АҺАН Д
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы
Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№91 (18585), Beısenbі, 9 tamyz, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
www. aqjolgazet.kz
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖЕТІЛДІРУДІ ҚОЛҒА АЛУЫ КЕРЕК Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет пен жеке құрамның күш-жігерінің арқасында мықты əскери əлеуеті бар ел тəуелсіздігінің сенімді тірегіне айналғанын атап өтті. – Соңғы жылдары Қарулы Күштерді дамыту ісінде көптеген жұмыс атқарылды. Бірқатар маңызды стратегиялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының Əскери доктринасы, Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы жəне қорғаныс саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілер бар, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы геосаяси ахуалдың өзгеруі жəне жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру жəне жаңғырту болып саналатынын айтты. – Сондықтан Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғни қ ау і п с і з д і к ж ө н і н д е г і к ө м е к ш і м – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қабылдадым. Сонымен бірге Н.Ермекбаев кадрлық офицер, əскери қызметте тəжірибесі бар, соның ішінде шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мəселелер жөніндегі көмекші, Қытайда жəне Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде елші, министр жəне екі рет Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
АҚШ Галвестон Ұлттық зертханасының ғалымдары алғаш рет өкпе ағзасын өсіруден табысқа жетті. Олардың айтуынша, жасанды өсірілген және басқа адамға орналастырылған бұл ағза бөтен денеге тез бейімделіп кетеді.
ҰЛЫБРИТАНИЯ Саутгемптонның 12 жастағы тұрғыны Софи Холлинс әлемдегі ең ұзын қыз атанды. Бойы 189 сантиметрді құрайтын оның есімі рекордтар кітабына енді.
ҮНДІСТАН Үндістандағы 15-65 жас аралығындағы 1,3 миллиард тұрғынның 19 пайызы ғана интернет қолданады, 35 пайызы ғана интернеттің не екенін біледі. Олар трафикті әлеуметтік желілерге жұмсайды.
КУБА «Велосипед тек кедейлердің көлігі емес» деген ел белсенділері жергілікті тұрғындардың велосипедке деген қызығушылығын арттыру мақсатында айына бір рет ел астанасы Гавана көшелерімен 20 шақырымдық шеру ұйымдастыруға көшті.
МЕКСИКА Жасы енді 12-ге толған К.Антонио Мексика ұлттық автономды университетінің студенті атанды. Жеткіншек 9 жасынан бастап аналитикалық химия, биохимия мен молекулалы биологиядан қосымша сабақтар алған.
ДА БЫЛ М А Ж БАЙЗАҚ «Туған жер» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Т.Шертаев Бурыл ауылына 5 миллион теңгеге жасанды кіші футбол алаңын салуды қолға алды.
Мемлекет басшысы заманауи талаптарды е с ке р е о т ы р ы п , ə с ке р и к а д р л а р д ы ң дайындығын жетілдіру қажеттігіне назар аударды. – Генерал-полковник Сəкен Əділханұлы Жасұзақовқа қалтқысыз қызмет еткені үшін
ризашылық білдіремін жəне оған Ұлттық қорғаныс университетін басқаруды тапсырамын. Университет алдында Қарулы Күштердің басқару құрамының біліктілігін арттыру жəне əскери ғылымды дамыту жөніндегі маңызды міндеттер тұр. Университет еліміздің ғана емес,
сондай-ақ көршілес елдердің де курсанттары оқитын негізгі ғылым, білім орталығына айналуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Қазақстан Президенті еліміздің Қарулы Күштерін одан əрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
ЖАМБЫЛ Ауданның әлеуметтік нысандары қысқы жылыту маусымына дайын. Ғимараттарды газ, көмір, дизель отындарымен жылытуға, электр жарығымен қамтамасыз етуге 297 миллион 607 мың теңге қаралды.
САРЫСУ
ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жаңатас қаласы 1-шағын ауданындағы 5-үй қайта қалпына келтірілуде. Нысан желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
В Е ЛОСАЯХАТ
ФРАНЦИЯДАН ҚЫТАЙҒА ДЕЙІН ЧЕХ МИХАИЛ ПОЛАК 12000 ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫ ЖҮРІП ӨТПЕК Табиғат АБАИЛДАЕВ
Н Ы Р А Л Р Ы Б Ұ Қ У Л Ы Ж Ы ҚАЛАДАҒ Ы Р А Т С Ы М Ұ Ж У Т Р Ы Ғ Ң ЖА ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ? Жанғазы АХМЕТ «Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, бүгінде облыс орталығы Тараз қаласында бірқатар жылу құбырлары жөндеуден өтіп, жаңғыртылуда. Құбырлардың қалыпқа келтірілуі жылыту маусымында тұрғындарды жылумен және тиісінше ыстық сумен кедергісіз қамтуға мүмкіндік берері анық. Ал оның сапалы әрі уақтылы жөндеуден өтуі қашанда маңызды. Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің жартысынан көбі ескіріп, тозығы жеткен. Ал оларды жаңалаудың өзектілігі айтпаса да түсінікті. Осыған орай, 2020 жылға дейін облыс орталығындағы 12 шақырым құбыр жүйелерін кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланған. Жобаның жалпы құны 9,8 миллиард теңгені құрайды. Биыл бұл соманың 1 миллиард 780 миллион теңгесі игерілуде. Аталған қаражат есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу тасымалдайтын үш шақырымдық құбырлар жүйесі жаңартылу үстінде. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы конкурстық тендер жарияланып, мердігерлер анықталған. Қазіргі таңда қаладағы үш аумақта жылу магистральдарын жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Атап айтар болсақ, Абай даңғылы, Қойгелді-Ниетқалиев (М-2), Дулати Комратов (М-4) көшелеріндегі қарбалас тірліктер соның нақты айғағындай. Жалпы жұмыстардың қарқыны қандай, мердігерлер тапсырысты белгіленген мерзімде аяқтай ала ма? Осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін аталған аумақтарға арнайы барып, жұмыс барысымен танысқан едік. (Жалғасы 3-бетте).
Əдетте вело сипедпен жаһанды аралап жүретін жиһанкездерді сирек те болса ке зде стіретінбіз. Əлемді оңашалау жүріп танығысы келетін ондай азаматтарға көзіміз де үйрене бастаған. Доңғалағы екеу болғанмен ізі жалғыз «серігіне» мініп алып, шаһар көшесімен кетіп бара жатқан чехиялық Михаил Полактың вело сипедінің формасы мүлде өзгеше екен. Баст апқыда жаңа технологияның жемісі ме деп те қаласың. Бізді таңдандырғаны да сол өзгеше форма. Франциядан бастау алған оның саяхаты Қытайдың Гуанчжоу қаласында түйінделмек. – Б і з 1 9 мау с ы м к ү н і Францияның Лион қаласынан ресми түрде старт алдық. Шара салтанатты жағдайда өтті. Осы уақытқа дейін Швейцария, Австрия, Словакия, Украина, Ресей Федерациясы секілді
мемлекеттерді кесіп өтіп, енді Қазақстанға жетіп отырмын. Маған сіздердің ел өте қатты ұнады. Орал, Ақтөбе, Шымкент секілді əдемі қалаларды жəне өзге шаһарларды көрдім. Шымкентте қазақ отбасында қонақта болдым. Қонақжай халық екендіктеріңіз айқын аңғарылды. Қазақ халқының болмысы, табиғаты,
адалдығы таңдай қақтырды. Біздің мақсатымыз – күн энергиясынан өндірілетін қуатты, жалпы күн энергиясын, э ко л о г и я л ы қ т а з а л ы қ т ы насихаттау. Менің велосипедімді күн энергиясымен қуаттанатын ве л о с и п ед д еу ге ке л ед і . Төбе сіндегі шатыры күн энергиясын қабылдайды.
МОЙЫНҚҰМ Аудан орталығынан «Аконай-2» супермаркеті ашылды. Дүкен иесі, жеке кәсіпкер Л.Серікбаева 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
ШУ
Онда іштен қызу алатын экологиялық қозғалтқыш (мотор) бар. Мұны электронды велосипед немесе электронды автомобиль деп те атайды. Біздің бұл саяхатымызды ралли деп атап жүр. Қазір велосипеді жылдам жүретін бір қатысушы Ганжчоуға жетіп қойды. Барлығы 45 адам қатысқан. Олардың бірқатары жарыс жолынан шығып қалды. Қазір отызға жуық азамат мəреге жетуді көздейді. «Сан трип – 2018» деп аталатын бұл жоба аясында 12 мың шақырым жолды артқа тастайтын боламыз. Ілгеріде Франция-Қазақстан, Франция-Түркия раллиіне қатысқанбыз. Алғашқысында 8 шақырым жолды жүріп өтсек, екіншісінде 7 мың шақырым қашықтықты еңсердік. Саяхатқа қатысушылар тиісті сайтқа өздері құрастырған электронды велосипедтерін ұсынады, – дейді ол.
Шу қаласында мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті. Онда 100 шақты адамға құжаттамаларды әзірлеу бағытында кеңес берілді. Осындай шара енді ауылдарда да өтпек.
Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды. ЖАЗЫЛЫМ – 2018
(Жалғасы 8-бетте).
ӨÇ ÃÀÇÅÒІҢ – “AQ JOL”-ғà ÆÀÇÛËÓ ÆÀËҒÀÑÓÄÀ!
ИНТЕРНЕТ ИІРІМДЕРІ
Біздің сайтты ашып қара, сырласым! Газетіміздің сайты жаңарды. Сөйтіп, заманауи дизайнмен жасалған cайттың бұдан былайғы айтары мен қамтитын тақырыптарының аясы да кеңейе түсті. «Жаңалықтар», «Саясат», «Экономика», «Əлеумет», «Мəдениет» жəне «Спорт» айдарлары бойынша газетте шыққан мақалалармен қатар жер-жаһандағы маңызды жаңалықтармен енді күн құрғатпай танысуға мүмкіндік туды. «Аq jol» ТV айдарындағы қызықты, тағылымды сюжеттер де назар салуға тұрарлық Мақалалар, сондай-ақ «Фейсбук», «Инстаграм» əлеуметтік парақшаларына газет шыққан
күндері жарияланып тұрады. Сізді газет тарихы, редакция құрамы қызықтырып жатса, олар жайлы да деректер бар. Елді елең еткізер жаңалықтарыңыз бен тың тақырыптарыңыз болса немесе жарнама берем десеңіздер де, сайтта көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, «Aq jol» газетінің сайтынан ендігі жерде «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылады»! Ол үшін www.aqjolgazet.kz сілтемесі арқылы біздің сайтты ашып, пернетақтаны басып қара, сырласым! «Аq jol-Aqparat».
«Қазпошта» Заңды тұл алар үшін Ауылда ы кәсіпорындар мен ұйымдар а: 6 ай а – 3246,48 теңге 1 жыл а – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2911,32 теңге 1 жыл а – 5822,64 теңге Индексі 15457
байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұл алар үшін Ауыл тұр ындарына: 6 ай а – 2996,46 теңге 1 жыл а – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2661,30 теңге 1 жыл а – 5322,60 теңге Индексі 65457
Тараз қаласының тұр ындары үшін: Эврика-пресс
ERNUR-press Тараз-пресс
Қыран-пресс
БӨЛ%МШЕЛЕР% АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ