8 қыркүйек пдф 2015ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№110-111 (18144-18145), Сейсенбі, 8 қыркүйек, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

БҰЛ ҚИЫН КЕЗЕҢ БАРШАМЫЗ ҮШІН ТЫНЫШ ӨТУІ ТИІС

Қазақстанда 14 млн. гектар жер пайдаланылмай жатыр. Бұл туралы бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Біз басты ресурс жерді тиімсіз пайдаланудамыз. Тек сіздердің үш облыстарыңызда ғана пайдаланымайтын 3,5 млн. гектар жер анықталды. Жалға алған, бірақ пайдаланбайды. Бұған жол беруге болмайды. Жалпы, еліміз бойынша 14 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 5 млн. гектар жайылым жер пайдаланылмайды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне сәйкес, Қазақстанда шамамен 180 млн. гектар жайылым жер бар. Оларда бүгінде 6 млн. ірі қара, 15 млн. қой-ешкі өсірілуде. Ал Австралияда 20 млн. гектар жайылымда 27 млн. ірі қара мен 90 млн. қой өсіріледі. Соңғы 5 жылда үш өңір (Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) елімізде барлық ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияның үштен біріне ие болды. Яғни, 135 млрд. теңге, лизинг бойынша 3,5 мың бірлік техника және «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал осы облыстарға берілді. «ҚазАгро» компаниясы осы

өңірлерде 103 млрд. теңгенің 170 жобасын іске асырды. «Міне, осы жұмыстардың арқасында 5 жылдың ішінде үш облыстағы өнімділік 2 есе артып, бір жұмысшыға 1,2 млн. теңгені құрады. 5 жылдың ішінде жақсы көрсеткіш, бірақ, біздер үшін бұл жеткіліксіз», –деді Н.Назарбаев.

МЕМЛЕКЕТ М АҚТ АН Ы

Елбасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін зор әлеует бар екендігін баса айтты. «Егер таяу жатқан көршілердің сұранысын қарайтын болсақ, ол 210 млрд. теңгені құрайды. 20 млрд. доллардың өнімін экспортқа

шығара аламыз. 4,5 млрд. доллар - бұл ішкі ресурс, ішкі нарықта да сатуға болады. Яғни, дұрыс нарық бар. Бұған қоса, біз әзірше осынау зор әлеуеттің шағын ғана үлесін пайдаланудамыз», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің атап өтуінше, Қазақстанның аграрлық секторы

әзірше экономикамыздың негізгі әртарабы болып отырған жоқ. «Аграрлық өнім өндіру саласында ветеринарлық, сақтау, логистикалық қызмет нашар дамыған. ДСҰ талаптары бойынша ветеринариясыз мал шаруашылығы өнімдерін

ешқайда сата алмайсыз. Сондықтан, малдың амандығы үшін ветеринарияны қолға алыңыздар. Біз ең таза экологиялық өнім бізде деп айта аламыз. Батыс елдерінде қолданылатын симуляторларды бізде қолданбайтынын бүкіл әлем айтады», – деді Н.Назарбаев. «Бұл қиын кезең баршамыз үшін тыныш өтуі тиіс. Мен уәде бергенімдей, ашық айтамын. Барлығына қиын болатыны анық. Мен ешқашан да алдауға тырыспаймын. Сіздер де адамдармен тура және ашық сөйлесіңіздер. Барша қиындықты бірге еңсереміз. Халқымыз қамтамасыз етілуі үшін мемлекет барлық қажетті жұмыстарды жасап жатқандығын түсіндіріңіздер», – деді Елбасы Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде әкімдерге қаратып айтқан сөзінде. Осы орайда Президент ең бастысы халықта азық-түлік, киім-кешек, баспанасы мен оны жылытуға арналған отыны бар екенін айта келе, «Бізде тыныш өмір сүріп, еңбек ету үшін барлық мүмкіндік бар. Ал батыстық киім және басқа да дүниелерсіз де өмір сүруге болады. Сонымен қатар «Лендкрузер» секілді үлкен көліктерсіз де күн көруге мүмкіндік бар», – деп тоқталды Мемлекет басшысы.

ЖӘРМЕҢКЕ: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

ШЫ

ТАРАЗДЫҢ ТАЗА ӨНІМІНЕ НЕ ЖЕТСІН! ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНЕ АЛМАТЫЛЫҚТАР ОСЫЛАЙ ДЕСТІ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Жамбылдық шаруалар өткен сенбіде Алматы қаласының «Астана» алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Бұл шара Елбасының Алматы қаласының айналасында азықтүлік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасына байланысты және «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай ұйымдастырылып отыр.

Л Ы Ж А М Р Ы И Ж С І Ң Е Ж Н Е Г КҮТТІР

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен «№85395 әскери бөлімінің «Айша бибі» оқу-жаттығу алаңында бір топ жастар қару ұстаудың қыр-сырын үйренді. Ұрыс алаңында олар қарудың АК-74, Ак-СПГ, РПГ, ПМ-9 түрлерінен мергендіктерін байқатып, өзара сынға түсті. =БАЙЗАҚ

Байзақ ауылындағы Аймауытов, Мырзатай ауылында Әмірқұлов, Сеңкібай елді мекеніндегі Сәтбаев, Бурыл ауылында Хамдиева, Ботамойнақта Мәмбет батыр, Жұмабеков көшелері және аудандық маңызы бар Дихан-Жеңіс, Көкбастау-Тегістік жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарыкемер ауылындағы Жамбыл, Байзақ батыр, Сейфуллин, Д.Қонаев, Медеулов, Дулати көшелері ағымдағы жөндеуден өткізілді. =Т. РЫСҚҰЛОВ

Осы жылы ұсақ 35 шаруа қожалықтары мен үлескерлер 6 шаруа қожалығына қосылып, іріленді. Жыл аяғына дейін 51 ұсақ шаруашылықтар іріленеді. Осының есебінен мал басы көбеюде. Күні бүгінгі мал өнімдері үшін қожалықтарға 260,2 миллион теңге субсидиялық төлемдер төленді. =САРЫСУ

Жайылма ауылдық Мәдениет үйінде аудан ардагерлері арасында күйшілер байқауы өтті. Байқауға екі кезең бойынша 12 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сахна төрінде күмбірлете күй төккен күйшілердің өнеріне ауыл тұрғындары дән риза болысты. Бас жүлдеге Саудакент ауылынан С.Маштахова лайық деп табылды. Тоғызкент ауылының тұрғыны Ч.Елеусінов, Жаңатас қаласынан А.Шәкіров, О.Сыздықбаев ауылынан Қ.Әбеуова үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарды бөлісті. =ҚОРДАЙ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жалғасуда. Степное ауылдық округіне қарасты Арал ауылында кешегі қан майданда қолына қару алып, зұлым жауды ел шетінен түре қууға қатысқан жерлестерге арналған ескерткіш ашылды. Ондағы тас тақталарға осы өңірден соғысқа аттанған 45 жауынгердің есімі ойып жазылған. Олар қазір өмірде жоқ, бірақ артында ұрпаққа мұра ерлік өнегесі қалды.

Заманына қарай заңы, Тоғайына қарай аңы. Халық мақалы.

ДАТЫМЫЗ БАР!

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

(Жалғасы 3-бетте).

ОҒАН БАНГКОК РИНГІНДЕ ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ Азия чемпионатындағы «алтын жорықты» жамбылдық былғары қолғап шебері Олжас Сәттібаев бастап берді. 52 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз барлық кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Финалдық бәсекеде өзбекстандық Шахобиддин Зоировты 3:0 есебімен жолдан тайдырған Олжас өзінің Азиядағы мықтылығын мойындатып отыр. Шыны керек, бүгінде жерлестеріміздің спорттағы жолына қарап, спортшының үлкен ареналарда ғана сыналмайтынын түсінгендейміз. Спортшының жолында кесекөлденең кедергілерді жеңу қарсыласыңа мықтылығыңды мойындатудан қиындау секілді. Ол үшін табандылық қажет. Кешегі Мәскеу Олимпиадасында атой салған Жақсылық Үшкемпіровтің жеңісті жолы оңай болған жоқ. Оны кеңестік кезеңнің солақай саясатынан көрдік. Мұндай «сәтсіздіктерге» арада қаншама жылдар өткеннен кейін балуан Ақжүрек те тап болғанда, ойлана бастадық. Ал ол Лондонда ел мерейін үстем етті. Сәттібаевтың жолы да үнемі сәтті болған жоқ. Таиландтағы жеңісінен кейін мамандар «Олжас барлығын жоққа шығарып, өзінің мықтылығын дәлелдеді» деп пікір айтуы – соны көрсеткендей. (Жалғасы 10-бетте).

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

УАҚЫТ ЖАЙБАРАҚАТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімі аппаратының кезекті отырысы болып өтті. Онда күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың жеті айлық қорытынды нәтижелері туралы облыс әкімдігі тұрғындарды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков хабарлама жасады. Аталған бағдарлама аясында биыл барлығы 2 миллиард теңге қаралып, есепті кезеңге жоспарланған 1453,1 миллион теңгенің 1340,9

миллион теңгесі немесе қаржыландыру жоспары бойынша қаралған қаржының 92,3 пайызы игерілгені белгілі болды. Бағдарламаға барлығы 4524 адам тартылған. Олардың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар 2653 адам (58,6 пайыз) жұмыссыздар – 1871 (41,4 пайыз). Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 94 жобада жұмыстар басталып, оларда барлығы 366 азамат жұмысқа орналасқан. Алайда, Шу ауданында бұл көрсеткіш 46,9 пайызды құрап, кемінде 50 пайыз болуы керек деген талап орындалмаған. Ал Қордай ауданы Шарбақты ауылындағы Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары әлі де басталмай отыр. (Жалғасы 3-бетте).

Ң Ы Д Р А Һ А Ш Е Н Ө К А Ғ Р Ы Б ҚА . .. А С Р Ұ Т П А С Қ Ұ А Н Ы Н А ҚОРҒ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТАРИХИ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС ҚЫЗА ТҮСТІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – БҰРЫНҒЫ КӨК БАЗАР ОРНЫНДА, ТӨЛЕ БИ КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚАБЫРҒАНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 1 ШАҚЫРЫМ 100 МЕТР БОЛСА, БИІКТІГІ 3 МЕТРДЕН АСАДЫ. АТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІКТІҢ ПРОРАБЫ СЕЙДОЛЛА БАЛЖАНОВТЫҢ АЙТУЫНША, ҚҰРЫЛЫСҚА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНАН ӘКЕЛІНГЕН САРЫ КІРПІШТЕР ПАЙДАЛАНУДА. АЛ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТҚАН ЦЕМЕНТ, СОНДАЙ-АҚ ӨЗГЕ МАТЕРИАЛДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ. ОСЫНДА 120 АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН. ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАДАН 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БӨЛІНГЕН.

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.