ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Мойынқұм ауданы
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№151 (18185), Сейсенбі, 8 желто сан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!
ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ ФОРУМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚАТЫСТЫ
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
САРЫСУ
Жаңарық ауылдық округінде кәсіпкер Б.Садуақасовтың демеушілігімен «Жастар» саябағы салынған еді. Ол қоршалып, күтімге алынды. Сондай-ақ, ол Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап ескерткіш-монумент тұрғызуға да ат салысты. Ұ.Сыздықбайұлы ауылының көшелеріне жергілікті бюджеттен 1 миллион 90 мың теңге бөлініп, түгел жарықтандырылды. Ауылдағы 5 көшенің 4-еуі асфальтталып, тұрғын үйлерге түгел ауыз су құбыры тартылды. ТАЛАС
Үшарал ауылының тумасы, тараздық жеке кәсіпкер Нұржан Жүнісбеков 4,5 миллион теңге қаражатын жұмсап, орталық көшенің бойына шағын стадион соғып, жерлестері үшін сый жасады. Оның ашылу салтанатына ауылдық округтерден арнайы шақыртылған 11 команда кіші футбол турниріне қатысып, күштерін сынады. Бірінші орынды аққұмдықтар жеңіп, 50 мың теңге сыйақы иеленді. Т.РЫСҚҰЛОВ
Мемлекет басшысы «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады. Қ.Бишімбаев кездесу барысында Елбасыға холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды. Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны ашылып, 10 мыңнан астам шағын жəне орта бизнес субъектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімдерінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар бүгінде жалға берілетін əлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пəтер пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мыңға дейін жеткізіледі. Холдинг басқармасының төрағасы, сондай-ақ инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіріс жəне мұнай өңдеу, металлургия жəне тамақ өнеркəсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты. Қ.Бишімбаев үздік əлемдік тəжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия жəне басқа елдердің осындай бағдарламаларының үлгісімен əзірленген «Бəсекелестік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдауға ие алып, əзірленген бастамаларды енгізумен айналысуда. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
ЖОЛ ДА УҒ А
Алматыда Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына және республикалық «Шыңғысхан» журналының 5 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы аталмыш басылыммен бірлесіп жариялаған «Шыңғыс қаған шындығы» атты жабық бәйгенің қорытындысын жариялады. Мүшәйрадан үшінші орынды құландық ақын Қуандық Шолақ иеленіп, Жұматай Жақыпбаев атындағы жүлде мен 200 мың теңге көлеміндегі сыйақы иегері атанды.
«ТӘУЕЛІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗ – ТҰЛПАРЫНЫҢ ТҰЯҒЫ ДҰШПАННЫҢ ТІЗЕСІН ДІРІЛДЕТКЕН БАБАЛАР БАТЫРЛЫҒЫ, ҚАЙСАР МІНЕЗДЕРІ МЕН ҚЫРАНДАЙ ҚЫРАҒЫЛЫҒЫ, ҚАМҚОРЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСІ. СОНАУ ЗАМАНДАРДА ӨЗІМІЗГЕ ҚАС БОЛЫП, ОҚ БОРАТҚАН ДҰШПАННЫҢ ДА БАСЫНАН СИПАП, ОНЫ БАУЫРЫНА БАСҚАН ОСЫ ҚАЗАҚ ЕДІ, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ
БОЛАТЫН. ОЛАРМЕН БАРЫН БӨЛІСІП ЖЕП, ОЛАРҒА ҮЙ-ТҰРАҒЫНЫҢ ТӨРІН ҰСЫНҒАН ДА ОСЫ ҚАЗАҚ. ҚАЗАҚТЫҢ ОСЫ КЕҢ ПЕЙІЛІНЕ КІМДЕР РАЗЫ, ХОШ БОЛМАДЫ ДЕРСІҢ?! АТА-БАБА АРМАНЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛСА, СОЛ АРМАННЫҢ АСҚАРЫНА ШЫҒУ – КЕЛЕР ҰРПАҚҚА НӘСІП БОЛСЫН!..».
ОЛ Д А
У
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Наурызбек САРША, «Ақ жол». Өткен аптада Жолдауды жұртшылыққа жеткізуді көздеген автокеруен аудандарға жол тартса, енді үлкен үгіт пойызы жолға шықты. Қазірдің өзінде аудандар мен қалаларда, еңбек ұжымдарында, өндіріс жəне оқу орындарында Елбасымыздың жаңа Жолдауын түсіндіру жəне насихаттау жұмыстары қызу жүруде. Темір жол вокзалының перронына 300-ден астам қала тұрғыны, теміржолшылар мен жастар жиналды. Үгіт пойызын шығарып салуға арналған салтанатты шараға облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев қатысты. – Əлемдік дағдарыс қыспаққа алған уақытта Елбасымыз одан шығудың жолын көрсетті. 90-шы жылдар мен 2007-2009 жылдардағы дағдарысты да бастан өткердік. Мəселен, 20072009 жылдардағы дағдарыс кезінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы» салынып, онда он мыңға жуық адам жұмысқа тартылды. Түркіменстан-Қытай газ желісі құбыры салынып, оған екі мыңға жуық тұрғын жұмысқа алынды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 мың адамға жұмыс орындары ашылды. Сол бағдарламаны пайдалана отырып, келер жылға да қаржымызды үнемдеп, жұмыс атқаруымызды тапсырды. Өздеріңіз білетіндей, денсаулық, білім, əлеуметтік сала бойынша да бүкіл жұмысшылардың жалақысы мен зейнеткерлердің зейнетақысы көтеріледі. Яғни, Елбасымыз қандай қиын кезең туса да əлеуметтің əлеуетіне баса назар аударады. Біздің ендігі міндетіміз – Ұлт Көшбасшысы ұстанымын халыққа дұрыс жеткізу. Кеше ғана ақпараттық-насихаттық топ жəне азық-түлік тиеген автокеруендер аудандарды аралады. 90-нан аса кездесу өткізілді. Ол кездесулерге 7 мыңға жуық адам қамтылды. Міне, бүгін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, теміржолшылар қолдауымен өз жұмысын жалғастырмақшы. Сіздерге ақ жол, сəт сапар тілеймін, – деді Кəрім Нəсбекұлы. (Жалғасы 3-бетте).
Бесінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезектен тыс ХХХХІІ сессиясы Байзақ ауданының №10 сайлау округінен сайланған депутат Оразалы Телеуовтің төрағалығымен өтті. Сессия басталмас бұрын облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев облыстың Құрметті азаматы атанған Жапар Шəріпов, Лидия Ахметова, Сағынхан Əміреқұлов, Əбдінұр Əсілбеков, Федор Клименко, Берікшал Имашев, Бақыт Оспанов, Бағлан Қарашолақовқа арнайы төсбелгі мен лентаны салтанатты жағдайда табыс етті. Конституцияның 20 жылдық мерекелік медалімен Ғалымжан Сағынтаев, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелік медалімен Асаубай Майлыбаев, Халит Базаралиев, Ерқанат Манжуов жəне Тимур Жанке марапатталды. Салтанатты сəт үстінде Кəрім Нəсбекұлы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай биыл облысымыздың əлеуметтікэкономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан 20 адамға облыстың Құрметті азаматы атағы берілгенін, олардың арасында облыстың бұрынғы басшылары Амалбек Тшан, Бөрібай Жексембин, Қанат Бозымбаевтың жəне өңірімізден түлеп ұшқан басқа да көптеген лайықты адамдардың бар екендігін ерекше атап өтті. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша облыс əкімдігі экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Əмірханов баяндама жасады. Баяндамашы Бюджет кодексіне сəйкес жəне ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы қаулысы негізінде 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет параметрлеріне нақтылау жасалғанын айтты. (Жалғасы 4-бетте).
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол». Президентіміз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты кезекті Жолдауында дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық жаңарулардың бе с бағытын айқындап, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының жүзеге асырыла беретінін атап өтті. Сондай-ақ, халықты əлеуметтік қорғау мен қолдау мəселелерін де назардан тыс қалдырмағаны да баршаға аян. Жолдау міндеттеген тапсырмалардың орындалуы барлық құрылымдар мен ұйымдарға ортақ іс болғанымен, ендігі жерде əртүрлі бағдарламаларды сəтті жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясына артылар жауапкершілік жүгі айрықша. Себебі, Елбасымыз: «Жаңа 2016 жылдан бастап Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы
үшін зор жауапкершілік жатыр. А л д ы м ы зд а қ и ы н ж ұ м ы с т а р күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін», – деп «нұротандықтарға» үлкен міндет жүктеді. Сондықт ан, облыс əкімі«Нұр Отан» партиясы облыстық
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
САРЫСУҒА СОНЫ СЕРПІЛІС КЕРЕК ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ САРЫСУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Сарысу ауданындағы жұмыс сапарын Жаңарық ауылдық округіне қарасты Ұ . С ы з д ы қ б а й ұ л ы ау ы л ы н д а ғ ы фельдшерлік-акушерлік бекетінен бастады. Жаңарық ауылдық округіне екі елді мекен қарайды. Екі ауылдың тұрғындарының саны – 1910. Ауылдық округте екі орта мектеп, 2 балабақша, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 Мəдениет үйі, 5 дүкен бар. Екі елді мекендегі 8 көшенің 7-еуі асфальтталған. Төскейге төрт түлік өргізіп, Көсегенің көк жонына 580 гектар мақсары егіп, гектарына 5 центнерден өнім алып, тіршілігін
Халық мақалы.
(Жалғасы 4-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА –Қ
Жаңбыр жауса - жер тоқ, Егін ексе - ел тоқ. Бұлақ ақса - көл тоқ, Еңбек етсе - ер тоқ.
күйттеген 36 шаруа қожалықтың жұмыс ырғағы да қалыпты. Жаңарық ауылдық округінің əкімі Оңласын Мұқашовтың айтуынша, ауылдың қазіргі тынысы осындай. Қоңыртөбел тіршілігі бар елді мекендердегі емдеу мекемелері жаңа. Аудандық аурухананың бас дəрігері, аудандық мəслихаттың депутаты Сағымбек Бегеев екі елді мекенде де фельдшерлік-акушерлік пункт жаңадан салынғанын айтады. Ғимарат көмірмен жылытылады. Биылғы қыстың отыны дайын. Медпунктте екі мейірбике келушілерді қабылдап, дəрі егіп, ем-домдарын жасап, медициналық көмек көрсетеді екен. Егер ана босанарда төтенше жағдай туындаса, Жаңатас қаласындағы
орталық ауруханадан жедел жəрдем шақырылатын көрінеді. Медициналық көмектің қолжетімділігінің арқасында биыл екі ауылда он екі бала өмірге келіпті. – Елбасы күні кеше ғана жария еткен Жолдауында соңғы жылдары 1300-ден астам емдеу нысаны салынғанын жəне олар жаңа үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап көрсетті. Соның бір жарқын мысалы осы. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалған. Сіздер соған сай жұмыс істеулеріңіз керек, – деді Кəрім Нəсбекұлы медпунктті аралап көріп шыққаннан кейін. (Жалғасы 5-бетте).
филиалының төрағасы Кəрім К ө к і р е кб а е вт ы ң п а рт и я н ы ң облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізуі – Жолдау тапсырмаларының нақты іске а с ы р ы л ы п ж ат қ а н ы н ы ң б і р көрінісі деуге де болады. (Жалғасы 4-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Бесінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті XХХХIІІ сессиясы 2015 жылдың 14 желтоқсанында облыс
əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы; 2. «Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы жəне оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» облыстық мəслихаттың 2010 жылғы 2 маусымдағы №25-4 шешімінің орындалуы туралы; 3. Облыстық мəслихаттың білім, денсаулық сақтау, əлеуметтік-мəдени даму, қоғамдық жəне жастар ұйымдарымен байланыс жəне əйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 4. Əртүрлі мəселелер. * * * Облыстық мəслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 13.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.