал еткен. Ауданда биыл 1200 гектар жерге тәтті түбір егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, ақын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
20 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
=Т. РЫСҚҰЛОВ БРОЙЛЕР ЕТІ БОЙЫҢЫЗҒА ЖҰҚ БОЛСЫН Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жеке кәсіпкер Д.Еркебаланов неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру кешенінің» жобасын жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізуде. Оның жобалық қуаты жылына 10 мың тонна ет өндіру болып табылады. Бүгінгі күні жобаны іске асыру үшін 80 гектар жер бөлінді. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жылға жоспарланған.
ЖАЗЫЛЫМ – 2017
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
ҚАЗАН – АСТАНА АРАСЫ
Тұрсынбай ПАШИРОВ, ардагер.
ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
ЭКСПО–2017 ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана Э КС П О – 2 0 1 7 » ұ л т т ы қ ком п а н и я с ы » А Қ б а с қ а рма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум мақсаты – серіктестік қатынасты нығайту, тиімді жұмыс атқару. Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания Қазан қаласында роуд-шоу және туристік бизнестің дамуын көздеген бірнеше кездесулер өткізгендігін айтты. Бүгінгі меморандумның қол қойылуы ЭКСПО–2017 көрмесін өткізу аясында туроператорларды кірістіре отырып, туризмнің белсенді түрде дамуына ықпал етері анық. Туристік қызметтен басқа, екі жақ тәжірибе алмасу және инвестициялық климаттың жақсаруына жағдай жасау, әкімшілік құжаттарды жеңілдету мәселелерін талқылады. – Сіздер осы іс-шараға үздігін таңдау үшін көптеген дүниелерді көріп, зерттеген боларсыздар. Осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ішінде ЭКСПО–2017 ең үздігі боларына ешқандай күмән келтірмеймін, – деді өз сөзінде Татарстан Республикасының Президенті. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйым, 10 жетекші инновациялық-технологиялық компания қатысады деп жоспарланып отыр.
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3184,14 теңге 1 жылға – 6368,28 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2934,12 теңге 1 жылға – 5868,24 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2848,98 теңге 1 жылға – 5697,96 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2598,96 теңге 1 жылға – 5197,92 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.