9 шилде 2015 пдф

Page 1

ҚҰТТЫҚТАУЛАР ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№83 (18117), Бейсенбі, 9 шілде, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

«МЕНІҢ БҮКІЛ ЖҰМЫСЫМ МЕН БАР ӨМІРІМ ЕЛМЕН ЕТЕНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана күніне арналған салтанатты қабылдауы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты. – Бүгінде елдің бас қаласы тек

бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен д е е р е к ш е л е н е д і . Ас т а н а н ы ң ө з «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана халқының саны күткендегінің бәрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қалды. Бұл ретте қаланың елге берері де көбейе түсуде. Бүгінде Астана – республикалық бюджеттің донорына айналған өңірдің бірі, – деді Қазақстан

Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне тигізіп отырған елорданың оң ықпалын атап өтті. – Астана қазірдің өзінде тек елдің ғана емес, Орталық Азия өңірінің біл ім б е р у ж ә не м е дицина ха б ы рөліне ие болып отыр. «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру елдің барлық өңірін елордаға жақындата түсуде. Жаңа Жібек жолы жобасы Қазақстанды Еуразия құрлығының орталық мемлекетіне айналдырады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ Ж АРАР ОЛ!

Көктем гүлдің бағын ашады, Көшбасшы елдің бағын ашады. Халық мақалы.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ АРЫСЫ, «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ЖАМБЫЛДЫҚ БАЛУАН БЕЙБІТ ЫСТЫБАЕВ ЕКІ ДҮРКІН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АТАНДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

«БАБЫМ КЕЛІП ТҰР, БАҒЫМ ДА ЖАНАТЫН ШЫҒАР...» Бесінші мәрте жалауы желбіреген «Қазақстан барысы» мегажобасына қарт Қаратау аймағынан аттанған қапсағай денелі алыбымыз Бейбіт Ыстыбаев өңірдің мерейін асырды. Қазақ күресінің туын зау көкке көтерген жобаға аттанар алдында Бейбіт батырмен тілдескенімізде: «Биыл екі бапкермен дайындық жүргізіп жатырмын. Ең бастысы жауапты сын алдында жарақат алып қалмауым керек. Қалғанын боз кілем көрсетеді. Алла қаласа «Қазақстан барысы» жобасының екі дүркін жеңімпазы болып ораламын. Бабым келіп тұр, бағым да жанатын шығар» деген еді. «Ер майданда, болат қайнауда шынығады». Бейбіт ер екен. Екі сөйлемеді. Сөзінде тұрды. Жерлестерін шексіз қуанышқа бөледі. Сонымен... (Жалғасы 8-бетте).

өткізу еліміздің технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз етіп, әлемге Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерін әйгілейді. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру – тағы бір өршіл бастамамыз. Ол Астананың ғана емес, бүкіл республиканың көп жылдарға арналған даму бағытын айқындап береді. «Локальді көшбасшылық және жаһандық бәсекеге қабілеттілік» – біз ұстанатын формула осы. Көріп отырғанымыздай, Астанада қазірдің өзінде осы жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мерекеге өзінің жеке басының қатысы жөніндегі ойымен бөлісті. – Қала күні де адамның туған күні сияқты – ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың да бір мүмкіндігі. Мен үшін мерейтой жеке басымның мерекесі болған кезең әлдеқашан артта қалды. Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланысты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының және әрбір өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ және болмақ емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астананы одан әрі дамытуға атсалысқандары үшін қатысушыларға алғыс айтты. – Бұл жерде жаңа және бірегей Еуразия мәдениеті қалыптасады, жастар бәсекеге лайық білім алады, болашаққа сеніммен қадам басатын жаңа отбасылар құрылады. Бірлігіміздің, еңбексүйгіштігіміздің, табандылығымыздың арқасында біздің алға қойған барлық мақсатымызға жететінімізге сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі.

АҚШ Президенті Барак Обама Елбасын күллі АҚШ халқының атынан туған күнімен құттықтады. «Сізді мынаған сендіргім келеді. Екі елдің маңызды қарым-қатынасы біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне күмән жоқ». * * * Германия канцлері Ангела Меркель Елбасын туған күнімен құттықтады. Ангела Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған. Германия канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі. * * * Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелескенін хабарлады. Телефонмен әңгімелесу кезінде Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тіледі. * * * Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин құттықтауында Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударады. Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты стратегиялық серіктестікті екі ел халқының игілігі жолында кеңейтуге әзір екенін білдірген. * * * Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын атап өткен. Құттықтау соңында Н.Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және табыс тіледі.

ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ

Ы

АЙДЫН ҰШУҒА ДАЙЫН Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерсынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады. Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н. Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т. Мұсабаев қатысты. Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды. Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. «Ақ жол-Ақпарат».

АСТАНА - ЕЛДІҢ ТӨРІ

ЕЛОРДА КҮНІ ТАРАЗ ТОПЫРАҒЫНДА ДА ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСПЕН АТАП ӨТІЛДІ Наурызбек САРША, «Ақ жол». «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» ЖҮРЕГІ, ТҰТАС ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – АСТАНА КҮНІН ТАРАЗ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ АТАП ӨТТІ. ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТУДІ ЖАМБЫЛДЫҚТАР АПТА БҰРЫН БАСТАП КЕТКЕН БОЛАТЫН. АЛ МЕРЕКЕНІҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ РЕТІНДЕ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЯБАҒЫНДА «АСТАНАҒА

ТАРАЗДАН ТАРТУ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ. ӨҢІР ХАЛҚЫ ЕЛДІКТІҢ МЕРЕКЕСІН ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСПЕН, АЙРЫҚША ҚУАНЫШПЕН АТАП ӨТТІ. ОНЫ САЯБАҚҚА ЖИНАЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРАСЫНАН, ЖАНАРЛАРЫНДА ОЙНАҒАН МЕРЕКЕЛІК ҰШҚЫННАН ОҢАЙ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).

А ҢДАТПА

А Қ Ж С І Ы Р Ә М Б А Т А? С А Л А Т

КЕШЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТАЛАС АУДАНЫНДА БОЛДЫ. ОНДА ОБЛЫС БАСШЫСЫ АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚӘЛЕУМЕТТІК ТЫНЫСТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСЫП, БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ. АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ АКТИВ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ. (Толық есепті газетіміздің келесі санынан оқисыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
9 шилде 2015 пдф by akjolgazet - Issuu